Ажмолдаева клара байжигитовна



бет5/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында биолог мұғалімдерді даярлау үдерісі.
Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарында биолог- мүғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді зерттеу.
Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді теориялық тұрғыдан негіздеу және ЖОО-да пайдаланудың әдістемесін жасап, жалпы білім беретін мектептің оқу үрдісіне енгізу, оның тиімділігін айқындау.
Зерттеу міндеттері:

  1. Жоғары оқу орындарында биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компонентті пайдаланудың теориялық және практикалық мәселелерін зерттеу;

  2. ЖОО-да биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық-үрдістік моделін жасау;

  3. Жоғары оқу орындарында биологияны оқытуда өлкелік материалдарды Арал маңы өсімдіктер мысалында іріктеу және биолог мамандарды даярлауда өлкелік компонентті мектептегі оқыту үрдісіне енгізу;

  4. Педагогикалық тәжірибе жүргізу, оның
    тиімділігін тексеру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкелік ұстаным негізінде биологияны мектепте оқытуға болашақ мұғалімдердің дайындықтарын қалыптастыру шеберлігін арттыру теориялық тұрғыда негізделіп және оның әдістемесі жасалып, іске асырылса, онда табиғат алдындағы өз жауапкершілігін сезінетін, табиғи ортамен үйлесімді қатынас жасауда әлеуметтік іс-әрекетті тиімді орындай алатын, экологиялық сауатты әрі мәдениетті тұлға қалыптасады, өйткені өлкелік компоненттер биология пәндеріне тән метабіліктер ретінде білім алушылардың жеке тұлғалық қабілеттіліктерінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Зерттеу әдістері:
– зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге, сонымен қатар жаратылыстану пәндері бойынша тұжырымдамаларға, білім стандарттарына, оқу бағдарламаларына, оқулықтарға және әдістемелік құралдарға теориялық талдау жасау;
– бақылау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, сабақтарға талдау жасау;
– айқындау және оқыту эксперименттерін жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет