82
1-жаттығу. Әр сөйлемнен
кейін тыныс белгісін қойып, олардың қандай
тәсілмен құрмаласып тұрғанын айтыңыздар.
1. Өнер жастан шығады деген екен үлкендер ендігі жерде сол жас өренді
оқыту керек (С.Қ.). Жақсының жақсылығын айт құты қашсын (Мақал). Суретті
төрге апарып ілді шүберекті столға апарып жайды содан кейін костюмінің төс
қалтасынан блокнотын алды (Ғ. Мұст.). Көз
алдындағы құбыла қабатқа
ұйысқан шексіз қалың орман ортасындағы Аспанкөл оймақтай ғана болып
жасылдана мөлдірейді (Ғ. Сл.). Ыбырайдың сөзіне кейін жұрт азды –
көпті
пікір алысты да екі жылдық ауылдық мектеп үшін үй салынсын деген тоқтамға
келді (С. Қ.). Бір жол бар алыс алыс та болса жақын енді бір жол бар жақын
жақын да болса алыс (Ғ. Сл.).
2. Бұл күні мен рота, взвод командирлерімен
таныстым ішкі тәртіп,
әскерлік оқу ережелерін жасадым, шаруашылық түзеу
жұмыстарымен
шұғылдандым (А. Бек.). Жастар еркін, әсем ән шырқады. Олар біресе бұлбұл
нақысты, көп ырғақты «Жиырма бесті» созады біресе назды қоңыр, кең
тынысты «Жанбота» шығады (М. Ә.). Құнанбай кейінгі күндері
ешкімнің
көңілін абыржытқандай ештеңе айтқан жоқ сөйтсе де Зеренің күрсінуі күшті
(М. Ә.).
3. Осы кезде мұнда жоғары дәрежелі оқу орындары ашылған жаңадан екі
театр қосылған. Осыдан біраз күннен кейін суға да үйреніп болдық биік жағаға
тез жорғалап шығуға да үйреніп болдық (Ғ. Мүс.). Содан кейін ауыз бөлмеге
шығып еді манағы жігіт бөлмеде қолын сабындап жуып жатыр екен (С. М.).
4. Осы бетімен олар ұйықтаған жоқ жүруге қамдана бастады. Сөз
басылған кезде қастарына келіп едім үшеуі ештеңе болмағандай жым-жырт
тарап кете барды (Ғ. М.). Баласы ұйықтап жатқан көлеңкеге
көз қиығын аудара
берәіп еді тоғай жақтан әлдене гүрс ете түсті. Қайырбек артына қарап еді
жолдастары үнсіз тұр (Ғ. Сл.).
Достарыңызбен бөлісу: