Ақжол ауылдық кітапханасы



Дата09.06.2016
өлшемі26.16 Kb.
#124047
Ақжол ауылдық кітапханасы

Ақжол ауылдық кітапханасы

Мәдениет үйі ғимаратының

48 кв.м көлеміне орналасқан
Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округі. Аудан орталығы –Чапаев селосынан оңтүстікке қарай 45 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,6 мың Округ аумағында Қабыл (Прогресс), Битілеу, (Кардон), Тінәлі (Екінші) ауылдары және Ілбишінде 41 шаруа қожалығы мен 1 серіктестік 1 орта, 3 негізгі мектеп, мәдениет үйі мен клуб, 4 кітапхана, 3 дәрігерлік пункт, дәрігерлік амбулатория, ондаған сауда нүктелері жұмыс жасайды. Сондай -ақ «Сахарный» мұнай жылыту станциясы жұмыс істейді.

1930 жылдарда аудандық білім беру бөлімінің қарауында ауылда кітапхана ашылды. Ол кезде кітапханалар «оқырман отауы» болып аталған болатын. Ең бірінші 296 кітап қорымен кітапхана ашылды. «Қызыл отау» жұмысы әр бригада мен жайлаудағы малшыларды аралап, оларға әдебиеттер таратып, жаңадан түскен баспа басылымдармен таныстырып отырған. Кітапхананың негізгі жұмыстарымен қатар шопандардың, егіншілердің Социалистік міндеттемелерін орындау бағытындағы көрсеткіштерін, үндеу, жар қағаздарын шығарып отырды.

1950 жылдарда кітап қоры 2900 данаға жетті.

1954 жылы Ілбішін ет совхозының директорының қатынас қағазы негізінде Ілбішін ауылындағы кітапхана меңгерушісі қызметіне М.А.Фолдин қабылданған. (мәдениет бөлімінің 1954 жылғы 20 мамырдағы №34 бұйрығында)

1969 жылдан Ілбішін кітапханасының кітапханашысы болып Омарғалиев Сиғуат ағай жұмыс істеді. Мәдениет бөлімінің қарауында болған кітапханалар жұмысын жүйелеу бағытында 1978 жылдары орталықтандырылған кітапханалар жүйесі болып ұйымдастырылды. Сиғуат Омарғалиев осы филиалдың меңгерушісі болып тағайындалды. С.Омарғалиев аудан, облыс көлемінде белгілі мәдениет қызметкерлерінің бірі. Ол басқарған бөлімшедегі кітапхана ұзақ жылдар бойы «Озат кітапхана» атағына ие болып келді. Кітапханашы кітаптарды әр сала бойынша жинастырып, жаңадан келіп түскен кітаптардың көрмесін ұйымдастырып отырған. С.Омарғалиев (Исмағулова М.Награда 35 жылдан кейін.// Еңбек.-11 март.-1980.-б.3)

Сонымен қатар көпшілік шаралар ұйымдастыруда В.И.Лениннің еңбектерін насихаттауда Лениндік оқулар кезінде кітапханада «Ленин жаңа дүниені құрушы» деген тақырыпта оқырман конференциясы болып өтті. (УмарғалиевС. Читательская конференция //Труд.-1979.-б.3)

С.Омарғалиев басқаратын Ілбішін кітапханасы - ауданымыздағы жақсы кітапханалардың бірі. Меңгеруші өзінің барлық білімін, күш-жігерін сүйікті ісіне, халыққа адал қызмет етуге жұмсаған. Өзінің сапалы өмірін халыққа аса қажетті қызметке арнап келе жатқан С.Омарғалиевты СССР Мәдениет министірлігі «Үздік жұмысы үшін» белгісімен марапатталды. Бұл оның еңбегіне берілген үлкен баға.

Ол мәдениет министірінің «Үздік қызметі үшін» белгісімен наградталған. Ол басқарған кітапханада жалпы кітап қоры он мың данаға жуықтай. Ал оны алып оқушылар саны төрт жүзден асады.

Мұнда көшпелі кітапхана жұмыс істеген. 1979 жылы жылдық есептің қортындысы бойынша С.Омарғалиев мақтау қағазымен марапатталды. Кітапхана жұмысын жетілдіру бағытында аудан бойынша жұмыстанып жатырған әріпнамалық, жүйелік каталог ұйымдастыру бойынша Сиғуат ағай кітапханашылардың алды болып жұмысын ұйымдастыра білді.

1960-1980 жылдары ауданның білім, денсаулық, мәдениет салалары қарыштап дамып, типтік үлгідегі мектеп, мәдениет үйлері кітапхана бөлмелерімен бой көтере бастады. Сондай даму қарқынымен Ілбішін ауылында да Мәдениет үйі бой көтерді.



1992 жылы Омарғалиев Сиғуат ағай зейнеткерлік жасқа жетіп өз ісін жалғастыруға жас маман А.Жиенбаеваға тапсырды. Айгүл Жиенбаева қызмет бастаған жылдары Тәуелсіздік алып, Егеменді ел болуымызбен тұспа-тұс келуіне байланысты елдігімізді насихаттау бағытындағы жұмыстарға ден қойды. Сонымен қатар кітапханада «Жас қалам» атты оқырман отауын ұйымдастырып, жоспарын құрып, отаудың мақсатына сай шығармашыл оқырмандармен көпшілік шаралар ұйымдастырып, жұмысын жалғастырып келеді. ( суретте)




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет