Айжамал ибрагимқызы құдайбергенова


«1970-1989 жж. көші-қонның халықтың әлеуметтік және этно-демографиялық ерекшеліктеріне әсері»



бет4/5
Дата25.02.2016
өлшемі393.5 Kb.
#20325
түріДиссертация
1   2   3   4   5

«1970-1989 жж. көші-қонның халықтың әлеуметтік және этно-демографиялық ерекшеліктеріне әсері» бөлімінде 1970-1991 жж. қамтыған алтыншы кезеңдегі көші-қон үдерісінің халықтың әлеуметтік және этно-демографиялық ерекшеліктеріне әсері талданады.

1970-1989 жж. көші-қонның ерекшелігі сонда, ХХ ғ. өн бойында сырттан келуші көші-қоншылардың қозғалысы осы уақытқа дейін ішке бағытталса, енді Қазақстанға өзге республикалардан келушілер саны азайып, көші-қон үдерісі халық санының өсіміндегі шешуші рөлінен айрыла бастады. Қазақстандағы ХХ ғ. басынан жалғасқан көші-қон үдерісінің қарқыны бәсеңдей бастады, бағыттары Қазақстаннан кері қарай бұрылды. Әлі де жоспарлы түрде қоныстандыру және басқа да мемлекеттік шаралар негізіндегі көші-қон үдерісі жалғасты, бірақ, осы кезді сонау ХІХ ғ. ортасынан Қазақстанға қарай ағылған көші-қон бағытының кері бұрылу межесі деп алуға болады. РКФСР-ден басқа одақтас республикалармен көші-қон айырбасында теріс айырым көріне бастады. Оған себеп болған факторлар – ұлттық сана сезімнің оянуы, халық шаруашылығында ұлттық мамандар үлесінің өсе бастауы және т.б. Бұл кезеңде Қазақстан халқының демографиялық мінез-құлқында да өзгерістер жүрді. Көп балалы отбасыдан аз балалыққа өту, бала тууды сандық жағынан реттеуге негізделген бағыт осы кезеңнен бастау алды.

1968-ж. бастап орыстардың, украиндардың, 1980-жж. немістердің кері көші-қоны осы ұлт өкілдерінің сандық өсімінің қарқынын төмендетті. 1970-жж. бастап, КСРО-ның европалық бөлігінен келуші көші-қоншылар әлеуетінің сарқыла бастауы, көші-қон қозғалысында теріс айырымның тұрақтылығы мен қайтуға бейім көші-қондық көңіл-күй табиғи өсім көрсеткіштерін төмендете бастады: табиғи өсім коэффициенті 1970 ж. 17,4 адам болса, 1980 ж. 15,9 адамға, 1990 ж. 14,0, 1991 ж. 13,0 адам болып төмендеп, одан кейінгі тәуелсіздік жылдарында құлдырап, 1999 ж. 4,3 адамға дейін түсті [36]. Тек 2009 ж. қарай, Қазақстан халқының құрамында қазақтардың 63,1%-дық үлеске ие болуы ендігі жерде Қазақстан халқының демографиялық мінез-құлқын айқындауда қазақтардың шешуші және тұрақты рөл атқаратынын негіздеді.

Осы бөлімде сыртқы және ішкі көші-қондағы негізгі үрдістер аймақтар мен этностар бойынша сараланады. 1970-1991 жж. Қазақстанның Ресей, Украина, Белоруссия және Прибалтика республикаларымен көші-қон айырбасы есебінен республика 1,5 миллион адамынан айрылды.

Жұмыста қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстан халқының сан жағынан өскенін көрсете отырып, бұл үдерістің экономика дамуына, еңбек өнімділігі артуына, адамдардың әлеуметгік-тұрмыс жағдайлары жақсаруына және басқа көптеген факторларға елеулі түрде тәуелді екендігі баяндалады.

Ішкі көші-қонда 1980 жылдары солтүстік және шығыстан оңтүстікке көшу байқалса, 90-жылдары көші-қон тасқыны оңтүстіктен батыс, солтүстік және шығысқа қарай ағылған.

Зерттеу жұмысында экологиялық апат аймақтарындағы көші-қон да қарастырылды.

Халықтың жастық-жыныстық құрамы арақатынасына келсек, 1970-1989 жж. ерлердің өсу қарқыны әйелдерге қарағанда 3 %-ға төмендеді (тиісінше 43-46% болды). 1979-1989 жж. ер және әйелдердің еңбекке қабілетті жастағыларының үлесі, тиісінше, 1979 ж. 35 және 31,5 %-дан бастап, 1989 ж. 32% және 28 % болып азады.

Қазақтардың 1959-1989 жж. туылғандары 1999 ж. 20-40 жас аралығындағылар республика халқының 2709,2 мың адамы (34 %), өз кезегінде 20 жасқа дейінгі 3504,5 мың адамның (43,9 %) ата-аналары [39], барлығы республика қазақтарының 77,9 %-ы 40 жасқа дейінгі азаматтар қазақ этносының сандық және сапалық өсуінің қайнар көзі болды.



Жұмыста көші-қон үдерісі мен табиғи қозғалыс арасындағы өзара байланыс аймақтар мен этностар бойынша салыстырыла талданады. Халық санында қазақтар үлесінің өсуі табиғи өсу көрсеткіштері есебінен және орыс және басқа да этностар оның өсу көрсеткіші төмеңдеуінен болғаны айғақталады.

Сонымен, 1959-1991 жж. көші-қон векторларының бағыты өзгеріп, республика ішіндегі көші-қон ұлғайды. Демографиялық үдерістердің басты белгісі - Қазақстанның қала халқы құрылымында орыс халқы мен тұтасынан алғанда славян этностарының үлесі төмендеп, қазақ және басқа да түрiк халықтарының үлесі артты.



Қазақстан халқы Ресейге бодан болғаннан бастап, кеңес заманында да негізінен сырттан келген келімсектер көші-қоны нәтижесінде өсіп, 1897 ж. 41477 мыңнан 1989 ж. 164644 мыңға жетіп, осы 92 жыл ішінде 4 есеге жуық көбейген.

Қазақстанның демографиялық дамуы бүкіл әлем халқының дамуының негізгі үрдістерімен сәйкес келеді. Алайда, жекеленген демографиялық жағдайлар республиканың әлеуметтік – экономикалық және тарихи –демографиялық даму ерекшелігіне, соның ішінде ұлттық құрамының өзгерістеріне негізделген ерекшеліктерге байланысты болды. Қазақстан ХХ ғ. 90-жылдарынан кейін бала санын шектеу негізінде аз балалық кезеңге аяқ басты. Яғни, жеделдетілген әлеуметтік-демографиялық даму концепциясын қазақтардың тарихи өсіп-өнуі, даму тәжірбиесінде көруге болады.



«Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы көші-қон үдерістерінің ерекшеліктері» бөлімінде 1989-1991 жж. елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік және демографиялық ахуал мен көші-қон үдерісінің өзара әсері қарастырылды. 1968 ж. басталып, 1980-жж. тұрақты үрдіске айналған көші-қон қозғалысындағы кері айырым тәуелсіздік жылдарында 2004 ж. дейін көші-қон векторының сыртқа бағытында берік орын алды.

1980-жж. соңындағы елдегі жариялылықпен қатар келген тарихи шынықтардың ашыла бастауы, ұлттық сезімге негізделген бастамалардың жазалануы (1986 ж. желтоқсан оқиғасынан кейін туындаған саяси, әлеуметтік ахуал) республика аймағында 80-82%-ы еңбек етуге жарайтын жастағы адамдардың ішкі және сыртқы көші-қон қозғалысына түсуін көрсетті.

1989-1991 жж. сыртқы көші-қон 272,4 мың адамға теріс айырым көрсетті. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда жоғары, бірақ, 1990-жж. қарағанда төмен көрсеткіш болып табылады. Себебі,тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі 1992 ж. өзінде сыртқы көші-қондағы кері айырым 200,8 мың адамға тең болды.

1970-жж. екінші жартысынан басталған көші-қонның республикадан сыртқа бағытталу үдерісі жыныстық арасалмаққа өзіндік әсерін тигізді. 1979-1989 жж. тұрғындардың әр түрлі жастағы топтарын жынысы бойынша салыстырсақ, ерлер мен әйелдердің еңбекке қабілетті жастардағыларының үлесі, тиісінше, 1979 ж. 35% және 31,5 %-ды көрсетсе, 1989 ж. 32% және 28 % болып азайған.

Міне осындай жағдайда, 1989-1991 жж. арасындағы республика халқының санындағы өсу үрдісін қамтамасыз еткен осы жылдардағы 1989 ж. 71,3 мың, 1990 ж. 97 мың 1991 ж. 57,6 мың адамдық кері айырым көрсеткен көші-қон емес, табиғи өсім болып табылады.

Республикаішілік көші-қон ерекше екі бағытта ғана белсенді түрде жүрді: Алматы қаласы мен облысы, солтүстік және орталық аймақ - Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында, сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы механикалық қозғалыстар. Бұл көші-қондағы қазақтардың үлесі - 65%, орыстар - 22% болды.

Республика ішілік көші-қон бағыттары 1926-1980 жж. Солтүстік және Солтүстік - Шығыстан Оңтүстік облыстарға бағытталса, 1980-жж. соңында Оңтүстіктен Солтүстік облыстарға қарай жүре бастады. Батыс және Шығыс Қазақстаннан қазақтар Алматы қаласы мен облыс орталықтарына, Жезқазған, Торғай, Павлодар, Қарағанды облыстарына көшті. Қазақстанның Оңтүстік және Батыс аймақтарындағы қазақтар өсімінің жоғарғы деңгейі, тұрғындар санының өсуі тоқырау кезіндегі демографиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауымен тұстас келіп, республиканың Оңтүстік аймағының тұрғындары өздеріне жайлы облыстарға көшті. 1980-жж. соңында ұйымдастырылған түрде жинақтау қызметі төмендеп қоғамдық шақырулар, мемлекеттік аграрлық қоныстандыру, республикааралық орталықтанған қоныстандыру тоқтатыла бастады.

Сонымен, 1970-1991 жж. республикадағы табиғи өсім (6117,1 мың адам) халық санының өсімін (3536,6 мың адам) қамтамасыз еткендіктен, көші-қондық фактор (2580,5 мың адамға кері айырым) шешуші рөлге ие болмады. 1990-жж. Қазақстан отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принципті ұстанған мемлекетке айналды.

ХХ ғ. 70-жж. басталып, 1990-жж. ерекше күшейген республика тұрғындарының белгілі бөлігінің сыртқа көші-қоны одан ары жалғасуда. Егемендік алғалы бері Қазақстандағы сыртқы көші-қонға барлығы 5517,5 мың адам тартылды: 1991-2009 жж. аралығында 1657,7 мың иммигрант келсе, 3859,5 мың адам эмиграцияға кетіп, халықаралық көші-қон қозғалысындағы айырбас -2037,9 мың адамдық теріс айырымды құрады. Көші-қон қозғалысы 2004 ж. 2789 адамға оң айырым көрсетіп, 2004 ж. бері республика халқы өсе бастағанымен, 1991 ж. көрсеткішке (1989 ж. 16527,6 мың, 1991 ж. 16793,1 мың, 2009 ж. 16004,8 мың адам) жеткен жоқ [40]. 2004-2009 жж. Қазақстанға 1877,3 мың адам келіп, 1806,8 мың адам кетіп, барлығы 3684,1 мың адам көші-қон қозғалысына түсті. Айырым +70,6 мың адамға оң нәтиже көрсетті [41]. Шетелдерге қоныс аударушылар саны кейінгі жылдары төмендегенімен, мөлшері әлі де қомақты. Сондықтан, республикадан тарихи отандарына қайтудағы ұлт өкілдерінің сыртқа көші-қонын тоқтату, болмағанда азайту мемлекеттік маңызға ие.

Сонымен, кеңес дәуіріндегі көші-қон «тасқыны» 1990-жж. көші-қонның кері «тасқынына» негіз берді. Көші-қон үдерісі республиканың еңбек күшінің мамандықты-біліктілікті деңгейін жақсарта не әлсірете отырып елдің демографиялық, этникалық және әлеуметтік дамуына елеулі әсерін тигізуде.



Қорытынды бөлімде диссертацияда алынған нәтижелер нақтыланып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тұжырымдар жасалды.

Отандық тарихтың халықтану саласында қордаланып қалған мәселелерінің бірі – кеңес дәуіріндегі көші-қон үдерісі мен оның демографиялық салдарларын ұлттық идеологиялық тұрғыдан зерттеуде өркениеттілік принциптерінен ауытқымауды тұжырымдамалық қағида ретінде ұстандық.

Қазақстандық тарих ғылымының тұжырымдамалық ұстанымы тұрғысынан ашылған жаңа көзқарастарға сай кеңес дәуіріндегі республика халқының саны мен құрамындағы өзгерістерге ықпал еткен негізгі фактор – көші-қон үдерісі өзіндік ерекшеліктері бар алты кезеңге бөлінді: 1) 1917-1926 жж., 2) 1926-1939 жж., 3) 1939-1945 жж., 4) 1946-1959 жж., 5) 1959-1970 жж. мен 6) 1970-1991 жж. арасындағы тарихи оқиғалар мен көші-қон тасқындарының салдарлары. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан бергi уақыт өз алдына бөлек бір кезең.

Кезеңдерге бөлуде басты назарда ұстанған ұстаным – көші-қон үдерісінің басты бағыттарына байланысты негізгі үрдістері мен салдарлары. Көші-қон үдерісі халықтың саны мен құрамының динамикасына, табиғи қозғалысының басты үрдістеріне әсер еткен фактор ғана емес, ол қазақстандық қоғамның даму салалары мен ұлттық дамудың құлдыраулар мен өрлеулерге негізделген ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер еткен негізгі фактор болды.

Қазақстандағы ХХ ғ. жүрген көші-қон халықтың полиэтникалық құрылымын қалыптастырып, жергілікті этностың маңызы мен орнын өзгертіп, ел мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық бейнесін тарихи қысқа мерзімде индустриалдық даму деңгейіне жеткізді. Қазақстандағы қазақ ұлты мен әр түрлі диаспоралар кеңес дәуірі тұсындағы қалыптасуы барысында өз этносының мәдениетімен бірге, орыс және басқа да халықтар мәдениетінің элементтерін қабылдады. Қазақтарда тілдік, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық салт-санасындағы өзгерістерге, ал әр түрлі диаспора өкілдерінде тарихи отанындағы отандастарымен тілдік-мәдени, тұрмыс-салт өзгешеліктеріне негізделген менталитеттің (мысалы, корейлер, немістер, еврейлер, поляктар және т.б.) қалыптасуында көші-қон үдерісі негізгі рөл атқарды. Кеңес заманында күрделі де маңызды өзгерістерге түскен қазақ және басқа да ұлт өкілдерінің сандық және сапалық мазмұнына, демографиялық мінез-құлқына әсер еткен көші-қон ұлттардың тарихи орнын анықтауда да шешуші рөлге ие болды.

Көші-қон саябырсыған 1917-1926 жж. қалыптасудағы диаспоралардың өсімінде ішкі табиғи дамуы ерекше рөл атқарып, Қазақстанға бағытталған ерікті көші-қон басым болды. Ұжымдастыру мен өндірістендіру қарқыны барлық ұлт өкілдерінің дәстүрлі өмір салтын бұзып, еріксіз көші-қон есебінен Қазақстандағы ұлттардың саны өсті, жаңа диаспоралар пайда болды. Екінші кезеңнен бастап (1926-1959 жж.) көші-қон үдерістерінде күштеу шаралары басты рөл атқарды (репрессиялар, депортация, еңбек көші-қоны). 1950-70 жж. тоталитарлық жүйені реформалау шараларын жүзеге асыру, арнайы қоныстандыру жүйесінің жойылуы Қазақстандағы ішкі-сыртқы ерікті көші-қонды белсендірді. Ал, 1970-жж. бастап, этностар өз тұрғылықты жерлерін өзі таңдау мүмкіндігіне ие болып, КСРО ғана емес, сыртқа да ерікті көші-қон үдерісі басталды. Мысалы, 1980-жж. немістердің Германияға көшуі.

Көші-қон Қазақстан облыстарының әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы әркелкiлiктiң негiзiн қалады. Жаңа мекемелердiң құрылысы мен iске берiлуi, жаңа кеңшарлардың құрылуы, әсiресе, солтүстiк аймақта жұмыс орындарының көптеп пайда болуына әкелдi. Бұл орындар көші-қоншылар есебiнен толықтырылып отырылды (көпшiлiгi республикадан тысқары жерден келгендер). Орталық Қазақстан (Қарағанды темір бассейнi, металлургия заводы, Екiбастұз көмiр бассейнi), Шығыс Қазақстан (Лениногорск қорғасын заводы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты) өнеркәсiптi аймақтары мен тың жерлері игерiлген Солтүстiк аймақтарға күрделi қаржының көптеп бөлiнуi бұл аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық салаларының өзге аймақтармен салыстырғанда жылдам және жоғары қарқынмен дамуына әкелді. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-жағдайына әсер ететін, қазiр кездегі, ерекше оңтүстік облыстардағы жұмыссыздық пен жұмыс орнының жетiмсiздiгi кеңес дәуірінде негiзi қаланған құбылыс.

Көші-қон нәтижесінде аралас некелер көбейді. Аралас некенің ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр жүйелермен арнайы жүрiп жатқан ассимиляциялау процесіндегі шараның бірі екенiн ашып айту керек. Бұл үдеріс қазақ алфавитiн неше түрлi құбылтып, ақырында орыс әрпiне көшiру, жер-су аттарын жаппай орысшалау, жергiлiктi халықтың үстiне сырттан неше түрлi ұлттарды әкелiп, мидай араластыру, аралас некенi кеңiнен насихаттау т.б. нәтижесi. Ал, ассимиляцияға ұшыраған халық еш уақытта өз тiлінде сөйлемейдi.

1930-1950-жж. ірі көші-қон толқындары қазақтар үлесінің күрт төмендеуіне жеткізіп, тарихи отанындағы азшылық топқа айналуына әкелді, ал еңбектің индустриалдық салаларындағы ұлттық мамандардың үлесі тіпті төмен болды. Тұрғылықты халық қалалар мен жұмысшы посекелерінде аз мөлшерде болды, іс қағаздарын жүргізуде, ғылым және білім беру салаларында қазақ тілі қосалқы рөлге ие болды, көптеген ұлттық мектептер жабылды немесе орыс мектептерімен біріктірілді, қалалар мен жұмысшы поселкаларындағы қазақ жастарының арасында өз ана тілін білмеушілер саны өсті.

1897 ж. елдегі Қазақстаннан тыс жерлерде туылғандардың үлесі 8,3% болған болса, 1999 ж. олардың республикадағы үлесі, славян өкілдері мен немістердің өз отанына көшулеріне қатысты ірі көші-қон ағындарынан кейін 22,9% құрады. Кеңестік кезеңде өткізілген әрбір санақ Қазақстанға сырттан келіп, тұрақтанған көшіп-қоншыларды тіркеді. Сонда, Қазақстан халқының 50-60%-дайын сырттан келгендер, соның ішінде ХХ ғ. өн бойында келгендер мен олардың ұрпақтары құрайды. Оны біз санақтар арасындағы көші-қон есебінен тұрақтап қалғандардың үлесін анықтау арқылы шығардық. Бұл ХХ ғ. көші-қон үдерістерінің алапат салдарларын куәландырады.

Осы жерде айта кетер жайт, қазіргі Қазақстандағы қазақтардың 2 млннан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. Оны былайша анықтаймыз: 1950-жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 млннан асқан болса, 2009 ж. қазандағы ресми мәлімет бойынша Қазақстанға келген отандастарымыздың саны 753,4 мың адам (192,4 мың отбасы), ал өз бетінше квотадан тыс келгендермен қосқанда 1 млннан асты деген есеп бар [42, 1, 4-бб.]. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 млннан астамы қайта оралған қазақтар деп айтуға болады.

Зерттеу барысында туындаған ұсыныстар:


  • Халықтың әлеуметтік және мәдени өмірі мен Қазақстандағы көші-қон мәселесіне қатысты зерттеулер мен шараларды жалғастыру қажет. Осы мақсатта БҰҰ жүйесіндегі халықаралық еңбек ұйымы және басқа да арнайы агенттіктермен басқа да халықаралық ұйымдармен байланысу;

  • Зерттеу жұмыстарын жандандыру. Ашаршылық жылдарында шекарадан өткендер мен келгендер жайлы шекаралық посттарда қалып, орталық мұрағаттарға берілмеген мәліметтерді электронды жинақтау, контент-талдау және т.б. әдістер негізінде деректік қорды толықтыру;

  • Ашаршылық жылдарында шекарадан өткен қазақтардың арғы жаққа жетпей, әлі күнге дейін сүйектері шашылып жатқан тау шатқалдарына арнайы экспедициялар ұйымдастыру арқылы шашылып жатқан сүйектерін жерлеу рәсімдерін жасап, аштық құрбандарына ескерткіш-белгі қою;

  • Еңбек трафигі мен қанау мақсатындағы көші-қонға қарсы күрестің тиімді әдісі мен саясатын қалыптастыру және т.б.

Сонымен, егер ХХ ғ. 70-жылдарына дейінгі көші-қон толқындары Қазақстанды полиэтникалық елге айналдырған болса, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның көпұлттылығы республикадағы қоғамдық қатынастарды реттеу мен ұлтаралық қатынастардың өркениетті үлгісін көрсетудегі ерекшелікке айналды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Назарбаев Н.Ә. «Жаңа онжылдық – жаңа тарихи белестер: жетістіктер, мәселелер және стратегиясы» ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан. – 2010 ж. – 28 ақпан.

2 Мажитов С.Ф. Формирование исторического сознания в Республике Казахстан: реалии и перспективы // Современное состояние и перспективы развития исторической науки Казахстана и России: Сборник материалов международной научно-практической конференции (26 июня 2008 г.). – Алматы: Тарих тағлымы, 2008. – 424 с.

3 Ионин Л.Г. Понимающая социология. Историко-критический анализ. – Москва: Наука, 1979. – 207 с.

4 Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. 2-басылуы. – Алматы: Санат, 1995. – 141-б.; Мухатова О. Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы аграрлық реформалар тарихнамасы (1900-1929) // Қазақ тарихы, 1999. – № 1. – 15-16-бб.

5 Турсынбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстане. Алма-Ата, 1950; Геллер А.Б. Переселенческая политика царизма бывшей Семиреченской области: автореф. ... дисс.к.и.н. Алматы, 1970. – 180-б.; Бокейхан А. Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи. Таңдамалы. Алматы, 1995. 45-65 б.; Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие советского рабочего класса в Казахстане (1917-1940 гг.). Алма-Ата: Наука, 1966. – 243 с.; Дахшлейгер Г.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.). Алма-Ата, 1978. және т.б.

6 Сулейменов Б.С. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети ХІХ-начала ХХ вв. (1867-1907 гг.). – Алма-Ата: АН КазССР, 1963. – 411 с.

7 Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ-1907 г.). Москва, 1986. – С. 66-87.; Базанова Ф.И. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР. - Алматы: Наука, 1987. – 152 с.; Алексеенко Н.В. Население Казахстана в канун Великой Октябрьской социалистической революции // Известия АН КазССР. – Сер. общ. наук. – 1987. – № 4. – С. 15-21.; Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана (численность, размещение, состав). (1870-1914 гг.). – Алма-Ата, 1981. – С. 42-43.

8 История рабочего класса советского Казахстана. – Т.1. – Алма-Ата: 1987. – С. 44-50.; Асылбеков Т.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). - Алма-Ата: Гылым, 1991. - 192 с.; Асылбеков Т.Х., Жаркенова А.Т. Население Казахстана в конце ХІХ-начале ХХ вв. (1897-1917 гг.). Алматы: Өркениет, 2001. – С. 3-9.

9 Москвина Г.Д., Меделханова М.К. Территориальная подвижность населения и процессы урбанизации в Казахстане // Население и трудовые ресурсы Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1979. – 159 с.; Переведенцев В.И. Методы изучения миграции населения. – Москва: Наука, 1970. – 160 с.; Хорев В.С. Миграциология. – Москва: Наука, 1989. – 40 с.; Рыбаковский Л.Л. Миграция населения: прогнозы, факторы, политика. – Москва: Наука, 1987. – 199 с. и др.

10 Демографические процессы в СССР в 20-30-е гг. (современная зарубежная историография). – Москва, 1991. – С. 49-59.; Конквест Р. Большой террор. / Перевод с англ. Л. Владимирова. – Рига, 1991. – 428 с. және т.б.

11 Тәтімов М.Б. Демография халықтану. Алматы, 1964. 83-88-бб.; Галиев А.Б. Население Казахстана в конце восстановительного периода: численность, национальный, социально-профессиональный состав. Автореф… дисс. канд. ист. наук. Алма-Ата, 1972. 22-б. және т.б.

12 Гладышева Е.Н. О взаимовлиянии миграции и национального состава населения (на материалах Казахстана) // Статистика и миграция населения. Москва, 1973. С. 218-237.

13 Базанова Ф.И. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР. - Алматы: Наука, 1987. – 152 с.

14 Төлепбаев Б., Осипов В. Асырмай да, жасырмай да айтылар шындық // Социалистік Қазақстан. 1989. 14 қаңтар.; Конквест Р. Жатва скорби-реестр смерти // Вопросы истории. 1990. № 4. С. 87; Талдыбаев Ж. Қазақ қайда көшпеген? // Ақиқат. 1998. №9. 44 б.; Қозыбаев М.Қ., Алдажұманов Қ.С., Әбілхожин Ж.Б. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. Алматы, 1992. 32 б.; Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 320-б.

15 Козина В.В. Населения Центрального Казахстана (конец XIXв. – 30-е годы ХХ в.). – Алматы, 2000. - 144 с.; Население Центрального Казахстана (40-е годы – конец ХХ века). – Алматы, 2001. - 184 с.; Төлекова М.К. Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 жж.): т.ғ.д. ... автореф. – Алматы, 2003; Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жж.). – Алматы: Өркениет, 2005. – 160 б.; Асылбеков М.Х., Шарипова А.Б. Миграциялық процестердің ХХ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық құрамына тигізген әсері // Отан тарихы. 1999. № 2. 36-б. және т.б.

16 Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. Кн.1. Алматы, 2000. 200 с.; Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930 гг.). – Алма-Ата: Гылым, 1991. – 210 с.; Очерки социально-экономической истории Казахстана в ХХ веке. – Алматы, 1995. – 57 с.; Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. – Алматы, 1994. – С. 26-32 және т.б.

17 Қинаятұлы З. Моңғолиядағы қазақтар. – Алматы: Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, 2001. – 1-кітап; Қинаятұлы З. Моңғолиядағы қазақтар. – Алматы: Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007. – 2-кітап. – 256 б.; Ермекбаев Ж.А. Российские казахи в составе РСФСР и СССР в 1917-1991 гг. – Омск, 1999. – 184 с.; Малышева Т.П., Познанский В.С. Казахи-беженцы от голода в Западной Сибири (1931-1934 гг.). Алматы: Ғылым, 1999. – 535 с.; Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. – Алматы: Ғылым, 1997. – 264 с.; Мендикулова Г.Т. Казахская диаспора: История и современность. Алматы: Всемирная ассоциация казахов, 2006. 343 с. және т.б.

18 Каржаубаева А.И. Роль миграционных процессов в формировании современного населения Западного Казахстана: Автореф. ... к.и.н. – Алматы, 2003. – 29 с.; Найманбаев Б.Р. Қазақстандағы 1970-1999 жылдар аралығындағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихы: т.ғ.к. ... автореф. – Алматы, 2004. – 29 б.; Ерімбетова К.М. Кеңес мемлекетiнің 1960-1990 жылдардағы Қазақстандағы көшi-қон саясаты (тарихи-демографиялық аспект): т.ғ.к. ... автореф. – Алматы, 2007. – 31 б.; Смаилова К.К. Динамика миграции населения Казахстана в 1959-1989 годы: автореф. дисс. ...к.и.н. - Алматы, 2007. - С.30.; Еңсенов Қ.А. Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жж.): т.ғ.к. ... автореф. – Алматы, 2007. – 29 б. және т.б.

19 Нұрман Ш.Т. Кеңестік биліктің Қазақстандағы қоныс аудару саясатының тарихы (1920-1941 жж.): т.ғ.к. ... дисс. авторефераты. – Алматы: 2004. – 32 б.

20 РФММ. 130-қор, 9а-тізбе, 16-іс, 80-п.

21 РФММ. 1235-қор, 120-тізбе, 170-іс, 103-106-пп.

22 Алексеенко А.Н. Демографические последствия голода в Казахстане начала 30-х годов (оценка потерь казахского этноса) // Демоскоп Weekly. – № 101-102. – 17 февраля-2 марта 2003.

(http://demoscope.ru/weekly/2003/0101/analit02.php).

23 РФММ. 1235-қ. 120-т., 178-іс, 78-89-пп.; РФММ. 1235-қор, 122-тізбе, 283-іс, 134-п. РФММ. 1235-қ., 123-т., 379-іс, 1-7 пп.; РФММ. 3316-қ. 21-т., 47-іс, 1-20-пп.; РФММ. 1235-қ., 65-т., 49-50-пп.; РФММ. 42-қор, 64-іс. 156-п.

24 ҚРОММ. 5-қ. 9-т., 34-іс, 9, 27-пп.

25 История рабочего класса советского Казахстана в 2-х томах. – Алма-Ата: Наука, 1987. – Т. І. – 432 с.; История индустрализации Казахской ССР: Документы и материалы. – Алма-Ата, 1967. – І. - С. 225; Казахская ССР за 20 лет. Статистический сборник. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1940. – 90 с.; Вестник АН Каз ССР. – 1991. - №3. – С. 48.



26 Асылбеков Т.Х. Миграционные процессы и их влияние на современную демографическую ситуацию в Казахстане // Вестник НАН РК, 1995. № 6. С. 37; Сонин Т.Я. Воспроизводство рабочей силы в СССР и баланс труда. 1989. С.182.

27 ҚРОММ. 1987-қор, 1-тізбе, 113-іс, 32-п.

28 Т. Омарбеков. Аштық апатын анықтай алдық па? // Ақиқат. – 1994. – №5. – 46-б.

29 Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931-33 гг. Сборник документов и материалов. - Алматы: Фонд ХХ1 век, 1998. - 263 с.

30 ҚРПМ. 141-қор, 1-тізбе, 5149-іс. 103-п.; ҚРОММ. 5-қ. 16-т., 365-іс, 7-п.

31 Дильманов С.Д. Исправительно-трудовые лагеря НКВД-МВД СССР на территориии Казахстана (30-50-е годы ХХ века). - Алматы: 2002, - 344 с. (114)

32 Всесоюзная перепись населения 1939 года. Основные итоги. Москва: Наука, 1992. - 256 с.

33 ҚРОММ. 698-қор, 14-тізбе, 299 а-іс, 27 п.

34 ҚРОММ. 689-қор, 14-тізбе, 508-іс, 1, 2 пп.

35 ҚРОММ. 1987-қор, 1-тізбе, 312-іс, 1-п.

36 Демографический ежегодник Каз ССР 1989 г. – Алма-Ата: Госстатиздат, 1990. - С. 17; Об основных показателях всесоюзных переписей населения 1939, 1959, 1970, 1979 и 1989 гг. – Алма-Ата: Казинформцентр, 1991. – 75 с.

37 ҚРОММ.1987-қор, 1-тiзбе, 150-iс, 1-п.

38 Қазиев С. 1959-1979 жж. демографиялық процестің кезеңіндегі қазақтардың сандық құрылымына ықпалы // Отан тарихы. – 2001. - №3.

39 Национальный состав населения РК. - Алматы, 2001. – Т. IV. - С. 13.

40 Численность и размещение населения в Республике Казахстан. Том 1. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2000. – С. 8-13.; Қазақстанның демографиялық жылнамалығы. Статистикалық жинақ. – Астана: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2009. – 560, 562, 614-бб.; 2006 жылғы Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны. – Серия 15. Демография. – Алматы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2007. – 118 б.; Об итогах переписи населения Республики Казахстан 2009 года. – Астана, Агентство РК по статистике, 2010. – С. 14. (Автордың есептеуі).

41 Статистический ежегодник Казахстана. 2000. – Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2000. – С. 23; 2007 жылғы Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны. – Серия 15. Демография. – Алматы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2008. – 389 б.; 2008 жылғы Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны. – Серия 15. – Алматы: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, 2009. – 38 б. (Автордың есептеуі).

42 «Нұрлы көш» - программа действии // Казахстанская правда. – 2009, 6 января; Интернет-газета ZONA kz. – 2009, 25 декабря.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет