Академиялық зерттеулер


Мысалы, «¥йым қызметкерлерін инновациялық басқару» атты мақалада әртүрлі тірек сөздердің жиынтығы болуы мүмкін: қызметкер, қызметкерлердібасқару, еңбекақы төлеу



бет2/6
Дата15.02.2024
өлшемі0.62 Mb.
#491822
1   2   3   4   5   6
5-6 лекция Этика және Академиялық жазылым

Мысалы, «¥йым қызметкерлерін инновациялық басқару» атты мақалада әртүрлі тірек сөздердің жиынтығы болуы мүмкін: қызметкер, қызметкерлердібасқару, еңбекақы төлеу.

Бұл мақалада қызметкерлерді басқарудың классикалық әдісі қарастырылатынын түсінеміз.

Тірек сөздер

Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек?

Тірек сөздер нені бейнелеуі тиіс?

Тірек сөздер мақаланың барлық терминологиялық қорын қамтуы керек, яғни: мақалада қандай терминдер қолданылады? мақала қандай терминдермен логикалықжағынан байланысты болуы мүмкін?

Мақала үшін тірек сөздерді қайдан іздеу қажет?

Тірек сөздер ретінде: мақала атауынан; мақала аңцатпасынан; мақала мәтінінің кіріспе, негізгі және қорытынды бөліктерінен терминдер алынуы мүмкін.

Тірек сөздер

Тым кеп тірек сөздер пайдаланудан қорықпаңыз. 3-4 сөз мақаланың сипатын керсетуге жеткіліксіз болады. Дұрысы-мәтін көлеміне байланысты 10-15 сез қолдану. Әрбір қосымша тірек сөз оқырманның мақаланы оқуға деген қызығушылығын тудыруы мүмкін. Негізгі терминдермен қоса күрделі терминдерді де қолданыңыз.

Тірек сөздер

Тірек сөздерді үтір арқылы бөлесіз. Ғылыми мақалаларда тірек сөздердің қазақша, орысша және ағылшынша берілгені дұрыс. Ағылшын тілінде сапалы жазылған аңдатпа: а) шетелдік ғалымның сіздің өз тіліңізде жазған мақалаңыздың мазмұнымен қысқаша танысып, оны толық мәтінін оқып шығуға мүмкіндігі болмаса да, қызығушылық танытуына;

ә) орыс не қазақ тілін білмейтін ғалымның мақала бойынша түсінік алуына жағдай жасауға;

б) сіздің мақалаңыздың үзінділерін шетелдік ғалымдардың дәйектеме ретінде пайдалануына мүмкіндік береді.

Тезис

Баяндаманың, мақаланың немесе басқа да көлемді материалдың тезисі дегеніміз - логикалық жағынан бір-бірімен байланысты жекелеген ережелердің жиынтығы. Кез келген тезисті жазудың негізгі мақсаты - қолдағы бар материалды жинақтап қорыту, оның негізгі ойын қысқаша беру, көлемі жағынан үлкен баяндаманың немесе мақаланың мазмұнын ашу; мәселеге терең бойлап, оған талдау жасау және басқалардың ойына өз ойын қарсы қоя білу не өзгенің ойын толықтыра білу. Басқа ғылыми мәтіндерден тезистің айырмашылығы оның көлемінің аздығында (1 -2 бет), соған қарамастан, тезисте баяндаманың (мақаланың) барлық негізгі идеясы берілуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет