Қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы



бет1/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4   5
Қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 22 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5059 болып енгiзiлдi.


Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, N 1, 2008 жылғы 27 наурыз


       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  3-тармақтан қараңыз.

      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө Өкiмiне сәйкес халық пен аумақтарды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Азаматтық қорғаныс iс-шараларының кешенiн iске асыру, техногендiк және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда материалдық шығынды азайту, сондай-ақ әскери iс-қимылдар жүргiзу кезiнде туындайтын қауiп-қатерлерден қорғау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қалалар мен шаруашылық жүргiзу  объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрi В.В.Петровқа жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланғаннан соң он күнтiзбелiк күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Министр

      "КЕЛIСIЛДI"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      11 желтоқсан 2007 ж.

      "КЕЛIСIЛДI"


      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрi
      10 желтоқсан 2007 ж.

      "КЕЛIСIЛДI"


      Қазақстан Республикасының
      Көлiк және коммуникация министрi
      13 желтоқсан 2007 ж.

      "КЕЛIСIЛДI"


      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрi
      10 желтоқсан 2007 ж.

      "КЕЛIСIЛДI"


      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi
      агенттiгi төрағасы
      10 желтоқсан 2007 ж.

Қазақстан Республикасы       


Төтенше жағдайлар министрiнiң   
2007 жылғы 11 желтоқсандағы    
N 22 бұйрығымен         
бекiтiлген           

Қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары - бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектiлерi жұмысының тұрақтылығын арттыру, болуы мүмкiн қираулардың алдын алу және қарсыластың қазiргi заманғы зақымдау құралдарына қарсы қолдану нәтижесiнде халықтың шығынын азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалар аудандарында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн жағдай жасау.

      2. Осы Қалалар мен шаруашылық объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулығы (бұдан әрi - ИТШ нұсқаулығы) халық пен аумақтарды қорғауды қамтамасыз етуге, техногендiк және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда материалдық шығынды азайтуға, сондай-ақ әскери iс-қимылдарды жүргiзу кезiнде немесе осы iс-қимылдардың салдарларынан туындайтын қауiп-қатерлерден қорғауға бағытталған құрылыс салу және қайта жаңарту кезiнде iске асырылатын барлық жобалық шешiмдердi көздейтiн нормаларды анықтайды.
      Жалпы талаптарға: қазiргi заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың салдарларынан халықты қорғауды қамтамасыз ету, объектiлерде өрт қауiпсiздiгiн арттыру; электр энергиясымен, газбен, сумен резервтiк жабдықтауды ұйымдастыру; зақымдау құралдарынан сумен жабдықтау объектiлерiн қорғау; объектiлердi жарықтан қорғауды жүргiзуге дайындық жатады.
      АҚ ИТЖ нұсқаулығының талаптары Қазақстан Республикасының барлық аумағында Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларын жүргiзгенде орындалуға мiндеттi.
      Қалалар мен шаруашылық объектiлерiн санаттау дәрежесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 қыркүйектегi N 942 қаулысымен бекiтiлген Қалаларды топтарға, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызу ережелерi мен критерийлерiне сәйкес анықталады.

      3. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны қазiргi заманғы зақымдау құралдары мен олардың қосалқы факторларының ықтимал әсер етуi бойынша аумақтарды аймақтарға бөлудi ескере отырып, қалалардың топтары мен Азаматтық қорғаныс бойынша ұйымдардың санаттарына, сондай-ақ болуы мүмкiн авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың сипаты мен көлемдерiне байланысты анықталады.

      4. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары алдын ала әзiрленедi және жүргiзiледi.
      Өзiнiң сипаты бойынша алдын ала жүзеге асыру мүмкiн емес iс-шаралар соғыс уақытында жедел түрде жүргiзiледi.

      5. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың немесе 10 килоға және одан да көп Паскальға тең (бұдан әрi - кПа)  (0,1 килограмм күш төртбұрыш сантиметрге (бұдан әрi - кгс/см 2 ) ауа соққы толқыны фронтында артық қысым туындауы мүмкiн Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың аумағы қирауы мүмкiн аймақты құрайды.


      Қирауы мүмкiн аймақтағы аумақтың бөлiгi ауа соққысы толқынының фронтында 30 кПа-ға тең және одан да көп қысым шегiнде қатты қирауы мүмкiн аймақты құрайды.
      Қатты қирауы мүмкiн аймақ пен қирауы мүмкiн аймақ шекараларының арасында орналасқан аумақ аз қирауы мүмкiн аймақты құрайды.
      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жобалық құрылысының шекараларынан қатты және аз қирауы мүмкiн аймақтардың, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың сыртына орналасқан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың шекараларын бөлу осы ИТШ  нұсқаулығының 1-қосымшасына сәйкес анықталады.
      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қаланың (Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған ұйымдардың) жобалық құрылысының шекарасы жобалау нормаларының талаптарына сәйкес есеп беру мерзiмiне әзiрленiп бекiтiлген бас жоспармен анықталады.

      6. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың қирауы мүмкiн аймағы мен осы аймаққа енi 20 километр (бұдан әрi - км) болатын аумақ жолағымен iргелес жатқан аумақ алаңы қауiптi радиоактивтi зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақты құрайды. Атом станциясы үшiн (атом жылу электр орталықтары, жылумен жабдықтаушы атом станциясы) қауiптi радиоактивтi зақымдану (ластану) аймағын қирауы мүмкiн аймақ пен осы аймаққа iргелес жатқан қуаты 4 миллион кило Ваттқа (бұдан әрi - млн. кВт) дейiн белгiленген атом станциясы үшiн енi 20 км аумақ жолағы және қуаты 4 млн. кВт артық белгiленген атом станциясы үшiн енi 40 км аумақ жолағы құрайды.


      Қауiптi радиоактивтi зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақтың шекарасына iргелес жататын енi 100 км аумақ жолағы радиоактивтi зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақты құрайды.

      7. Химиялық қауiптi объектiлердiң шегiне iргелес жатқан аумақтағы қатты әсер ететiн улы заттары бар ыдыстар қираған жағдайда ерiтiндiлерi таралып, қорғалмаған адамдарды зақымдауы мүмкiн аумақ қауiптi химиялық зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақты құрайды. Көрсетiлген аймақтың шекарасына әсер ететiн улы заттар құйылған ыдыстан бөлу осы ИТШ нұсқаулығының 2-қосымшасына сәйкес анықталады.

      8. Болуы мүмкiн су тасқыны нәтижесiнде жаппай адам шығыны, үйлер мен ғимараттардың қирауы, басқа да материалдық құндылықтардың бүлiнуi немесе қирауы апаттық су астында қалуы мүмкiн аймақты құрайды.

      Апаттық су астында қалуы мүмкiн аймақтардың көлемi қалалық және ауылдық елдi мекендердiң, объектiлердiң, тұрғын үйлер мен ғимараттардың құрылыстарын салу үшiн алаңды (трассаны) таңдау кезiнде негiзделетiн материалдарды әзiрлеу кезiнде анықталады.

      9. Қирауы мүмкiн аумақтан тыс, қауiптi химиялық зақымдануы мүмкiн, апаттық су астында қалуы мүмкiн, сондай-ақ қауiптi радиоактивтi зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақтан тыс жергiлiктi және көшiрiлген  халықтың iс-әрекет жасауы үшiн жарамды облыстардың әкiмшiлiк шекараларының шегiнде орналасқан аумақтар қауiпсiз аймақты құрайды.

      10. Екi немесе одан да артық аймақтарды салу кезiнде олардың iшкi контурлары бойынша бұл аймақтардың жалпы шекарасы белгiленедi.

      11. Азаматтық қорғаныстың инженердiк-техникалық iс-шаралары:
      - Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдардың бас сызбасын, аумақтық дамудың өңiраралық сызбасын, аумаққа қала құрылысын салуды жоспарлаудың кешендi сызбаларын жасау кезiнде;
      - елдi мекендi пукттердiң бас жоспарларын жасау кезiнде;
      - аудандық жоспарлау сызбалары мен жобаларын жасау және аумақтарды, елдi мекендердi, өнеркәсiптiк аймақтарды салу кезiнде;
      - кәсiпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың жобалық сметалық құжаттамаларын әзiрлеу, келiсу және бекiту кезiнде.
      Жұмыс iстеп тұрған (салынып бiткен) кәсiпорындарда Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шараларын жоспарлау осы Бұйрықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары әзiрленедi және оған тиiстi жобалау, жобалау алдындағы және жобалау материалдарының түрлерi енгiзiледi және қажеттi негiздемелерiмен жүйелi түрде жеке бөлiмге (томға, кiтапқа) жинақталады.
      Әзiрленген iс-шаралардың көлемi мен оларды жүргiзу мерзiмi республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуының мемлекеттiк жоспарымен анықталады.

      12. Қайта жоспарланған, кеңейтiлген, қайта жаңартылған қалалық және ауылдық елдi мекендер, кәсiпорындар және құрылыстар, сондай-ақ техникалық қайта жарақталған кәсiпорындар мен құрылыстар үшiн Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларын жүзеге асырумен байланысты шығындар жобалық сметалық құжаттаманы әзiрлеу жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес анықталады және ерекше кезеңде орындалған iс-шараларға (жұмыстарға) кеткен шығындардан басқа оларды жекелеген ғимараттар мен құрылыстардың сметаларына, өнеркәсiптiк және азаматтық тұрғын үйлер құрылысын салуға арналған жиынтық сметалардың тиiстi тараулары бойынша шығындардың жалпы сомасына қосады.


      Қалалық және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеп тұрған, құрылысы салынып бiткен және қайта жаңартуға (кеңейтуге) жатпайтын ұйымдарда Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары жоспарлау және көрсетiлген қалалық және ауылдық елдi мекендердiң жобаларына, заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген кәсiпорындардың, ғимараттардың және құрылыстардың жобаларына жеке әзiрленген бөлiмдердiң негiзiнде орындалады.
      Бекiтiлген жобалық сметалық құжаттары бар, Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары көзделмеген, құрылысы салынып жатқан кәсiпорындар үшiн олардың жобаларына (жұмыс жобаларына) Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының жеке бөлiмдерi әзiрленедi.

      13. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларын әзiрлеуге арналған тапсырма 11-тармақта көрсетiлген құжаттарды әзiрлеуге арналған тапсырмалардың құрамдас бөлiгi болып табылады. 


      Өңiрлердi дамытуға, аумақтарды салуға елдi мекендер мен шаруашылық объектiлерiн салу мен қайта жаңартуға, Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының жобалық сметалық құжаттарын әзiрлеуге арналған тапсырмалар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiледi.

  2-тарау. Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстары



1. Жалпы ережелер

      14. Халықты қазiргi заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың негiзгi әдiстерi оларды қорғаныс құрылыстарында паналату болып табылады.


      Осындай мақсатта қорғаныс құрылыстарының (баспана және радиациядан қорғану баспаналары), ұйымдардың қажеттiлiктерi мен халыққа қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын жоспарлы қажеттi қор жинауды жүзеге асырады.
      Қорғаныс құрылыстары паналаушыларды қабылдау үшiн 12 сағаттан аспайтын мерзiм iшiнде дайындыққа келтiрiледi, ал атом станциялары мен химиялық қауiптi объектiлерде паналаушыларды дереу қабылдауға дайындықта болады.
      Химиялық қауiптi объектiлердiң құрамына кiретiн қорғаныс құрылыстары мен атом станцияларында бiрiншi кезекте iске қосылатын объектiлердi қосу қажет. Бұл ретте атом станцияларының құрылысын салу кезiнде баспаналарды пайдалануға беруде олардың бiрiншi энергиялық блогын физикалық қосу көзделедi.

      15. Соғыс уақытында қатты қирауы мүмкiн аймаққа орналасқан және өзiнiң жұмысын жалғастырып жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерiн (неғұрлым көп жұмыс iстейтiн ауысымда), сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың кезекшi және желiлi ауысымдарда жұмыс iстейтiн персоналын және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың персоналын баспаналарда паналату көзделедi.


      Атом станцияларында осы станциялардың жұмысы мен тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн станция персоналын, кәсiпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерiн (әскери және өрт сөндiру бөлiмдерiнiң жеке құрамын қоса алғанда) баспаналарда паналату көзделедi.
      Қатты қирауы мүмкiн аймақтардың шегiнде орналасқан Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың және басқа да ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерiн (неғұрлым көп жұмыс iстейтiн ауысымда), сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалаларда, кенттерде және ауылдық жерлерде тұратын халықты және көрсетiлген қалалар мен ауылдық мекендерге көшiрiлген халықты радиациядан қорғану баспаналарында паналату көзделедi.

      16. Ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерi үшiн қорғаныс құрылыстарының қоры осы ұйымдардың аумағында немесе оған жақын жерлерде, ал халық үшiн тұрғын үй құрылыстарының аудандарында құрылады.

      17. Бейбiт уақытты қорғаныс құрылыстарының қорын құру:
      1) халықтың мүддесiн қорғауда ғимараттарды бейiмдеу және пайдалануды ескере отырып, шаруашылық объектiлерiнiң қажеттiлiктерi үшiн жер асты құрылыстарын кешендi игеру, нақты айтқанда:
      әртүрлi мақсаттарға арналған жаңадан салынып жатқан және жұмыс iстеп жатқан ғимараттар мен құрылыстарда жер төлелердi қорғаныс құрылыстарына бейiмдеу;
      жаңадан салынып жатқан және әртүрлi мақсаттарға арналған жеке тұрған қазылған құрылыстарды қорғаныс құрылыстарына бейiмдеу;
      метрополитендердi баспанаға бейiмдеу;
      халықты қорғау үшiн жер асты кен орындарын, үңгiрлер мен басқа да жер асты қуыстарын бейiмдеу;
      салынған және жаңадан салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың төменгi бөлiгiндегi және жер асты қабаттарындағы үй-жайларды қорғаныс құрылыстарына бейiмдеу жолымен жүзеге асырылады.

      18. Қорғаныс құрылыстарын жобалау Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарының нормалары мен ережелерiне және басқа да нормативтiк құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Баспана мен радиациядан  қорғану баспаналарын Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын орналастыру сызбаларына сәйкес жиналған паналаушылар радиусының шегiнде орналастырылады.
      Көрсетiлген сызбалар 11-тармақта көрсетiлген  құжаттардың барлық түрiнде:
      - Қазақстан  Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас сызбаларынан, аумақтық дамудың өңiраралық сызбаларынан;
      - ұйымдар мен өнеркәсiптiк салаларды дамыту мен орналастыру сызбаларынан;
      - аудандық жобалау сызбалары мен жобаларынан басқа Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары бөлiмдерiнiң құрамында әзiрленедi.

      20. Ұйымдар мен елдi мекендердегi тұрғын ұй құрылыстарында объектiнi, елдi мекендi, ауданды және қаланы басқару пунктiнiң бiрi қорғаныс құрылыстары болып жабдықталады.


      Атом станциясының аумағында және осы станциялар кенттерiнде есептеу техникасымен, байланыс, хабарлау құралдарымен, станция аумағындағы радиациялық және метеорологиялық жағдай туралы ақпарат жинаумен жарақтандырылған аварияға қарсы iс-қимылдарды басқаратын қорғаныс пункттерi құрылады.

      21. Алып жүруге жарамсыз ауру адамдарды, сондай-ақ қатты қирауы мүмкiн аймақтарда орналасқан жаңадан жобаланған, құрылысы салынып жатқан және жұмыс iстеп жатқан денсаулық сақтау мекемелерiндегi (ауруханалар мен емханалардағы) медициналық және қызмет көрсетушi персоналды баспаналарда паналату көзделедi. Бұл ретте көрсетiлген аурулардың саны бейбiт уақыттағы емдеу мекемелерiнiң жалпы жобалау сыйымдылығының 10 % кем болмайтындай етiп қабылданады.


      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы объектiлердiң қатты қирауы мүмкiн аймақтарға орналасқан денсаулық сақтау мекемелерiнiң, сондай-ақ соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелерiнiң ауру адамдарын, медициналық және қызмет көрсету персоналын бейбiт уақытта олардың жұмыс iстеу шарттары бойынша мекеменiң толық сандық құрамына жобаланатын радиациядан қорғану баспаналарында паналату көзделедi.
      Бейбiт уақытта жұмыс iстейтiн және құрамында кереуеттер қоры немесе ауру адамдарды, медициналық және қызмет көрсету персоналын қорғауға арналған негiзгi үй-жайлардан басқа соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелерi бар денсаулық сақтау мекемелерiнiң қорғаныс құрылыстарында емдеу процесiн жүргiзудi қамтамасыз ететiн негiзгi жұмыс iстейтiн үй-жайлар көзделедi.

      22. Пайдалы қазбалар өндiретiн ұйымдардың ауысыммен жұмыс iстейтiн персоналын шахталар мен кендердiң жер асты тау-кен қазбаларында орналасқан қорғаныс құрылыстарында паналату көзделедi.


      Көрсетiлген құрылыстарда жер бетiнде жұмыс iстейтiн жұмысшылар мен қызметкерлердi қорғау мүмкiндiгi болмаған жағдайда оларды 17-тармаққа сәйкес қорғаныс құрылыстанында паналату көзделедi.

      23. Қатты қирауы мүмкiн аумаққа орналасқан жаңа құрылыстарды салуға немесе оларды кеңейтуге, қайта жаңартуға және пайдалануға объектiлердi техникалық қайта жарақтандыруға қатысушы құрылысшылар, басқа да жұмысшылар мен қызметкерлер осы объектiлердiң ең көп жұмыс iстейтiн ауысымын қорғау үшiн радиациядан қорғау баспаналарын паналайды.


      Қатты қирауы мүмкiн аумақтың шегiнде объектiлер салынған жағдайда көрсетiлген халықтың құрамы жұмыс орны, тұрған немесе көшкен жерi бойынша радиациядан қорғану баспаналарын паналайды.

      24. Жұмыс iстейтiн ауысым саны 50 және одан да аз адамнан тұратын ұйымдарда ұйымдардың ең көбiрек жұмыс iстейтiн ауысыммен паналатуды қамтамасыз ететiн қорғаныс құрылыстарын салуға рұқсат берiледi.

  2. Азаматтық қорғаныс баспаналары

      25. Баспана ядролық қарудың және қарапайым зақымдау құралдарының (тiкелей түсуiн ескермей), бактериялық (биологиялық) құралдардың, уландыратын заттардың, сондай-ақ ядролық энергия қондырғыларының, өрт кезiндегi жоғары температурадан және жанған өнiмдер мен қатты әсер ететiн улы заттардың негiзгi топтарынан және осы ИТШ нұсқаулығының 3-қосымшасына сәйкес қауiптi химиялық зақымдау аймағындағы авариялар (қираулар, өрт) кезiндегi зақымдау факторларының әсер етуiнен жасырынып қорғалуын қамтамасыз етуге есептелген.

      26. Барлық баспаналар 100 кПа (1 кгс/см 2 ) ауа соққы толқынының фронтында артық қысымның әсер етуiнен паналаушыларды қорғауы және 1000-ға тең қоршау конструкторларынан өтетiн радиацияны әлсiздендiру дәрежесi болуы тиiс.

      27. Баспаналардың тiршiлiкпен қамтамасыз ету жүйелерi оған екi тәулiк iшiнде неғұрлым көп жұмыс iстейтiн ауысымдағы паналаушыларды үздiксiз қамтамасыз етудi ескере отырып құрылады.


      Баспаналарды ауамен жабдықтау екi режим бойынша: таза желдету (1-режим) және сүзгiштi желдету (2-режим) арқылы жүзеге асырылады. Жанатын өнiмдерден ауаның қауiптi газдануы мүмкiн орындарда, қауiптi химиялық зақымдануы мүмкiн аймақтарда, қатты қирауы және апаттық су астында қалуы мүмкiн атом станциясының маңайына орналасқан баспаналарда iшкi ауаны бастапқы қалпына келтiрумен толық немесе жартылай оқшаулау режимi (3-режим) қарастырылуы тиiс.

  3. Радиациядан қорғану баспаналары

      28. Жергiлiктi жердiң радиоактивтi зақымдануы (ластануы) кезiнде паналаушыларды иондалған сәуленiң әсер етуiнен қорғауды және екi тәулiк бойы паналаушылар санының үздiксiз келуiне рұқсат берудi қамтамасыз етуге есептеледi.

      29. Радиациядан қорғану баспаналары аз қирауы мүмкiн аймақтарға, сондай-ақ қатты қирауы мүмкiн аймақтан тыс жерлерге орналасқан санатталған объектiлерде орналасқан жағдайда оларды қоршайтын конструкциялар ауа соққы толқынының 20 кПа (0,2 кгс/см 2 ) артық қысымына есептелуi тиiс.

      30. Радиациядан қорғану баспаналарының орналасқан жерiне қарай сыртқы радиация сәулесiнiң төмен дәрежесi - қорғаныс коэффициентi (бұдан әрi - Қк):
      1) қатты қирауы мүмкiн аймақтардан тыс Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған объектiлерге орналасқан ұйымдардың жұмыс iстейтiн ауысымдары үшiн - 200-ге;
      2) қатты қирауы мүмкiн аймақтардың шекарасындағы қауiптi радиоактивтi зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақтарда:
      санатталмаған ұйымдардың жұмыс iстейтiн ауысымдары, Азаматтық қорғаныс құрамалары мен соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелерi үшiн - 200-ге;
      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң халқы мен көшiрiлетiн халық үшiн - 100-ге;
      3) қатты радиоактивтi зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақтарда:
      санатталмаған ұйымдардың жұмыс iстейтiн ауысымдары мен соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелерi үшiн - 100-ге;
      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң халқы мен көшiрiлетiн халық үшiн - 50-ге;
      4) қатты радиоактивтi зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақтардың шегiнде:
      санатталмаған ұйымдардың жұмыс iстейтiн ауысымдары мен соғыс уақытында құрылған емдеу мекемелерi үшiн - 20-ға;
      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң халқы мен көшiрiлетiн халық үшiн - 10-ға тең болуды қамтамасыз етедi.

  4. Атом станциялары орналасқан аудандардағы қорғаныс құрылыстары

      31. Атом станциялары орналасқан аудандардағы ұйымдардың жұмысшы ауысымдарын және халықты қорғау қарапайым қорғаныс талаптарына жауап беретiн қорғаныс құрылыстарында:
      атом станцияларының айналасындағы қауiптi радиоактивтi зақымдану (ластану) болуы мүмкiн аймақтың шекарасына жақын жатқан 30 шақырымдық жолақта - Қк 200-ге тең радиациядан қорғану баспаналарында;
      атом станцияларының айналасындағы қалған аумақта - Қк 30-тармақтың 3) және 4) тармақшаларына сәйкес радиациядан қорғану баспаналарында жүзеге асырылады.

      32. Атом станцияларының қирауы мүмкiн аймақта орналасқан қорғаныс құрылыстарында паналаушыларды ядролық энергия қондырғыларының қирауынан болатын радиоактивтi заттардан (инерттi газдардың радионуклидтерiнен басқа) қорғау қосымша қамтамасыз етiлуi тиiс. Бұл құрылыстардағы тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйесi паналаушылардың 5 тәулiк бойы болуына есептеледi.

  3-тарау. Объектiлердi орналастыру және қалаларды жоспарлау

1. Жалпы ережелер

      33. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың күштi қираулар болуы мүмкiн аймақтарына және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың апаттық су астында қалуы мүмкiн аймақтарда, сондай-ақ қалада өнеркәсiптiк, коммуналдық және тұрғын үй-азаматтық қажеттiлiктер үшiн қажеттi ұйымдардан басқа өнеркәсiптiк ұйымдардың құрылысын салуға және оларды кеңейтуге тыйым салынған немесе шектелген өңiрлер мен қалаларда жаңа өнеркәсiптiк ұйымдарды орналастыруға болмайды.


      Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда жұмыс iстеп тұрған өнеркәсiптiк ұйымдарды, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдарды одан әрi дамыту ұйымдардың өндiрiстiк алаңдарының,  жұмысшыларының санын және зиянды су ағындылары мен төгiндiлерiнiң көлемiн арттырмай, оларды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру есебiнен жүзеге асырылады.
      Жаңа өнеркәсiптiк ұйымдардың тобы мен Азаматтық қорғаныс бойынша жеке санатталған ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың жобалық құрылысының шекарасына:
      1) Азаматтық қорғаныс бойынша ерекше топтағы қалалар үшiн кемiнде 60 шақырым;
      2) Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар үшiн кемiнде 40 шақырым;
      3) Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдарға жатқызылмаған кемiнде 25 шақырым қашықтыққа орналасқан экономикалық болашағы бар шағын және орташа қалаларда, кенттерде және ауылдық елдi мекендерде салады.

      34. Шағын және орташа қалаларда жаңа өнеркәсiптiк ұйымдарды орналастыру кезiнде жаңа өнеркәсiптiк ұйымдарды салу кезiнде жалпы объектiлерi бар өнеркәсiптiк ұйымдарды (өнеркәсiптiк тораптарды) топпен орналастыруға баса назар аударылады.


      Экономикалық болашағы бар шағын және орташа қалаларда, кенттерде және ауылдық елдi мекендерге орналасқан жалпы объектiлерi бар ұйымдардың (өнеркәсiптiк тораптардың) тобында жұмыс iстейтiндер санын 20 мыңнан асырмау көзделедi.

      35. Жаңа порттар мен кеме жөндеу зауыттарының құрылысы Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қирауы мүмкiн қалалардан және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардан тыс олардан қирауы мүмкiн неғұрлым үлкен аймақтың аумағына тең қашықтықта толқынның бұзып өтуiнен апатты су басуы мүмкiн аймақтан тыс, сондай-ақ су астында болатын ядролық жарылыстардың гравитациялық толқындарының ең төменгi әсер етуiн ескере отырып жүзеге асырылады.


      Көрсетiлген объектiлердiң бас жоспарларын әзiрлеу қазiргi заманғы зақымдау факторларының әсер етуiн азайтатын табиғи жағдайларды барынша пайдалануды ескере отырып  жүргiзiледi.

      36. Азаматтық авиацияның жаңа әуежайларын, хабар беру және қабылдау радиоорталықтарын, есептеу орталықтарын, сондай-ақ мал шаруашылығы кешендерi мен iрi фермаларды, құс фабрикаларын жобалау кезiнде оларды қирауы мүмкiн аймақтардан және апатты су басу аймақтарынан тыс жерлерге салу көзделедi. Бұдан басқа, аталған объектiлер екiншi рет зақымдау факторының көзi болуы мүмкiн объектiлерден (химиялық кәсiпорындар, атом станциялары, әсерi күштi улы заттар, мұнай, мұнай өнiмдерi, газ және т.б.) қауiпсiз қашықтықта орналастырылады.


      Мемлекеттiк материалдық резервтер базасы, республикалық және облыстық маңызы бар қоймалар, базистiк қоймалар және министрлiктер мен ведомстволардың аймақтық материалдық-техникалық жабдықтау базалары, сондай-ақ қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге арналған материалдар мен жабдықтардың қоймасы қирауы мүмкiн аймақтардан және апатты су басуы мүмкiн аймақтардан тыс орналастырылады.

  2. Атом станцияларын, күштi әсер ететiн улы заттармен, жарылғыш заттармен және материалдармен, тез тұтанатын және жанғыш заттармен жұмыс iстейтiн ұйымдарды орналастыру

      37. "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу атом энергиясын пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен  ережелернегiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.

      38. Жұмыс iстеп тұрған, жобаланған және салынып жатқан атом станцияларында атом станцияларының аумағында және осы станцияларды қадағалау аймағында радиациялық жағдайды автоматты бақылау, қызмет көрсетушi персонал мен халықты, сондай-ақ атом станцияларының аумағында және осы станциялардың кенттерiнде жүргiзiлетiн аварияға қарсы iс-қимылды басқарудың қорғалған пункттерiн радиациялық қауiпсiздiк туралы хабарландыру және хабар беру жүйесiн құру көзделедi.

      39. Күштi әсер ететiн улы заттарды, жарылғыш заттарды, материалдарды және жанғыш заттарды сақтау үшiн базистiк қоймалардың құрылысын қала сыртындағы аймақта қолданыстағы республикалық және ведомстволық нормаларға сәйкес қашықтықта салу көзделедi.

      40. Су жиегiнен 200 метр (бұдан әрi - м) және одан да кем қашықтықта өзен жағалауларында салынған мұнай және мұнай өнiмдерiнiң базистiк қоймалары қалалық және ауылдық елдi мекендерден, кеме айлақтарынан, өзен бойындағы вокзалдардан, iрi рейдтерден және кеменiң тұрақты орындарынан, гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстардан, кеме жасау және кеме жөндеу зауыттарынан, темiр жол көпiрлерi мен су жiберу станцияларынан кемiнде 100 м қашықтықта төмен (су ағысымен) салынады.


      Бұлай орналастыруға мүмкiндiк болмаған жағдайда мұнай және мұнай өнiмдерiнiң базистiк қоймаларын көрсетiлген объектiлерден мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қоймаларын жобалау нормаларында көзделген жоғары (су ағысымен) қашықтықта орналастырылады.

      41. Әуежайларды жобалау кезiнде авиациялық отынның, жанар-жағармай материалдарының қоймасы әуежайдың негiзгi құрылыстарына, көршi кәсiпорындарға, қалалық және ауылдық елдi мекендерге қатысты жер белгiсiнен төмен орналасқан учаскелерде орналастырылады.


      Жанар-жағармай қоймалары тек жоғары немесе көрсетiлген объектiлерден тұрған жермен бiр деңгейде орналасқан жағдайда жер үстi резервуарларының зақымдалуы мүмкiн кезде мұнай өнiмдерiнiң төгiлуiн болдырмайтын қондырғылар орнату көзделедi.

      42. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды өңдеу кәсiпорындары, сондай-ақ көрсетiлген сұйықтардың базистiк қоймалары Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен санатталған объектiлердiң өнеркәсiптiк ұйымдары, автомобиль және темiр жолдар орналасқан жерлерден төмен ыдыс қираған жағдайда жанғыш сұйықты қауiпсiз жерге бұру мүмкiндiгiн ескере отырып орналастырылады.


      Бұл жағдай қамтамасыз етiлмеген жұмыс iстеп тұрған ұйымдарда аумақ периметрi бойынша объектiнiң жоспарланған аумағының үстiнде барлық резервуарлар мен технологиялық қондырғылар сыйымдылығынан  сұйықтың 50 % төгiлуiн ұстап қалуды қамтамасыз ететiн биiктiкке автомобиль жолдарының жолақтарын салу қажет.
      Мұнайдың, мұнай өнiмдерiнiң және сұйытылған газдардың жер астындағы қоймаларын көрсетiлген қоймаларды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес орналастыру қажет.

      43. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдарда күштi әсер ететiн улы заттар мен жарылу қаупi бар заттарды сақтауға арналған базалар мен қоймаларды орналастыру кезiнде осы базалар мен қоймаларда көрсетiлген заттардың қорын министрлiктер мен ведомстволар белгiлейдi.

  3. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың


Каталог: npakz -> prmin -> doc
doc -> Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережесiн бекiту туралы
doc -> Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекiту туралы
doc -> Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы
doc -> "Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған нормалары туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты
doc -> 2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы
doc -> Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет
doc -> Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулықты
doc -> Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесiн бекiту туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет