«Қайырымдылық» волонтерлік қозғалысы



Дата24.07.2016
өлшемі10.52 Kb.
#219521
«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» волонтерлік қозғалысы

Павлодар медициналық колледжінде бірнеше жылдан бері мейірбике ісінің оқытушысы А.К.Сейсекенованың басшылық етуімен «Қайырымдылық» атты волонтерлік қозғалыс табысты жұмыс жасап келеді.


Волонтерлік қозғалыс 2-ші және 4-ші курс студенттерінің «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша аудиториядан тыс жасалынатын жұмысы болып табылады.
Волонтерлер «Қайырымдылық Үйі», Хосписпен және «Самал» балаларды оңалту орталығымен тығыз байланыс жасайды. Студенттер мұқтаж адамдарға өздерінің жан жылуын, мейірімділігін, ілтипаттарын риясыз дарытуға әрқашанда дайын тұрады. Өйткені егде адамдардың көбі медициналық біліктілікпен жасалатын күтімді қажет етеді.

Волонтерлік жұмыста студенттер емделушілердің психикалық, әлеуметтік және дене саулықтарын айқындау мақсатында тексеру жүргізеді, емделушілерге тамақ беру, серуендеу, тазалық шараларын жасау кезінде көмек көрсетеді. Палатаның тазалығына, емделушілердің төсек-орны, киім-кешегі, іш киімдерінің гигиеналық жағдайына үнемі қамқорлық жасап отырады. Емделушілердің туысқандарын тыныс алуында, қозғалысында, психикасында бұзылыстары бар қарт адамдарға күтім жасай білуге үйретеді.


Волонтер –студенттер мерекелік іс-шаралар, сенбіліктер өткізуге қатысады. Колледжде волонтерлермен Қайырымдылық үйінде «Оқырман-дар бұрышын» ұйымдастыру үшін кітаптар, кеңсе товарларын «Самал» балаларды оңалту орталығына жинастыру үшін «Кітап сыйла» атты акция өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет