Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптар



жүктеу 39.43 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі39.43 Kb.


Жоба

Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі

мен оны қорғауға қойылатын талаптар
1. Қайтып оралуға арналған куәлік жалпы пішіні 13,5х2,85 см. көлеміндегі үшкір бұрышты бланк болып табылады әрі 9,5 см. көлемінде үш бірдей кескінге бөлінеді.

2. Қайтып оралуға арналған куәлік қағазға баспа тәсілімен түрлі-түсті талшықты арнайы қорғанысы бар бланк, сондай-ақ бланкте жасыл түсті диагональді линиялар қондырылған. Куәліктің түсі ақшыл-жасыл. Куәліктің сыртқы беттерінен басқалары нөмірленген. Беттің төменгі жағы және орталығында нөмір қойылған.

3. Куәліктің сыртқы беті, 4 және 5 беттері вертикалды жағдайда орналастырылған.

Куәліктің сыртқы бетінде төмендегі жазбалар қондырылған:

Үстіңгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN»
Үстіңгі бөлігіндегі бұрыштарда – қара түсті оюлар

Ортасында - қазақ және ағылшын тілдерінде

«ҚАЙТЫП ОРАЛУҒА

АРНАЛҒАН КУӘЛІК

CERTIFICATE

OF RETURN»

Төменгі жақтың ортасында – куәліктің нөмірі, қапталдары дөңгелетілген.

Төменгі жақтың бұрыштарында – қара түсті оюлар безендірілген.

5. Бірінші бетте орналастырылған:

1) «Қайтып оралуға арналған куәлікті берген шет мемлекеттегі мекеменің атауы»;

2) «Қайтып оралуға арналған куәлік иесінің құқылы мәртебесін көрсету»;

3) «куәлік иесі қол қоятын орын».

1-ші беттің үстіңгі тарапында қазақ және ағылшын тілдерінде жазбалар енгізілген, куәлікті берген Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі мекемесінің аты.

Қағаздың ортасының бірінші төрттігінде жарты бетінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі төмендегі жазба қондырылған:

«Осы куәліктің иесі/The holder of this certificate is».

2-ші беттің бірінші жартысының сол қапталында Қазақстан Республикасының Гербі бейнеленген. Қазақстан Республикасы Гербінің диаметрі 2,8 см, алтын түсті.

2-ші беттің жартысының бірінші төрттігінде оң жақ қапталында қазақ және ағылшын тілінде төмендегі жазбалардың бірі қондырылған :

«Қазақстан азаматы

The citizen of Kazakhstan»

«Азаматтығы жоқ тұлға

The stateless person»

«Босқын мәртебесіне ие

The refugee»

Төменгі жағында қайтып оралуға арналған куәлікті иеленушінің қолы қойылатын орын, сызықшамен шектелген.

6. Екінші бетте фотосурет, қайтып оралуға арналған куәлікті иеленушінің жеке мәліметі, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі лауазымды тұлғаның қолы және шет мемлекеттегі мекеменің мөрі.

2-ші беттің бірінші жартысының 1-ші төрттігінде өрнек қондырылып, өрнек көгілдір түспен боялған.

2-ші беттің сол жақ қапталында көлемі 3,5х 4,5 см, фотосурет орналасады.

2-ші беттің орталық бөлімінде горизонтальді түрде қазақ және ағылшын тіліндегі жазбалар орналасқан:



«Тегі/Surname

«Берген кезі/Date of issue»

«Аты/Given name»

«Қолданылу мерзімі/Date of expiry»

«Тұған күні/Date of birth»

«Тұған жері/Place of birth»

«Жынысы/Sex»

Сол жақтағы төменгі бұрышта осы куәлікті беруші Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі мекемесінің мөрі үшін арналған және осы мөр қайту куәлігін иеленушінің фотосуретінің үстіне де қойылатын орын.

Оң жақтағы бұрышта осы куәлікті беруші Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі мекемесінің лауазымды тұлғасының қол қоятын орын болып табылады. Осы беттің төменгі қапталынла өрнек қондырылып, өрнек көгілдір түспен боялған.

2-ші беттің 1-і төрттігінің 2-ші жартысында 4 желек белгілер қондырылған, күн және көктегі бүркіт суреті бейнеленген.

7. Куәліктің 3-ші беті Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жазбаларды енгізуге арналған:

Шекаралық қызмет органы, шетел мемлекетенің шекаралық бақылауын жүзеге асыратын құзыретті органымен енгізілетін Қазақстан Республикасының шекарасын және басқа мемлекеттердің шекараларын өту туралы.

Сай келетін белгіні енгізген органның алдынан - енгізген белгілерінің күшін жою туралы.

Үстіңгі бұрышта диаметрі 1,3см. Қазақстан Республикасы Гербінің голограммасы орналастырылған.

Беттің үстіңгі қапталының ортасында қазақ және ағылшын тілдерінде төмендегі жазбалар қондырылған:

«Арнайы белгілер үшін/For special marks»

3-ші беттің визуальды қапталында Қазақстан Республикасы аумағының кескіні бейнеленген. Аумақтың түсі көгілдір түсті және куәліктің диагональды сызықтарын біріктіру арқылы жасалған.

8. 4-ші беті қайтып оралуға арналған куәлікте визалық жапсырмаға арналған.

Осы парақтың үстіңгі жағында қазақ және ағылшын тілдерінде төменгі жазулар қондырылған:

«Визалар/Visas»


9. Беттің бұрыштары қара түсті оюлармен безендірілген.

5-ші беттің ортасында мемлекеттік және ағылшын тілінде төмендегі жазулар орналастырылған:

«Осы куәліктің иесіне Қазақстан Республикасына

бір мәртелі кіру үшін беріледі.


Қазақстан Республикасының Үкіметі

бүкіл шет елдердің мүдделі органдарын осы

Куәліктің иесіне Қазақстан Республикасына

қайту үшін қажетті көмегін

өрсетулеріңізді сұрайды
To holder of this Certificate provides

single entry to the Republic of Kazakhstan.

The Government of the Republic of Kazakhstan

request all concerned authorities of the foreign states

to provide necessary assistance to the holder of this Certificate

for return to the Republic of Kazakhstan»


Қазақ және ағылшын тіліндегі жазбаларының арасында горизонтальды түрде арнайы қара өрнектермен ерекшеленеді.

___________________




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет