Академиялық жазылымдағы басқа стильден айырмашылығы:
зерттеу жүргізу дағдылары – студенттің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
конспектілеу дағдылары – тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
өз-өзіне бақылау жасау – мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;
аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.
Дереккөздерді таңдаудың да өзіндік талаптары бар, өйткені таңдалған дереккөздеріңіздің негізінде сіздің мәтініңіздегі ақпарат құрылады. Ол талаптарға мыналар жатады: Дереккөздерді дұрыс қолданудың талаптарына:
Сенімді дереккөздерді пайдалану
Сілтеменің тым көп болмау
Парафраза қолдану
Соңғы 10 жыл ішінде шығарылған әдебиеттерді қолдану
Ақпаратты сыни тұрғыдан қарастыру
«Өзіңдікі және өзгеніңкі» ұстанымын қолдану
Қорыта келе, ғылыми әдістердің көмегімен алынған, логикалық ұйымдастырылған, ғылыми таным процесінде алынған, табиғат, қоғам және ойлау құбылыстары мен заңдылықтарын бейнелейтін ақпаратты біз академиялық жазылым арқылы қоғамға таныстыра аламыз. Студенттің бітірушілік жобалары, ғалымдардың ізденімдер және жаңа ашылымдары, әдістемелік нұсқаулар, мақалалар және т.б. қоғамға таралуы және түсінікті болуы үшін академиялық жазылым ұстанымдары мен талаптарын пайдалану міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |