Айжан КӘкенова, М. Қозыбаев атындағы СҚму-дің студенті. Пайдасы мен зияны бірдей



Дата15.06.2016
өлшемі17 Kb.
Айжан КӘКЕНОВА, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.
Пайдасы мен зияны бірдей

Бүгінде заманауи электронды құрылғылар әр адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Осындай құрылғылардың ішінде ұялы телефонның алар орны бөлек. Пайдасы көл-көсір қалта телефондарының адам ағзасына зияндығы мен басқа да әсері бар екендігін біреу білсе, біреу білмейді. Осыған орай қала тұрғындарының ойларын білмек ниетпен сауалнама жүргізген едік.

Гүлбаршын Мақышқызы, жеке кәсіпкер:

– Әрине, әртүрлі технологиялар күннен-күнге қарыштап дамыған заманда телефонсыз адамды елестету мүмкін емес. Көшеде, оқу орындарында, жұмыста осы құрал қолымыздан түспейтіні рас. Тіпті, ұялы телефонды үйде ұмытып кеткен жағдайда өзімді жайсыз сезінемін. Бара жатқан жерімнен ұмытылған сол телефонды алу үшін үйге кері оралған кездерім болған. Адам миына зияны бар екендігін де білемін. Сондықтан, телефонды тек қажет болған жағдайда ғана қолдануға тырысамын.

Бибігүл Түлкібайқызы, медицина саласының қызметкері:

– “Заманына қарай адамы” демекші, ұялы телефонсыз күнімді елестету қиын. Себебі, электрондық құралдың көмегімен біраз жұмысты атқарып тастаймын. Дегенмен, денсаулық бәрінен де қымбат. Әйел адамдар үнемі ұялы телефондарын сөмкелеріне салып жүргені дұрыс. Ер адамдарға да қазір әмиян секілді ұстайтын бауы бар шағын сөмкешелер шығарылған. Телефонды соған салып жүрген абзал. Ал телефонмен сөйлескенде құлақтан сәл алыс ұстап сөйлескені жөн.

Әсіресе, жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайтыны көңілге кірбің келтіреді.


// Солтүстік Қазақстан . - 2014. - 17 шілде


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет