Қала әкімдігінің 2011 жылғы № қаулысымен бекітілген «Семей қаласының білім бөлімі»



жүктеу 95.51 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі95.51 Kb.

Қала әкімдігінің


2011 жылғы ________

______ қаулысымен бекітілген


«Семей қаласының білім бөлімі»


мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Семей қаласының білім бөлімі» (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемесі қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті мемлекеттік басқарудың өз құзырына жатқызылған жеке функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы орган болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілдегі мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Бөлімнің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы ретінде түсу құқығы бар.

4. Бөлім өз құзырының мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түріндегі құқықтық актілер шығарады.

5. Бөлімнің құрылымы мен штаттық шекті санын қала әкімдігі бекітеді.

6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 071405, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8.

7. Бөлімнің толық атауы: «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

8. Жұмыс уақыты сағат 8.30 мин. сағ. 18.00 дейін. Түскі үзіліс сағ. 12.30-14.00.

9. Бөлімнің құрылтайшысы Семей қаласының әкімдігі болып табылады.

Құрылтайшылық құжаттар әкімдіктің 2006 жылғы 24 ақпандағы № 195 қаулысы және осы Ереже болып табылады.

10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау заты турасында келісім-шарт қатынастарына түсуге тиым салынады.

Егер Бөлімге заңнама актілерімен табыс кіргізетін қызмет атқару құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған табыстар қалалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Бөлімінің функциялар, негізгі міндеттер
11.Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды іске асырады:

1) мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш, негізгі, орта және бастауыш кәсіптік білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;

2) білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру, оқу-тәрбие процесінің түпкі жоғары нәтижелеріне жету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

3) қала әкімдігіне жергілікті бағыныстағы мемлекеттік білім беру мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар береді;

4) мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқулық бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

5) балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырады;

6) әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат бағыттайды;

7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

8) балалардың есебін жүргізеді және оларды толық орта білім алғанға дейінгі оқытуды ұйымдастырады;

9) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдастырады, балалар үйлеріне немесе мектеп-интернаттарға орналастырады;

10) білім берудің мемлекеттік стандарттарының мәселелері бойынша жергілікті бағыныстағы білім беру мекемелерінің қызметін өз құзыры шектерінде бағалайды;

11) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік емес бастауыш кәсіптік білім беру мекемелеріне қабылдау жоспарын әзірлейді және оқушыларды жалпы орта білім алғанға дейін оқытуды жүзеге асырады;

12) заңнамаға сәйкес ведомстволық қарасты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады, олардың орынбасарларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісуді жүзеге асырады;

13) ведомстволық бағыныстағы білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады, өз құзыры шектерінде осы бағыттағы өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлейді, жоғары тұрған органдарға есептер береді;

14) мектепке дейінгі, жалпы орта және бастауыш кәсіптік білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есептер береді;

15) білім беру технологиялары саласында инновациялық саясат жүргізеді, орта білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;

16) белгіленген тәртіппен білім беру мекемелерінің педагог, басшы және өзге де қызметкерлерін аттестаттауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады, мектепке дейінгі, жалпы орта және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерін лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу процесіне қатынасады;

17) конференциялар, кеңестер, көрмелер, пәндік олимпиадалар, конкурстар мен жарыстар өткізуді ұйымдастырады;

18) білім беру қызметінің мониторингін ұйымдастырады;

19) білім беру мекемелерінде әскерге шақырылуға дейінгі және шақыру жасындағы оқушы жастардың бастапқы әскери даярлығын ұйымдастырады;

20) үлгілік ережелер негізінде мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымдарына оқытуға және тербиелеуге қабылдаудың білім беру ұйымдары қызмет ететін аумақта тұратын барлық балалардың қабылдануын қамтамасыз ететін тәртібін бекітеді және белгілейді;

20) кадрларды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру, әдістемелік қамтамасыз ету бағдарламаларын үйлестіреді, семинарлар мен педагог кадрларды оқытудың өзге де нысандарын ұйымдастырады;

21) бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мекемелерінің қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

22) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген талаптар мен нормалар негізінде бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;

23) қаржы мәселелері бойынша атқару органдарына қаржы есебін береді;

24) бюджет қаражаты, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден кірістер есебінен ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық базасын құру және дамыту жөніндегі, күрделі жөндеу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады;

25) білім беру аясындағы қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірлейді және бекітугі енгізеді;

26) стратегиялық және білім оперативті жоспардың мақсатың, тапсырмасы және белгілі стратегиялық жоспардың қөрсеткіші жүзеде асырылуда;

27) мониторинг жүргізі, инфляция үдерістерін тежеу бойынша анализ және бақылау жасады жүзеге асырылауы;

28) қаланың әлеметтік-экономикалық өсу рейтингі, баға анализі және бақылау мониторинг көрсеткіші жүзіндн асырылуда

29) қалалық коммуналдық заңды тұлғалар құру, қайта ұйымдастыру және жою туралы, сондай-ақ акционерлик қоғамдарға және жауапкершілігі шектелген серіктестіктерге қатынасу, оларды құру, қайта ұйымдастыру және жою, акционерлик қоғамдардың оларға қарасты акцияларын, жацуапкершілігі шектелген серікстестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін баскаға беру туралы шешімнің жобасын әзірлейді және бекітуге енгізеді;

30) оған заңнамамен жүктелетін өзге де функцияларды іске асырады.

12.Бөлімнің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) өңір ауқымында қызмет ететін барлық тиісті мекемелер турасында білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарында кепілді тегін орта білім алуын қамтамасыз ету;

3) білім беру саласында заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) оқу орындарының қызмет етуіне және дамуына ұйымдық жағдайлар жасау;

5) білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың түрлі нысандарын енгізу және кеңінен дамыту;

6) білім беру мекемелерінің қызметін сараптау және үйлестіру;

7) ведомстволық қарасты мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық, оқу және ғылыми-өндірістік базасын дамыту;

8) мемлекеттік органның құзыры шектерінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту;

9) бөлімге бекітілген қалалық коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

10) қала әкімдігі құрған коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар қызметін басым бағыттарын және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің)міндетті көлемдерін белгілеу;

11) ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсипорыдарға бекітілген қалалық коммуналдық меншікті пайданлануға және оның сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

12) қала әкімдігі құрған коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың атқарылуы жөніндегі есептерді қарау, келісу және әкімдіктің бекітуіне енгізу;

13) қала әкімдігі қурған коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

14) қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін облыстық коммуналдық мүлік деңгеіне беру жөнінде ұсыныстар енгізу.
3. Бөлімнің құқықтары
13.Бөлімнің негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын атқару үшін заңнамамен белгіленген мынадай құқықтары бар:

1) заңнамаға сәйкес ведомстволық қарасты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындау және босату, олардың орынбасарларын лауазымдарға тағайындауға және босатуға келісім беру;

2) мемлекеттік органның құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволық қарасты мекемелер мен лауазымды адамдардан ақпарат сұрату және алу;

3) өз құзыры шектерінде ведомстволық қарасты мекемелер орындауға міндетті нормативтік актілер (бұйрықтар) шығару;

4) ведомстволық қарасты мекемелердің бұйрықтарын толықтай немесе ішінара жою немесе тоқтата тұру;

5) өз құзырына жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, көрсетілген мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

6) өз құзырының мәселелері бойынша білім беру мекемелеріне тексерулер жасау;

7) ведомстволық қарасты мекемелерде білім беру қызметін іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының нысаналы пайдаланылуына тексеру жүргізу;

8) өз құзыры шектерінде білім беру мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;

9) мемлекеттік органның құзыры шектерінде мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру жөнінде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыру;

10) осы ережемен, қолданыстағы заңнамамен және жасалған келісім-шарттармен белгіленген құзырет шектерінде өзге мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас құру;

11) өз қызметін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар сметасын әзірлеп бекітуге ұсыну;

12) білім беру процесіне жаңа педагогтік технологияларды енгізуді ұйымдастыруға;

13) білім беру мекемелердің педагог қызметкерлерін біліктілігін арттыру мерзімдерін үйлестіруге;

14) педагог қызметкерлердің жұмыстағы инновациялық тәжірибесін зерделеу және жинақтауға.

15) акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестер құру.


4. Бөлімнің мүлкі
14. Бөлімнің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

Мүлік оған мемлекет берген мүліктен құралады және негізгі қорлар мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

15. Бөлімге бекітілген мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке жатады.

16. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен басқаға беруге немесе өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ.


5. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
17. Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын бірінші басшы басқарады.

Бөлімнің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен орынбасарларды лауазымға тағайындайды және босатады.

18. Бөлімнің бірінші басшысы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басқарады және Бөлімнің жүктелген міндеттерді орындауына және өзінің функцияларын атқаруына дербес жауап береді.

19. Бөлім бастығы:

1) өз орынбасарларының және Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

4) Бөлімнің актілеріне (бұйрықтарға) қол қояды;

5) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекітеді;

6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімді білдіреді;

7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді іске асырады;

20. Бөлім бастығы, бас бухгалтер мемлекеттік мүліктін сақталуына, оған берілген тікелей жедел басқаруына дербес жауап береді.

21. Бөлім бастығы дербес жауап береді;

1) бөлімнің өзінде ғана емес, осы бөлімге тікелей бығынысты, дербес теңгерімдегі құрылымдық бөлімшелерде де бюджет қаражатының уақытында және тиімді игерілуі;

2) « Қазақстан республикасында қылмысқ және сыбайлас жемқорлыққы қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетелдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазакстан Республикасы Презідентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығына сәйкес бөлмеде жемқорлыққа жол бермеуі;

3) қала тұрғындардың тіршілікті қамтамасыз ету және оқыс жағдайда әкімге және әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына уақытында жеткізілмегендігі;

4) өз уақытында негізгі міндеттің нәтіжелі орындалуына

5) Әкімнің тапсырмасы және әкімнің жетекшілік ететін орынбасары функәионалдық міндеььері орындалмауына дербес жауап береді.



22. Бөлім консультациялық-кеңесу органы болып табылатын Кеңес құрады.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Білім бөлімінің бастығы Г. Алтынбекова




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет