Айларына арналған ақпарат Индустриялық-инновациялық даму



жүктеу 202 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі202 Kb.


Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы 2015 жылғы қаңтар-маусым айларына арналған

ақпарат
1. Индустриялық-инновациялық даму
Астана қаласының өнеркәсіптік секторының көпшілігін өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары (оның үлесі 74%-ды құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату (22,8%) құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінің үлесіне 3,2% келеді.

2015 жылғы қаңтар - мамырда қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 122 373,5 млн. теңге сомасына өнім өндірді және өнеркәсіптік сипатта қызмет көрсетті, нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 107,8%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 90 564,6 млн. теңге сомасында өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, НКИ – 109,8%.

Шығарылатын өнім көлемінің көбеюі өнеркәсіптің төмендегі салаларында байқалады:



  • металлургия өнеркәсібінде 21 118,4 млн. теңгеге өнімдер шығарылды және қызмет көрсетілді, НКИ – 2,9 есеге алтын рудасын өндеуді ұлғайту есебінен ұлғайды;

  • жиһаздан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде, сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған өнімдер өндірісінде 472,0 млн.теңгеге, НКИ 6,0 есеге ұлғайды;

  • тоқымы бұйымдары өнеркәсібінде НКИ 119,8% құрады, өндірілген өнім көлемі – 74,3 млн. теңге;

Шығарылатын өнім көлемінің азаюы өнеркәсіптің төмендегі салаларында байқалады:

  • машина жасауда 14 083,6 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ – 70,2%;

  • сусын өнімдері өндірісінде 194,1 млн. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ – 80,4%;

  • киім өнеркәсібінде 213,8 млн. тегеге өнім өндірілді, НКИ – 80,4%;

  • тамақ өнімдері өндіріснде 10452,3 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 92,0%;

  • жиһаз өндірісінде 553,9 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 81,5%- ға төмендеді.

  • басып шығару және жазылған материалдарды жүргізуде 1125,4 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 51,6%;

  • өзге де бейметалл минералды өнімдердің өндірісінде – 29 951,1 млн. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 97,2%.

  • резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде 7 377,7 млн. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ 95,3% құрады.

  • машина мен құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл өнімдері өндірісінде өсу байқалады, өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі 4776,1 млн. теңгені құрады, НКИ – 90,3%;

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы шегінде жалпы сомасы 46,5 млрд. теңге шамамен 772 жұмыс орнын құрумен 4 жоба іске асырылуда, оның ішінде ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында 434 жжаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 12,8 млрд. теңгеге 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Индустриялық парк аумағында жалпы инвестиция көлемі 170,3 млрд. теңгеден асатын 58 инвестициялық жоба іске асырылуда, барлығы 83,7 млрд. теңге игерілді. 2015 жылы парк аумағында пайдалануға 6 инвестициялық жобаны беру жоспарланып отыр.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау салаларында өнеркәсіптік сипатта 27 883,4 млн. теңге сомаға (НКИ – 101,3%) өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, оның ішінде электр қуатын өндіру, ұсыну және таратуда – 20 539,0 млн. теңгеге (НКИ – 103,7%), газ тәрізді отынды өндіруде және таратуда – 90,7 млн. теңгеге (НКИ – 99,0%), бу беру және ауаны баптау жүйесінде – 7 253,7 млн. теңгеге (НКИ – 97,9%) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 3 925,5 млн. теңгеге өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, НКИ 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,0%-ға азаюы байқалады.

Инновацияларды дамыту

«Ақылды қаланың» инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру елорданың ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және оған мынадай құрамдас бөліктер енеді: «Астана қаласының тыныс – тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (бұдан әрі – «ТКҚЖ» жобасы), біріктірілген тұғырнама, мәліметтерді беру желісі, «Смарт Астана» жобасының үлгілері және кіші жүйесі, «ақылды қала» шешімдерінің Астана орталығы және т.б.

«ТКҚЖ» жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылды, бұл құқық бұзушылықтарды анықтауға және ол туралы ақпаратты қалалық басқару орталығына (бұдан әрі - ҚБО) беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, бейнебақылау камераларымен қаланың орталық бөлігі қамтылған. Жоба шегінде ҚБО-на жол бойындағы және қоғамдық орындардағы, оның ішінде салынып жатқан «ЕХРО-2017», «Абу Даби Плаза» КБК, «Жаңа темір жол вокзалы», Мұз сарайы , «Қазақ хореографиясы академиясы ғимараттарының кешені (би мектебі)» объектілерінде 1221 бейнебақылау камерасы іске қосылды. «ТКҚЖ» ҚБО-да Астана қаласында ІІД қызметкерлерімен шұғыл жағдайдың тәулік бойғы мониторингі ұйымдастырылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес осы жүйемен қамтылған аудандарда құқық бұзушылық санының төмендеуі күтілуде.

Білім беру саласында «Болашақтың мектебі - бүгін» ақпараттық жүйесі» жобасы іске асырылуда, ол Астана қаласының 17 мектебіне енгізілді, қаланың барлық оқушыларын электронды куәлікпен қамтамасыз етеді, олардың көмегімен мектепке және өзге орындарға қолжетімділікті автоматты бақылауды, мектеп және бұқаралық кітапханаларда кітаптарды тіркеу және алу және т.б. қамтамасыз етеді.

Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында «Бірыңғай медициналық ақпараттық колл-орталық 113» жобасы іске асырылуда, ол Астана қаласының 10 емханасын ақпаратпен және кеңес берумен қамтып отыр.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу шегінде елорданың сол жақ жағалауында виртуальды үлгіні дамыту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.


2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі

Бүгінгі күні қаланың көлік жүйесі жолдың жалпы ұзақтығы 964,1 км 953 көшеден тұрады, оның ішінде асфальбетонды жабыны 676,6 км (70,2%) бар, 287,5 км (29,8%) қатты жабынсыз.

Қала аумағында 8 компания қызмет етеді (оның ішінде 1 коммуналдық және 7 жеке), олар 52 бағдарға қызмет көрсетеді. Автопарктерде 1130 автобус бар, күн сайын желіге 787 бірлік шығады. Қоғамдық көлікте тәулігіне 814 мың жолаушы тасымалданады. Сондай-ақ, 560 бірлік жылжымалы құрамы бар 14 мамандандырылған таксомоторлық компания қызметін жүзеге асырады. Қалалық бағдарлық жүйенің ұзақтығы 2 547,0 км құрайды.

2015 жылы 63,6 км жол салу және қайта жаңарту жоспарланып отыр, оның ішінде: қалаға қосылған тұрғын үй алаптарында – 24 км, жөндеу – 21 км жол. Сондай-ақ, шағын айналма жолын салу бойынша жұмыс жалғасатын болады, оның шегінде Сығанақ көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін Бейсекбаева көшесінің құрылысы аяқталатын болады, Қорғалжын тас жолынан тілендиев көшесіне дейін Бейсеков көшесінің құрылысы жалғасады.

Қалалық көлікпен 2015 жылғы қаңтар-маусымда 61 903,5 мың тонна жүк тасылды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 3 886,8 млн. тонна/км-ді құрады. 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 7,8%-ға ұлғайды.

Автомобиль,көлігімен, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, есепті кезеңде 1088,8 млн. жолаушы тасылды, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 237,6 млн. адам (21,8%), жеке кәсіпкерлер – 851,5 млн. адам (78,2%). ,



Қаланың байланыс кәсіпорындары 71 144,8 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2014 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға жоғары. Байланыс қызметінен түсетін кірістер құрылымында ұялы байланыс 61,5%, Интернет – 21,5%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 1,4%-ды, жергілікті телефон байланысы – 2,1%-ды, өзге де байланыс түрлері – 13,5%-ды құрайды.
3. Банк секторы
Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен (бұдан әрі – Ұлттық банк), «Қазақстанның Даму Банкі», «Цеснабанк», «Forte Bank» акционерлік қоғамы тәрізді дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 30 филиалымен (бұдан әрі - ЕДБ) және 171 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылады.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2015 жылдың 1 маусымына ЕДБ 169 айырбастау пункті және Ұлттық банкінің қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиялары бар уәкілетті ұйымның 81 валюта айырбастау пункті жұмыс істейді.

ЕДБ-гі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2015 жылдың 1 маусымына 1 986 266 млн. теңгені құрады және 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1%-ға ұлғайды.

ЕДБ берген несиелер көлемі 306 533 млн. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда 1,6 есеге аз), оның ішінде ипотека бойынша – 26 874 млн. теңге.



4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Салықтар, бюджет және төлем тәртібі

2015 жылғы қаңтар-маусымда жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсім Астана қаласы бойынша 308 238,0 млн. теңге болжағанда 337 151,7 млн. теңгені құрады, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 91,4% құрады.


  1. кесте

млн. теңге

Атауы

2015 жылдың 1 шілдесіне

болжам

2015 жылдың 1 шілдесіне

факті

Орындалу, %

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде:

337 151,7

308 238,0

91,4

республикалық бюджет

252 141,9

222 543,0

88,3

жергілікті бюджет

85 009,8

85 695,0

100,8

Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер, оның ішінде:

318 482,4

288 076,4

90,5

республикалық бюджетке

243 262,6

208 673,7

85,8

жергілікті бюджетке

75 219,8

79 402,7

105,6

Салықтық емес төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер, оның ішінде:

9 901,3

17 374,5

в 1,8 есеге

республикалық бюджетке

8 302,2

13 834,7

1,7 есеге

жергілікті бюджетке

1 599,1

3 539,8

2,2 есеге


Берешек

2015 жылдың 1 маусымына берешек өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 839,4 млн. теңгені (5 116,8 млн. теңге) құрады, 8 839,4 млн. теңгеге ұлғайды.



Қала бюджеті

Астана қаласының түзетілген бюджетінің жалпы көлемі 2015 жылғы 1 шілдесіне 357 023 млн. теңгені құрады, бекітілген бюджетке 16 834 млн. теңгеге өсумен (немесе 104,9%), оның ішінде түсімдер: меншікті кірістер бойынша – 176 019 млн. теңгеге, республикалық бюджеттен берілген трансферттер – 150 653 млн. теңгеге, қарыз – 22 866 млн. теңгеге, еркін қалдықтар – 7 485 млн. теңгеге өсті.

Бюджеттің жалпы құрылымында Астана қаласының объектілерін дамытуға 176 453,9 млн. теңге жұмсалды.

Әлеуметтік салаға арналған шығыстар 117 088,3 млн. теңгені немесе қаланың 2015 жылғы бюджетінің жалпы көлемінің 32,8%-ын құрады, оның ішінде білім беруге – 46 732,2 млн. теңге, денсаулық сақтауға – 41 112,6 млн. теңге.



5. Инвестициялардың жай-күйі
Талданып отырған кезеңде қаланың негізгі капиталына 270 646,8 млн. теңге немесе 2014 жылдың тиісті кезеңінде 110,8% инвестиция салынды. Инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласының үлесі 10,1%-ды құрады (2014 жылдың қаңтар-мамырда 9,4%).

Қарастырылып отырған кезеңде инвестициялар салудың 142 490,8 млн. теңге сомасындағы негізгі көздері немесе жалпы көлемнің 52,7% шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаты болып табылады, мемлекеттік бюджеттің үлесі 29,8%-ды немесе 80763,5 млн. теңгені құрады.



1-кесте


Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы


Көздер

2015 жылғы қаңтар-маусым

млн. теңге

қорытындыға %

Негізгі капиталға инвестиция, барлығы,

оның ішінде:

270 646,8

100,0

мемлекеттік бюджет

80 763,5

29,8

меншікті қаражат

142 490,8

52,7

банктердің несиелері

14 823,2

5,5

басқа да қарыз

одан:


32 569,3

12,0

Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары болып табылды, олардың үлесіне 64,3% немесе 173 922,1 млн. теңгеден келеді, 2014 жылдың тиісті кезеңіне НКИ 111,9%-ды құрады.

Машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды сатып алуға инвестициялардың жалпы көлемінің 28,9% келеді, немесе 78 347,0 млн. теңгеден, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінің көсеткішінен 1,5%-ға төмен.

Есепті кезеңде қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 941 624 ш.м. (оның ішінде пайдалы ауданы – 686 830 ш.м.) тұрғын үйлер салды және пайдалануға берді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 79,6% жоғары.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 55 800,7 млн. теңге жұмсалды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 110,9% жоғары.
6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда

2015 жылғы қаңтар-мамыр жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша нақты бағаларда 303 829,9 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 7,4 %-ға ұлғайды (салыстырмалы бағада 3,4%-ға).

Арнайы тіркелген қаланың кәсіпорындары 214 032,6 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтер көрсетті (салыстырмалы бағада өсу – 6,1%), оның ішінде шағын кәсіпорындар – 107 658,1 млн. теңге, бұл тауар айналымының жалпы көлемінің 50,3% құрайды, орта және ірі кәсіпорындар – 106374,5 млн. теңге, оның ішінде, орта кәсіпорындардың тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 22,2% құрады, ірі – 27,5%.

Сауда кәсіпорындары, зат, аралас, азық – түлік нарықтары мен жеке кәсіпкерлер 89 797,3 млн. теңге сомасына тауарды іске асырды, бұл салыстырмалы бағада 2014 жылдың тиісті кезеңінен 97,6%-ға жоғары.


Сыртқы сауда

Кедендік статистиканың деректері бойынша Астана қаласы сыртқы сауда айналымының көлемі (Кеден одағы елдерін есептемегенде) 2015 жылдың қаңтар-мамыр 2 127,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы ұқсас кезеңнен 30,5%-ға аз.

Экспорттық жеткізілімдер 1350,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 32,8%-ға төмен.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында экспортта маңызды үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша жеткізу көлемдерінің ұлғаюы болды: химия өнімдері және онымен байланысты салалар (үлесі – 35,7%) – 54,2%-ға жоғары. Минералды өнім (үлесі – 55,6%) – 1,9 есеге, жануар және өсімдік өнімдерінің әкетілімі шамамен (үлесі – 7,5%) – 2,4 есеге төмендеді.



Импорттық жеткізілімдер 26,2%-ға 777,9 млн. АҚШ долларына дейін жетті.

Импорттық жеткізілімдерде минералды өнімдердің 6 есеге (үлесі – 13,9%), металлдар мен олардан жасалатын бұйымдардың 1,4 есеге (үлесі-8,5%) төмендеуі байқалады, химия және оған байланысты салалардағы өнеркәсіп өнімдерінің 12,1% есеге (үлесі – 15,3%), машинаны, құралдарды, көліктік құралдарды және аппараттарды жеткізудің 1,5 есеге (үлесі – 45,6%) және жануар және өсімдік өнімдерінің жеткізілімі көлемінің 23,4 %-ға (үлесі – 4,0%) азаюы байқалады.



ЕАЭО шегінде қаланың тауар айналымының көлемі 2015 жылдың қаңтар-мамырында 993,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 192,2 млн. АҚШ долларына жоғары , оның ішінде Ресей Федерациясымен – 958,9 млн. АҚШ доллары (жалпы көлемдегі үлесі – 96,5%).

Экспорттық жеткізілімдер 2,8 есеге 324,4 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды. Импорттық жеткізілімдер 669,0 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,6%-ға жоғары.



7. Шағын және орта бизнестің мониторингі
2015 жылғы 1 шілде жағдай бойынша белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2014 жылдың тиісті кезеңіне 13,7%-ға өсумен 96,2 мың бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 234,8 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі деңгейінен 17,8%-ға жоғары. 2014 жылдың қаңтар-наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің шаруашылық субъектілері 357,7 млрд. теңге сомаға өнім өндірді, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінен 105,7%-ға жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында әкімдік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруда. Бұл бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуынан бастап жалпы сомасы 80,1 млрд. теңгеге 457 жоба мақұлданды, оның ішінде 2015 жылы жалпы сомасы 7,6 млрд. теңгеге 44 жоба.
8. Тұтыну бағаларын талдау

2-кесте
Астана қаласы бойынша тұтыну бағаларының индексі


Атауы

2015 жылдың маусымын

2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда

2015 жылдың маусымын 2015 жылдың мамырымен салыстырғанда

Барлық тауарлар мен қызметтер

101,2

99,7

оның ішінде:







азық-түлік тауарлары

102,4

99,6

азық-түлік емес тауарлар

100,6

100,7

ақылы қызметтер

100,3

99,0


Анықтама:

2015 жылдың шілдедегі күнкөріс минимумының шамасы 22 583 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға өсті.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2015 жылдың бірінші тоқсанында 171 544 теңгені құрады және бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен 12%-ға артық.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде елордада көкөніс қоймаларын және жылыжай салу жөніндегі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі күнде қала аумағында жалпы сақтау көлемі 29 350 тоннаны құрайтын 7 көкөніс қоймасы, қуаттылығы жылында 2 500 тонна өнімді құрайтын 2 жылыжай кешені бар.

Жыл басынан бастап «Целинсельмаш» ЖШС көкөніс сақтау қоймасы (сақтау көлемі 2500 тонна), «Astana Food Storage» ЖШС көкөніс сақтау қоймасы (сақтау көлемі 2500 тонна) және «Астық Логистик» ЖШС «А» санатының қойма кешені (32 730 паллето орын) пайдалануға берілді. Сондай-ақ, елорданың Индустриялық парк аумағында «ҚазБасөнім» ЖШС-ның орау желісімен көлік-логистикалық орталық құрылысы аяқталды.

Кәсіпорындар желісін кеңейту үшін құрылыс сатысында сақтау көлемі 19 500 тонна 6 көкөніс сақтау қоймасы және жылына күштілігі 4 850 тонна 2 жылыжай бар. Сондай-ақ, жобалау сатысында жалпы көлемі 23 500 тонна 5 көкөніс сақтау қоймасы және жылына жалпы өнімділігі 10 540 тоннадан астам жылыжай өнімін беретін 7 жылыжай бар.

Іске асыру сатысында «Астана» ӘАК» ҰК» АҚ (Қазақстан Республикасы, үлесі 10%) мен «СТС HOLDING INVESTMENT RETAIL» ()Украина, үлесі 90%) арасында құрылған «Retail investment ASTANA» ЖШС біріккен кәсіпорны құратын көпбейінді бөлшек сауда – логистикалық кешенін және «Мир круп» ЖШС тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру бойынша көпбейінді өндірістік базалық кешені бар логистикалық кешен салу бойынша жобалар бар.

2016 жылы барлық жобаларды пайдалануға беруде қаланың көкөніс өнімдерін (60 000 тонна) және жылыжай өнімдерін сақтау көлемін (маусым аралық кезеңде – 8 000 тонна) толығымен жабады.

Инфляциялық үдерістерді жоспарланған коридорда ұстап қалу үшін және азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз жоғарылауын болдырмау үшін әкімдік пен сауда ұйымдары арасында «Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына көтерме-бөлшекті өткізуді жүзеге асыратын, сауда ұйымдарымен сауда үстеме (үстеме баға) мөлшерін қолдану және анықтау туралы» меморандум іске асырылуда. Меморандум шеңберінде сауда объектілерінде азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесіне мониторинг жүргізу арқылы шарттарының іске асырылуына, баға құру үрдісіне, бағалық сөз байласу фактілерін және негізсіз баға көтеруді болдырмау үшін бақылау қамтамасыз етіледі.

ҚР құс өсірушілері ассоциацияларымен және Ақмола облысының 23 ірі тауар өндірушілерімен Астана қаласын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасалды.

Бұдан басқа, қала аумағында 4 сәуірден бастап Астана қаласының және Ақмола мен Қарағанды облысының маңындағы өңірлерінің ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және өнім берушілерінің қатысуымен апта сайын (әр сенбі мен жексенбі) жәрмеңкелер өткізіледі.
9. Әлеуметтік сала
Халықты жұмыспен қамту

Елорданы дамытудың әр түрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. 2015 жылдың басынан 8 977 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіп – 474 сауда – 2 030 құрылыс және коммуналдық шаруашылық – 1504, көлік және байланыс – 603, білім және денсаулық сақтау – 1394, өзгелері – 2699. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орындар саны 456-ге азайды.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес саласында 6173 орын құрылды.

5 155 адам жұмыс іздеп жұмыспен қамту органдарына өтініш білдірді. Жүгінген азаматтардың жалпы санынан 3196 адамды әйелдер, 2957 адамды 29 жасқа дейінгі жастар құрайды. Барлығы есепті кезеңде 2618 адам (2014 жылы – 1660), оның ішінде Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша – 1926 адам жұмыспен қамтылды.

2015 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 5,1 % (2014 жылдың І тоқсаны – 5,3%). Жұмыссыздар ретінде ағымдағы жылдың 1 маусымы жағдайы бойынша 2332 адам тіркелді.

Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін әрі қарай кеңейту және жұмыссыздық деңгейін төмендету шегінде тұрақты түрде жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде жастарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі және оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады (2015 жылдың 1 маусымы жағдайы бойынша мәліметтер банкінде елорданың 300 жұмыс берушісінен берілген 1 030 бос орын бар), кеңестік және құқық көмектер көрсетіледі, бос орындардың жәрмеңкесі және кіші жәрмеңкелері өткізіледі.
Білім беру
Астана қаласының білім беру жүйесін 327 ұйым құрайды, оның ішінде 181 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 88 мектеп, 34 технкиалық және кәсіби білім беру, 13-қосымша білім беру, 11-мамандандырылған мекеме.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды қамту – 63,1%.

2015 жылдың 1 маусымына бала бақшалардағы орындар тапшылығы (3 жастан 6 жасқа дейінгі рпалықтағы) 34195 құрайды, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалардың жалпы саны – 83 551.

Мектептердегі орын тапшылығы – 1 864 (2 ауысымдық оқыту есебімен оқушылар саны 7 мектепте жобалық күштіліктен асады).

Қосымша білім берумен және сабақтан тыс оқыту қызметімен балаларды қамту 87% (оқушылардың жалпы контингентінен) құрайды.

ҚР Білім жәнен ғылым министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Елорданың білім беру жүйесін дамыту жөнінде жасалған меморандум шегінде «2015-2017 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту жөніндегі меморандумды іске асыру жөніндегі жол картасы» әзірленді.

Сонымен бірге, ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 421 бұйрығына сәйкес жалпы оқыту пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңі өткізілді. Олимпиада 672 оқушыны қамтумен 15 жалпы оқыту пәндері бойынша ұйымдастырылды. Нтәижесі бойынша І орынды 49 оқушы, ІІ орынды – 96 оқушы, ІІІ орынды – 159 оқушы иеленді, барлығы 304 жүлделі орын.

Сондай-ақ, елордалық оқушылар Алматы қаласында Жәтіков атындағы Халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ – түрік лицеінің оқушылары 5 жүлделі орынға: 3 күміс медальге және 2 қола медальге ие болды.

Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмысының тиімділігін, мектеп психологтарының кәсіби құзіреттілігін көтеру мақсатында 2 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар жас психологтар, мұғалімдер үшін «Білім беру ұйымы педагогының тұлғалық өсуі» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді.
БҰТ қорытындылары

2014-2015 оқу жылы БҰТ-қа 4407 түлектің 3399 қатысты (77%), оның ішінде 1861 (54,8%) қазақ тілінде оқытылды, 1538 (45,3%) орыс тілінде оқытылды. Ең жоғары баллды – 125, № 59 мектептің түлегі алды, 124 баллды – № 10, 70, 76 мектептердің түлектері алды. 100 баллдан және одан жоғары 1094 оқушы алды (32,2%). Ең төменгі баллды 184 оқушы ала алмады (5%). 2015 жылғы орташа балл – 86,8.

«Алтын белгі» аттестатына 173 түлек үміттенді, бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 13% жоғары. Олардың ішінде растағаны – 112, немесе 64,7%.

Үздік аттестатқа 61 түлек үміттенді, 37 адам, немесе 60,7% растады (2013-2014 оқу жылдары – 49,2%).


Денсаулық сақтау
«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жүйесінде 37 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 14 амбулаториялық-емханалық ұйымы, оның ішінде 9 қалалалық емхана және 5 АМСК орталығы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Қала тұрғындарына республикалық маңызы бар 9 аурухана, 5 ведомстволық ұйым, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 4 жеке меншік ұйым (тіркелген тұрғындары бар) («Медекер» ЖШС, «Кировская» СДА, «Салауатты Астана» ЖШС, «МУА» ЖШС).

Денсаулық сақтау саласында қабылданып жатқан шаралар бүгінгі күні халықтың 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткішін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді, көрсеткіш – 28,34 құрады. Жалпы өлім көрсеткіші 5,3%-ға ұлғайды және 1000 адамға шаққанда 4,47 құрады, есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, бала өлімі 1,2 есеге ұлғайды және 1000 балаға шаққанда 9,4 құрады (2014 жылы – 7,8). Туберкулезбен алғашқы ауыру көрсеткіші 11,1% (100 мың адамға шаққанда 2014 жылдың 62,68-не 55,75) төмендеді, қан айналымы жүйесі ауруымен алғашқы рет ауыру көрсеткіші ағымдағы жылдың мамырында 100 мың адамға шаққанда 2187,95 құрады.
Мәдениет

Астана қаласында өз қызметін 70-тен астам мәдениет объектілері жүзеге асырады, оның ішінде: кітапханалар – 25, клубтар мен мәдениет үйлері (сарайлар) -7, театрлар – 7, мұражайлар – 5, концерттік ұйымдар – 3, кинотеатрлар – 6, цирк – 1, галереялар – 4, саябақтар – 7, өзгелер – 5.

Қала мұражайлары ағымдағы жылдың басынан 43 жаңа көрме ұйымдастырды, 1088 экскурсия жасалды және 43 дәріс оқылды, оларға 32 813 адам қатысты.

Қала театрлары 524 спектакль ұсынды, 12 театр премьерасы қойылды, театрлардағы көрермен саны 125 897 адамды құрды.

Мемлекеттік филармония ұжымы 304 концерт іс-шарасын ұсынды, оған 785 549 адам қатысты.

Сонымен қатар, кітапханаларда кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер әрекет етуде, мемлекеттік, қоғамдық мерекелерге, ақындардың, жазушылардың, суретшілердің және т.б. шығармашылығына арналған іс-шаралар өткізіледі. І жартыжылдықта кітапханаға 280 869 адам барды.



Спорт

Көпшілік спортты дамыту шегінде ішкі орамдық аумақтардың спорт алаңдарында және жалпы білім беру мектептерінің спорт залдарында елорда тұрғындары арасында спорт – көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Тұрақты негізде спорттың әр түрі бойынша страттар мен жарыстар өткізіледі. Халықтың әр түрлі санаты арасында 7 кешенді жарыс өткізіледі.

Сондай-ақ, футбол, гандбол, волейбол, баскетбол, шайбамен хоккей бойынша мектеп лигалары өтеді. Каникул кезінде мектеп оқушыларымен бірге, салауатты өмір салтын сақтауға, жасөспірімдер мен жастар арасында темекі шегудің және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған спорт іс-шаралары өткізіледі.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 292 спорттық жарыстар мен көпшілік-сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Астана күнін мерекелеу шеңберінде мынадай спорт іс-шаралары өткізілді: 2000 мыңнан артық адамды қамтитын көпшілік веложүру, 500 мыңнан артық адамды қамтыған үстел үстілік теннис, ММА бойынша «Battle of Nomads» халықаралық кәсіптік турнирі, «Экстрим толқыны» спорт іс-шарасы, «Алтын сақа» атты асық ату бойынша турнир, қазақ күресі бойынша «Қазақстан барысы» атты республикалық турнир.

Ағымдағы жылдың тамызында «Алау» мұз сарайында және «Сарыарқа» республикалық велотрегінде дзюдо мен велотрек бойынша әлем чемпионатын өткізу жоспарланады.

___________________________________________



2015 жылдың ІІ тоқсанына қойылған міндеттер
Қала экономикасындағы оңтайлы үрдістерді бекіту, оны әртараптандыруды және жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Елбасының Жолдауындағы негізгі нұсқауларды және бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде әкімдік:

1. Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шараларды сапалы орындауды қамтамасыз ету;

2. Елбасының 100 қадамын қамтитын 5 институционалдық реформа бойынша Ұлт жоспарын іске асыру, жеке айтқанда «Астананы Еуразияның іскер, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру» атты 69-қадам шеңберінде белсенді жұмыс өткізу.

3. 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру. Сондай-ақ, 2050 жылға дейін елорданың әлемдегі 10 үздік қалалардың рейтингіне кіру тұжырымдамасының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізгі бағыттарын ескере отырып, 2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар өткізу.

4. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бес жылдығын іске асыруды;

5. Инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасауды, Индустриялық парк аумағында инвестициялық жобаларды әрі қарай іске асыруды;

6. Бюджет шығыстарын оңтайландыру есебімен әлеуметтік кепілдіктерді уақтылы қаржыландыруды және бюджет қаражатын тиімді жұмсауды;

7. Бизнес-бастамаларды қолдауды және қаланың кәсіпкерлік әлеуетін, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020»;

8. Инфляциялық үдерістерді 6-8 % коридорында ұстап қалу бойынша шаралар қамтамасыз етуді; логистикалық инфрақұрылым (жылыжайлар, көкөніс сақтау қоймалары, тамақты қайта өндіру кәсіпорындары, сауда желілері және т.б.) салуды;

9. Халықты жұмыспен қамту мақсатында жаңа жұмыс орындарын құруды, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді;

10. Агломерацияларды дамыту жөніндегі жұмыстың шеңберінде Өңіраралық тәсім негізінде Астана агломерациясын құру және дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспарға ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеуді;

11. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізудің ұлттық жоспары шеңберінде іс-шараларды іске асыруды жоспарлайды.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет