Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет90/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

Бақылау сұрақтары: 
1 Үтір қандай жағдайларда қойылады? 
2 Нүктелі үтір қандай жағдайларда қойылады? 
3 Қос нүкте қандай жағдайларда қойылады? 
4 Көп нүкте қандай жағдайларда қойылады? 
5 Тырнақша қандай жағдайларда қойылады? 
6 Қандай сөздер жақшаға алынады? 
 
1-жаттығыу.
Сөйлем мүшелерінің арасына қойылатын тыныс 
белгілерінің ережелерін түсіндіріңіз. 
1. Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу – 
ақымақтық («ЛЖ»). 2. Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты 
іздемеу – ой мешеулігі. (Ғ.Мұст.). 3. Дәрмен өлеңінің орта тұсында үлкен 
үйдегі Оразбай, Жиренше, бейсенбі, Абралылар – бәрі де осы үйге кірді 
(М.Ә.). 4. Кіндіктіде - Әнеш, бәкең, Көтібақтардан шыққан жатақ. Ортада – 
Мамай жатағы (М.Ә.). 5. Сібірлік казак-орыстардың бір ерекшелігі қазақ тіліне 
жүйріктігі (С.М.). 6. Мен түнделетіп жүріп келемін. Бетім – Дос көлін жайлап 
отырған ауыл (С.М.). 7. Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – Маман 
тауының желке тұсы. Соғыстың басшылары – Жігітек пен Құнанбай жағы 
(М.Ә.). 8. Міндет Советтік Отанымыз бен Коммунистік партияға қалтқысыз 
берілген білімді мамандар даярлау («СҚ»).  


98 
2-жаттығу. 
Тұрлаулы мүшелерді тауып, олардың тыныс белгілерін қойыңыздар. 
 
1. Басты міндеттердің бірі қолда бардың бәрін, елімізде өндірілгеннің 
бәрін ұқыпты, ұтымды пайдалану. 2. Мол өнім алудың бір ғана амалы,, бір 
ғана үміті, бір ғана әдісі жұмыс істеу. 3. Бұрынғы ақселеулі далада осылардың 
бәрін өмірге әкелген тыңның алып астығы. 4. Ысырапқа қарсы күрес ауыл 
шаруашылығындағы басты резервтердің бірі. 5. Бұл солдат шинелін киген 
халықтардың еңбегі. 6. Бұл қайсарлықтың, қажырлылықтың, шеберліктің
ептіліктің көрінісі («СҚ»). 7. Мінез әр адамның бет пердесін көрсетіп тұратын 
айна. Адам өмірінің биік шыңы жастық Гете. 8. Шаруашылықтың елеулі 
саласының бірі мал шаруашылығы («ЛЖ»). 9. Біздің өміріміздің өзі қуаныш 
(С. Е.). 10. Алшынбай ауылының Құнанбайға тартқан күмісінің аты тайтұяқ 
(М. Ә.). 11. Көркемөнердің, ғылымның, техниканың тағы сол сияқты әр түрлі 
мәселелері туралы әдебиетті оқу адамды сауатты, мәдениетті, білімді етеді 
(«ЛЖ»). 12. Қорабай шалдың кәсібі темір соғу (С. М.). 13. Ұлы орыс 
халқының бай мәдени мұрасының бір саласы оның тамаша мақалдары
мәтелдері («Жұлдыз»). 14. Жақсы өмір сүру дегеніміз жақсы жұмыс істеу 
(«ЛЖ»).15. Коммунист болу ойлай білу, ізденгіш болу, істі ынтамен атқара 
білу («Коммунист»). 16. Менің қазіргі минуттағы арманым осы хатты Сағитқа 
тапсыру (С. М.). 17. Көпір біткен соғыс тұмсығының қатты қадалатын жері  
(Ғ. Мүс.). 
3-жаттығу. 
Текстегі сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыздар. 
1. Барыс жабайы мысық тұқымдастарының ішіндегі ең ірісінің бірі.
2. Оның бойы 130 сантиметрдей. 3. Барыстың салмағы 25-40 килограмға 
жетеді. Барыстың қысты күнгі түсі көк сұр. 4. Басқа уақыттарда барыс қоңыр 
теңбіл шұбар болып келеді. 5. Еліміздегі барыстың қоры шамамен 630-дай.
6. Біздің республикамызда суырлар Жоңғар, Іле Алатауында, Оңтүстік 
Алтайда, Сауыр, Тарбағатайда мекендейді. 7. Бұл дүние жүзінде сирек 
кездесетін аң. 8. Барыс тұқымын көбейтуді, зерттеуді қажет ететін хайуанат.
9. Барыс тау тұрғыны. 10. Олар арқар мен таутекелерді азық ететін аң. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет