76
сөйлемдер мен бірқатары дауыс ырғағы арқылы, бірқатары жалғаулық арқылы
байланысқан сөйлемдерді көрсетіңіздер.
Абай мен Ұлжан сескенді де, Зеренің қасын күзетті. (М.Ә.) 2.Дарвиннің
еңбектерінен асығып-саспайтын сабырлық пен адалдық та, іс жүзінде әбден
тергелген ақиқат та, кішіпейілділік те ап-айқын көрініп тұрады. (К.Т.) 3.Айнала
бірде аққұтанның әдемі сапарларында желбіреген ақ селеулі дала, бірде қызыл
бұйра тобылғылы,
жасыл қоңыр қарағанды адырлар, шоқылар, таулар, бірде
көк ала қамысты көлдер, бірде сары ала жон белестер кездесіп қалып жатыр.
(С.С.) 4. Жылтыр, қою қара қасы бар, ажарлы, үлкен
қара көзді, қырлы кесек
мұрынды және әдемі қиылған, қысқа мұрты бар қара сұр жүзді Дәрмен
Долговқа анық кавказ типінің бірін елестетеді. (М. Ә.) 5. Ендеше,
мен ғана
емес, сен де оқы...(С.М.) 6. ...Манас тағы да ақырын дауыспен, бірақ зілді,
ызғарлы үнмен бұйрық етті. (М.Ә.) 7. Тоқабай есікті сыртынан мықтап тіреді
де, атына мінді. (Ғ. Мұст.) 8. Осы үйге Құнанбай балалалары ... тай,
жабағы
әкеліп немесе ту бие әкеліп сойғызып тастайды. (М.Ә.) 9. Дауысы ащы да қатал,
зілді де кекті шығады...(Ғ.М.) 10. Биылғы қыстың басы адамға да, малға да әзір
аса жайлы боп тұр. (М.Ә.) 11. Болысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейде
жұмсақ. (Ғ. Мұст.)12. Бірнеше күннен
кейін мен, әжем және апам – бәріміз
кемеде, кішкене каютада, келе жаттық. (М.Г.) 13. Ол сасқанынан арбаға бір
мінді, бір түсті. (С.М.) 14. Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде де,
ертеңінде де түсіне алмай кетті. (М. Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: