69
қойылады: Күлкінің иесін, қызды, біз енді жақсылап көрдік. Ал айқындалатын
сөзімен морфологиялық тұлға жағынан қиыспай (бірдей болмай) тұрса, не екеуі
де атау тұлғада келсе, жалқы есімнен болған айқындауыш ешқандай тыныс
белгісімен ажыратылмайды: Менің інім Марат биыл мектеп бітіреді. Оның бұл
тұрған қалпын ағасы Балтабектің әйелі Айбаладан
басқа ешкім көрген жоқ
(С.Мұқанов). Шойын кеуделі, аю жоталы...қара кісі Игілік би паң да, тәкаппар
да емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдердегі Марат, Балтабай, Игілік би, Айбала
деген жалқы есімдер өздерінен бұрынғы інім, ағасы, қара кісі,
әйелі деген
сөздерді дәлдеп атап айтып, айқындап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: