Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет19/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
дулат исабеков

1-кезең. ХХ ғ. 20-45 жж. «Тілтану» парадигмасының қалыптасуы. Негізгі 
өкілдері: А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов және т.б. 
2-кезең. ХХ ғ. 45-70 жж. Тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы. 
Негізгі өкілдері: Н. Сауранбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, І. Кеңесбаев және 
т.б. 
3-кезең. ХХ ғ. 65-85 жж. Тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық 
парадигмасы. Негізгі өкілдері: К. Аханов, Т. Қордабаев, Ә. Хасенов және т.б. 
4-кезең. ХХ ғ. 70 жж. мен аяқ шені. Тілтанымдық этюдтер парадигмасы. 
Негізгі өкілдері: Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, Ә. Болғанбаев, 
Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақ, С. Исаев, Ө. Айтбаев, М. Серғалиев, Ж. Манкеева 
және т.б. 
5-кезең. ХХ ғ. а. мен бүгінгі күндер. Қазіргі когнитивтік парадигмалар [23, 
17 б.].
Зерттеуші осы кезеңдер бойынша қазақ тіл біліміндгі антропоөзектік 
парадигманың өрістеуін талдап көрсеткен. Оған қоса, қазақ тіл білімінде 
когнитивтік теорияның қалыптасып дамуына, тілтаным теориясының 
әдіснамалық негіздеріне толық ғылыми-талдамалық сипаттама берген. 
Антропоцентристік парадигма аясында өрістеп отырған ғылыми 
бағыттардың бірі – әлеуметтік лингвистика. Ғалым А. Абасиловтың 
«Әлеуметтік лингвистика» [39] еңбегі – бүгінде қазақ тіліндегі ізденушілер 
үшін таптырмас құралдардың бірі. Себебі бұл сала бойынша көбіне орыс 
тілінде ақпарат табуға болады. Ғалым оқу құралына қосымша ретінде 
«Әлеуметтік лингвистика сөздігін» [40] де оқырманға ұсынған. Бірінші аталған 
оқу құралында тілдік қауымдастық, тілдік тұлға, тілдік қабілет, тілдік 
норма, тілдік және тілдік емес қарым-қатынас, тілдік жағдаят, сөз 
мәдениеті, сөйлеу актісі, интерференция сынды ұғымдарға тоқталған. Оған 


37 
қоса, 
әлеуметтік 
лингвистика 
саласының 
синхронды, 
диахронды, 
макроәлеуметтік, микроәлеуметтік деген бағыттарын бөліп көрсеткен. 
Әлеуметтік лингвистика тіл мен қоғамның ажырамас байланысы негізінде 
қалыптасқан сала болғандықтан, А. Абасилов та тіл мен қоғам тақырыптарын 
ерекшелеп берген. Ғалым тіл мен қоғамға арналған бөлімде тілдің өмір сүру 
формаларына, қоғамдық қызметіне, қызметтік типологиясыне, қызмет ету 
салаларына, қызмет етуі мен дамуына әсер ететін факторларға тоқтала келіп, 
олардың әлеуметтік лингвистика саласы мен жалпы халық үшін маңыздылығын 
көрсеткен. Сонымен қатар бұл саланың негізгі терминдеріне жататын әдеби 
тіл, диалектілер, койне, пиджин, креол, арго, жаргон, сленг деген ұғымдарға да 
тоқталған. Бұл ұғымдардың қай-қайсы да адам тіліне тікелей байланысты 
екенін ғалым тілдік деректермен дәйектеген. Ал сөздігінде әлеуметтік 
лингвистиканың өзекті мәселелеріне қатысты ұғымдар мен түсініктерді, сол 
салаға тиісті негізгі терминдерді әліпби жүйесімен берген.
Бүгінгі қазақ тіл біліміндегі зерттеулерден жаңа бағытқа сай 
антропоөзектік үрдісі кең өріс алуда. Атап айтсақ: Г. Қосымова «Қазақ 
шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы» [41], Ж. Жақыпов «Қазақ 
тілінің 
функционалдық 
синтаксисі» 
[42], 
Б. Тілеубердиев 
«Қазақ 
ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» [43], А. Ислам «Ұлттық 
мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы 
лингвомәдени 
сараптама» 
[44], 
Б. Сүйерқұл 
«Хорезмидің 
«Мұхаббатнамесіндегі» (XІV ғ.) лингвосемиотикалық кеңістік» [45] Н. Аитова 
«Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы» [46], 
А.Сейілхан «Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық 
мәні» [47], С. Жапақов «Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері» 
[48], М. Күштаева «Тары» концептісінің семантикалық құрылымы мен 
лингвомәдени мазмұны» [49], А. Әмірбекова «Концептілік құрылымдардың 
поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М. Мақатаев поэзиясы 
бойынша)» [50], Ә. Айтпаева «Бесік жырларының этнолингвистикалық 
сипаттамасы (қазақ, орыс, неміс тілдерінің материалдары бойынша)» [51], 
А. Байғұтова «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты» [52], 
Ш. Жарқынбекова «Концепты цвета в казахской и русской культурах» [53], 
Г. Сағидолдақызы «Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны 
(Қазақ және монғол тілдерінің материалдары бойынша)» [54], Г. Шоқым 
«Тілдің гендерлік жіктелімінің ғылыми негіздері» [55], т.б.
Мысалы, қазақ тілінің дамып қалыптасу тарихын ортағасырлық 
ескерткіштер тілінің негізінде зерттеген ғалымдардың бірі – Б. Сүйерқұл. Бұл 
мәселе әдетте құрылымдық жүйеге сай тарихи-салыстырмалы әдіс негізінде 
қарастырылса, ғалымның Хорезмидің шығармашылық тілдік тұлғасына сай 
поэтикалық мәтінін лингвосемиотика, лингвокогнитивтік аспект тұрғысынан 
қарастырып, соның негізінде Хорезмидің «Мұхаббатнамесінің» тіліне 
концептілік талдаулар жүргізуі тіл тарихын зерделеудің жаңа үлгісі, 
көнетүркілік тілдік жүйемен салыстырып, антропоөзектік парадигма аясында 
қарастырудың бастамасы деуге болады.


38 
Еңбекте қыпшақ ақыны Хорезми шығармасындағы «сенім», «махаббат», 
«сұлулық» концептілері автор танымы тұрғысынан жан-жақты талданып, бұл 
ұғымдардың тілдік көрінісі ғаламның тілдік бейнесімен байланысты зерттеледі. 
Автор ақынның дастанда көрініс тапқан индивидуалды концептуалдық әлемін 
ауқымды бір өріс ретінде қарап, ондағы «сенімді» (діни сенім) барлық 
концептілердің өзегі, негізі, ядросы ретінде алады, ал оның шеткері 
аймақтарында «махаббат» және «сұлулық» концептілерін көрсетеді. Мәселен, 
«сұлулық» концептісі ақын танымында Тәңірмен байланыстырылады, ол – 
жаратушының ерекше сипаты, қасиеті, сұлулыққа ие болған адам оны хақ 
тағаланың сыйы деп қабылдауы керек. Ғалым автор қолданысындағы бұған 
дейінгі өзге шығармаларға арқау болған философиялық концептілердің 
шығармашылық процесс кезінде прагматикалық ұстанымға сай көркем 
концептіге айналып, түрленуі ерекше, бейстандарт мазмұндағы көркем 
қолданыстардың тууына негіз болатынын дәлелдейді. «Хорезмидің мәңгілік 
мекені болатын – о дүниедегі игіліктерден бұ дүниеде отырып бас тартуы – 
оның өмірлік кредосын көрсетпейді, тек көркем мәтінге айрықша сипат беріп, 
қабылдаушы санасын бір рет дүр сілкіндіретіндей, тыңдаушы (оқырман) 
санасында белгілі бір эмоционалдық реакция тудыратындай әсерлі 
прагматикалық тәсіл ретінде ғана түсінілуі тиіс» [45, 192 б.].
Сонымен бірге ғалым «Мұхаббатнамені» семантикалық оппозицияға 
құрылған көркем дүние ретінде қарап, ондағы «ер – әйел», «бай – кедей», 
«сұлтан – қарапайым адам», «өзім – өзге», «жер – көк» оппозициялық 
жұптарының автор танымындағы эксплицитті және имплицитті көріністерін 
мәтін арқылы дәлелдеп көрсетеді. Автор аталған ескерткіш тіліндегі 
фразеологизмдердің, эмотивті лексиканың, синоним сөздердің, етістіктердің 
семантикалық сипатын саралай отырып, олардың ақынның дүниетанымына, 
эстетикалық талғамына орай жұмсалу ерекшеліктерін анықтайды. Сайып 
келгенде, зерттеу үрдісінде антропоөзектік қағидаға табан тірейді.
Г. Қосымова жоғарыда аталған зерттеу жұмысында шешендік сөздердегі 
тілдік танымға, шешендік танымның қалыптасуындағы пайымдаудың рөліне, 
шешендік тілдің логикамен байланысына тоқталып, антропоөзектік парадигма 
бағытының белгілерінің бірі тіл тазалығы мен тіл мәдениеті мәселелерін 
жұмысының өзегіне айналдырған [41]. 
Зерттеуші Ж. Сұлтан «Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың 
Қ. Жұбанов мұраларындағы көрінісі» атты еңбегінде қазақ тіл білімінің тұңғыш 
профессорының ғылыми еңбектерін антропологиялық парадигма тұрғысынан 
бағалап, талдайды [56]. Атап айтқанда, Қ. Жұбанов еңбектеріндегі әлеуметтік 
лингвистика, 
этнолингвистика, 
лингвомәдениеттану, 
психолингвистика, 
когнитивті лингвистика, гендерлік лингвистика салаларының нышандары мен 
белгілерін анықтап, соның нәтижесінде Қ. Жұбановтың антропоөзектік 
парадигма негізінде қалыптасқан тұжырымдарын іштей жіктеп кесте түрінде 
көрсеткен. 
Көркем мәтін тілін антропоөзектік тұрғыдан зерттелген жұмыстардың 
қатарын толықтыратын тағы бір еңбек – Г. Сабированың «Көркем тілді 
адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу (Ж. Нәжімеденов өлеңдері тілі 


39 
негізінде)» атты кандидаттық диссертациясы. Мұнда автор ақынның ұлттық 
болмысын оның өлеңдерінде кездесетін мәдени кодтарды тілдік кілті арқылы 
ашуға тырысады. «Ұлттық әдебиет халықтың әдеби тілімен жазылып, оның өн 
бойында мәдени код жатады. Оны әр қаламгер әртүрлі пайдаланады. Жұмекен 
болса, мәдени кодты – ұлттың ұлттық қасиетін танытатын ақпараттарды ХХ ғ. 
60-жылдары әдебиетке келген М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, М. Мақатаев, т.б. 
қаламгерлер сияқты астарлауға пайдаланған ақын» [57].
Сонымен қатар Қ.Кенжеқанова қазіргі ғылыми парадигмалар аясындағы 
БАҚ тілін, коммуникациялық үдерістер мен прагматикалық қызметті жүзеге 
асырушы журналистер тіліндегі саяси дискурсты, коммуникативтік үдерісті 
жүзеге асырудағы саяси дискурстың когнитивтік компонеттерін зерттеген [58]. 
А.Байғұтова 
«Қазақ 
әйелі» 
концептісінің 
этномәдени 
сипаты» 
тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында қазақ тілінде қалыптасқан 
«Қазақ әйелі» концептісін мынадай антропоөзектік жүйе аясында анықтайды: 
миф желісіндегі, Абай өлеңдеріндегі, Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы қазақ 
қоғамындағы, тарихындағы, мәдениетіндегі қазақ әйелінің тұлғалық 
болмысына, қызметіне, танымына талдау жұмыстарын жүргізген. Сонымен 
қатар бұл – тіл мен таным, тіл мен мәдениет сабақтастығына, санаға қатысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет