Айту би ауылдық округінің әкімі Абақов Берік Нұртлеуұлының халық алдында есеп беру кездесуіндегі тезис І



Дата24.02.2016
өлшемі16.01 Kb.
#14262
Айту би ауылдық округінің әкімі Абақов Берік Нұртлеуұлының халық алдында есеп беру кездесуіндегі

Т Е З И С І
Айту би ауылдық округі 1995 жылы құрылған. Ауылдық округте 4 елді мекен бар : Көкпекті, Жасталап, Айту, Қожбан ауылдары.

Тұрғындар саны 1572 адам.

Округ бойынша әлеуметтік белсенді тұрғындар саны – 798; Экономика саласында қамтылғандар – 781. 308 адам өзмен-өзін жұмыспен қамтып отыр. Оқушылардың саны – 178, зейнеткерлер саны -150, 1-2 топтағы мүгедектер – 12 адам.

Ауылдық округ әкімінің есеп беру жиынында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша:

1.Қожбан ауылынан аудан орталығына баратын жол арасындағы үш шақырым жолды тегістеу.

2.Жасталап ауылының тұрғындарына шаруа қожалығын ашу үшін суармалы жер бөліп беру.



Шешімін тапқандары:

1.Қожбан ауылының үш шақырым жолы тегістеліп, жөнделді.

2.Жасталап ауылылының 10 тұрғынына шаруа қожалығын ашу үшін 50 га жер телімі бөлініп берілді.

Елбасының «Қазақстан – 2050» бағдарламасы бойынша 1 ақпараттық насихат тобы жұмыс істейді.Жылдың басынан бері АНТ мүшелерімен және мекеме басшыларымен 3 отырыс болып өтті.



Ауыл шаруашылығы: Округте 1 ЖШС-і мен 111 ШҚ- ы бар. Шаруа қожалығында жұмыс істейтіндер-334 адам. Ш Қ-ның еккен өнімдері: 50 га жаздық бидай, 50 га арпа, 30 га жүгері, 218 га қытай бұршағы, 45 га күнбағыс, 106 га көкөніс, 54 га картоп, 54 га бақша, 80 га қант қызылшасы. 2013 жылдың 9 айының ішінде 7 миллион теңге инвестиция тартылып, ауыл шаруашылығына қажетті техникалар алынды. Көктемгі егістік өнімдеріне Үкімет тарабынан 1 512880 теңге субсидия берілді.

Салық түсімдері: Мүлік салығы – 40438 теңге; 135 пайызға орындалды

Жер салығы – 146922 теңге; 104 пайызға орындалды. Көлік салығы – 800000 теңге; 100 пайызға орындалды.



Әлеуметтік жағдай: - Жыл басынан бері жасы 18-ге толмаған балаларға 17 отбасы 45 балаға 392423 теңге жәрдемақы алды. Мүгедек балаларды үйден оқыту үшін 5 балаға 103382 теңге төленді. 27 отбасы тұрғын үй жәрдемақысына 541943 теңге алды. 58 кісіге 280000 теңге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Білім саласы: Округте 1 орта, 1орталау және 1 бастауыш мектеп бар. Оқушылардың саны – 178. Мұғалімдердің саны -38. ҰБТ-бойынша білім сапасы 64,2 % құрады. Қожбан ауылынан оқушылар тасымалы ұйымдастырылған. Екі оқушы мемлекеттік грант арқылы жоғарғы оқу орнына түсті Барлық мектептер қысқы мерзімге дайын. Тамызық отын, жанар-жағар маймен, көмірмен қамтамасыз етілген.

Медицина саласы Округ бойынша 1 ФАП, 3 ФП жұмыс істейді. Қызметкерлер саны – 8. Барлығы қысқы отынмен, көмірмен қамтамасыз етілген. Округ бойынша тіркелген сарып, туберкулез аурулары жоқ. 3 тоқсанда жылжымалы амбулатория келіп округ тұрғындарына қызмет көрсетіп кетті. Медицинаның әр саласы бойынша мамандар тұрғындарды қабылдап, ем қолданып, ақыл-кеңестерін айтып, УЗИ мен флюрографиялық түсірімдер жасады. Елді мекен тұрғындарының 65 пайызын қамтыды.

Қоғамдық тәртіп: Көкпекті ауылында 8 мал ұрлығы және 1 тұрғын үйдің батареясының ұрланғаны туралы арыз тіркеліп , ұрлықтар ашылған жоқ.

Учаскелік инспектор қызметін уақытша Балпық ауылдық округінің учаскелік инспекторы лейтенант Рымжанов Б. атқаруда. Ауылдық округтке нақты бөлінген учаскелік инспектор жоқ.



Округ әкімінің ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл бағдарламасы .

  1. Округ аумағындағы бос жатқан жерлерді анықтап , жерге сұранысы бар округ тұрғындарына бөліп беру.

  2. Жеке кәсіпкерлер мен жаңа жұмыс орның ашуға ниет білдірген ауыл тұрғындарына Елбасының «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жеңілдетілген несие алуға ықпал көрсету.

  3. Ауылдық округтегі елді мекендерді аббаттандыру , көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру. Елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеп, орталық көшелерді жарықтандыру.

  4. Елбасының «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша ауылдық округке 100 отбасын шақыру.

  5. Елді мекендердегі бұзылған үйлердің орындарын анықтап, үй құрлысын салуға ниет білдірген азаматтарға бөліп беру.

  6. Жастар жұмысын жаңдандырып, елді мекендердегі спорт кешендерін ашу.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет