Акционерлiк қоғамдар туралы



жүктеу 1.02 Mb.
бет6/6
Дата17.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
1   2   3   4   5   6

              мәмiлелер жасасу ерекшелiктерi

      1. Аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмiлелер жасасу ерекшелiктерi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленедi.


      2. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының қатысуымен мәмiле жасасу тәртiбiне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген талаптардың сақталмауы кез келген мүдделi тұлғаның талап қоюы бойынша соттың мәмiленi жарамсыз деп тануына негiз болып табылады.
      3. Аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмiлелер жасасу тәртiбiне осы Заңда белгiленген талаптарды бұза отырып қасақана мәмiле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
      Ескерту. 66-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      67-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы


              мәлiметтердi ашу

      1. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.


      2. Қоғам аффилиирленген тұлғаларының есебiн осы тұлғалар немесе қоғамның тiркеушiсi беретiн мәлiметтер негiзiнде (уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен iрi акционер болып табылатын тұлғаларға қатысты ғана) жүргiзуге мiндеттi.
      Қоғамның акционерлерi мен лауазымды адамдарының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты табыс ету тәртiбi жарғымен белгiленедi.
      3. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлену туындаған күннен бастап жетi күн iшiнде өзiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтi қоғамға табыс етуге мiндеттi.
      4. Қоғам өзiнiң аффилиирленген тұлғаларының тiзiмiн уәкiлеттi органға ол белгiлеген тәртiппен табыс етуге мiндеттi.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар


белгiленген қоғамның мәмiлелерi

      68-бап. Iрi мәмiле

      1. Мыналар:

      1) нәтижесiнде құны қоғам активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң жиырма бес және одан да көп процентi болатын мүлiктi қоғам сатып алатын немесе иелiктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәмiле немесе өзара байланысты мәмiлелердiң жиынтығы;

      2) нәтижесiнде қоғам өзiнiң орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе орналастырылған бiр түрдегi бағалы қағаздардың жалпы санының жиырма бес және одан да көп процентi мөлшерiнде олардың сатылып алынған бағалы қағаздары сатылуы ықтимал мәмiле немесе өзара байланысты мәмiлелердiң жиынтығы;

      3) қоғамның жарғысында iрi мәмiле деп танылатын өзге де мәмiле iрi мәмiле деп танылады.

      2. Мыналар:

      1) белгiлi бiр мүлiктi сатып алуға немесе иелiктен айыруға қатысты белгiлi бiр тұлғамен не өзара аффилиирленген тұлғалар тобымен жасалатын бiрнеше мәмiле;

      2) бiр шартпен немесе өзара байланысты бiрнеше шартпен ресiмделетiн мәмiлелер;

      3) жарғымен немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмiмен өзара байланысты мәмiлелер деп танылатын өзге де мәмiлелер өзара байланысты мәмiлелер деп танылады.


      Ескерту. 68-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      69-бап. Мәмiленiң нысанасы болып табылатын


              мүлiктiң құны

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Нәтижесiнде қоғам активтерi мөлшерiнiң он және одан да көп пайызы сомасына мүлiк сатып алынатын не иелiктен шығарылатын мәмiленi жасасу туралы шешiм Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамалық актiсiне сәйкес бағалаушы айқындаған осы мүлiктiң нарықтық құны ескерiле отырып қабылдануға тиiс.
      Егер осындай мәмiле нысанасы ақша және (немесе) бастапқы нарықта шығарылатын (орналастырылатын) бағалы қағаздар болса, бағалау жүргiзiлмейдi.
      2. Егер нарықтық құнын белгiлеу қажет болатын мүлiк ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар болса, олардың нарықтық құнын белгiлеу кезiнде осындай бағалы қағаздармен мәмiлелердiң осындай рынокта қалыптасқан бағасы немесе осындай бағалы қағаздарға сұраным мен ұсынымның бағасы есепке алынады. Егер нарықтық құнын анықтау қажет болатын мүлiк қоғамның өз акциялары болса, олардың нарықтық құнын белгiлеу кезiнде қоғамның өзiндiк капиталының мөлшерi де, қоғамның даму жоспарларына сәйкес оның өзгеру перспективасы мен нарықтық құнды белгiлейтiн адам маңызды деп санайтын өзге факторлар да есепке алынады.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      70-бап. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы

      1. Қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
      Қоғам кредиторлар мен акционерлерге хабарлау мақсатында директорлар кеңесi қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн бес күн iшiнде мәмiле туралы хабарламаны мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мiндеттi.

      2. Қоғамның жарғысында iрi мәмiлелердiң тiзбесi, сондай-ақ оларды жасасу тәртiбi белгiленуi мүмкiн, оларды жасасу туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдайды.

      3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған қоғамның iрi мәмiле жасасу туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда, акционер өзiне тиесiлi акцияларды қоғамның осы Заңда белгiленген тәртiппен сатып алуын талап етуге құқылы.
      Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      71-бап. Қоғамның мәмiле жасасуға мүдделiлiгi

      1. Қоғамның аффилиирленген тұлғалары, егер олар:

      1) мәмiле жасаушы тарап болса немесе оған өкiл немесе делдал ретiнде қатысса;

      2) мәмiле жасаушы тарап болып табылатын немесе оған өкiл немесе делдал ретiнде қатысатын заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғалары болса, қоғамның мәмiле жасасуына мүдделi тұлғалары (бұдан әрi - мүдделi тұлғалар) деп танылады.

      2. Мынадай мәмiлелер:

      1) акционердiң қоғам акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ қоғамның орналастырылған өз акцияларын сатып алуы жөнiндегi мәмiле;

      2) банктiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәлiметтердi жария етпеу туралы мiндеттеме қабылдау жөнiндегi мәмiле;

      3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;

      4) қоғамның өз аффилиирленген тұлғасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жасайтын мәмiлесi жасалуына қоғам мүдделi болатын мәмiле болып табылмайды.


      Ескерту. 71-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      72-бап. Қоғамның мәмiле жасасуына мүдделiлiк туралы


              ақпарат

      Осы Заңның 71-бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:


      1) олардың мәмiле тараптары екендiгi немесе оған өкiл немесе делдал ретiнде қатысатындығы туралы;
      2) өздерiмен аффилиирленген заңды тұлғалар туралы, оның iшiнде дербес немесе өздерiнiң аффилиирленген тұлғаларымен бiрлесiп, дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң, пайлардың) он және одан да көп процентiн иеленетiн заңды тұлғалар туралы және органдарында өздерi қызмет атқаратын заңды тұлғалар туралы;
      3) өздерi мүдделi тұлғалар болып танылуы мүмкiн, өздерiне белгiлi жасалған немесе ықтимал мәмiлелер туралы ақпаратты директорлар кеңесiнiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      73-бап. Мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi


              жасасу тәртiбiне қойылатын талаптар

      1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм оның жасалуына мүдделi емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.

      2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы:

      1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;

      2) шешiм қабылдауға қажеттi дауыстар саны болмауына орай, директорлар кеңесiнiң мұндай мәмiленi жасасу туралы шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда оның жасалуына мүдделi емес акционерлердiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.

      3. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм, директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мен жай акцияларды иеленетiн барлық акционерлер мүдделi адамдар болып табылған жағдайда, акционерлердiң жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретiн акциялары жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.


      Бұл орайда акционерлердiң жалпы жиналысына негiзделген шешiм қабылдауға қажеттi ақпарат (құжаттармен қоса) берiледi.

      4. Қоғамның жарғысында мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiлелердiң жекелеген түрлерiн жасасудың өзге де тәртiбi белгiленуi мүмкiн.


      Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар


              белгiленген мәмiлелер жасасуының салдары

      1. Iрi мәмiленi және мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiленi жасасу кезiнде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен бұл мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.


      2. Мәмiле жасасудың осы Заңда көзделген тәртiбiне қойылатын талаптарын, сондай-ақ лауазымды адамдар қызметiнiң қағидаттарын бұза отырып қоғаммен мәмiле жасалуына мүдделi тұлға қоғам алдында өзiнiң қоғамға келтiрген залалы мөлшерiнде жауапты болады. Мәмiленi бiрнеше тұлға жасаған жағдайда олардың қоғам алдындағы жауапкершiлiгi ортақ болады.
      3. Осы Заңда және қоғамның жарғысында белгiленген талаптарды бұза отырып қасақана iрi мәмiле жасаған тұлғаның, егер мұндай талап пайдакүнемдiк немесе жауапкершiлiктен жалтару ниетiнен туса, мәмiленi жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.
      4. Осы тараудың талаптары осы Заңда жасалуына қатысты ерекше шарттар белгiленген, ұлттық басқарушы холдингтiң тобына кiретiн ұйымдардың арасында "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын мәмiлелерге қолданылмайды.
       Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.13 N 135-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-тарау. Қоғамның қаржылық есептiлiгi мен аудитi

      75-бап. Қоғамның қаржылық есептiлiгi

      1. алып тасталды.
      2. Қоғамның бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен қаржылық есептiлiгiн жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасымен белгiленедi.
      Ескерту. 75-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.      

      76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептiлiгi

      1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекiту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөнiндегi заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.
      2. алып тасталды.

      3. Жылдық қаржылық есептiлiктi директорлар кеңесi акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы өтетiн күнге дейiн отыз күннен кешiктiрмей алдын ала бекiтуге тиiс.


      Қоғамның жылдық қаржылық есептiлiгiн түпкiлiктi бекiту акционерлердiң жылдық жалпы жиналысында жүргiзiледi.

      4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмдерде немесе уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға мiндеттi.


      Iрi мәмiле және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiле туралы ақпарат қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбада жария етiледi. Нәтижесiнде қоғам активтерi мөлшерiнiң он және одан да көп пайызы сомасына мүлiк сатып алынатын не иелiктен шығарылатын мәмiле туралы ақпаратта мәмiленiң тараптары, мәмiленiң мерзiмдерi мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлесiнiң сипаты мен көлемi туралы, сондай-ақ мәмiле туралы өзге де мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 N 235(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      77-бап.


      Ескерту. 77-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      78-бап. Қоғамның аудитi

      1. Қоғам жылдық қаржылық есептiлiктiң аудит жүргiзуге мiндеттi.
      2. Қоғамға аудит директорлар кеңесiнiң, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам есебiнен не iрi акционердiң талап етуi бойынша оның есебiнен жүргiзiледi, бұл ретте iрi акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Iрi акционердiң талап етуi бойынша аудит жүргiзiлген жағдайда, қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажеттi құжаттаманы (материалдарды) беруге мiндеттi.
      3. Егер қоғамның атқарушы органы қоғамға аудит жүргiзуден жалтарса, аудит кез келген мүдделi тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешiмiмен тағайындалуы мүмкiн.
      Ескерту. 78-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуi.
Қоғамның құжаттары

      79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуi

      1. Қоғам акционерлерiнiң мүддесiне қатысты қоғам қызметi туралы ақпаратты қоғам өз акционерлерiнiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
      Мыналар:

      1) акционерлердiң жалпы жиналысы және директорлар кеңесi қабылдаған шешiмдер және қабылданған шешiмдердiң орындалуы туралы ақпарат;

      2) қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруы және уәкiлеттi органның қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерiн, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерiн бекiтуi, уәкiлеттi органның қоғамның бағалы қағаздарының күшiн жоюы;

      3) қоғамның iрi мәмiлелердi және жасалуына қоғам мүдделi мәмiлелердi жасасуы;

      3-1) осы қоғам активтерiнiң бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның мүлкiн кепiлге (қайта кепiлге) беруi;

      4) қоғамның өз капиталының жиырма бес және одан да көп процентi болатын мөлшерде қоғамның қарыз алуы;

      5) қызметтiң қандай да түрiн жүзеге асыруға қоғамның лицензиялар алуы, қызметтiң қандай да бiр түрiн жүзеге асыруға қоғамның бұрын алған лицензиялары қолданылуының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы;

      6) қоғамның заңды тұлға құруға қатысуы;

      7) қоғам мүлкiне тыйым салынуы;

      8) нәтижесiнде баланстық құны қоғам активтерiнiң жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын қоғам мүлкi жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы;

      9) қоғамның және оның лауазымды адамдарының әкiмшiлiк жауапқа тартылуы;

      9-1) сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалуы;

      10) қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешiмдер;

      11) қоғамның жарғысына, сондай-ақ қоғамның акцияларды шығару проспектiсiне сәйкес оның акционерлерiнiң мүдделерiн қозғайтын өзге де ақпарат қоғам акционерлерiнiң мүдделерiн қозғайтын ақпарат деп танылады.

      2. (алып тасталды)

      2-1. Жария компания осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 9-1) тармақшаларында көрсетiлген ақпаратты корпоративтiк веб-сайтқа орналастыруға мiндеттi.

      3. Қоғамның акционерлердiң мүдделерiн қозғайтын қызметi туралы ақпарат беру осы Заңға және қоғамның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
      Егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде ақпаратты жариялау (акционерлердiң назарына жеткiзу) мерзiмдерi көзделмесе, осы ақпарат ол пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жарияланады (акционерлердiң назарына жеткiзiледi).
      Акционерлерге сотта корпоративтiк дау бойынша iс қозғалғаны туралы ақпарат соттың корпоративтiк дау жөнiндегi азаматтық iс бойынша тиiстi хабарламасын (шақыруын) қоғам алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде берiлуге тиiс.
      Қоғам қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты иеленушi қоғам қызметкерлерiнiң тiзiмiн мiндеттi түрде жүргiзудi қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 58-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      80-бап. Қоғамның құжаттары



      1. Қоғамның өз қызметiне қатысты құжаттарды қоғам өзi қызмет еткен бүкiл мерзiм iшiнде қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында белгiленген өзге де жерде сақтауға тиiс.
      Мына құжаттар:
      1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар;
      2) құрылтай жиналысының хаттамалары;
      3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешiмiне) енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар;
      4) қоғамның заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiк;
      5) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      6) қоғамның белгiлi бiр қызмет түрлерiмен айналысуға және (немесе) белгiлi бiр әрекеттер жасауға алған лицензиялары;
      7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлiкке құқығын растайтын құжаттар;
      8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектiлерi;
      9) қоғамның бағалы қағаздар шығаруын мемлекеттiк тiркеудi, бағалы қағаздардың күшiн жоюды растайтын құжаттар, сондай-ақ қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы уәкiлеттi органға табыс еткен есептерiн бекiту;
      10) қоғамның филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ереже;
      11) акционерлердiң жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар мен бюллетеньдер (оның iшiнде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), акционерлердiң жалпы жиналыстарының күн тәртiбiндегi мәселелер жөнiндегi материалдар;
      12) акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу үшiн табыс етiлген акционерлер тiзiмi;
      13) директорлар кеңесi отырыстарының (сырттай өткiзiлген отырыстар шешiмдерiнiң) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның iшiнде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесiнiң күн тәртiбiндегi мәселелер жөнiндегi материалдар;
      14) атқарушы орган отырыстарының (шешiмдерiнiң) хаттамалары;
      15) бар болған жағдайда, корпоративтiк басқару кодексi сақталуға тиiс.
      2. Өзге құжаттар, оның iшiнде қоғамның қаржылық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мерзiм iшiнде сақталады.
      3. Акционердiң талап етуi бойынша қоғам оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшiрмесiн қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен, бiрақ қоғамға осындай талап келiп түскен күннен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей беруге мiндеттi, бұл орайда қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты беруге шектеулер енгiзуге жол берiледi.
      Құжаттардың көшiрмелерiн беру үшiн төленетiн ақы мөлшерiн қоғам белгiлейдi және ол құжаттардың көшiрмелерiн дайындауға жұмсалған шығыстар құны мен құжаттарды акционерге жеткiзiп беруге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы керек.
      Қоғамның қызметтiк, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерiн регламенттейтiн құжаттар оның талабы бойынша танысу үшiн акционерге берiлуге тиiс.Z0 
      Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату

      81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру

      1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiнiп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қоғам бөлiну немесе бөлiнiп шығу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылатын қоғамның кредиторлары осы қоғам борышкер болып табылатын мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын және залалдардың өтелуiн талап етуге құқылы.
      3. Егер қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда өз қызметiн тоқтатса, оның акциялары шығарылымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен күшi жойылуға тиiс.
      Ескерту. 81-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      82-бап. Қоғамдардың бiрiгуi

      1. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.

      2. Қоғамдардың бiрiгуi жолымен құрылатын қоғамның жарғылық капиталы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың өз капиталдарының сомасына тең болады.

      3. Құрылған қоғамның акциялары қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерi арасында мынадай тәртiппен орналастырылады:

      1) құрылған қоғамның әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерi арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны сол қоғамдардың өз капиталдарының арақатынасына сүйене отырып айқындалады;

      2) әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында бөлiнетiн, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын акциялар саны әрбiр қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерi арасында олардың қолында болған қайта ұйымдастырылатын қоғам акциялары санының осы қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.

      4. Қайта ұйымдастырылатын әрбiр қоғамның директорлар кеңесi бiрiгу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру тәртiбi туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.

      5. Бiрiгу туралы шешiм қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады. Акционерлердiң жалпы жиналысының осы шешiмiнде:

      1) қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, акцияларды орналастыру тәртiбi туралы мәлiметтер және бiрiгудiң өзге де талаптары көрсетiлетiн бiрiгу туралы шартты бекiту туралы ереже;

      2) бiрiгу нәтижесiнде құрылатын қоғамның акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы ереже болуға тиiс.

      6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.


      Өткiзу актiсiне қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды және ол қоғамдардың мөрлерiмен расталады.

      7. Қайта ұйымдастырылатын қоғамдар өздерiнiң барлық кредиторларына қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламалар жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi қоса тiркеледi.


      Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      83-бап. Қоғамның қосылуы

      1. Қосылатын қоғамның қосылу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiсiне сәйкес бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады.
      Қосылу жүзеге асырылатын қоғам қосылатын қоғам акциялары сату бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларының осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын орналастыру (өткiзу) бағасына арақатынасына барабар өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлерiне орналастыру (өткiзу) арқылы оның акцияларын сатып алады.
      Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн аталған акциялар жойылады, ал қосылатын қоғамның мүлкi, құқықтары мен мiндеттерi қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың атқарушы органдары басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қойған және сол қоғамдардың мөрлерiмен расталған өткiзу актiсiне сәйкес қосылу жүзеге асырылатын қоғамға берiледi.

      2. Қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы қосылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларға арақатынасына қарай айқындалады.


      Қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының оның орналастырылған (қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының санына арақатынасына сүйене отырып айқындалады.

      3. Қосылатын қоғамның директорлар кеңесi қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, қосылатын қоғамның акцияларын сату тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына шығарады.


      Қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесi өзiне басқа қоғамды қосу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акцияларды орналастыру (өткiзу) тәртiбi, мерзiмi және бағасы туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының шешуiне енгiзедi.

      4. Қосылу туралы шешiм қосылу жүзеге асырылатын қоғам мен қосылатын қоғам акционерлерiнiң бiрлескен жалпы жиналысында әрбiр жеке қоғам акционерлерiнiң айқын басым көпшiлiк даусымен қабылданады.


      Акционерлердiң бiрлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешiмiнде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жерi, қосылатын қоғам акцияларын сату бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, қосылудың өзге де талаптары мен тәртiбi болуға тиiс.

      5. Қосылатын қоғам, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғам өзiнiң барлық кредиторларына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға өткiзу актiсi, сондай-ақ қосылу жүзеге асырылатын қоғамның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiмет қоса тiркеледi.


      Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      84-бап. Қоғамның бөлiнуi

      1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.
      Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.

      2. Қайта ұйымдастырылған акционерлiк қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады.


      Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады.

      3. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары және бөлiну балансын бекiту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгiзедi.

      4. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртiбi мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.

      5. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы қоса тiркеледi.


      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      85-бап. Қоғамның бөлiнiп шығуы

      1. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып, оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.
      Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс.
      Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.

      2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.


      Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

      3. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын өз акционерлерiне ғана орналастырады (өткiзедi), бұл орайда қайта ұйымдастырылатын қоғамның акциялары ғана төлем ретiнде жүредi. Бөлiнiп шыққан қоғамның акционерлерiне берiлетiн акциялардың саны қайта ұйымдастырылатын және бөлiнiп шыққан қоғамдар акциялары баланстық құнының арақатынасына сүйене отырып айқындалады.

      4. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөлiну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгiзедi.

      5. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткiзу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.

      6. Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбiр қоғамның атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
      Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      86-бап. Қоғамды қайта құру

      1. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған ауысады.
      Қоғам «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда дербес бiлiм беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.

      2. Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртiбi мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртiбi туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгiзедi. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушының қатысу үлесi немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайы осы қатысушының қайта құрылатын қоғамда ие болған қоғам акциялары санының қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санына арақатынасына барабар айқындалады.

      3. Қайта құрылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртiбi мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртiбi туралы шешiм қабылдайды және өткiзу актiсiн бекiтедi.

      4. Қайта құру кезiнде құрылатын жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерiнiң бiрлескен отырысында Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес оның құрылтай құжаттарын бекiту және органдарын сайлау туралы шешiм қабылдайды.

      5. Акциялар шығарылымының күшi жойылған күнi қоғамның тiркеушiсi жасаған акционерлер тiзiмiне енгiзiлген тұлғалар акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.
      Ескерту. 86-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы


              сот шешiмiн орындамаудың салдары

      1. Егер қоғамның сот шешiмi бойынша бөлiну немесе бөлiнiп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргiзуге уәкiлеттi органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешiмде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн сенiмгер басқарушы тағайындайды және оған бөлiну немесе бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.


      2. Сенiмгер басқарушы тағайындалған кезден бастап оған директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысының осы Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру талаптарын айқындау жөнiндегi өкiлеттiктерi ауысады.
      3. Қоғам атынан әрекет жасайтын сенiмгер басқарушы бөлiну балансын жасайды және оны бөлiну немесе бөлiнiп шығу нәтижесiнде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекiтiлген құрылтай құжаттарымен бiрге соттың қарауына бередi. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамдарды мемлекеттiк тiркеу сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

      88-бап. Қоғамды тарату

      1. Қоғамды ерiктi түрде тарату туралы шешiм Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес кредиторлармен келiсiмдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсiмiн белгiлейтiн акционерлердiң жалпы жиналысында қабылданады.

      2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қоғамды мәжбүрлеп таратуды сот жүзеге асырады.


      Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделi тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкiн.

      3. Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешiмiмен тарату комиссиясы тағайындалады.


      Тарату комиссиясы қоғамның таратылуы кезеңiнде оны басқару және тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген iс-әрекет жасау жөнiндегi өкiлеттiктерге ие болады.
      Ерiктi тарату кезiнде тарату комиссиясының құрамына қоғам кредиторларының өкiлдерi, iрi акционерлердiң өкiлдерi, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiне сәйкес өзге де адамдар енгiзiлуге тиiс.

      4. Қоғамды тарату рәсiмi және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      5. Қоғамды тарату кезiнде оның жарияланған, оның iшiнде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жойылуға жатады.
      Ескерту. 88-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкiн акционерлер


              арасында бөлу

      1. Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн акционерлер арасында бөлудi тарату комиссиясы мынадай кезектiлiкпен жүзеге асырады:

      1) бiрiншi кезекте - осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиiс болатын акциялар бойынша төлемдер;

      2) екiншi кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтердi төлеу;

      3) үшiншi кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтердi төлеу.
      4) (алып тасталды)
      5) (алып тасталды)

      2. Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.


      Егер таратылатын қоғамның мүлкi есептелген, бiрақ төленбеген дивидендтердi төлеуге және артықшылықты акциялардың құнын өтеуге жеткiлiксiз болса, аталған мүлiк, осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып, түгелдей осы санаттағы акционерлер арасында оларға тиесiлi акциялардың санына қарай бөлiнедi.
      Ескерту. 89-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

      90-бап. Өтпелi ережелер

      1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге және қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, осы Заңның 10-бабына сәйкес келтiруге не қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе оны таратуға мiндеттi.

      2. Қоғам осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган оны мәжбүрлеп тарату не оны қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру туралы сотқа өтiнiш беруге құқылы.P0 

      3. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн акциялар ұстаушылардың тiзiлiмiн жасауды, жүргiзудi және сақтауды дербес жүзеге асырған қоғам осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш айдың iшiнде қоғамның тiркеушiсiн сайлау туралы шешiм қабылдап, оған қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн құрайтын құжаттарды беруге мiндеттi.
      Ескерту. 90-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      91-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; N 24, 1072-құжат; 2001 ж., N 23, 321-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi
1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет