Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Мерзімі өткен берешек қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларын орналастырудан түсетін ақша есебінен өтелген жағдайда немесе қоғамның билік етуі шектелген жарияланған акциялары мен мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларға мемлекеттің меншік құқығы қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiнде тіркелген кезден бастап қоғамның мерзімі өткен берешегі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес өтелген болып есептеледі.
5-тарау. Қоғамды басқару
33-бап. Қоғамның органдары
1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3 тармақ өзгертілді
3. Бұрын мемлекеттік қызметшi болған және өзінің қызметтік функциялары бойынша қоғам қызметіне мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды.
4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
1. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережелері негізінде жүзеге асырылады.
Жанама иелену әрбір келесі ұйымның өзге ұйым акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен иеленетінін білдіреді.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:
1) тендерге қатысушыларға ұсынылатын тендерлік құжаттамада тендерге қатысушылардың – қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілердің бағаларын шартты түрде төмендету жөніндегі талаптарды көздеуге;
2) қазақстандық тауар өндірушілердің, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілердің өтінімдерін қарау және тендер жеңімпазын таңдау кезінде бағаларды шартты түрде төмендетуді қолдануға;
3) тендерге қатысушылардың баға ұсыныстары тең болған кезде қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыс орындаушылар мен қызмет көрсетушілерге артықшылық беруге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде осы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпарат беруге міндетті.
Қазақстандық қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.
35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.
Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады.
Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейін шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
1) қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы.
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс.
Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.
4. Барлық дауыс беретін акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешімдер артықшылықты акциялармен куәландырылған құқыққа нұқсан келтірмейтін және оны шектемейтін жағдайда жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда қоғамның жалғыз акционері немесе қоғамның барлық дауыс беретін акцияларын иеленуші тұлға заңды тұлға болып табылса, осы Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының заңдарына және заңды тұлғаның жарғысына сәйкес заңды тұлғаның осындай шешімдерді қабылдауға құқығы бар органы, лауазымды адамдары немесе қызметкерлері қабылдайды.
36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті
1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:
1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;
4) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
7) жылдық қаржы есептілігін бекіту;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
9) осы Заңның 22-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
11) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
13) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу және мұндай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында беру туралы шешім қабылдау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14) тармақша өзгертілді
14) қоғам акцияларды осы Заңға сәйкес сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту);
15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) акционерлерге қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін белгілеу, оның ішінде, егер мұндай тәртіп қоғам жарғысында белгіленбесе, бұқаралық ақпарат құралын анықтау;
17) «алтын акцияны» енгізу және оның күшін жою;
18) шешім қабылдау осы Заңда және қоғам жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Осы баптың 1-тармағының ережелері ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыретін айқындау кезінде қолданылмайды. Ұлттық басқарушы холдингтің жалғыз акционерінің құзыреті «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Осы тармақтың ережелері агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке қолданылмайды.
Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердің жалғыз акционерi құзыретiнің ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында аталған мәселелер бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының айқын басым көпшілігімен, ал инвестициялық жекешелендіру қорын қайта құру нәтижесінде құрылған қоғамда - қоғамның жиналыста өкілдік еткен дауыс беретін акцияларының айқын басым көпшілігімен қабылданады.
Егер осы Заңда және қоғам жарғысында өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешімдері қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Қоғам жарғысында директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді қабылдау үшін қажетті дауыс санын осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгеннен артық белгілеуге болмайды.
3. Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді.
4. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
37-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі
1. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
2. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
1) директорлар кеңесінің;
2) ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.
Ерікті түрде таратылу процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы міндетті түрде шақырылатын жағдайлар көзделуі мүмкін.
3. Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
1) атқарушы орган;
2) өзімен жасалған шартқа сәйкес қоғамның тіркеушісі;
3) директорлар кеңесі;
4) қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
4. Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, әзірлеу және өткізу жөніндегі шығындарды қоғам көтереді.
5. Қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың осы Заңда белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Егер қоғам органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Ірі акционердің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу ерекшеліктері
1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ірі акционердің талабы қоғамның атқарушы органының орналасқан жері бойынша тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы директорлар кеңесіне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртібі болуға тиіс.
2. Қоғамның директорлар кеңесі ірі акционердің талабы бойынша шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелерінің тұжырымдамаларына өзгерістер енгізуге және ұсынылған өткізу тәртібін өзгертуге құқылы емес.
Қойылған талапқа сәйкес акционерлердің кезектен тыс жиналысы шақырылған кезде директорлар кеңесі жалпы жиналыстың күн тәртібін өз қалауы бойынша кез келген мәселелермен толықтыруға құқылы.
3. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты ірі акционер (акционерлер) қойған жағдайда, мұндай жиналысты шақыруды талап етуші акционерлердің (акционердің) есімдері (атаулары) және оған тиесілі акциялардың саны, түрі көрсетілуге тиіс.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапқа акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуші адам (адамдар) қол қояды.
4. Директорлар кеңесі аталған талапты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешім қабылдауға және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы талапты қойған адамға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы не оны шақырудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге міндетті.
5. Қоғамның директорлар кеңесінің ірі акционердің талап етуі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешімі:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты қоюдың осы бапта белгіленген тәртібі сақталмаған;
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылдануы мүмкін.
Қоғамның директорлар кеңесінің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
6. Егер қоғамның директорлар кеңесі осы Заңда белгіленген мерзім ішінде қойылған талап бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімді қабылдамаса, оның шақырылуын талап етуші адам қоғамды акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге міндеттеу талабымен сотқа жүгінуге құқылы.
39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесіндегі деректер негізінде қоғамның тіркеушісі жасайды. Аталған тізімді жасау күні жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылданған күннен ерте белгіленбеуі керек.
Акционерлердің тізіміне енгізілуге тиісті мәліметтерді уәкілетті орган белгілейді.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл орайда акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |