84
үстінде боп үйге кейде ерте, кейде кеш келгенде есіктен кіре бере анасының
қасы мен қабағына қарайтын. Енді тереңдеді-ау
деп қауіптенгенде қақ суы
кенет тайыздап тағы да ат шашасынан келіп шалпылдатып көшіп келе жатты.
5-жаттығу.
Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге
айналдырыңыздар, тыныс белгілерімен ажыратып жазыңыздар.
Батыраштың ол ойы болмай көңілсізденіп тұрған жайы бар; Назыкеш пен
Сейіт Қарағандының қарасын көргенде күн де көтеріліп қалып еді; Ақмолада
биыл ашылғалы тұрған мектеп әуелі шығыннан басталса да бара-бара үлкен
іске айналатын бет алып еді; Ушаков Баяндыны көптен білсе де балға ұстап
отырған жігітті бірінші рет көріп тұр еді; Алғашқы бір күн Чайкин тұтқынға
алынбаса да декабристердің дарға тартылар күні кешке қарай көшеде
ұсталады; Осы күні үйіне қонақ келгенде
зырылдауықтың қақпағын ашып
әлсін-әлсін зырылдатып алу балалардан бұрын Байжекеңнің өзінің бір
мақтанышы болып алды; Осы молшылыққа мына келген орыс жұмыскерлері
де сұғына кетсе кейін ол қолды қағу қиындай бермек; Басын көтеріп алғанын
біреу көріп қалмады ма екен дегендей айналаға құлағын тосты; Дүние әрекетін
түгел ұмытып ұрып жатсаң қозғалмайтындай мүлгіп отыр; Өзара орайласып
қостасып келген жігіттер жұбын жаза алмай айырылыса беріп қайта қосылып
кетеді; Жат-жарандар кетіп енді тек шаруасындағы
адамдар ғана қалған соң
бұйрықтарын қысқа-қысқа, ашық-ашық берді.
Игілік бәрібір икем, ыңғай бермей қора-қопсының төбе ағаштарын
әзірлеп жатқандарға қарай бұрылды; Көлік жетер жерді тұтас алып қараса
бұдан бір қап көмір алатын өніріс
жоқ екен; Алды-артын ойласа бұған болысар
да бір жан жоқ екен; Бұланбайдың алдын кесіп өте алмай олар да тоқтады;
Елизавета Быкова сөзін аяқтап болмаса да көлденең қыстырылған сөздердің
бәрі де өз ойын толықтырып жатқандай болған
соң ешкімді тоқтатпап еді;
Шұбырған мен құлағанды күнде көріп көздері үйренген әйелдер одан әрі қарап
тұруды таң көрмей үйге қарай кетіп қалды; Өздері әр бұтаға ықтап әрең күнін
көріп отырған кедей ел ықтасын бере қоймай қыс бойы алысып келе жатқан;
Бұланбай Байжан үйіне жеткенде бұл үйдегілердің бәрі де аман далаға шыққан
екен; Сөйлеп тұрған біреу болса да үлкен дәлел болатын.
Бақас ауыл күйіп-пісіп отырған біреу барын сонадайдан танып мазақтап
күлетін сияқты; Күреңкөз қожаны орталарына алып бір топ кәрі-құртаң
жақындай бергенде Жұман тобының қатты дағдарып отырған кезі еді; Күндіз
қанша шаршаса да осы жалғыз көріністей Ушаков қайта сергіп кетіп еді;
Жұмыскерлерін осындай халде ұстап келе жатқан Рязанов оларды қайда
жіберіп қандай жұмысқа
салам десе де ерікті болатын; Бұлар Игіліктің
ауылының тұсынан өте бергенде көлденең келіп жолдың жиегінде тұрған
Тілеуке кездесіп еді; Жан-жағын қарасаң бәрі үлкен көше сияқты; Бұл
шынында да өгей шешесінің отын-суына пысықтық
жасай алмаған соң оңай
ғана тентіретіп жіберген бала болу керек; Орыс жұмыскерлері аз сыйлыққа
көп қуаныш көрсетіп бірақ оларын қалай айтарын біле алмай бастарын
шұлғысады.