Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет69/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Ескерту. Жалпылауыш сөзді бірынғай баяндауыштардың алдынан келген бастауышпен 
шатастырмау керек. Сырт қарағанда, жалпылауыш сөз сияқты болып көрінетін бастауыштан 
кейін қос нүкте қоюға болмайды. Ол үшін сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын іздестіру 
керек. Мысалы, Көмірдің көп шығатын жерлері – Украинадағы Донбасс, Шығыс Сібірдегі 
Кузбасс, Қазақстандағы Қарағанды деген сөйлемде бастауыш – жерлері, одан кейінгі сөздер 
– бірыңғай баяндауыштар. Ал осы сөйлемді Көмірдің көп шығатын жерлері: Украинадағы 
Донбасс, Шығыс Сібірдегі Кузбасс, Қазақстандағы Қарағанды – ТМД елдерінің байлығы 
болып табылады деп өзгертсек, бұл сөйлемде жерлері – жалпылауыш сөз, одан кейінгілер 
бірыңғай бастауыштар, баяндауыш – байлығы болып табылады деген сөздер болып шығар 
еді. Сондықтан алғашқы мысалда баяндауыштары да атау тұлғадағы зат есімнен 
жасалғандықтан, жерлері деген атау тұлғадағы бастауыштан кейін сызықша қойылады. 


73 
Екінші мысалда жерлері деген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, ал бірыңғай мүшелердің 
аяқталған жеріне сызықша қойылады. 
 Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш сөзден 
бұрын сызықша қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін жалпылауыш сөз 
болып келетіндер, көбінесе, бәрі, барлығы, баршасы, күллісі, бірі деген 
есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады: Ортасында Құнанбай, 
Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар – бәрі бар (М.Әуезов). Жылаған 
Тоғжан, жылаған Бөжей қыздары, барлық қаралы көш... қаралы киім, тұл ат – 
баршасы осы барлық қауымның қайғысын да Абайға өзгеше терең түсіндірді 
(М.Әуезов). Жандармдар қораны, шардақты – бірін қоймай тінте бастады 
(М.Горький). Алма, Жанат – екі қыз бір анадан туғандай, бір қалыптан 
шыққандай, бір ауылда ер жетті (Ғ.Мұстафин). Көбі шалдар, өзгелері жастар – 
он шақты адам қатарласа сөйледі (Ғ.Мүсірепов). Жинақтаушы мәнде 
қолданылған кейбір зат есімдер де, оның ішінде мөлшерлі сан есіммен 
келгендері де жалпылауыш сөз бола алады: Екі ақсақ, бір жел аяқ – үш боздақ 
енді базарға қарай бет алдық (Ғ.Мүсірепов). 
Ескерту. Жалпылау сан есімдерінен болған жалпылауыш сөзден бұрын сызықша 
қоймаса да болады: Ішінде отырған Мәкіш, Салтанат, Ербол үшеуі Абайға қарсы қуана 
ұмтылысты. Мәкіш, Ербол екеуі Абаймен құшақтасып амандасты (М.Әуезов). 
Бірыңғай мүшелер мен олардан кейін келетін жалпылауыш сөздің 
арасында қыстырма сөз (не қыстырма тіркестер мен сөйлем) тұрса, қыстырма 
сөзден бұрын сызықша, соңынан үтір қойылады. Мысалы: Электр 
станциясының салынып біткен мерекесіне арналған митингіге жас та, кәрі де, 
оқушылар да, бөбектер де – қысқасы, ауыл адамдарының бәрі тегіс келді.
 Бірыңғай мүшелерден бұрын тұрған жалпылауыш сөзден кейін мысалы
атап айтқанда деген сөздер келсе, олардың алдарынан үтір, соңынан қос нүкте 
қойылады. Мысалы: Бірсыпыра ірі өзендеріміз, мысалы: Лена, Обе, Енисей – 
Солтүстік мұзды мұхитқа құяды. Адам баласының тамаша қасиеттері, атап 
айтқанда: табандылық, ерлік, қайсарлық – оның бойынан табылады.
Көбінесе бірыңғай мүшелерден кейін келетін тағы басқалары, тағысын 
тағылар, тағы сондайлар деген сөздердің толық не қысқарған түрлері келсе, 
бұлардан бұрын, яғни бұлардың алдынан үтір қойылмайды, өйткені бұл жердегі 
“тағы” сөзі және деген жалғаулықтың қызметін атқарады. Мысалы: В.В.Радлов, 
Н.Ф.Катанов, С.Е.Малов, Н.А.Баскаков т.б. ғалымдар түркі тілдерін топтауда 
құнды еңбектер берді (К.Аханов). Мыналар элемент болады: оттегі, темір, 
күкірт, сынап, цинк, мыс т.т. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет