Қайырлы күн құрметті Шахан кентінің тұрғындары!



жүктеу 144.1 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі144.1 Kb.
2010 жылдың 19 қаңтарында өтетін есеп беру кездесуіне

Шахан кенті әкімінің баяндамасы


Қайырлы күн құрметті Шахан кентінің тұрғындары!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен басталған әкім есептері ел өмірінде маңызды саяси науқанға айналды.

Мұндай кездесулер халықтың билік органдарының қызметтері туралы көбірек білуіне, жаңа экономикалық реформа міндеттерін орындауға және нақты проблемаларды шешуге қоғамды жұмылдыруға ықпал етеді.

Өткен жыл біздің елімізде маңызды оқиғалармен аталып өтті, солардың ішінде ең маңыздысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын анықтаған Ел басының Қазақстан халқына «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауы болды. Қазақстан -дағдарыстық қысымның қуатына жедел жауап тойтарған және дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға кіріскен әлемдегі мемлекеттердің бірі. Қазақстандықтардың әлеуметтік хал-жайын арттыру мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болып қала береді.

Ел басының ойластырған саясатының арқасында өткен жылғы оңды нәтижелер Үкіметтің жүзеге асырған дағдарысқа қарсы шараларының дұрыстығын дәлелдейді.

Бүгінгі кездесуде мен Сіздерді өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы және биылғы жылға қойылған мақсаттар туралы хабардар етемін. Өткен кездесуде көтерілген негізгі проблемалар әлеуметтік және коммуналдық сипатта болды.

Әлеуметтік саясат басымдықтарының бірі болып лайықты еңбек, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған тұрақты жұмысбастылықты қамтамасыз ету табылады.

2009 жылдың басынан жұмыспен қамту мәселесі бойынша 644 адам хабарласты, соның ішінде жастар саны 248 адам (2008 жылы хабарласқан жұмыссыздар саны 341 адамды құрады, соның ішінде жастар саны 126 адам). Жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп істеген жұмыс нәтижесінде жұмыспен қамтылғандардың саны 519 адамды құрады, соның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 207 адам (хабарласқандардан 81%), өткен жылы 340 жұмыссыз жұмыспен қамтылды (хабарласқандардан 99%).

2009 жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 16-дан 29 жас аралығындағы жастар саны 196 адамды құрады (2008 жылы жастардың 127-і жұмыспен қамтылды). Жұмыспен қамтылған жастар санының төмендеу себебі болып еңбек нарығында сұраныс және ұсыныстың сәйкессіздігі, оған қоса практикалық жұмыс тәжірибесінің болмауы табылады.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін 2009 жылғы маусымнан елімізде «Жастар практикасы» бағдарламасы ұйымдастырылды. Оның мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті және талапты арттыру үшін мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін, практикалық жұмыс дағдысын алу табылады. Жоғары және орта-мамандырылған білім мекемелерін тамамдаған кенттің 17 түлегі 2009 жылы осы бағдарлама бойынша мүмкіндіктерін іске асырды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы арнайы мамандығы жоқ жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мүмкіндігі туады.

2009 жылдың есепті мерзімінде қоғамдық жұмыстарға 70 адам қатысты, соның ішінде жастар саны 30. Қоғамдық жұмыстардан соң 59 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды (2008 жылы қоғамдық жұмысқа 91 адам қатысты, соның ішінде жастар саны 30, жұмыспен 79 адам қамтылды, соның ішінде жастар саны 29 адам).

Жұмыспен қамту Стратегиясы дүниежүзілік дағдарыс жағдайында кадрларды қайта оқыту және қайта даярлау бойынша нақты жұмысқа бағытталған, еңбек нарығында талап етілмегендердің қайта оқып, бүгінгі күні талап етілетін басқа мамандықты таңдауға мүмкіндіктері бар. 2009 жыл барысында 22 адам оқудан өтті.

Жұмыссыздарға қолдау көрсету бағыттарының бірі болып жеке іс ашу үшін материалдық көмек көрсету табылады, мұндай көмек аяқ киімдерді тігу және жөндеу шеберханасын ашу үшін жұмыссыз М.Жүсіпбековке көрсетілді («Шахтер» дүкені ғимаратының ішінде).

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жұмыссыздықтың белгіленген деңгейі кент бойынша 0,2 % құрады, жыл басында 1,5 % шамасында болған. 2010 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша жұмыспен қамту бөлімінде есепте 8 жұмыссыз тіркелген.

2009 жылдың 12 айы ішінде мемлекеттік тыс көзден сомасы 2713,9 мың теңге көлемінде 1896 адам көмек алды. Көмектің орташа мөлшері бір адамға шаққанда 90,463 теңге (2008 жылы көмекті 1632,0 мың теңге сомасында 1457 адам алды. Көмектің орташа мөлшері бір адамға шаққанда 54,400 теңге).

Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 287,6 мың теңге сомасында 44 балаға төленді (2008 жылы жәрдемақы 378,7 мың теңге сомасында 40 отбасына төленген).

Мемлекеттік атаулы жәрдемақы 688,4 мың теңге сомасында 61 адамға төленді (2008 жылы 1036,0 мың теңге сомасында 59 адамға төленген).

2009 жылдың басынан тұрғын үй жәрдемақысы 841,9 мың теңге сомасында 62 отбасына төленді (2008 жылы 163,9 мың теңге сомасында 37 отбасына төленген).


Білім беру

Шахан кентінде 4 білім беретін, 1 мектепке дейінгі білім беретін мекеме қызмет етеді:

3 жалпы білім беретін мектепте 809 бала оқиды, 95 дана компьютермен жабдықталған (1 компьютерге 8,1 баладан). Компьютерлер интернетке қосылған. Үш мектепте бірден төртінші сынып оқушыларының тегін тамақтануы ұйымдастырылған. Нашар қамсыздандырылған отбасынан 87 бала тегін тамақтанады.

Балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін және кәсіби өзіндік таңдау жасауды іске асыру мақсатында өнер мектебі жұмыс істейді, 6 бөлімшеге (үрмелі аспаптар, хор, қазақ халық бөлімшесі, орыс халық бөлімшесі, көркем бөлімше) 115 бала қатысады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «Березка» балабақшасы қызмет етеді, оған бүгінгі күні 200 бала барады.

2009 жыл ішінде:

- №2 орта мектепке 390 154 теңге сомасы көлемінде бастапқы мектеп үшін 2 жиһаз жиынтығы;

- №12 орта мектепке 213 185 теңге сомасында орта топ үшін жиһаз;

- 5 млн. 394 мың 950 теңге сомасына мультимедиялық және лингафондық кабинет үшін жабдық сатып алынды.
Біздің оқушыларымыздың қол жеткізген жетістіктері туралы да айтқымыз келеді:

- №12 мектеп оқушысы Вебер Любовь 2009 жылғы 11 маусым айында Алматы қаласында өткен «21 ғасыр көшбасшысы» Республикалық конкурста үшінші орынды иеленді;

- «Жас зерттеушілер кіші ғылым академиясының 35-ші республикалық ғылыми-практикалық конференция Бағдарламасы» кітабында мектеп оқушылары Людмила Вебердің және Дмитрий Терехиннің еңбектері басылған;

- «Туған жерім – 2009» астаналық сурет конкурсында қатысқаны үшін кент өнер мектебі ҚР Президентінің Алғашқы мұражай директорының алғыс хатымен марапатталды;

- Хмарина Анна облыстық сурет конкурсының 3 орын иегері болып табылады;

- Перетурин Богдан Дельфиялық ойындардың облыстық іріктеу конкурсында бірінші орынды иеленді.


Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық қызметті «Жұпалы аурулар ауруханасы» ММ көрсетеді (Шахан кентінде 15 төсек орын және Шахтинск қаласында 15 төсек орын), 2009 жыл ішінде 680 адам емделді, соның ішінде 400 бала 14 жасқа дейін. 2009 жыл ішінде 840 мың теңге сомасына жөндеу жүргізілді:



  • су жүйесі, канализациялық жүйе жөнделді;

  • бокстар жарым-жартылай жөнделді (ағаш терезелер пластикке ауыстырылды);

  • бірінші қабатта еден керамо-гранитпен жабылды.

«Емхана» КМҚК (күніне 250 адам), мұнда амбулаториялық деңгейде 409 бала, соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар, 315 диспансерлік балалар/жасөспірімдер, 1 жасқа дейінгі 94 бала тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. 568 ересек адам тегін (жеңілдікпен) дәрі-дәрмектермен қамтылған, соның ішінде 392 адам 50% жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтылған.

Өткен жылы «Емхана» КМҚК ғимаратында 468 000 теңге сомасына 11 терезе пластиктік терезеге ауыстырылды, компьютерлер, медициналық центрифуга сатып алынды, 1 484 900 теңге сомасына Шахтинск қаласының «Емхана» КМҚК-нан көлік тапсырыс етілді.

Қарттарға және жалпы типті мүгедектерге арналған интернат үйінде 104 қамқорлықтағылар тұрады. 2009 жылы жергілікті бюджеттен 49,0 млн. теңге сомасына интернат үйінің жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу қазанын орналастыруда қайырымдылық көмек көрсетілді («Механомонтаж» ЖШС).

Шешімді қажет ететін сұрақтар қалуда:

«Емхана» КМҚК: ғимараттың қасбетін және подъездік жолдарын жөндеу, жаңа 100 литрлік автоклавты, рентген аппаратын, физиоаппаратты, флюорографты орнату.

«Жұқпалы аурулар ауруханасы» ММ: лабораториялық және биохимиялық анализ өткізу үшін КФК-3 фотоэлектроколориметр сатып алу, жылу беру жүйесін жөндеу, аурухана ғимаратының қоршауын қалпына келтіру қажет.


Мәдениет

Кент аумағында 2 мәдениет объектісі орналасқан: Шахан кентінің Мәдениет үйі және отбасылық оқу кітапханасы.

Кенттік отбасылық оқу кітапханасы модельді отбасылық оқу кітапханасы дәрежесіне ие. 2009 жыл ішінде 4252 оқырман тіркелген, соның ішінде балалар 1472.

Кент мәдениет үйінде 400 адам, соның ішінде 140 бала қатысатын 37 клубтық құрылым жұмыс істейді (шығармашылық ұжымдар және спорт үйірмелері: баскетбол, шағын футбол, воллейбол, шахмат, шашки, денсаулық тобы).

Атқарушы органдар жұмысының басты бағыттарының бірі болып жастар саясаты табылады. 2009 жылы Шахан кентінің Мәдениет үйі негізінде Жастар орталығының ашылуы өтті. Жастар орталығында семинар-тренингтер өткізіліп, психологиялық кеңестер беріледі. Орталық жастары кенттің мәдени бұқаралық іс-шараларына да қатысады.

Экономикаға өз үлесін кіші және орта бизнес қосады.

Кентте 57 жеке кәсіпкер тіркелген. Кіші кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы бюджет құралдарынан несиелер ұсыну кәсіпкерліктің одан әрі дамуына елеулі қолдау береді.

Азық-түлік дүкендерінің басшыларымен азық-түліктің әлеуметтік қажетті 50 атауына көтерме бағадан 10-15% шамасында үстеме баға туралы келісімдерге қол қойылды.

Былтырғы жылдың көктемінде және күзінде өткізілген «Жасыл керуен» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде көкөністер мен жеміс-жидектер бағасының едәуір төмендеуіне қол жеткізілді.

Кент демеушілері және тұрғындары күшімен 3 ықшамаудандағы №3,4,5,6,7 үйлер маңында хоккей ойнау үшін спорттық алаң орнатылды. Жаңа жылдық мерекелерге Ибкеев Сапар Көшкенұлы кент кәсіпкерлерімен бірлесіп көркем от шашу ұйымдастырып, жаңа жылдық сыйлықтармен 120-дан артық баланы қамтыды.



Былтырғы жылғы есеп беру кездесулер барысында халықтан жеті ұсыныс түсіп, оның алтауы орындалды.

1. Кенттің санитарлық жағдайы жақсарды, ҚТҚ шығару бойынша қызметке кесте бойынша жұмыс істейтін Г.Алиева жеке кәсіпкері кірісті.

2. Электр энериясы үшін тариф төмендетілді, автономды жылу беру жүйесінен электр энергиясы үшін төлем жеке тұлғадан сияқты алынады. Электр энериясымен қамтитын ұйым «РСЦ» ЖШС қызметіне кірісті.

3. «Трансагентство KZ» АҚ «127 Карағанды – Шахан» маршрутына қызмет көрсету бойынша тендердің аяқталысымен 2009 жылғы 1 желтоқсаннан жолаушыларды тасымалдаумен №3 және №5 автобус паркі айналысады. Біздің кент жолаушыларымызға қызмет көрсету жақсарды.

4. «КаРЭМ» ЖШС Свердлов көшесіндегі жолды жайғастырып, құммен септі.

5. Жергілікті бюджет есебінен «Сударушки» хоры үшін 22 концерттік костюм сатып алынды.

6. «КаРЭМ» ЖШС көмегімен ағымды жөндулерден кейін өз қызметін «Қарлығаш» аула клубы қайта бастады. Мұнда балалар үшін спорт үйірмелері ұйымдастырылған (қамтылуы 75 бала):

- грек-рим күресі;

- «қазақша күрес»;

- «дзюдо».

Шашки, шахмат және үстел теннисы бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Кенттік полиция бөлімшесінің штатын толықтыру қажеттігі жөніндегі бір мәселе Шахтинск қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы М.Кожаковтың бақылауында.


Кездесулерде коммуналдық сипаттағы сұрақтар жиі жолданады. Бұл кентті абаттандыру, кенттің санитарлық жағдайы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерін жөндеу және салу, сапалы ауыз суымен қамту, суқайтарғы жүйесін қайта құру, электр энергиясымен үздіксіз қамту.

Кентте сумен қамту және суқайтарғысы бойынша коммуналдық қызметті «Шахтинск ЖЭО» АҚ №15 цехі көрсетеді. Кентте су тәулікпен беріледі, «Энергокөмір» өндірістік басқармасынан сатып алынатын су көлемі тәулігіне 700-1000 м3.

Бүгінгі күні сумен қамту үшін тариф 1м3 үшін ҚҚС есебімен 55,54 теңгені, суқайтарғы үшін тариф ҚҚС есебімен 1м3 үшін 54,45 теңгені құрайды.

2009 жылғы 1 қазаннан электр энергиясымен қамтумен және желілерге қызмет көрсетумен «РСЦ» ЖШС және «КРЭК» ЖШС айналысады.

Шахан кентінде 2009 жылғы 1 қарашадан бастап «РСЦ» ЖШС электр энергиясы бойынша келесі тарифті қолданады:


  • тұрғындар, тұрғын үйлердің АЖЖ – ҚҚС есебімен 5,85 теңге;

  • заңды тұлғалар – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС есебімен 9,04 теңге.

2010 жылдың 1 қаңтарынан «РСЦ» ЖШС Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен бірлесіп (2009 жылғы 13 желтоқсандағы №5841/2 уәждемелі қорытындысы) келесі тарифтерді қолданады:

  • тұрғындар, тұрғын үйлердің АЖЖ – ҚҚС есебімен 6,96 теңге;

  • заңды тұлғалар – 1 кВт/сағ үшін ҚҚС есебімен 12,83 теңге.

2009 жылғы 1 мамырдан ҚТҚ шығаруға Г.Алиева жеке кәсіпкері кірісті (ҚТҚ-ны шығаруға және көмуге жарияламды келісім-шарт, 2009 жылғы 24 сәуірдегі «Шахтинский Вестник» газеті).

Қоқысты жою бойынша қызметтің тарифі:

- автономды жылу беру жүйесі немесе электр жылу беру жүйесі бар көпқабатты үйлер тұрғындары үшін айына бір адамнан 80 теңге;

- пешпен жылытылатын көпқабатты үйлер тұрғындары үшін жаз мезгілінде айына бір адамнан 80 теңге, 1 қазаннан 1 мамыр аралығында айына бір адамнан 120 теңге;

- жеке сектор үйлеріндегі тұрғындар үшін тұратындар саны есебінсіз бір аула алдынан айына 300 теңге.

«Жайлы» ЖШС өтінім бойынша жұмыс істейді (тариф 1м3 үшін 820 теңгені құрайды).

Кентке газды жеткізумен және іске асырумен «Әлем газ» ЖШС, «Газойл» ЖШС айналысады. Сиымдылығы 10 кг газ баллонының бағасы 1600 теңгені, 20 кг – 3200 теңгені құрайды.
2009 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа

кентте келесі жұмыстар жүргізілді:
2009 жылы кентті дамытуға 20220,0 мың теңге бөлінген.

1. «Елді мекендерді абаттандыру» бағдарламасы бойынша 3990,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде:

- 3 ықшамауданның №7 үйі, 3 ықшамауданның №13, 11/17 кварталдың №21 үйі мекен-жайы бойынша 3 дана брандмауэрдің орнатылуы;

- кент паспортының жөнделуі;

- шыршаның, жаңа жылдық ойыншықтардың орнатылуы;

- Кондрашин, Магистральная көшелеріндегі жаяусоқпақтардың жайластырылуы;

- келесі мекен-жайлар бойынша 6 дана қоқыс орындарының жайластырылуы:

1. 14 квартал, №16 үй;

2. 14 квартал, №33 дүкен;

3. 8 квартал;

4. 3 ықшамаудан, №20 үй;

5. 3 ықшамаудан, № 4,5,6 үйлер

6. Степная көшесі, №20 үй.

- Шахан кентінің жарықпен безендірілуі, 30 дана жарық жаңбырларының және жарық өрнектерінің орнатылуы: Шахан көшесі бойынша 5 дана, Добровольский көшесі бойынша 19 дана, Мәдениет үйі алаңында 6 дана. 2008 жылмен салыстырғанда бөлінген қаражат сомасының көлемі 47,4% құрайды.

2. «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 7598,0 мың теңге бөлінген, соның ішінде: жолды қыс мезгілінде қалпында ұстау, Достоевский, Магистральная, Спортивная, Кондрашин, Шахан, Добровольский көшелерін шұңқырлардан жөндеу. Шығындар сомасы 2498,0 мың теңге, 4500 мың теңге сомасына Пушкин көшесіндегі жолды орташа жөндеу. 2008 жылмен салыстырғанда бөлінген қаражат сомасының көлемі 33,0% құрайды.

3. «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 8632,0 мың теңге бөлінген, соның ішінде: 53 жарық тірегі орнатылды: Степная көшесінде 10 дана, Добровольский көшесінде 14 дана, Кондрашин көшесінде 20 дана, Абай көшесінде 9 дана. 53 көше шамдары ауыстырылды: Добровольский көшесінде 33 дана, Кондрашин көшесінде 20 дана.


Инвестициялық бағыттарды жүзеге асыру шегінде кенттің әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілері бойынша келесі жұмыс түрлері жүргізілді:
1) «Березка» балабақшасы ғимаратының шатырын күрделі жөндеуге 3 млн. 855 мың теңге бөлінді. Мердігер «Шахтинск-Строй» ЖШС Н.А.Гордеев жеке кәсіпкері.

2) Шахан кенті мәдениет үйінің спорт залын жөндеуге 1 млн. 741 мың теңге бөлінді. Мердігер «Изол» ӨК Е.Д.Костин жеке кәсіпкері.

3) Шахан кенті №12 орта мектебінің қазандық ғимаратын күрделі жөндеуге 4 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Шахтинск-Строй» ЖШС Н.А.Гордеев жеке кәсіпкері.

4) Шахан кенті №2 орта мектебінің шатырын жөндеуге 7 млн. 800 мың теңге бөлінді, мердігер «Ника и К» ЖШС М.Н.Кравцова жеке кәсіпкері.

5) Шахан кентінің қарттарға және жалпы нысанды мүгедектерге арналған интернат үйін жөндеуге облыстық бюджеттен 49 млн. теңге бөлінді, мердігер «АБДАДИ-строй» ЖШС И.А.Михайленко жеке кәсіпкері.
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша

1) Шахан кентінде 4,2 мың куб метр көлемді бұзылған үйлерді тазалауға 2 млн. 500 мың теңге бөлінді (Пушкин көшесі – Пельменная, Шахан көшесі, 12 – ТШКБ, Горная көшесі – жаппай тігін, Шахан көшесі – Балалар әлемі, Степная көшесі - №2 үй, 41 квартал – жиһаз дүкені). Мердігер «Союз» ЖШС И.Д.Кропычев жеке кәсіпкері. Объектіде 3 ай бойы 26 мың 389 теңге орташа еңбеақысымен 12 адам қызмет етті, соның ішінде 10 жұмыссыздар. Жұмыстар 2009 жылғы 28 тамызда аяқталды.

2) Шахан кентінің квартал ішіндегі канализациялық желілерін ағымды жөндеуге (учаске 330 метр) 18 млн. 260 мың теңге бөлінді. Мердігер «АПВ Строй» ЖШС А.П.Волгин жеке кәсіпкері. 4 ай бойы объектіде 34 мың 690 теңге орташа еңбекақысымен 50 адам еңбек етті, соның ішінде қырығы жұмыссыздар. Жұмыстар 2009 жылғы 25 қыркүйекте аяқталды.

3) Шахан кентінің «Березка» балабақшасын ағымды жөндеуге 7 млн. 200 мың теңге бөлінді. Мердігер С.А.Ерышев жеке кәсіпкері. Үш ай бойы объектіде 30 мың 400 теңге орташа еңбекақысымен 30 адам еңбек етті, соның 24 жұмыссыздар (соның ішінде 14 адам бір ай мерзімінде қайта оқыту курстарынан өтті). Жұмыстар 2009 жылғы 28 тамызда аяқталды.

4) Шахан кентінің қарттарға және жалпы типті мүгедектерге арналған интернат үйін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 95 млн. 5 мың теңге бөлінді. Мердігер «Компак-К» ЖШС. Жұмысқа күнтізбе кестесіне сәйкес 2009 жылғы 1 маусымнан кірісті, 35 мың 545 теңге орташа еңбекақысымен 160 адам еңбек етті, соның ішінде 128 адам жұмыссыз. Жұмыстар 2009 жылғы 15 желтоқсанда аяқталды.

5) Шахан кентінің Мәдениет үйін ағымды жөндеуге 10 млн. 840 мың теңге бөлінді. Мердігер «АПВ Строй» ЖШС А.П.Волгин жеке кәсіпкері. Объектіде үш ай бойы 39 мың 229 теңге орта еңбекақысымен 35 адам еңбек етті, соның 28 жұмыссыздар (соның ішінде 7 адам қайта оқыту курстарынан өтті). Жұмыстар 2009 жылғы 30 тамызда аяқталды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 207 жұмыссыз жұмыспен қамтылды.

2010 жылға кентті абаттандыру бағдарламасы бойынша 20458 мың теңге бөлінді, 2009 жылмен салыстырғанда 1,16% өсті.

1. «Елді мекендерді абаттандыру» бағдарламасы бойынша 2960,0 мың теңге көлемінде қаражаттың бөлінді: кентті көркем безендіруге: билборд (3*6) орнату, кентті мерекелік безендіру (мерекелерге 7 ұзартпа жазу), жаңа жылдық шыршаны және әшекейлерді орнату.

Қоқыс орындарын жайластыру (8 дана), бар қоқыс жинақтаушыларды жөндеу. Шахан кентінің көшелері бойымен S-3120 шаршы метр ағашты көгалдандыру және бұтау. Кіші сәулет нысандарын (орындықтарды) жөндеуге шығындалатын сома 24,0 мың теңге.

2. «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 10300 мың теңге бөлінді: Шахан кентінің жолдарын орташа жөндеу: Достоевский, Магистральная көшелері. Жолдарды қыс мезгілінде қалпында ұстау – 600 мың теңге, жаз мезгілінде ұстау – 360 мың теңге. Шахан кентінің жолдарын шұңқырлардан жөндеу: Магистральная, Спортивная, Добровольский, Пушкин, Кондрашин көшелері.

3. «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 7198,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, соның ішінде: елді мекендердің электр энергиясын төле, көше жарығын қалпына келтіру: Сегізүй кентінің Центральная көшесі – 16 жарық бағаны.

Көше жарығын қалпына келтіру: 7б кварталы – L-760 м, 8 т/б тірек, 8 шам. Шығындар сомасы 720,0 мың теңге.

Көше жарығын қалпына келтіру: 7б квартал – 8 жарық бағаны, Чернышевский – Горная – Чайковский – Вишневая көшелері – 27 жарық бағаны. Көше жарығын қалпында ұстау 660,0 мың теңге.

2010 жылға «Жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 96 612 мың теңге көлемінде қаражаттың бөлінуі жоспарлануда.

1. «Жұқпалы аурулар аурузанасы» ММ:

Қаржыландырудың жалпы көлемі 4500 мың теңге, жұмысшыларда қажетсінуі 9 адам, күнтізбелік мерзімі (2010 жылдың маусымынан тамызына дейін), орташа еңбекақы 39 259 теңге.

2. «Шахтинск қаласының қарттарға және жалпы типті мүгедектерге арналған интернат үйі» ММ:

Қаржыландырудың жалпы көлемі 47004 мың теңге, жұмысшыларда қажетсінуі 45 адам, күнтізбелік мерзімі (2010 жылдың мамырынан қазанына дейін), орташа еңбекақы 42 103 теңге.

3. №12 орта мектебі:

Қаржыландырудың жалпы көлемі 24345 мың теңге, жұмысшылар қажетсінуі 35 адам, күнтізбелік мерзімі (2010 жылдың маусымынан тамызына дейін), орташа еңбекақы 33 341теңге.

4. №14 орта мектебі:

Қаржыландырудың жалпы көлемі 11706 мың теңге, жұмысшылар қажетсінуі 16 адам, күнтізбелік мерзімі (2010 жылдың маусымынан тамызына дейін), орташа еңбекақы 34 143теңге.

5. №15 цех

Қаржыландырудың жалпы көлемі 9057 мың теңге, КНС-2 – 9057 мың теңге.
Құрметті Шахан кентінің тұрғындары!
2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді, біз Белоруссия және Ресеймен бірге Кедендік одақта өмір сүретін боламыз, Біріңғай экономикалық кеңістікті құруға кірісеміз. Бұл біздің экономикамызды нығайтып, ол үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, қазақстандықтардың өмір сапасын арттырады.

Біз Алқашқы бесжылдық жоспарды іске асыруды бастаймыз. Конституциямыздың 15 жылдығын және Ұлы Жеңістің 65-жылдығын салтанатты түрде мерекелейміз. Бұл қазақстандықтар үшін естелік күндер.

Қазақстан үшін жаңа жауапты істер уақыты басталуда.

Бүгінгі күні бізді бәрімізді Қазақстанның әлемде одан әрі мықты, әл-ауқатты және құрметті ел болуы туралы арман біріктіреді. Біз бұған міндетті түрде қол жеткіземіз!




Шахан кентінің әкімі А.Клюев


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет