Қалалық көркемсурет лицейі – юнеско клубы «Графика және оның түрлері»



Дата09.06.2016
өлшемі250.5 Kb.
#123250
Қалалық көркемсурет лицейі – ЮНЕСКО клубы

«Графика және оның түрлері»

тақырыбында шебер - кластың

әдістемелік өңдемесі

ӨҢДЕГЕН ҚАЛАЛЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ ЛИЦЕЙІ

МҰҒАЛІМІ

КӨПЖАСАРОВ БАҚЫТ РҮСТЕМҰЛЫ


АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ 2012 ЖЫЛ

Түсінік хат


Шебер-кластың әдістемелік өңдемесі көркемсурет мектептері, өнер мектептері шығармашылық пәндері мұғалімдерінің, жалпы білім беретін мектептерде бейнелеу өнері мен сызу пәндері мұғалімдерінің кәсіби –педагогикалық жетілдірілуіне, сонымен қатар осы кезеңде өзекті бастаушы суретшілерге арналған. Бейнелеу өнері сабағында әсіресе сурет сабақтарында бүгінгі күнде кейбір бейнелеудің жанрлары мен түрлері әлсіреп тежеліп қалып жатады. Сондықтан бүгінгі таңда бейнелеу сабақтарында, әсіресе сурет сабағында сурет салудың маңыздылығын арттыра, бейнелеудің кейбір түрлерін қайта жаңғыртып, оқушылардың жаңа талпыныс, шығармашылық күш алуына, ой өрісінің жетілуіне шебер-кластың тақырыбы өте маңызды деп санаймын. Орта арнаулы мектеп пен кәсіби шығармашылық мектептер мен лицейде сурет сабақтарында өтілетін шебер-кластардың қажеттілігі сезіледі.

Осы уақытта осындай бейнелеу өнерінің сабақтарда қолдана бермейтін суреттің кейбір түрлерін қайта жаңғырту және де заманауи талаптарға сәйкес сурет салу әдіс тәсілдерін игеру, әдістемелік дұрыс жүйе, оқушыны эстетикалық, шығармашылық танымын кеңейту, бейнелеу өнеріне баулу, міне осының барлығы бүгінгі оқыту талаптарының негізі. Шебер-кластар әдетте жобаның әдіс тәсілдерін үйрену, тақырыптың маңыздылығын сезіну, шығармашылық ой алмасу, бастаушы суретшілер мен оқушылар және кәсіби суретшілер мен шеберлер үшін осындай бір арна арасында жинақталып шығармашылық алмасу өте маңызды.

Мақсаты: Бейнелеу өнерінің сурет салу әдіс тәсілдерін жаңғыра қайта көркейту.

Суреттің кейбір тәсілдерін үйрену, графика түрлерін сабақтар мен

шығармашылық үйірмеде, ұжымда кеңінен қолдану, сурет

сабақтарында заманауи тәсілдер мен құралдар арқылы

сурет салу шеберліктерін дамыту.
Міндеті: - графиканың сурет салудағы мүмкіндігі мол екенін көрсету;

- тыңдаушыларды құралдар мен жұмыстың

негізгі әдісімен таныстыру;

- шығармашылық ой мен эстетикалық талғамының

ашылуына көмек беру;

- графикалық жұмыстарды орындау кезеңінде ұқыптылықты үйрену;

Нәтиже: Шығармашылық ой бөлісе, сурет салудағы графиканың түрлілігін

игеру, құралдардың көмегімен шығармашылық мүмкіндікті жетілдіру;

Қалалық көркемсурет лицейі шығармашылық пәндерінің мұғалімі

Б.Р.Көпжасаровтың шебер- класының жоспар- конспектісі

Сабақ тақырыбы: «Граттаж техникасы және сия бояуларымен жұмыс»
Сабақ мақсаты: графика түрлерін сурет салу тәсілінде жұмыстың орындалу

дағдылары мен икемдерін, білімдерін қалыптастыру.


Міндеті: - тыңдаушыларды жұмыстың негізгі әдістері мен орындалу

еркімен таныстыру;

- эстетикалық талғамы мен көркемдік елестетудің дамуына көмектесу;

- тапсырманың өңдік мақамы мен алынған дағдыларды жетілдіру;

- жұмыстарды орындауда жинақтылық пен ұқыптылық;
Сабаққа арналған материалдар:

Мұғалім үшін:

Тақта, қағаздар (түсті, жылтыр бет немесе фото қағаз) А3, А4 көлемді.

қылқаламдар №2, 4, 6, мастихин № 2, 3, сырлайтын жалпақ қылқалам

(құрылыс қылқаламы), типографиялық қара бояу, қара сия бояуы

(чернила), зығыр майы, бояутақта (палитра), бояу, су құятын

ыдыстар, қолсүрткіш. Белгіленген тақырып бойынша көрнекі

құралдар, оқушылар жұмыстары.


Тыңдаушылар үшін:

Жылтыр бет қағаз және жай қағаздар, қылқаламдар, қара сия бояуы,

Су құятын ыдыс, қолсүрткіш, қағаз, скотч (жапсырғыш).
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Оқу материалын түсіндіру.

а) мақсаттары мен міндеттері.

ә) кіріспе әңгіме.

б) граттаж техникасы мен сия бояуларының сурет салу кезеңіндегі

жұмыстың ерекшеліктері.

3. Тәжірибелік жұмыс.

4. Сабақтың қорытындысын жасау.

Графика: танысу және материал мен жұмыстың әдістерін игеру.

Графика және оның түрлерінің қысқаша тарихы.
Графика – гректің grapho «жазамын», «сызамын» деген сөзінен шыққан бейнелеу өнерінің бір түрі. Яғни жазық бетте бейнелеу тәсілі. Оған қолмен салынған сурет, сондай-ақ басқа да тәсілдермен (литографиялқ, гравюра, фотолитография және т.б) орындалған суреттердің барлық түрі кіреді. Көне заманнан бері келе жатқан сурет салудың бір құралы – көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр. Ол қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. «Графика» термині алғашында хат жазу өнері мен каллиграфияда қолданды. Ол өзінің жаңа бағытын XIX ғасыр аяғы мен XX басында кең бастауын алып, графика дербес жеке өнер ретінде қалыптасты. Графиканың негізгі ерекшелігі ол – сызық, қағыс (штрих), жиектеу, дақ пен өң болып саналады. Графика суретпен тығыз байланысты болып, кең ауқымды болады және баспа графикасымен ерекшеленді.

Графика – сызба графикасы және гравюра болып бөлінеді. Сызба графикасы бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан -жақты дамыған түрі. Графикалық бейне тек бір түсті ғана емес, сонымен қатар түрлі- түсті де болады. Сызба өнерінде штрих аса мңызды рөл ойнайды. Сызбаның түрлері 1) қондырылған сызба (сурет эстамп, лубок); 2) кітап, газет, журнал сызбасы; 3) қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т.б.)

Гравюра - француздың grawer «қию», «тырнау» деген қазақша баламаға келеді. Гравюра қытайда шамамен VI ғасырда пайда болып, батыс Еуропада XIII –XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Гравюра бетіне сурет ойып салынған тақтаны, сондай- ақ одан алынған басылымды айтады. Оның түрлері өте көп, алайда басты түрлері мынадай:

1) офорт - металл бетіне жасалған гравюра;

2) ксилография - ағашқа жасалған гравюра;

3) линогравюра - линолиум бетіне жасалған гравюра;

4) литография - тас бетіне жасалған гравюра;

Металл бетіндегі гравюра – офорт. Металл бетіндегі гравюраның орындалу техникасы екі түрде болады. Олар: қышқылмен өңделіп жасалатын және қышқылмен өңделмей жасалатын түрлер. Ксилография -бұл графиканың ағашқа жасалған түрі (грекше xylon - кесілген ағаш, grapho –жазамын) деп атайды. Гравюра қатты да серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалады. Бұл гравюра штихель деп аталатын құрал көмегімен орындалады. Жұмыс кезеңі ұзақ уақыт жүріп төзімділікті талап етеді.

Литография – арнаулы әк таста салынған гравюра түрі. Алдымен тас беті мұқият тегістеледі, содан кейін оған қою жұғатын литография қарындашымен не тушьпен сурет салады. Одан кейін сурет сүртіліп кетпейтіндей етіп; арнайы ерітіндімен шайылып өңделеді. Линогравюра дегеніміз линолиум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі. Мұнда таза ленолиум бетіне дайындалған сурет салынып, штихель деген құралмен гравер жасалып, кейін баспа түрінде арнайы бояу көмегімен баспа жұмысы алынады.

Ақ қағаз бетінде графикалық жұмыс беру үшін сурет салудың, әсіресе кез келген дақ пен қағаз бетіне түскен өң ерекше маңызды. Осы дағдылар арқылы қағаз

бетінде жай ғана графиканың түрлі бейнелерін құрастыруға болады. Ақ бетте қара дақ, сызық арқылы бейне көрсетіледі, көбіне графиканы қара ақ сурет деп те атайды. Алайда бұл қате түсінік. Графика кейде түсті өңде де болып келеді. Графика мен кескіндеменің шекарасы өте өткір жылжымалы келеді. Мысалға, акварель, пастель, кейде гуашь бояу құралы да бейнелеудің ерекшелігіне байланысты екі жақты болады. Ал графикада кескіндемедегі секілді ауқымды түр түстер мен реңдерден алыстап, жай ғана шектелген түстер көрсетіледі. Графиканың көркемдік ерекшелігі ол бейненің ауқымды және мазмұнды шығуына, құралдың ерекшелігіне, сызықтар мен дақтардың түрлі болуында, жұмыстың алуан түрлі көрінуінде болады.

Енді графиканың ең қарапайым түрлерін сөз етсек, қағаз бетінде бір реттік басылып шыққан көркем шығарманы монотипия деп атаймыз. Монотипия грек тілінен monos – «жеке», «дара» деген мағына білдіреді. Монотипияда бояулар түрі түрліше болуы мүмкін. Әдетте монотипия қағаз не картон, пластмасса бетіне майлы бояу не гуашьпен сурет салынып, онан алынған бір реттік басылымды айтамыз. Графикада монотипия техникасы жалғыз емес, сондай ақ Акватипия және Акватушь, Граттаж, Экслибрис т.б түрлері бар. Акватипия (аква сөзі латынның agua—су, сулы дегенді білдіреді) техникасында біздерге енді қағаз бен бояудан бөлек су қажет болады. Кез келген тегіс жылтыр бетке немесе әйнек бетіне акварельмен қез келген қызықты бейнелер салынып, оның бетінен қағазбен бір реттік басып алынған шығарманы акватипия десек, ал Акватушь қатты қағаз бетке гуашь бояуымен сурет салынып, (мүмкіндігінше ауқымды сурет ) гуашь бояуы кепкеннен кейін, үстіне барлық беті қара тушьпен жағылады. Жағындылар кепкен соң жұмысты тұтастай суға саламыз. Су бетінде гуашь бояу жағындылары еріп, тушь пен жағылған қабат ери қоймай сонда қара түсті өңде ақ астарлы қызық бейнелер пайда болады.

Экслибрис – латын тілінен ex libris нақты балама «кітаптан» деген сөз. «...кітабынан» , «...кітапханасынан», «...кітап қорынан» тақырыбына кітапхананың не кітаптың белгілі бір адамға немесе мекемеге тиесілі екені қандайда бір кітап белгісімен, жазумен немесе мөрмен көрсететін графика түрі. Экслибристік жұмыстар алғаш орта ғасырларда Еуропада пайда болып, кейін барлық кітапхана түріне тарады. Экслибрис кітап графикасының ерекше бөлшегі. Экслибристік графикада бейне мазмұнды келіп, таңбалы белгілермен, пейзаж бөліктері, кейде қосымша жазбалар ұрандар да кездесіп, сәнді ою өрнекті жүйелі болып келеді. Әдетте олар кітапқа өзіндік штамппен беріледі.

Графикалық жұмыстың бір түрі бүгінгі шебер-класта болатын граттаж жайында қысқаша сөз етсек. Графикадағы бұл техниканың негізгі жүйесі бояу жағылған қағаз бетін тырнау арқылы бейне көрсету. Граттаж сөзі француз тілінен яғни gratter – «тарау», «тырнау» деген мағына береді. Бұл графика техникасымен 20 ғ. суретшілері айналысты. Ресейде алғашқы болып көптеген тамаша туындалар қалдырған М.В. Добужинский болды.

Граттография тәсілін игеру үшін талапкер әдетте мынадай жұмыстармен бастайды. Жұмысты орындай отырып біріншіден қағаз бетін тең етіп балауыз

( воск ) шаммен немесе парафинмен жағынды жағып шығып, (бірнеше қабат) сонан кейін жалпақ қылқаламмен немесе мақтамен үстіңгі бетін тушьпен біртекті етіп жағылады. Тушьтың, майлы балауыздың бетке толық жағылуын қадағалаймыз. Тушьпен қара өңдік қабаттар жағылған соң, өткір затпен ине немесе пышақ, тоқыма біздерімен тырналап бейне сурет салынады. Қара өңде жіңішке нәзік қағыстар (штрихтар) беріліп, нәтижесінде бейне бір жеңіл жұмбақ күйінде көрінеді. Яғни қара өңде әсерлі ақ бейнелер пайда болады.

Бүгінгі шебер-кластың графикалық жұмыстарын ендігі тәсіл сия бояуларын қолдана отырып жұмыс жасаймыз. Сия бояулары алғашында ежелгі мысырлықтар қолданды. Біздің дәуірге дейін олар жазба үшін папирус тамырының күлі мен камеди ерітіндісінің /қараған мен шиенің қою шырыны/ қоспасын пайдаланды. Осындай құрам Қытайда 2,5 мың жыл бұрын қолданды. Қытайлық сиялар сілтелерде ерітілген күйе мен шайырдың қоспасы болды. Осы сиялардың құпиясын 1876 жылы химик К.Б.Шелле ашты. Ол қандыағаш тамырларын қайнатқан кезде суға темір қышқылды темірлі тұздар беретін тері илейтін қышқылдар қосылатынын анықтады. Ерітіндінің бояуы аз, бірақ кепкен кезде темір қышқылданады және қараяды. Суда ерімейтін және жарыққа тұрақты темірдің тотығы пайда болады. Қазіргі таңда өнеркәсіп жаңғақты сиялар өндірмейді, бірақ қауырсынмен жұмыс істейтін кейбір графиктер бұл сияларды өздері жасайды. Алайда бұл сиялардың кемшілігі болды: жазылғанды тек 10-12 сағаттан кейін оқуға болатын, ал оған дейін мәтін түссіз болатын. 1885 жылы саксондық мұғалім Леонгарди ализаринді сиялар ойлап тапты. Олар да галлды болды, тек түссіз - лайлы емес, қарқынды -жасыл болды. Қағаз бетінде олар таза қара түске айналады.
Соңғы кездері түрлі -түсті сиялар мен сабынның көбігі қолданатын сурет тәсілі өте танымал болып жатыр. Бұл тәсіл кәдімгі ас тұзын қолдана отырып, қосымша әсерге қол жеткізуге болатынымен қызық.

Тәжірибелік жұмысты жасамас бұрын алдымен негізгі мақсаттарын айталық:


- алдымен жұмыс орнын дайындау: құрал бояуларды т.с.с;

- белгілі бір тақырып бойынша қағаз бетінде бейне құруға тырысу;

- көркемөнер құралдарын пайдаланып, жұмысты тиянақты жасау.

- граттаж тәсілінде жұмысты ұқыпты орындау.


Ескерту: қара бояумен жұмыс жасау кезеңінде өте мұқият болуды талап етіледі. Сонымен бірге қылқаламдарды қолданған кезінде заттың не суреттің пішініне байланысты боямалау ұсынылады.

Тәжірибелік жұмыс
Граттаж техникасы.

Граттаж техникасында графикалық жұмысты орындап көрелік.

Тәжірибелік жұмыс үшін бізге алдымен қажетті құралдар: жылтыр бет қағаз (фото қағаз), қылқаламдар, қолсүрткіш, пинен 4 еріткіші, орташа мастихин құралы керек болады.





1. Типографтық қара бояуды бояу құятын ыдыстарда пинен 4 ерітіндісі, немесе зығыр майымен араластыра ерітіп дайындаймыз.


2. Ерітілген бояуды жалпақ қылқалам көмегімен қағаз бетіне кез келген шығармашық бейне түсіреміз. Кей жағдайда бейнеге құрғақ қылқалам да қажет болады. Қағаз бетіндегі қара бояу жағылғаннан кейін, оны жіңішке қылқаламмен суретті өңдейміз.

4. Келесі кезеңде № 2, немес 3 мастихин көмегімен тырналау арқылы бейнелеуді түрлендіреміз.



5. Осылайша граттаждық графика жұмысын аяқтап, дайын жұмысты кептіруге қалдырамыз.
Сия бояуларымен тәжірибелік жұмыс.

Сия бояуымен жұмыс жүргізу өте ұқыптылық пен тиянақтылықты қажет етеді. Қажетті құралдар: А 3 көлемді қатты қағаз, қара не көк сия бояуы, қылқаламдар (орташа топтағы колонок), суқұйғыш ыдыс, тамшылатқыш (пипетка) және қолсүрткіш.






1. Қағаз бетіне қарындаш көмегімен жеңіл етіп бейне түсіреміз.



2. Түскен бейнені алдымен сумен қылқалам арқылы боямалаймыз.

3. Сонан кейін тамшылатқыш (пипетка) арқылы сия бояуымен бейненің сулы жеріне өте байыппен мұқият ете бояуды бір реттен тамызамыз.

4.Орташа не жіңішке қылқалам арқылы жұмыстың кейбір ұсақ бөліктерін түзетеміз.





Осылайша сия бояуларды қолдана отырып графикалық көркем жұмыс орындаймыз. Әрине бұл жерде түстапқышты не қолсүрткішті пайдалана, жұмысты артық сиядан қылқалам арқылы арылтып отырамыз.

Қорытынды

Шебер-кластың негізігі мақсаты бейнелеу өнері сабағында, сурет сабағында түрлі тәсілдегі графикалық жұмыстарды барынша бағдарлама бойынша қолдану. Шығармашылық талапкерлер үшін де өз ой қиялын осындай графикалық жұмыс арқылы эстетикалық талғам мен бейнелеу шеберлігін жетілдіру. Қорыта келе графикада бейнелеудің түрлі тәсілдерін үйрену негізгі талап пен міндет. Бұл тәсілдегі жұмыстар балалар үшін өте қызықты балалардың барлық жастарына оңай. Шебер-класты орындай отыра аз мөлшерде болса да, әрбірімізде шығармашылық көңілді әсер қалды деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиет

1. А. О. Барщ. Наброски и зарисовки. М.: «Искусство», 1970.


2. А. М. Серов. Рисунок. М.: «Просвещение», 1975.

3. Художественная школа. –М.: Эксмо, 2010.


4. Работа пером и тушью. (А.Л.Гаптилл). Пер. с англ. А.Ф.Зиновьев – 2 ое издание.- Мн.: ООО «Попурри», 2004.
5. Техника быстрых набросков /Пер. с англ. Худ. обл. М.В.Драко – Мн.: ООО «Попурри», 2004.
6. Ә.Т.Төлебиев, Б.А. Әлмұханбетов. Өнер тарихы. Жалпы білім беретін

мектептің оқушыларына және студенттерге арналған оқу құралы – Астана:

«Арман-ПВ», 2009.
7. Энциклопедия рисования. Пер. с англ. Т.Покидаевой, М.: «Росмэн», 2001.

8. Н.И. Платонова, В.Д. Синюков. Энциклопедический словарь юного

художника: -М.: Педагогика, 1983.
9. Г.В.Беда. Основы изобразительной грамоты: рисунок, живопись,

композиция: учебно пособие для студентов педагогических институтов по

специальности 21.09 «Черчение, рисование и труд».-2-е изд., перераб. и доп.

- М.: Просвещение, 1981.


10. А.Ф.Ковшарь, В.А.Ковшарь. Животный мир Казахстана. Научно-популярное издание: Алматы кітап, 2003.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет