АймақТЫҢ инновациялық дамуы – мемлекеттің стратегиялық мақсатының бірі



жүктеу 142.25 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі142.25 Kb.
АЙМАҚТЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫНЫҢ БІРІ
Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті барынша 50 елінің қатарына кірудегі негізгі міндеттерін жария етті. Қойылған мақсатқа инновациялық қызметті ынталандыру мен енгізу, аймақтық және әлемдік нарыққа интеграцияланған бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту жолымен ел экономикасын терең әртараптандыру негізінде қол жеткізуге болады.

Инновациялық жүйе қалыптастырудың жүйелі тәсілдерін жүзеге асыруда бірқатар құжаттар дайындалып, қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстанның индустриялды-инновациялық даму стратегиясы, «Қазақстан 2030» стратегиясы. Аталған құжаттардың басты мақсаты нарық талаптарын ескере отырып экономиканың салаларын әртараптандыру, жаңа технологиялар мен ҒТП жетістіктерінің қазіргі заман талабына сай келетін түрлерін игере отырып шикізаттық өндірістен арылып, өңдеуші өнеркәсіптік бағдарламаны жүзеге асыру болып табылады.

Әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен қатар жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керек және ең өзектi басымдылықтарының бiрi, экономиканы дамытуды теңгерiлiмдiк негiзде, аймақтың жалпы түсiмдегi жартылай шикiзат құрамын кезең-кезеңге бөлiп, жоғары технологиялық өнiмге, оның iшiнде экспорттық өнiмдерге ауыстыру және аймақтық ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi тиiмдi пайдалану арқылы экономиканы өсiру болып табылады.

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Казакстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел жүзеге асуын талап етеді.

Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық саясат қазіргі дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса мањызды жайт – инновациялық қызмет елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады.

Инновациялық процестердiң сенiмдi негiзi ғылыми-инновациялық концепцияны қалыптастыру, әзiрлеу және техника мен технологияның жаңа түрлерiн өндіру мен енгiзу ұйымдастыруды, маңызды ғылыми-техникалық және өндiрiстiк келелi мәселердi шешу болып табылады.

Әлемдiк қоғамдастықтың даму тенденциялары экономикалық өсу қарқынына инновациялық iс-әрекеттiң әсерi ұлғайғанын дәлелдейдi. Әлемдiк нарықтағы интеллектуалдық еңбек өнiмдерi экономикалық iс-әрекеттiң басқа салаларына қарағанда жоғары бағаланады. Нарық талаптары соңғы жетiстiктердi кеңiнен пайдалануға, инновациялық белсендiліктi күшейтуге жағдай жасау қажеттiлiгiн тудырады.

Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметке бастаушы орын берiледi, себебi, оның қорытынды көрсеткiштерiмен – өндiрiс тиiмдiлiгiн көтеру, ғылыми ауқымды өнiмдердiң көлемiн арттыру – аймақтың экономикалық қуаты анықталады.

Инновация – бұл ақшалай нысан түріндегі барлық шығындар жиынтығы, сонымен қатар білгілі бір экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін нақты шаралар. Осыған орай «экономикалық және әлеуметтік нәтижелерде» инвестиция тиімділігін анықтайтын сапалық және сандық сипаттар айқындалады.

Инновациялық саясаттың басты мақсаты – отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл – ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан да жаһандық процесс туғызған инновациялық қызмет кез – келген мемлекеттің даму тарихында ерекше орынға ие. Еліміздегі ішкі және сыртқы геосаяси және экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен инновациялық қызметтің, ғылыми – техникалық саясаттың даму қарқыны да өзгеруде.

Сондықтан экономиканың кез-келген саласына салынған инвестицияның қаржы-экономикалық өміршеңдігі бағаланып, тәуекелділік, табыстылық пен өтімділік потенциалын бағалау маңыздылыққа ие болады.

Қазіргі экономикалық кезеңде инновациялық қызметтің мәні күннен-күнге артып келеді және оның әсері тек экономикалық сфераға ғана емес, сонымен бірге қоғам өмірінің саяси және әлеуметтік сферасына да үлкен дәрежеде әсер етуі маңызды.

Мемлекеттің инновациялық және инвестициялық процестерде реттеушілік ролі инновациялық дамуда капитал салымдарының сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ете алатындай жағдай жасаумен қорытындыланады. Сондықтан әлемдік ғылыми қауымдастық инновацияны басқарушылық категория ретінде түсіндіріп, сипаттаудың халықаралық стандартын жасауға талпынауда. Бұл инвестициялық-инновациялық саясатты қалыптастырудың объективтілік қажеттілігін көрсетеді.

Инвестициялық-инновациялық саясаттың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

-бір жағынан, ел экономикасы мен жекелеген аймақтардың теңгерілімді дамуы мен тұрақтылығының негізі ғылыми-техникалық прогресс базасын құрайтын қаржыландырудың дұрыс әрі тиімді объектілерін ендіру болса,

-екінші жағынан, өндірістік және өндірістік емес секторлардың инновациялық объектілеріне инвестициялық ресурстарды тарту. Инновациялық факторларды аталған секторларға ендіру арқылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемін жоғарғы қарқынмен дамытуға толық мүмкіндіктер пайда болады және экономиканың дамуын экстенсивті бағыттан интенсивті бағытқа бет бұруына ықпал жасайды.

Жоғарыда аталған мақсаттарды негізге ала отырып мемлекеттің инвестициялық-инновациялық саясатына келесідей анықтамаларды ұсынуға болады. Бұл инновациялық даму мен экономикалық ресурстарды салу объектілерінің әлдеқайда тиімді бағыттарын анықтау мақсатында мемлекеттік билік ұйымдары іс-әрекетінің жүйесі, сонымен бірге еліміздің инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуде инвесторларды тарту мен инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша іс-әрекеттерді қамтамасыз ету. Инвестициялық ресурстарды тарта отырып жұмыс орындарын құру және сақтау, қоршаған орта жағдайын жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.

Аймақты дамытудың негізгі тұжырымдамасы аудандық экономикада шаруашылықтық тетіктер негізін өзгерту процестерінің болуы. Инвестициялық-инновациялық процестер аймақтың әлеуметтік-экономикалық процесінің құрамдас бөлігі ретінде көрініс тауып, экономикалық өсу қарқынын анықтауға негіз болады.

Аймақ экономикасында өнеркәсіп саласы маңызды роль атқарады және халықтың өмір сүру қызметін қамтамасыз ететін негізгі потенциал болып есептелінеді. Аймақты дамыту мен шаруашылық субъектілерінің қызметін кеңейтуде ел экономикасына инвестиция тарту маңызды сұрақтардың бірі. Меншік нысаны бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мұның өзіндік себептерін айта кететін болсақ, басқа салаларға қарағанда мұнайгаз саласына тартылған инвестицияның қайтарымы анық, аймақта Батыс Қытай және Батыс Европа индустриалды-инновациялық бағдарламасының қарқынды жүруі, жергілікті басқару ұйымдары тарапынан аймақ өнеркәсібіне қажетті инвестиция көлемін тартуға қолайлы жағдайдың қалыптасуы.


1-кесте

Меншік нысандары бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция, млн. теңге


Көрсет-

кіштер


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

Негізгі

капиталға

салынған

инвестиция



42900

100

61471

100

66455

100

102934

100

172339

100

оның

ішінде:


мемлекеттік инвестиция

11736

27,3

16180

26,3

9171

13,8

12339

12,0

26583

15,4

жеке инвестиция

20653

48,1

29627

48,2

35131

52,9

67974

66,1

106855

62,0

шетелдік инвестиция

10511

24,5

15664

25,5

22153

33,3

22621

21,9

38901

22,6

Ескерту- Қызылорда облысы статистика басқармасының мәліметтері бойынша

Кесте мәліметтеріне талдау жүргізе отырып 2015 жылды 2011 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4 есеге дейін ұлғайған. 2015 жылы барлық салынған инвестицияның 15,4 % мемлекеттік, 62,0 % жеке және 22,6 % шетелдік инвесторлардың үлесіне тиеді.

Негізгі капиталға салынған инвестицияны қаржыландырудың негізгі көзі- меншіктік құралдар және оның көлемі 60 % астам. Екінші кезекте шетелдік инвестиция (9-19%) алады. Қаржыландырудың аз ғана көлемі жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады және оның үлесі 3-8 % құрайды.

Қызылорда обылысының ерекшелігі мұнайгаз өнеркәсібі аймақтың инвестиция тартудағы бірден-бір көзі болып саналады және мұнда өндірістік капиталдағы инвестиция жүзеге асырылады.

Мұнай және газ өндірісіндегі инвестиция үлесі мынадай: 2013 жылы 86,9 %, 2014 жылы 78,1 % және 2015 жылы 82,1 % құрады. Сол себепті экономиканың жекелеген салаларымен салыстырғанда мұнайгаз саласы әлде қайда жоғары тиімділікке ие болып отыр (кесте2).

Салынған инвестициялардың экономикалық тиімділігі негізінен инвестициялық циклдың ұзақтылығын қысқартуға байланысты. Сондықтан инвестициялық циклды қысқарту кәсіпорындар үшін өзекті мәселе болып табылады.

Отандық кәсіпорындардың қаржылық стратегияны жоспарлаудың мақсаты инвестицияны тарту жоспарын құру болып табылады. Кәсіпорындар үшін инвестиция оның материалдық-техникалық базасын жаңартумен қатар бәсекеге қабілетті өнім өндіруді көздейді.
2-кесте

Өнеркәсіп салалары бойынша негізгі капиталдағы инвестиция, млн. теңге


Көрсет-

кіштер


2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

сомасы

%

Өнеркәсіп-барлығы

28048

100

39951

100

45550

100

80381

100

80842

100


оның ішінде:

кен өндіру өнеркәсібі


22409

79,0

28332

70,9

42048

92,3

73972

92,0

64890

80,3


оның ішінде:

шикі мұнай мен табиғи газ өндіру мен осы салаға қызмет көрсету



21195

75,5

26555

66,4

39600

86,9

62795

78,1

62249

82,1

Ескерту- Қызылорда облысы статистика басқармасының мәліметтері бойынша авторлардың құрастыруы

Өнеркәсіп саласының инвестициялық белсенділігін арттыру Қазақстан үшін экономикалық жаңғыртудың негізгі алғышарттарының бірі болып, отандық өндірісті дамытуға ықпал жасайды.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай іске асыру өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың өсіміне жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсімін қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс. Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық рынок субъектілері үшін тең бәсекелес жағдай жасалады.

Экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда ғылым жетістігін пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтік зерттеулер, өнімді стандарттау және сертификаттау және т.б. салаларда кейіндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады. Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттің қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшін таңдау бөлігінде іріктеу рәсімдері өзінің мақсатқа сәйкестігі мен ашықтығына ие болады.

Қазіргі заманғы және дамыған ғылыми–инновациялық және өндірістік инфрақұрылымды құру, біліктілігі жоғары басқарушы, ғалым, инженер, техник кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиімді жүйесін құру есебінен инвестициялар, технологиялар трансфертті, ғылыми жетістіктермен алмасу үшін Қазақстанның тартымдылық жүйесі жоғарылайды.

Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жапандық экономикаға кіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жо­лындағы заңнамалы, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» экономикалық кеңістіктің маңыздылығына тоқталды. Ол кеңістік қазақстандық өндірушілер үшін өнім өндірудің байтақ базарын ашып, бәсекеге төтеп беретін тауарлар шығару мен мен қызмет көрсету үшін бизнес субъектілерін ынталандыратынын атап өтті. Сонымен қатар жоғарғы технологияға негізделген экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі еңбек өнімділігі көрсеткішін арттырып қана қоймай, бәсекелестік нарықта алдыңғы қатарға шығаратын бірден-бір механизм болмақ. Осыған орай еліміздің индустриалды-инновациялық дамуын жылдан-жылға қарқындату мақсатында жаңа технологияларды меңгеретін мамандар даярлауға аса мән беру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер көзі




  1. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 29 қаңтар, 2011 жыл.

  2. Мамырова М.К. Эффективность инвестиции в промышленном производстве: Монография. – Алматы: Экономика, 2001. 230 с.

  3. Махницкая Е.И. Формирование эффективной инвестиционно-инновационной политики юга Казахстана: проблемы и решения. Монография. – Кызылорда. «Тумар», 2009 г.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет