Аккузова айнур абдыжалиловна


әдірем қал-ау, сен, әдірем қал!



Pdf көрінісі
бет70/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
дулат исабеков

әдірем қал-ау, сен, әдірем қал!» сынды қарғыс мәнді оралымдарды 
кездестіруге болады. Осы ретте М.Әуезовтің «Адам баласы бір үлгі аларда, ең 
әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп 
алған үлгі жүрегіне нық орнайды. Біздің бала күнімізден елжіреп сүйетін кісі 
кім? Ол анамыз... Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын 
құлықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген 
анамыздан аламыз. Бұлай болғанда өмірінде ғаділет, мархамет, махаббат 
деген нәрсенің атын естімеген ананың харекеті үй іші мен отбасынан, ғайбат 
өсектен аспаған анадан ақ жүрек, адал ниетті қамқор жан тууы мүмкін бе?... 
Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың 
бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, 
тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» деген 
сөздері ойға келеді [123]. 
Көркем шығарманың тілі сөздің тура мағынасынан өрбитін сөздің 
ауыспалы мағынасы арқылы ажарлана түседі. Оны жүзеге асырушы – автордың 
қиялы мен тілінің көркемдігі негізінде жазушының тілі даралана түседі. 
«Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс 
пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет 
сәйкестілігі негіз болады. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне 
метафора, метонимия, меңзеу, т.б. жатады». Д.Исабековтің шығармаларында 
«тағдырдың мазағы», «мәселенің төркіні», «сезім тұтқыны», «сезім торы», 
«қайғының қара түтіні», «қара жердің жарығы», «көңіл құрты», «сөздің 
майы» сынды ауыспалы мағынадағы жазушының сөз саптаудағы шеберлігін 


120 
танытатын өзіндік тіркестер кездеседі. Сөз тіркесіндегі бағыныңқы мүше 
басыңқы мүшеге ерекше мағына үстеп, оны ажарландыра түскен.
Көркем шығарманың тілі көркем сөз өнеріне ғана тән мазмұнды 
бейнелейді. Оны ашу стилистикалық (кең түрде эстетикалық) талдау арқылы 
жүзеге асады. Сонда көркем әдебиет тілін стилистикалық (кең түрлі 
эстетикалық) талдаудың мазмұны көркем шығармада қолданылған тілдік тұлға 
бірліктердің мағына мәндерін барлық ендіктегі, тереңдіктегі ауытқулармен 
бірге ашудан тұрады. Екінші сөзбен айтқанда, тілдік тұлға бірліктердің 
шығарма мазмұнына қатынасын айқындау – міне,стилистикалық талдаудың 
мазмұнына осы. Көркем шығарманың идеялық мазмұнын автор бейнесымен 
байланыста болатын, өздерінің мағаналық қабаттасулары арқылы біріккен, 
қызметі жағынан сараланған тілдік тұлғалар жүйесі құрайды. Сонда 
стилистикалық талдау арқылы көркем шығарманың идеялық мазмұнын 
бейнелейтін тілдік тұлғалардың қызметтік, эстетикалық өзгеру, ұйымдасу 
заңдылықтары ашылады.
Көркем шығармада көріктеу құралдарының ішінде ең көп кездесетіні – 
теңеу. Ғалым Т.Қоңыров «Қазақ теңеулері» атты еңбегінде теңеудің жасалу 
жолдары мен түрлерін жан-жақты қарастыра келіп, мынадай анықтама береді: 
«Теңеу дегеніміз – ұқсас ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір затқа 
салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-
экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан танытатын әрі 
стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [141, 7 б.]. Теңеуді жан-жақты зерттеген 
ғалым оның тоғыз түрін ажыратып көрсеткен: метафоралық, эпитеттік, 
метонимиялық, синекдохалық, гиперболалық, литоталық, градациялық, 
синонимдік, антонимдік теңеу.
Д. Исабековтің шығармаларында теңеудің бұл түрлерінің барлығы да 
кездеседі. Мысалы: жабайы адамдарша, бәрін бес саусағындай біліп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет