97
4) қоғамға танымал адам болуымен қатар әлеуметтік маңызды адам болуы;
5) сөйлеуде тілдік қазынаны пайдаланумен қатар жаңа үлгілерді жасай
білуі [130].
Адамның өмірге келуінен бастап қоршаған ортасы, яғни отбасы мүшелері
баланы түрлі ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады.
Бұл жерде ата-ананың қай
тілде қарым-қатынас жасайтыны да аса маңызды болып есептеледі. Ана тілінде
ойлап, ана тілінде сөйлейтін баланың тілдік тұлғасы да ана тілінде болмақ.
Демек, тілдік тұлға дегеніміз тілдің ғылыми тұжырымдары ғана емес, адамның
аялық білімі де. Сонымен қатар әлемнің тілдік көрінісі негізінде анықталатын
суреткердің таным әлемі. Бұлай дейтініміз, бүгінгі таңда ақын-жазушылардың
тілін зерттеуде ғалымдардың негізгі тоқталатын мәселесі – осы тілдік тұлға.
Автордың тілдік тұлғасы шығарманың көркем әрі сауатты жазылуына тікелей
әсер етеді. Себебі шығарма мазмұн мен идеядан ғана құрылмайды, сол мазмұн
мен идеяны оқырманға жеткізетін тілдік бірліктерден де тұрады.
Қазіргі таңда ғылыми еңбектерде тілдік тұлғаға тән мынадай белгілер
беріліп жүр:
1) ана тілін жете меңгерген, өз тілінде дұрыс сөйлей алатын тұлға;
2) әлеуметтік өмірге бейімделген, өзіндік қызығушылығы мен машығы бар
тұлға;
3) әдеби тілді шығармашылық деңгейде
тұтынатын және қызмет ету
барысында өзіндік шығармашылығын таныта алатын тұлға [39].
Ана тілінде көркем шығарма жазатын кез келген жазушының өз
деңгейіндегі тілдік тұлғасы болады. Ал оның алған тәрбиесі мен білімі, оқыған
дүниелері шығарманың көркемдігі мен мазмұнына әсер етеді. Белгілі лингвист
В.А.Маслова тілдік тұлғаның бірнеше компонетін атап көрсетеді:
1) құндылық, дүниетанымдық, тәрбие, яғни құндылықтар жүйесі және
өмірдің мәндері;
2) мәдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді
құралы ретінде мәдениетті игеру деңгейі;
3) жеке тұлғалық компонент, яғни, әр адамда бар терең жекелік қасиеттер
[65].
В.А.Маслованың жіктемесі жазушы тұлғасын ашуда көп көмегін тигізетіні
анық. Олай дейтініміз, бала тәрбиеленген
отбасындағы құндылық болып
есептелетін ұғымдар есейген шағында да ол үшін құндылық болып қала береді.
Ал әлемге деген көзқарас, яғни тәрбиемен, туған тілмен дарыған таным мен
мәдениет адаммен өмір бойы бірге болмақ. Отандық тіл білімінің ғалымы
А. Абасилов тілдік тұлғаны лингвистикалық,
әлеуметтік, интелектуалдық,
этикалық, эмоциялық және т.б. бірліктерінің тілде, сөйлеуде, дискурста,
мәтінде жүзеге асырылуы деп көрсетеді. Оған қоса, тілдік тұлға ұғымына тілдік
сана-сезім, сөйлеу мәдениеті,
тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тіл және
мәдениет арасындағы байланыстарды, тілдің өмір сүру формаларын және т.б.
жатқызады.
Ғалымның пайымынша, тілдік тұлға құрылымы үш деңгейден тұрады:
а) вербалды-семантикалық, яғни тілді білу деңгейі;
98
ә) әлемнің тілдік бейнесіндегі ұғым, идея концептісін қоса алғандағы
когнитивті деңгейі;
б) мақсат, уәж, қызығушылық, интенциямен анықталатын
прагматикалық деңгейі.
Демек,
тілдік тұлға дегеніміз
өзі ұлттық тіл ортасында, ұлттық
құндылықтар арасында тәрбиеленген, ұлттық рух пен ұлттық тілді толық
меңгерген жеке адам, бүкіл ұлттық болмысты бойына жинақтаған индивид.
Зерттеу
жұмысының
өзегіне
айналып
отырған
Д.
Исабеков
шығармаларынан автордың тұлғасын тануға әбден болады. Себебі жазушы
тілдік білімі,
аялық білімі, таным мен мәдениеті арқасында көркем туындыны
өмірге әкелді. Туындыдағы әрбір тілдік бірлік автордың түйсігі мен санасын,
танымы мен талғамын толық аралап барып сыртқа шықты. Авторды жанды
десек, шығарма да автормен бірге өмір сүріп келе жанды тірі құбылыс.
Көркем шығарма авторының тұлғасын анықтауда мынадай мәселелер
қарастырылады:
1. Мінез-құлықты феномендік сипаттау мен ажырату мәселесі.
2. Зерттеушінің алдында тұрған міндеттердің кез келген шартына сәйкес
мінез-құлықтың жекелік типологиясының мәселесі.
3. Мінез-құлықтың жекелік бірліктерін талдау мәселесі.
4. Мінез-құлықты қалыптастыру және оның
сыртқы ортамен қатынасы
мәселесі [130].
Автор тұлғасын анықтауда зерттеушілер шығармадағы кейіпкерлер тілін
негізге алады. Автордың кейіпкерді сөйлетуі, түрлі әрекеттер жасатуы арқылы
өзінің ұлттық мәдениетінен хабар береді. Себебі кейіпкерді сөйлететін де,
оқырманды мәтін тануға шақыратын да автор. Бүгінгі ғылымда бұл мәселені
«автор – кейіпкер – оқырман» үштағаны деп атайды.
Кейіпкер тілі арқылы оқырман автордың ұлттық мәдениетін бағалай
алады. Д.Исабековтің тілдік білімі негізінде көркем мәтін көркем болмақ, ал
ұлттық таным мен мәдениеті арқылы терең мазмұнға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: