80
1.Болса деген сөзбен келетін күрделі бастауышты немесе күрделі анықтауышты
сөйлемдер. Мұндайда болса деген сөз алдындағы сөздің мағынасын баса,
айырып атау үшін қолданылады және оны алып тастағаннан сөйлем мағынасы
ақсамайды. Демек, мұндай күрделі мүшелерден кейін үтір қойылмайды.
Мысалы: Ал Әмір болса сол балалар ішіндегі әнші,
өнерлісі боп келеді
(М.Әуезов). Мұнда Әмір болса деген тіркес – күрделі бастауыш. Бұл сөйлемді:
Ал Әмір сол балалар ішіндегі әнші, өнерлісі боп келеді деп, болса сөзін түсіріп
айтқаннан сөйлем мазмұны өзгермейді. Менің болса мұршам жоқ – Менің
мұршам жоқ. Бұл сөйлемде менің болса тіркесі – күрделі анықтауыш. Жол
болса жалғыз аяқ. – Жол жалғыз аяқ. Мұнда жол болса сөздері – күрделі
бастауыш. Осы мысалдарды бағыныңқысының баяндауышы болса деген сөзбен
келген мына құрмаластармен салыстырыңыз: Той болса, тон киелік, жүр,
баралық (Абай). Мұнда той болса деген сөздер – өз алдына бағыныңқы сөйлем:
той – бастауышы, болса – баяндауышы. Сондықтан бағыныңқы сөйлемнен сон
үтір қойылады. Ауру адамдар болса, дәрігер күн-түн демей емдеп, әбден
жазылғанша дамыл көрмейтін. Мұнда да бірінші сөйлем – бағыныңқы: адамдар
– бастауышы, болса – баяндауышы. Демек, бұл жерде үтір керек. 2. Болмаса
деген шылаумен келген сөйлемдер. Оларды да баяндауышы болмаса деген
болымсыз етістіктен жасалған бағыныңқы сөйлемдермен шатастырмау керек.
Екі бірыңғай мүшенің арасында келген болмаса шылауы (немесе дегеннің
синонимі) үтірмен ажыратылмайды: Сен кітап болмаса газет оқи тұр – Сен
кітап немесе газет оқи тұр. Ол бүгін болмаса ертең келеді – Ол бүгін немесе
ертең келеді. Болмаса сөзі бағыныңқының баяндауышы болып келгенде, оның
мағынасы «жоқ болса» дегенді білдіреді: Сен, кітап болмаса, газет оқи тұр. Сен,
кітап жоқ болса, газет оқи тұр. Лиризм болмаса, эпопея мен драманың
прозалығы күшті болар еді (В.Белинский) – Лиризм жоқ болса, эпопея мен
драманың прозалығы күшті болар еді. 3. Себеп-салдар пысықтауыштар мен
себеп-салдар бағыныңқыларды шатастырмау керек. Әр сөйлемнің өз алдына
бастауыш, баяндауыштары жоқ болса, пысықтауыш болады да, үтір
қойылмайды. Өз алдына бастауыш, баяндауыштары бар болса, құрмалас сөйлем
болады да, үтірмен ажыратылады. Мысалы:
Бөжей көп арбасқандықтан
Құнанбай тәсілін түкпірлей танушы еді (М.Әуезов). Машина қатты
жүргендіктен, біз жолдың жартысынан көбін алдық. Бұл екі сөйлемнің
алдыңғысында көп арбасқандықтан деген сөздер – пысықтауыш, өйткені мұнда
бір-ақ бастауыш бар (Бөжей), баяндауышы – танушы еді. Екінші мысалда қатты
жүргендіктен – бағыныңқының баяндауышы, бастауышы – машина,
басыңқының баяндауышы – көбін алдық, бастауышы – біз. Мына сөйлемдерді
салыстырыңыз: Ол ұялғаннан қып-қызыл болып кетті. Ол ұялғандықтан, мен
әрі қарай үндемедім. Сенің келгеніңе қуанып қалдым ғой. Мәз болады
болысың, арқаға ұлық қаққанға (Абай). 4. Дегенде деген сөзбен келген күрделі
мүшені баяндауышы сол сөзден жасалатын басыңқымен шатастырмау керек.
Күрделі мүше үтірмен бөлінбейді. Мысалы: Сен дегенде ойым таза. Бүлдірген
дегенде Абай да елең етіп сұрастыра бастап еді (М.Әуезов). Бұларды мына
құрмалас сөйлеммен салыстырыңыз: Командир: «Атыңдар!»– дегенде, біз де
оқты жаудырдық. 5. Тұлғасы жағынан құрмалас сөйлемнің бағыныңқысы
81
сияқты мынадай тұрақты тіркестердің соңынан да, өз іштеріне де үтір
қойылмайды: не болса да,
қалай болса солай, бірде болмаса бірде, бір күні
болмаса бір күні. Мысалы: Бірақ Дәркембайдың бұл үшін неге болса да
іркілмей басатыны Абайдың өзіне мәлім (М.Әуезов). Мен қайда болса сонда әлі
күнге дейін басқа біреудің құлшылығында жүрмін («Аяз би» ертегісінен).
Баласы мен Андрейді бір күні болмаса бір күні тұтқын қып әкетулері мүмкін
екенін түсінген ана кейде осылай болса екен деп те тілейді (М.Горький). 6.
Тұлғасы жағынан бағыныңқы сөйлемге ұқсас таң ата, таң сарғая, күн шыға,
ымырт үйіріле, қас қарая деген тіркестер сөйлем ішінде үтірмен бөлінбейді,
өйткені бұларды өз алдына бағыныңқы сөйлем деп санауға болмайды; бұлар
бастауыш, баяндауышқа бөлінбейді де (не қарая? немесе қас қайтіп? деп сұрақ
қоюға болмайды), тұтасымен қашан? деген сұраққа жауап беретін күрделі мүше
болады. Мысалы: Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды
(Л.Толстой). Біз мұнда қас қарая келдік. Жастар ымырт үйіріле клубқа жинала
бастады. Бұларды мына құрмаластармен салыстырыңыз: Март туа, біздің елдің
қысында шуақты күн басталады (С.Мұқанов). Үлкендер үйден шыға, жастар да
жиналып қалды.
Дауыс кідірісі бар жердің бәрі құрмалас сөйлем бола бермейді. Мысалы,
алдында күрделі әрі жайылма және көбінесе есімшемен бітетін анықтауышы
бар сөздерді айтқанда,
дауыс кідіреді, бірақ үтір қойылмайды. Мысалы:
Осындай орасан сұлу табиғаттың құшағында туып, балалығын Шортандының
түпсіз терең көліне сүңгумен, меруерттей құмына аунаумен, текшелі тастарына
өрмелеумен өткізген Асқар ер жеткен соң туған тауының сұлулығымен
қанағаттанбайды (С.Мұқанов). Бұл шақтарда недәуір қартайып қалған Ұлжан
баласының жүзінен көзін алмай, көп карады (М.Әуезов). Кенжетай келді деп
ойлаған Ботагөз оны қарсы алмақ боп үйден шықса, есік алдында Айбала жүр
екен (С.Мұқанов). Өлеңдерде, көбінесе, тармақтың соңы паузамен айтылады,
бірақ тиісті жерінде болмаса, тармақ (жол) сайын үтір қойыла бермейді.
Мысалы: Әп-сәтте оған әсем аққу Тағы шашып бүрікті су (А.С.Пушкин). Бар
тәнін жұлдыз жапқан барқыт түнде Комбайнға күзетші
шалмен бірге Далада
отырдым мен. Құлағымды Бірдей сап шал сөзіне, басқа үнге (С.Мұқанов)
Тізбек сонда, соншалық, сонша, сондай, сол, мынау, мынадай, себебі деген
сөздермен аяқталып, әрі қарай өз алдына сөйлем болып кетсе, бұл сөздерден
кейін қос нүкте қойылмай, сызықша қойылады. Мысалы: Горькийдің
данышпандығы сонда – ол өз заманының негізгі мақсатын, міндетін терең және
толық түсіне білді. Мақал-мәтелдердің ықшам болатын себебі – олар келелі ой,
кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен айтып, «тоқсан ауыз сөзді тобықтай түюі»
керек. Қойнына салған хаттың оған ыстықтығы сонша – төс қалтасында қағаз
емес, тірі Дәулеттің соғып тұрған жүрегі сияқты (С.Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: