Акцияларды шығару проспекті Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер: Қоғамның толық атауы: қазақ тілінде –



Дата24.02.2016
өлшемі103.96 Kb.
#15310
Акцияларды шығару проспекті


  1. Акционерлік қоғам туралы жалпы мәліметтер:

2. Қоғамның толық атауы:

- қазақ тілінде – «Культторг» Акционерлік қоғамы

- орыс тілінде – Акционерное общество «Культторг»
Қоғамның қысқартылған атауы:

- қазақ тілінде – «Культторг» АҚ

- орыс тілінде – АО «Культторг»
3. Алматы көтерме базасы КСРО Сауда Министрлігінің 1954 ж. 30 наурыздағы №398 бұйрығының негізінде құрылған.

Ленин аудандық Халық депутаттары кеңесінің Атқарушы органының 1991 жылғы 02 шілдедегі № 11/1912 шешімімен «Культторг» жалдау кәсіпорыны ретінде танылған, ол КСР Одағының Жалдау туралы заңының негізінде әрекет жасады.

Еңбек ұжымының 1992 ж. 24 наурыздағы шешімінің, №4 хаттама және Алматы мемлекеттік мүлік жөніндегі қалалық комитетінің 1992 ж. 27 шілдедегі №243 бұйрығының негізінде ашық үлгідегі Акционерлік қоғам құру туралы 1992 ж. 30 қыркүйекте күшіне енген Құрылтайшы келісім-шартқа қол қойылды.

«Культторг» ашық үлгідегі Акционерлік қоғамын алғашқы мемлекеттік тіркеудің уақыты 1995 ж. 12 сәуір. 2000 ж. 23 наурызда «Культторг» Жабық акционерлік қоғамына қайта тіркеу жүргізілді, 2002 ж. 20 тамызда Жабық акционерлік қоғамынан «Культторг» Ашық акционерлік қоғамына қайта тіркеу жүргізілді.

2005 ж. 15 қарашада акционерлердің жалпы жиналысымен «Культторг» Акционерлік қоғамының жарғылық капиталын көбейту туралы шешім қабылданды және қайта тіркеу жүргізілді.

2005 ж. 06 желтоқсанда Алматы қ. Әділет Департаментінде заңды тұлғаны ААҚ-дан АҚ-ға мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі алынды, тіркеу номері № 2715-1910-АҚ.



4. «Культторг» АҚ Салық төлеушінің тіркеу нөміріне ие 600 500 001 618, ҚҚС төлеуші болып табылады, қосымша құн салығы жөнінде есепке алу туралы Куәлігі бар, серия 60305 № 0086620.

5. Қоғамның орналасқан жері:

Индекс 050050

Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы, Ратушного көш. ,70


6. «Культторг» АҚ-ның «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қалалық филиалында есептік шоты бар № 800 467 480.

7. «Культторг» АҚ қызметінің мәні болып табылады:

  • Көтерме және жеке сауда

  • Дүкендердің, қоғамдық тамақтандыру орындарының желісін (мейрамханаларды, барларды, дәмханаларды), бильярд клубтарын ұйымдастыру

  • Адвокаттық қызметпен байланыспаған ақылы заңгерлік қызметтерді көрсету

  • Көліктің барлық түрлерімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау және жүктерді сақтау

  • Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау және сату

  • Қазақстан Республикасында да, сонымен бірге оның аумағынан тыс жерлерде де көрмелерді, көрме-сатуларды, жәрмеңкелерді, аукциондарды, сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу

  • Делдалдық қызметтерді көрсету, ақылы кеңес беру көмектерін көрсету, түрлі құрал-жабдықтарды жалға беру (алу) және лизингі, көліктік-жөнелтушілік, қоймалық, ендіру қызметтерін көрсету, құрылыс материалдарын өндіру

  • Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен тыйым салынбаған басқа да қызметтің түрлер.

8. Акционерлік қоғамға және оның шығарған акцияларына рейтингтер берілген жоқ. Қоғам қаржылық агенттің мәртебесіне ие емес.

9. Акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

10. Қаржылық есеп берудің аудитін Савенков Владимир Петрович жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Министрлігі Берген мемлекеттік лицензия серия МФ 0000070. Акционерлік қоғам заңгерлік және қаржылық мәселелер бойынша кеңесшілермен келісім-шарттарды бекіткен жоқ.

11. Корпоративті басқару кодексін қабылдау қоғамның Жарғысымен қарастырылмаған.
2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлері)

12. «Культторг» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі 3 (үш) адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің Төрағасы - Казеев Евгений Иванович 1964 ж. т., «Алматыэнергосервис» АҚ-ның Президенті лауазымын иеленген.

Директорлар кеңесінің мүшелері:

Бөлекбаева Галина Юрьевна 1960 ж.т., «Культторг» АҚ-ның жалпы мәселелер жөніндегі. Директорының лауазымын иеленген.

Кулагина Людмила Александровна 1955 ж.т., «Алматыэнергосервис» АҚ-ның заңгерлік басқармасының бастығы.

Екі жылдың ішінде Директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс болған жоқ. Директорлар кеңесінің мүшелері «Культторг» акционерлік қоғамының акцияларына ие: Г.Ю. Бөлебаева – 1 акцияға, Л.А. Кулагина– 5 акцияға, оның үлесі 01,% құрайды.

13. Акционерлік қоғамның жалғыз атқарушы органы – Президент.

Акционерлік қоғамның атқарушы органының қызметін жүзеге асыратын тұлға «Культторг» АҚ-ның Президенті болып табылады. Қоғамның Президенті болып Беспалов Вячеслав Михайлович сайланған, 1955 ж.т.



14. Қоғамның осы проспектінің 12 тармағында көрсетілген тұлғаға соңғы қаржылық жылда төленген және ұсынылған сыйақылар мен жалақының, сондай-ақ жеңілдіктердің жалпы сомасы құрайды:

Г.Ю. Бөлекбаева 600 000 (алты жүз мың) теңге жалақы алды, қалған мүшелер ештеңе де алған жоқ.

Қазіргі уақытта «Культторг» АҚ-да 53 адам жұмыс істейді, оның ішінде басшылары: «Культторг» АҚ-ның Президенті, қаржылық директор, бас бухгалтер, жалпы мәселелер жөніндегі директор, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор, коммерциялық директор.

Жеке саудада 17 адам жұмыс істейді.

«Культторг» акционерлік қоғамының акцияларын иеленгендер – үш адам: Д.Г. Сатвалдинова, Е.Н. Карпенко, Д.М. Абдрахманова, орналастырған акциялардың жалпы санындағы олардың жиынтық үлесі 5,1%.

16. Акционерлік қоғамның құрылтайшылары:

«Культторг» АҚ-ның акционерлері жеке тұлғалар және заңды тұлға болып табылады. Жеке тұлғалардың арасында орналастырылған акциялардың он және одан да көп пайызын иеленген акционерлер:

1. Бұрабаев Темірбек Қайыпбайұлы, жеке куәлігі № 010047928 орналастырған акциялардың 13% ие.

Заңды тұлға «Алматыэнергосервис» АҚ «Культторг» АҚ-ның орналастырған акциялардың 60,4 % ие.

«Алматыэнергосервис» АҚ Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі, 15.

«Алматыэнергосервис» АҚ-ның Президенті Е. И. Казеев болып табылады.



17. «Культторг» АҚ басқа акционерлік қоғамдарда ірі акционер болып табылмайды.

18. Акционерлік қоғам өндірістік, банктік, қаржылық топтарға, холдингтерге, концерндерге, қауымдастықтарға, консорциумдарға қатыспайды.

19. «Культторг» Акционерлік қоғамының 12 т. көрсетілгендерден басқа кіріккен тұлғалары жоқ.

20. Кіріккен тұлғалармен мәмілелер жасалған жоқ.


3. Акционерлік қоғамның қызметінің сипаты.

21. Ұйымдастырушылық-құқықтық түрінің көптеген өзгерулеріне қарамастан, «Культторг» компаниясының жарты ғасырдан асатын тарихы бар. 1954 ж. Алматы көтерме базасы ретінде құрылған, «Культторг» Акционерлік қоғамы, нарықтық қайта құрулардың барлық қиындықтарына қарамастан саудадағы өзінің бейнесін өзгерткен жоқ: жеткізушілер мен сатып алушылар қазіргі уақытқа дейін «Культторг» АҚ-ны халық тұтынатын тауарлармен кең көлемде сауда жасайтын ірі сауда ұйымы ретінде таниды. Қазіргі уақытта «Культторг» АҚ мәдени тауарлар (кеңсе тауарлары, ойыншықтар, шырша әшекейлері, карнаваль киімдері, оқушының дәптерлері, қағаз-тазалаушы тауарлар, тұрмыстық техника) мен тағам өнімдерінің барлық топтарын сатуды жүргізуде.

22. «Культторг» Акционерлік қоғамы жаңа жылдық тауарларды сатуда монополист болып табылады, бұл сатудың табыстылығында оңды фактор болып табылады.

23. «Культторг» Акционерлік қоғамының пиротехникалық өнімдерді сату жөніндегі лицензиясы бар, басқа лицензиялары жоқ.

24. 2004 жылға тауар айналымы – 134108,0 мың теңгені, 2005 жылға - 187115,8 мың теңгені құрады, тауар айналымының көбеюі 35,8%, бұл 48007,8 мың теңгені құрайды.

25. «Культторг» АҚ-ның жеткізушілермен ұзақ мерзімдік келісім-шарттары бар, фирма «Экорт» ЖШҚ кеңсе тауарларын, Ресей Федерациясында шығарылған екі мыңнан астам өнімдердің түрі. ПКП «Сыктывкарские бумажные изделия» ААҚ оқушы дәптерлерін, офистік техникаға арналған қағаздарды жеткізуге.

Shenzhen LTD (Қытай), Conson Industrial LTD шыршаларды, шыршаның әшекейлерін, карнаваль киімдерін жеткзуге және басқа да әріптестер мен жеткізушілер.

Жоғарыда аталған жеткізушілердің барлығы да сапалы және бәсекеге қабілетті тауарды жеткізеді. Осы келісім-шарттар бойынша «Культторг» АҚ барлық жеткізушілермен 1993 ж. қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп келеді, тауарды жеткізу мен жаппай сатуда өзінің де тәжірибесі бар.

26. «Культторг» Акционерлік қоғамы тауар экспортын жүргізбейді. Сату Қазақстан Республикасында жүргізіледі.

«Культторг» АҚ-ның әкімшілік жауапқа тартылулары жоқ. Сондай-ақ әріптестерімен, жеткізушілермен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен сот үдерістері жоқ.

Құнсыздануға қатысты өткізілетін өнімінің бәсекеге қабілеттігіне байланысты қауіптілік факторлары жоқ.
4. Қоғамның қаржылық жағдайы

27. «Культторг» АҚ «БанкЦентрКредит» АҚ-ның акционері болып табылады, 2001 жылғы 28 желтоқсандағы Сатып алу-сату келісім-шартына сәйкес номиналды құны 200 (екі жүз) теңгеден саны 5000 (Бес мың) дана құнды қағаздар 1 000,0 мың (бір миллион) теңгенің сомасына сатып алынды. Сонымен бірге басқа ұйымдардағы ұзақ мерзімдік инвестициялары мен капиталы жоқ.

Соңғы үш жылдың ішінде банктык қарыздарды пайдаланған жоқ.

2003 жылы ірі акционер «Алматыэнергосервис» АҚ-дан жеткізушілерден тауарларды сатып алуға 86700,0 мың теңге алынды және мерзімінен бұрын толығымен қайтарылды.

2004 ж. акционері «Алматыэнергосервис»-тен тауарларды сатып алуды қаржыландыру үшін 75020,0 мың теңгенің сомасына ақша қаражаттары алынды және уақытылы әрі толығымен өтелді.



28. Негізінен, тауарлар үшін бірқатар ірі Ресейлік жеткізушілерге тауарлар үшін алдын ала төлем жүргізілгендіктен, дебиторлық қарызы бар. Мерзімі ұзартылған дебиторлық қарызы жоқ.

29. «Культторг» АҚ Алматы қ. үлкен мөлшердегі тауарларды сақтауға бейімделген, жалпы алаңы – 12 500 шаршы м. кең қоймалық жайларға ие, сондай-ақ Астана қ. 780 шаршы м. қоймасы бар. Сонымен бірге, Алматы қ. және Қазақстанның басқа қалаларында жеке саудаға арналған дүкендердің таралған желісі бар.

  1. «Атын Ай» дүкені, Гоголь көш., 75 – 427 шаршы м.

  2. «AESmarket» дүкені, Шолохов көш., 13 – 799 шаршы м.

  3. «AESmarket» дүкені, Алтынсарин көш., 8 – 920 шаршы м.

  4. Астана қ. дүкен, Ломоносов көш., 54 – 79 шаршы м.

  5. Павлодар қ. дүкен, Торайғыров көш., 59 – 144 шаршы м.

  6. Көкшетау қ. дүкен, Абай көш., 150 – 790 шаршы м.

  7. Ақсу қ. дүкен, Әуэзов көш., 71 – 927 шаршы м.

«Культторг» АҚ-ның активтері тұрақты түрде артуда, қоймаларында 58000,0 мың теңге сомасына тауарлық-материалдық құндылықтары бар.



30. АҚ-ның 12.12.2005ж. жай-күйі бойынша жарғылық капиталы 48552,0 мың теңгені құрайды, сонымен бірге жеке капиталы 130259,0 мың теңгені құрайды, бұл жаңа жарғылық капиталдан 81707,0 мың теңгеге артық, жарғылық капитал 48552,0 мың теңгенің сомасында толық қалыптасқан және активтермен қамтамасыз етілген.

31. «Культторг» АҚ облигацияларды шығаруды жүзеге асырған жоқ, банктік қарыздары мен несиелік желілері жоқ.

32. Несиелік қарызы негізінен Қытайдағы жеткізушісіне байланысты пайда болды. Біз 1998ж. сатуға ТМҚ алдық, олардың таратылуымен байланысты жеткізушілерден шағымдар жоқ, мерзімі ұзартылған несиелік қарыздары жоқ.
5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы.

33. «Культторг» АҚ банк аралық займдардың нарығына қатыспайды. «Культторг» АҚ-ның банктерде депозиттері жоқ.

34. «Культторг» АҚ-ның банктерде депозиттері жоқ, басқа ұйымдардан ашық несиелік желілері жоқ.

35. «Культторг» АҚ шет елдік мемлекеттің заңына сәйкес тіркелген облигациялардың шығарылымына ие емес.

36. «Культторг» АҚ-ның халықаралық қарыздары жоқ.

37. «Культторг» АҚ-ның басқа ұйымдардан алған ашық несиелік желілері жоқ.

38. Қаржылық нәтижелердің талдауы. Дайын өнімдерді сатудан түскен табыс 2004ж. 135038 мың теңгені, 2005ж. 207360,0 мың теңгені құрады, көбею 53.5% немесе 73322,0 мың теңгенің сомасына.

Сонымен бірге таза табыс 2004 жылы 32703,0 мың теңге, 2005 жылы 37261,0 мың теңге болды, таза табыстың өсуі 13,9% немесе 4533,0 мың теңге. Бес жылдың ішінде орташа есеппен 12,5% таза табыстың өсуі жүруде.

Болашақ жылдарға болжамда таза табыстың көлемінің өсуі орташа есеппен 15% болады.

39. Соңғы екі жылдағы табыстары мен шығындарының құрылымы:

- негізгі емес қызметінен 2004 жылы 39478,0 мың теңге табыс алынды, 2005 жылы негізгі емес қызметінен 58975,0 мың теңге табыс алынды, табыстардың өсімі 49,3% немесе 19497,0 мың теңгені құрайды.

Сонымен бірге кезеңдегі шығындар 2004 жылға 74022,0 мың теңгені, 2005 жылға – 76154,0 мың теңгені құрады немесе шығынның артуы 2,8%.

Жоғарыда көрсетілгендей табыстың артуы 49,3%, шығынның артуы 2,8%, бұл оңды көрсеткіш.



40. Қаржылық коэффициенттердің есебі: бұл таза табыстың өткен жылғымен салыстырғандағы артуы. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 2004 жылғымен салыстырғанда 13,9% құрады.

Кәсіпорынның тұрақтылығы таза табыстың 8,9% өсімін қамтамасыз етеді.

41. «Культторг» АҚ-ның акцияларын шығару проспектінің уақытында Қазақстан Республикасының заң актілері сақталған.

42. «Культторг» АҚ кепілдерді берген жоқ.

43. «Культторг» АҚ-ның соттық талаптарға байланысты кепілдері жоқ.
6. Құнды қағаздарды шығару туралы мәлімет

44. «Культторг» АҚ құнды қағаздарды шығаруды жүргізген жоқ.
7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлімет.

45. Акциялардың барлығы 16 184 (он алты мың бір жүз сексен төрт) дана. Оның ішінде:


  • жай акциялар номиналды құны 3 000 (үш мың) теңгеден – 15 881 (он бес мың сегіз жүз сексен бір) дана.

  • артықшылықты акциялар номиналды құны 3 000 (үш мың) теңгеден – 303 (үш жүз үш) дана.

Акцияларды акционерлердің арасында орналастыру:

Заңды тұлға – акционер «Алматыэнергосервис» АҚ барлығы 1829 (Бір мың сегіз жүз жиырма тоғыз) дана орналастырылған акцияларға ие, олардың ішінде:


  • жай акциялар номиналды құны 3 000 (Үш мың) теңгеден – 1625 (Бір мың алты жүз жиырма бес) дана.

  • артықшылықты акциялар номиналды құны 3 000 (Үш мың) теңгеден – 204 (Екі жүз төрт) дана.

Акционерлер жеке тұлғалар барлығы 1 201 (Бір мың екі жүз бір) дана акцияларға ие, олардың ішінде:

  • жай акциялар номиналды құны 3 000 (Үш мың) теңгеден – 1102 (Бір мың бір жүз екі) дана.

  • артықшылықты акциялар номиналды құны 3 000 (Үш мың) теңгеден – 99 (Тоқсан тоғыз) дана.

(Тізім қосымша тіркеледі)

Қосымша 39 462 000 (Отыз тоғыз миллион төрт жүз алпыс екі мың) теңгенің сомасына номиналды құны 3 000 (Үш мың) теңгеден саны 13154 (он үш мың бір жүз елу төрт) дана жай акциялар орналастырылады. Жай акциялардың барлығы 15 881 – орналастырылғандары 1625 – 1102 = 13 154 дана



46. «Культторг» АҚ-ның айырбасталатын құнды қағаздары жоқ.

47. Төлем агенті жоқ.

48. Тіркеуші туралы мәлімет:

Ресми атауы: «Регистраторский сервис» АҚ

Орналасқан жері: Алматы қ., Мәуленов көш., 85/91 офис – 84

тел/факс (8-3272) 505-893, 676-101

19.04.2004 ж. күшіне енген лицензияның номері № 0406200287.

Тіркеушімен келісім-шарттың уақыты және номері:



2005 жылғы 08 қыркүйектегі құнды қағаздарды ұстаушылардың тізімдерін жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге № 46 Келісім-шарт тапсырмасы.
8. Қосымша ережелер

49. Акцияларды шығару – құжатсыз, шығындар жоқ.

50. Инвесторлар қоғамның жарғысының, акцияларды шығару проспектісінің көшірмесімен, осы құжаттарға өзгертулермен және толықтырулармен, акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есебімен «Культторг» АҚ-ның орналасқан жері бойынша: Алматы қ., Ратушного көш., 70, сондай-ақ баспасөз басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде таныса алады.

«Культторг» АҚ-ның

Президенті В. М. Беспалов
«Культторг» АҚ-ның

Бас бухгалтері Д. Г. Сатвалдинова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет