Академиялық дербестік не береді?
Колледждерге жұмыс берушілермен бірге кәсіби стандарттар негізінде және аймақтық ерекшелікті ескере отыра, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімі мен траекториясын анықтау мүмкіндігінің берілуін болжайды.
Бұл міндеттің бір шешімі ТжКБ ұйымдарына академиялық еркіндік беру болып табылады.
ТжКБ ұйымының академиялық еркіндігінің артықшылықтары-бұл:
оқу бағдарламалары мен жоспарларын 100% жаңарту
еңбек нарығының қажеттіліктеріне икемді әрекет ету мүмкіндігі және соның салдарынан еңбек нарығына жылдам шығу;
оқытудың жеке траекторияларын белгілеу;
модульдік-құзыреттілік тәсілден кредиттік-модульдік тәсілге көшу, яғни оқыту нәтижесін бастапқы анықтау.
Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары индустриялық кеңеспен келісу кезінде кәсіби стандарттар, WordlSkills талаптары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларына ауыстырылатын болады. Бұл жұмыс берушілердің талаптары мен студенттердің қажеттіліктерін толық көлемде ескеруге мүмкіндік береді, ал оқу жоспарының икемді желісі дуалды оқытуды, оның ішінде жеке білім беру траекториясы арқылы толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2022 жылғы қыркүйектен бастап қазақстандық колледждер академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламалары негізінде мамандар даярлауды бастады. Олардың мазмұнын жұмыс берушілермен бірге айқындады. Әрқайсының жанынан индустриялық кеңес құрылған, оған қауымдастықтар да, жұмыс берушілер де кіре алады. Білім беру бағдарламаларын құрастыру кезінде WorldSkills стандарттарына баса назар аударылды.
Сонымен қатар ТжКБ ұйымдарының оқыту мерзімдерінде де өзгерістер бар. Енді олар нақты білім беру бағдарламасына және сұранысқа сай оқу нәтижелеріне байланысты болады. Бұрын оқу мерзімі орташа есеппен 2 жылдан 4 жылға дейін болса, енді колледждер мамандықтың күрделілігі мен оқу нәтижелерін ескере отырып, білім беру мерзімін өз бетінше анықтайтын болады
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Оқу -Ағарту Министрлігі 2011 жылғы 20 сәуірдегі "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" №152 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыз «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 348 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» №130 бұйрығы негізінде жасалынды.
Колледжіміз барлық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеп, модульдік және кредиттік – модульдік технологиямен оқытуды толығымен енгізген алаңға айналды. Академиялық дербестікке көшу барысында тиісті жұмыстарды атқарудамыз. Колледжімізде барлығы 548 білім алушы дәріс алады, соның ішінде күндізгі бөлімде 469 білімі алушы, сырттай бөлімде 79 білім алушы. Аталған білім алушыларға 49 оқытушы дәріс береді. Ең алдымен жаңаша білім беру аясында маман даярлаудағы тиімді бағыттардың бірі – дуалды оқытуды қолданып келеміз. Колледжімізде осы сала бойынша 59 білім алушы білім алуда. Жаңа бағдарламаларды енгізу барысында әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыстағы ынтымақтастық орнатылған.
Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының сапасына әсер етпейді, өйткені бұл үшін бірыңғай ақпараттық орта – білім беру бағдарламаларының тізілімі жинақталып жатыр. Колледж таңдаған әрбір жаңа бағдарлама оқу -ағарту министрлігінде және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2 кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді. Министрлік оның стандартқа, ал жұмыс берушілер оның еңбек нарығының сұранысына сай келуін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |