АймақТЫҚ Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағЫ Қазақстан республикасы мен ақш ынтымақтастығы аңдатпа



Дата25.02.2016
өлшемі94 Kb.
#21955
УДК

А.Б. Күзембаева

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, Алматы, Қазақстан

e-mail: asiya_kuz@yahoo.com
АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН АҚШ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Аңдатпа. Орталық Азия аймағында аймақтық ынтымақтастықты ілгерілетілуі, шекаралық қақтығыстардың реттелуі, лаңкестікке қарсы күрестің тиімділігі және Ауғаныстандағы жағдайдың тұрақтандырылуы АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріне сай келеді және АҚШ аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда АҚШ өз бастамалары арқылы Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз ету және аймақтық интеграция мәселелеріне аса зор көңіл бөлуде. АҚШ-тың «Жаңа жібек жолы» жобасында экономикалық даму мен қауіпсіздік проблемаларын кешенді түрде шешу үшін Орталық Азия аймағына Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын өзек ретінде Ауғаныстанды қосу арқылы жаңа аймақтық қатынастар жүйесін дамыту көзделуде.

Мақалада АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатына жасалынған және оның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты қатынастарына тигізетін ықпалы қарастырылған.


Түйін сөздер: қазақстандық-американдық қарым-қатынастар, «Жаңа жібек жолы» жобасы, аймақтық қауіпсіздік, әскери ынтымақтастық

Кіріспе

Қазіргі кезде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың тиімді тетіктерінің бірі болып табылатын ынтымақтастық халықаралық қатынастарда іргелі рөл ойнауын жалғастыруда. Әлемдегі өзара тәуелділіктің күшеюі, жаһандық проблемалардың пайда болуы мен шиеленісуі әлемдік сахнадағы ынтымақтастықты кеңейтудің және жеделдетудің объективті қажеттілігін арттырды.

2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғаларынан кейін халықаралық лаңкестікке қарсы бастаған АҚШ-тың күресі Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның стратегиялық рөлін арттырды және қазақстандық-американдық екі жақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтерді. Өзінің сыртқы саяси стратегиясын дәйекті әрі прагматикалық тұрғыдан жүзеге асырып жатқан Қазақстанның аймақтағы неғұрлым серпінді даму үстіндегі мемлекет ретіндегі мәртебеге иеленуі екі жақ диалогының нығаюына және ынтымақтастық тетіктерінің дамуына мүмкіндік берді.

Қазақстанның АҚШ-пен ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды дамыту қажеттігі оның сыртқы саясатының ең басты басымдықтарының біріне жатады. Өйткені АҚШ-тың әлемдік экономикадағы және саясаттағы көшбасшылығын, әскери күш-қуаты мен Орталық Азия аймағындағы геосаяси үдерістерге белсенді қатысуын ескерсек, біздің мемлекетіміз үшін Америка Құрама Штаттарымен ықпалдастықты дамыту стратегиялық жағынан маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының қарқынды дамуына, еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетін шешуі үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту қажет [1] .

Бұл тұрғыдан Қазақстанның мемлекеттік қайраткерлері АҚШ-пен тұрақты жақсы қарым-қатынастар болмаса, Қазақстанның халықаралық қауымдастық істеріне толық құқықты қатысуын қамтамасыз ету мүмкін еместігін, себебі қазіргі заманғы әлемдік тәртіпті Американың анықтайтындығына назар аударады [2].

АҚШ-тың ресми тұлғалары Қазақстанның мемлекеттік құрылыс саласындағы жетістіктерін жоғары бағалай отырып, біздің республикамыздың аймақта, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және экономикалық дамуда көшбасшы екендігін атап өтеді [3].

АҚШ-тың Қазақстанмен одан әрі сенімді және берік әріптестікті дамытуға ниетті екендігін АҚШ-тың Президенті Б. Обаманың да біздің мемлекетіміз туралы айтқан сөзі куә бола алады: «Қазақстан Құрама Штаттардың досы болып табылады және мен Қазақстанмен қарым-қатынасты одан әрі жақсарта түсуге күш саламын» [4].

Сонымен қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттарының, сондай-ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленеді.
Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік проблемалары аясындағы Қазақстан-АҚШ ықпалдастығы

Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы Орталық Азиядағы тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі болып табылады. Қазақстандық сарапшылардың пікірнше, АҚШ-тың аймақ елдерімен көп қырлы ынтымақтастығы Орталық Азияның дамуының және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, оның ішінде қазіргі заманғы қауіптер мен қыр көрсетулерге қарсы тұрудың басты факторы болып табылады [5].

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарды лаңкестікке қарсы күресте қолдауы екі мемлекет арасындағы әскери саладағы ынтымақтастыққа жаңа серпіліс берді. Атап айтқанда, Қазақстан АҚШ-тың халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге қарсы күрестегі, Ирак пен Ауғаныстанды қайта жаңғыртудағы сенімді одақтасына айналды. Бұған 2001 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып одақтастар авиациясына әуе кеңістігін пайдалануға келісімін беруі елеулі түрде ықпал етті. Сондай-ақ бұл саладағы екі мемлекеттің ынтымақтастығы дамуының қарқындылығына келесі қабылданған меморандумдар дәлел бола алады: 2001 және 2002 жылдары АҚШ ұшақтарына техникалық көмек көрсету, Алматы қаласының әуежайын қосымша әуежай ретінде пайдалану, есірткіге бақылау орнату және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өзара түсіністік меморандумдары.

Әскери-техникалық аспектіде Қазақстан мен АҚШ ықпалдастығы қарулы күштердің дамытылуы мен жаңартылуына бағытталған. Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастық саласындағы басымдықтары 2003, 2008 және 2012 жылдары қол қойылған Қазақстан мен АҚШ-тың Қарулы Күштері арасындағы Бесжылдық ынтымақтастық жоспарларында айқындалған. Осының негізінде “Шетелдік әскери қаржыландыру”, “Халықаралық әскери оқыту және әзірлеу” сияқты басқа да бағдарламалары жүзеге асырылды.

«Шетелдік әскери қаржыландыру» (FMF) бағдарламасы аясында әр түрлі модификациядағы «Хаммер» автомобильдері мен олардың қосалқы бөлшектерін сатып алу, «Азия Хаммер» автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі Орталықты ашу, Атырау қаласындағы «Батыс» Аймақтық командованиесі әскерлерінің қолбасшысы Басқармасының объектілерінде күрделі жөндеу жүргізу бойынша бірнеше жобалар, сондай-ақ Ақтау қаласында американдық мамандардың қатысуымен ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз институтының объектілерін жаңартуы жүзеге асырылды.

«Халықаралық әскери білім беру және дайындық» (IMET) бағдарламасы АҚШ-та қазақстандық әскери мамандарды дайындауға бағытталған. Көрсетілген кезең аралығында бағдарлама бойынша 9 млн. астам АҚШ долл. бөлініп, 30 мамандық бойынша 370 жуық әскери мамандар дайындалды. Вест-Пойнт әскери академиясы (Нью-Йорк), Аннаполис әскери-теңіз академиясы (Мэриленд), Колорадо Спрингз әскери әуе күштері академиясы және Нью-Лондондағы жағалау күзеті академиясы сияқты АҚШ-тың элиталық жоғары әскери-оқу орындары мен АҚШ-тың Қарулы Күштерінің түрлі командалық-штабтық колледжтерінде ҚР-ның Қарулы Күштерінің әскери мамандары дайындалуда.

Әскери байланыстар жоспары (Mil-to-Mil) аясындағы шаралар қазақстандық-американдық әскери ынтымақтастық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. «Mil-to-Mil» Жоспарлары жыл сайын өтетін екіжақты кеңесулердің барысында қабылданады. Бес жылдық жоспардың жүзеге асырылуынан бастап қорғаныс саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуге және қарулы күштерді дамытуға қатысты шаралардың өсу үрдісі байқалуда.

2006 жылы АҚШ Үкіметі «Оқыту және жабдықтау» (ТЕР) бағдарламасын ашқан болатын. ТЕР бағдарламасы аясында бөлінген қаражаттар Атырау қаласында Аэромобильді әскерлердің арнайы мақсаттағы тобын дамытуға бөлініп, FMF бағдарламасы сияқты жүзеге асырыла бастады.

НАТО желісі бойынша да екі жақты ынтымақтастықтың өрбуі және бұл, негізінен, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің соғысқа қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін НАТО штабтарында офицерлерді дайындау бағдарламалары мен бірлескен оқу-жаттығуларының өткізілуі арқылы жүзеге асырылуда.

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының жаңа кезеңі Ауғаныстандағы лаңкестікпен күрес және ондағы тұрақтандыру шараларын жүзеге асырумен айқындалатындығын атап өтуіміз қажет.

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін Ауғаныстандағы жағдайдың тұрақтануы үшін пайдалануға мүдделі болуда. 2011 жылғы «Жаңа жібек жолы» жобасында экономикалық даму мен қауіпсіздік проблемаларын кешенді түрде шешу үшін Орталық Азия аймағына Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын өзек ретінде Ауғаныстанды қосу арқылы жаңа аймақтық қатынастар жүйесін дамыту көзделуде. Жобаның негізгі мақсаты аймақты тұрақты, болжаулы арнада дамуын қамтамасыз ету. АҚШ Мемлекеттік хатшысының кө­мекшісі Роберт Блэйктің айтуынша, Оң­түстік және Орталық Азиямен арадағы осы аймақтың елдеріне, әсіресе Ауғанстан мен Пәкістанға пайда әкелетіндей сауда және транзиттік байланыстың жетілдірілген әрі кең ауқымды желісіне айналуы тиіс. Бо­лашақ аймақтық серіктестіктің нақты мысалдары ретінде Түрікменстан, Ауғанстан, Пә­кі­стан мен Үндістанды жалғайтын газ құ­быр­ы құрылысы мен Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғаныстан аумағы ар­қылы Пәкістанға электр энергиясын тасы­мал­дауға мүмкіндік беретін CASA-100 жобалары аталуда [6].

Американдық сарапшылардың ойынша, Ауғаныстан экономикасы мен оның көршілес мемлекеттерінің экономикасы оқшаулануда дами алмайды. Американдық саясаттанушы Ф. Старр келесідей пікір білдіреді: «Ауғаныстан – көптеген проблемаларды шешудің жолы. Ондағы соғыс бітпей, Орталық Азияның Үнді мұхиты мен іргелес жатқан көлік дәліздеріне шығуға мүмкіндігі болмайды» [7].

Сондықтан сауда аймақ дамуындағы негізгі бағыт болып табылады. Бұл көлік саласындағы жағдайды жақсартуды, Оңтүстік Азия мемлекеттеріне қарай мұнай мен газды тасымалдайтын Ауғаныстан аумағы арқылы өтетін құбыр желісін салуды талап етеді. Осылай, сауда-экономикалық үдерістерге қатысатын Ауғаныстан Оңтүстік және Орталық Азияны байланыстыратын өзек ретінде шыға отырып, сауда көлемінің өсуі барысында аймақ мемлекеттеріндегі экономикалық өсуді ынталандырады және Ауғаныстандағы жағдайдың орнығуына ықпал етеді.

Аймақтық, құрлықтық интегра­цияның гене­раторына айналған Қазақстан Ауған проблемасын дәйектілікпен шешуге, 2014 жылдан кейін де Ауғанстанда тұрақтылықтың сақталуына мүдделі. Сондықтан Қазақстан аймақтағы экономикалық байланыстарды дамыту арқылы Ауғаныстандағы тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздеп отырған АҚШ басшылығы ұсынған «Жаңа жібек жолы» стратегиясына қолдау көрсетуде және оны жүзеге асыру барысында аймақтық транзиттік саудаға жәрдемдесу, энергетика, көлік инфрақұрылымын дамыту сияқты басым бағыттарға аса зор мән беруде. Атап айтқанда, қазіргі кезде Ауғанстан темiр жол желiсiнiң дамытуындағы Қазақстанның қатысу мүмкiндiгі қарастырылуда [8]. Бұл Қазақстанның көршілес мемлекеттерге экономикалық жағынан едәуір ашық, саяси жағынан едәуір тұрақты болуға көмектесе отырып, Орталық Азияда негізгі рөл ойнауға барлық қажетті құраушылары бар болуымен түсіндіріледі.

Осылайша аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы мен АҚШ ынтымақтастығы екі мемлекеттің де мүддесіне сай келетіндігін және Вашинтон Қазақстан рөлін аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізгі факторы ретінде қарастырып отырғандығын көрудеміз.

Дегенмен, Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара сенім атмосферасында дамуында қарамастан, екі ел арасында да түйіткілді мәселелер бар. Оның бастысы ретінде АҚШ-тың Батыс саяси мәдениетінің өлшемдеріне негізделген демократиялық құндылықтарды ендіру әрекеттерін атап өтуімізге болады.

АҚШ демократияның және нарықтық экономиканың элементтерін саяси өмірге және халық шаруашылық құрылымына енгізу қажеттігін аймақтағы орнықтылықтың басты факторларының бірі ретінде қарастырады. Батыс сарапшылары АҚШ-тың Орталық Азия мемлекеттерінде демократияландыру және азаматтық қоғамды дамытуға ықпал ету қажеттігін жиі атап өтуде. Атап айтқанда, АҚШ аймақта жаңа рөл атқаруы керек. Бұл рөл тек стратегиялық мүдделермен ғана шектеліп қалмауы тиіс. Басқаша айтқанда, әкімшілік адам құқықтарын қорғау проблемасы жөнінде қатаң бағдарды ұстануы тиіс [9].

Орталық Азия мемлекеттерінің «лаңкестікпен күресте алдыңғы өлке» ретінде анықталуына байланысты демократияны дамытуды қолдау мәселесі жаңа мәнге ие болды. Қазақстандық зерттеушілердің пікірінше, демократияландыру және адам құқықтары АҚШ сыртқы саясатының принциптері ретінде формальді түрде жарияланған, алайда шындығында олар көбінесе саяси ықпалдың тәсілдері және қысым көрсетудің құралы ретінде пайдаланылады [10].

Демократияландыру және саяси ырықтандыру мәселелері бойынша тұрақты түрде жүргізілетін диалог Қазақстан және АҚШ арасындағы екі жақты қатынастардың басым элементі болып табылады. «Демократиялық серіктестік туралы Хартия» демократия, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеу саласындағы Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының жалпы қағидаттарын негіздеген болатын. 2001 және 2006 жылғы Қазақстан мен АҚШ мемлекет басшыларының мәлімдемелерінде де демократия ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың маңызды шарты ретінде қабылданған.

Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы бұрын-соңды болмаған демократияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуі екі ел арасындағы өзара түсіністіктің дамуына ықпал етті. Қазақстанда азаматтық қоғамның институттары біртіндеп және жүйелі түрде негізгі мәдени дәстүрлер және өркениеттік факторды есепке ала отырып дамытылуда. Бұл Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Демократия – бұл қоғамның деңгейлі емес, сатылы үдерісі» деген көзқарасымен ұштасады.

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы К. Райс Қазақстанға ресми сапары барысында әрбір мемлекеттің сырттың араласуынсыз демократияны құрудың өзіндік жолын іздестіре алатындығы туралы мәлімдемесі АҚШ-тың біздің мемлекетіміздің саяси дамудың ерекше жолын таңдау құқығын мойындауын білдірген болатын.

Қазіргі таңда АҚШ тарапы Қазақстанда қоғамдық институттар мен азаматтық қоғамдар арасындағы өзара әрекеттесуді арттыруға, азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсетуде. Алайда екі жақты қарым-қатынастардың күрделенуіне АҚШ-тың Батыс саяси мәдениетінің өлшемдеріне негізделген демократиялық құндылықтарды белсенді ендіру әрекеттері ықпал етуде.



Қорытынды

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда Қазақстан және АҚШ стратегиялық серіктестігі тұрақты дамуда деп айта аламыз. Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты серіктесі болуы, бір жағынан, Қазақстан үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты жан жақты дамытуға ықпал етуде, ал екінші жағынан, АҚШ Орталық Азияның ең тұрақты және болжамды арнада даму үстіндегі және экономикасы жедел қарқынмен дамып, прагматикалық тұрғыдан негізделген көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізіп жатқан, демократиялық үдерістері серпінділігімен сипатталатын Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту қажеттігін түсінуде.

Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының жаңа кезеңі Ауғаныстандағы лаңкестікпен күрес және ондағы тұрақтандыру шараларын жүзеге асырумен айқындалады және бұл серіктестердің екі жақты деңгейдегі ғана емес, аймақтық деңгейдегі де қауіпсіздік проблемаларын шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.

Демократияландыру мәселелері екі жақты қарым-қатынастардағы басты мәселесі болып қалғандығын көрудеміз. Екі жақты қарым-қатынастардың күрделенуіне АҚШ-тың Батыс саяси мәдениетінің өлшемдеріне негізделген демократиялық құндылықтарды белсенді ендіру әрекеттерінің ықпал етуде.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.// http://www.akorda.kz/kz/page/page_ poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-lidera-natsii-nursultana-nazarbaeva narodu-kazakhstana-

2. Токаев К.К. Преодоление. Дипломатические очерки. – Алматы: ОАО «САК», 2003. – С. 313.

3. Hillary Clinton thanked Kazakhstan for working with IAEA on creation of nuclear fuel bank // http://www.kazakhembus.com/in_the_news/hillary-clinton-thanked-kazakhstan-for-working-with-iaea-on-creation-of-nuclear-fuel-ban

4. Nursultan Nazarbayev and Barack Obama had telephone talk // http://www.enbek.gov.kz/ node/237602

5. Ашимбаев М. Современная геополитическая ситуация в Центральной Азии в контексте интересов мировых и региональных держав // Казахстан в глобальных процессах. - 2005. - № 2. - С. 6

6. Remarks by Robert O. Blake, Jr. Assistant Secretary, Bureau of South and Central Asian Affairs. Indiana University's Inner Asian and Uralic Natural Resource Center. October 18, 2012 // http:// uspolicy.be/ headline/state%E2%80%99s-blake-us-policy-central-asia

7. Starr F.A. Partnership for Central Asia // http://www.sfr.org/ publication/ 8937/partnership _for_central_asia.htm.

8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың «Азия жүрегі» Стамбұлдық үдеріс елдері шеңберіндегі Ауғанстан бойынша конференциясында сөйлеген сөзі // http://kz.government.kz/documents/ publications/page577

9. Martha Brill Olcott, Central Asia's Second Chance. Washington, D.C.: Carnegie Endowment for International Peace, 2005 // carnegieendowment.org/ files/9429CentralAsia_book-full_text.pdf‎

10. Laumulin M.T. U.S. Strategy and Policy in Central Asia // Central Asia and the Caucasus. - 2007. - №4 (46). – P. 52
References:

1. «Kazakhstan-2050» Strategiyasy kalyptaskan memlekettin zhana sayasi bagyty. Kazakhstan Respublikasy Prezidenty N.A. Nazarbayevtyn Kazakhstan khalkyna zholdaui. 2012 zhylgy 14 zheltoksan // http://www.akorda.kz/kz/ page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-lidera-natsii-nursultana nazarbaeva narodu-kazakhstana-

2. Tokayev К.К. Preodoleniye. Diplomaticheskiye ocherki. – Almaty: «SAK», 2003. – P.313.

3. Hillary Clinton thanked Kazakhstan for working with IAEA on creation of nuclear fuel bank // http://www.kazakhembus.com/in_the_news/hillary-clinton-thanked-kazakhstan-for-working-with-iaea-on-creation-of-nuclear-fuel-ban

4. Nursultan Nazarbayev and Barack Obama had telephone talk // http://www.enbek.gov.kz/ node/237602

5. Ashimbayev M. Sovremennaya geopoliticheskaya situaciya v Centralnoi Azii v kontexte interesov mirovyx I regionalnyx derzhav // Kazakhstan v globalnykh processakh. – 2005. - № 2. – P. 6

6. Remarks by Robert O. Blake, Jr. Assistant Secretary, Bureau of South and Central Asian Affairs. Indiana University's Inner Asian and Uralic Natural Resource Center. October 18, 2012 // http:// uspolicy.be/ headline/state%E2%80%99s-blake-us-policy-central-asia

7. Starr F.A. Partnership for Central Asia // http://www.sfr.org/ publication/ 8937/partnership _for_central_asia.htm.

8. Kazakhstan Respublikasynyn Syrtky ister ministry Yerzhan Kazykhanovtyn «Aziya zhuregi» Stambuldyk uderis yelderi shenberindegi Auganystan boyinsha konferenciyasynda soylegen sozi // http://kz.government.kz/ documents/publications/ page577

9. Martha Brill Olcott, Central Asia's Second Chance. Washington, D.C.: Carnegie Endowment for International Peace, 2005 // carnegieendowment.org/ files/9429CentralAsia_book-full_text.pdf‎

10. Laumulin M.T. U.S. Strategy and Policy in Central Asia // Central Asia and the Caucasus. – 2007. - №4 (46). – P. 51-63.

Кузембаева А.Б.
СОТРУДНИЧЕСТВО КАЗАХСТАНА И США В ОБЛАСТИ ОБЕСПЕЧЕНИЯ РЕГИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ

Аннотация

В деле продвижения регионального сотрудничества, разрешения пограничных конфликтов, борьбы с терроризмом и урегулирования ситуации в Афганистане США имеют важные стратегические интересы и играет важную роль в стабилизации ситуации в Центральноазиатском регионе. В данный период США уделяет большое внимание реализации общей безопасности и региональной интеграции в Центральноазиатском регионе путём выдвижения различных инициатив. Так, проект "Новый шелковый путь", предложенный США, предусматривает создание интегрированного экономического пространства между Центральной и Южной Азией, где ключевой связкой должен выступить Афганистан.

В статье анализируется политика США в Центральной Азии и ее влияние на двустороннее сотрудничество Казахстана и США в сфере обеспечения региональной безопасности.
Ключевые слова: казахстанско-американские отношения, проект «Новый Шелковый путь», региональная безопасность, военное сотрудничество
Kuzembayeva A.B.
COOPERATION BETWEEN KAZAKHSTAN AND THE UNITED STATES IN ENSURING REGIONAL SECURITY



Abstract

The United States has important strategic interests in promoting regional cooperation, resolution of border conflicts, fighting against terrorism and resolving the Afghan crisis and plays an important role in stabilizing Central Asian region. Nowadays the United States attaches great importance to ensuring security and regional integration in Central Asia through the promoting of various initiatives. Thus, "New Silk Road" project which was proposed by the United States provides for building of an integrated economic space between Central Asia and South Asia where Afghanistan will be key binding unit.



The article examines the U.S. policy in Central Asia and its impact on the bilateral cooperation between Kazakhstan and the United States in the ensuring regional security.
Keywords: Kazakh-American relations, «New Silk Road» project, regional security, military cooperation

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет