Аккузова айнур абдыжалиловна


сөйлескенше», «Ашу алдында, ақыл соңында», «Күйеу жүз жылдық, құда



Pdf көрінісі
бет63/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
дулат исабеков

сөйлескенше», «Ашу алдында, ақыл соңында», «Күйеу жүз жылдық, құда 
мың жылдық» сынды мақал-мәтелдер еліміздің ұлттық ерекшелігін таныта 
отырып, оқырманға автордың рухани әлемін тануға мүмкіндік береді. 
Р.Сыздықтың «Мақал-мәтелдер де – дүниенің ұлттық танымы, ұлттық 
философиясы» [60] атты пікірі ойымызды айқындай түседі. 
Д. Исабековтің 
автор 
бейнесі 
кейіпкер 
образында 
жұмсалатын 
шығармаларының бірі – «Ағайындылар» әңгімесі. «Бір ретте үйге келген 


110 
әйелдермен әңгімелесіп отырып, олардың: «Сенің мырзағаң үйленбей тұрғанда 
ерке еді, енді басылайын деді ме, қалай?» 

деген сұрақтарына жеңешемнің: 
«Жо-жоқ, неғылған басылу, әлі бала сияқты, даладан келсе, ағасын құшақтап, 
балалармен алысып, тіпті біреуімен кәдімгідей кергілесіп тасыр-тұсыр етіп 
жүргені. Біз де соған үйреніп қалғанбыз ғой, ол үйде жоқ болса, қашан келеді, 
қашан келеді деп шыдамымыз таусылып отырамыз», 

деген жауабын естіп 
қалғаным бар еді. Менің жеңешем де алтын адам ғой шіркін, жүрегі кең-ақ, 
қашанда күлімсіреп тұрғаны» [93, 206 б.]. Қазақ дәстүрінде бірге туған 
бауырлардың жасы үлкенінің әйелі іні-қарындастарына жеңге болады. Жеңге 
мен қайын сіңлі, қайын іні арасындағы өзара сыйластық қазақи салт-дәстүрді, 
отбасылық, туыстық ынтымақты, сыйластықты құрметтей білуге тәрбиелейді. 
Жеңгелер қайын іні мен сіңлілерін еркелетіп, сері жігіт, төрем, мырза жігіт, 
ерке қыз, сырғалым деген сияқты жарасымды аттар қойып құрметін көрсетеді. 
Бұл дәстүрді қазақта ат тергеу деп атайды. Ат тергеу – байырғы қазақ 
тұрмысында әйелдердің қайын жұртының адамдары мен дүниеден озып кеткен 
ата-бабаларының есімдерін тура атамай, тұспалдап атау дәстүрі [118, 322 б.]. 
Өзге ұлттан ерекшелейтін бұл дәстүрдің нышандары Д. Исабеков 
шығармаларынан да орын алған. «Тіршілік» повесінде де бас кейіпкері 
Қыжымкүл ақ жаулықты әжеге айналса да, әлі күнге ата салттан айнымай
қайныларының атын тура атамайды. «Көсегең... көсегең көгергір Сендібай 
қайным (Теңдібай деп тура атауға жеіңгелік жолы көтермейді)». Автор 
кейіпкерге осындай қасиеттерді телу арқылы тек Қыжымкүлдің ғана емес, 
барша қазақ әйелінің бейнесін ашады. Оны жоғарыдағы мысалдардан да көруге 
болады. Оған қоса, баяншы образындағы Нұржан атты кейіпкердің Шолпан 
жеңгесін «алтын адам» деп сипаттауы арқылы халқымыздың жеңгеге деген 
құрметін, сыйластығын көруге болады. Жалпы ұлтты ұлттық сипатынан 
айырмай, сақтап тұратын салт-дәстүр десек, жазушы осы дәстүрімізді 
бейнелейтін тілдік бірліктерді насихаттау мақсатында және шығарма мазмұнын 
ашу үшін қолданған.
Жоғарыда автордың мәтінінің арғы тұратын, мәтіннің жазылуына себепші 
болатын аялық білім туралы айтылды. Осыған орай жазушының «Қабылан» 
әңгімесінде автордың аялық білімін танытатын мына мәтінге назар аударуға 
болады: «Шын досыңның қимасын сұрама» деген емес пе, Беріш. Өзге 
нәрсемнің қайсысына қолқа салсаң да қой демес ем. Мына қалауың қиын тиіп 
отыр. «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді, бірақ, бір 
қалауымды жерге тастады деп сен де өкпелеме. Құдай о баста итті де 
адамның ырыс-құтымен бірге жаратқан деседі. Демек, оның да несібесі 
иесімен бірге, осы үйдің бір мүшесі сияқты ғой. Бере алмаймын,оған ренжіме» 
[93, 46 б.]. Бұл мәтінде «Шын досыңның қимасын сұрама», «Достың көңілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет