Алаш қозғалысы



бет26/26
Дата27.09.2022
өлшемі153.2 Kb.
#461493
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
қазақ тілі реферат

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады. Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принцептер құрайды: фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы.
Тапшы мамандықтар
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы таратқан мәліметтерге сүйенсек, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші орны бос қалған. Одан бөлек, тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мың бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың бос орын) кірді. Сонымен қатар, сұранысқа ие кәсіп қатарында санитарлар, жүк көліктерінің жүргізушілері, орта мектеп мұғалімдері, жол салумен айналысатын жұмысшылар, сатушы-кеңесшілер бар. Жалпы республиканың әр аймағында мамандарға деген сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, күзетшілерге арналған жалпы бос орындар санының үштен екісі еліміздің екі өңіріне тиесілі. Қостанай облысында (1050 бос жұмыс орны) және Нұр-Сұлтан қаласында (1034 бос жұмыс орны) осы кәсіпті өміріне серік еткендер аз. Ал Шымкентте керісінше күзетшілер тіпті 25 тапшы мамандық тізіміне де енбейді. Еліміздің оңтүстік мегаполисінде ең сұранысқа ие кәсіп - орта мектеп мұғалімі (935 бос орын). Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша еңбек нарығында күзетшілерге 4,4 мыңнан аса бос орын тіркелген. Сондай-ақ, тапшы мамандықтардың қатарына даяшы, жүк тасушы, санитар кірген. 

Болашақтың мамандықтары


Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыс­тағы 57 мамандық түбірімен жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумының баяндамасында 2020 жылы әлемдегі интел­лект пен роботты техниканың дамуы нәти­жесінде 2 млн жаңа жұмыс орны ашылатындығы, бірақ техноло­гия­лық жетістіктердің дәл осы мерзімде 7 млн-нан астам жұмыс орнын қысқартуға алып келетіндігі атап көрсетілді. Қазір мектеп қабырғасында жүрген оқушы­лардың 63 пайызы таяу болашақта бүгін заты түгілі, аты белгісіз мамандықтар бо­йын­­ша жұмыс істейтін болады. Қысқа­сы, біз орасан зор технологиялық өзгерістер дәуірінің табалдырығында тұрмыз. Ен­деше, ұрпағымыздың ертеңі біздің бұл құбылысты қаншалықты түсінгенімізге, балаларымызға бола­шақ мамандық таңдау­да қаншалықты сауатты бағдар бере ала­тынымызға тікелей байланысты болмақ.
Сонымен сұранысы көп болашақтың мамандықтары қандай? Бұл туралы дуалы ауыз сарапшылар да, экономикалық ғылымдардың майын шайқаған ғалымдар да «болашақтың тетігі дәл мынандай-мынандай мамандықтарға тіреліп тұр» деген нақты тізім бере алмайды. Дегенмен, инновациялық
Цифрлы Қазақстан мамандықтарға сұраныстар
Президент халыққа арнаған биылғы Жолдауында металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және ІТ-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымн дамыту керектігін, сондай-ақ, жоғары оқу орындары шетелдің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыру қажеттігін баса айтқан болатын.
Иә, болашақта мүлде жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Сондықтан, біз қаласақ та, қаламасақ та жұмыс орындары қысқара бастайды. Еліміздің көркеюі әркімнің «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты. Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін тудырады. Сондықтан, білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады.
Ғалымдардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық түбірімен жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен. Ал, Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемде интеллект пен роботты техниканың дамуы нәтижесінде 2 млн. жаңа жұмыс орны ашылатындығы, бірақ технологиялық жетістіктердің дәл осы мерзімде 7 миллионнан астам жұмыс орнын қысқартуға алып келетіндігі атап көрсетілді. Қазір мектеп қабырғасында жүрген оқушылардың 63 пайызы таяу болашақта бүгін заты түгіл аты белгісіз мамандықтар бойынша жұмыс істейтін болады. Қысқасы, біз орасан зор технологиялық өзгерістер дәуірінің табалдырығында тұрмыз.
Бүгінде көп елдерде мықты инженерлер жетіспейді екен. Ал, нанотехнология саласы болашақта ғарыш, машина жасау, тамақ өндірісі, медицина сынды ірі салаларда үлкен рөл атқармақ. Бұл саланы таңдаған жастардың қапы қалмасы анық. Келешекте жаңа қуат көздері, электроникалық жаңалықтар мен жүйелерде электроника және биотехнология мамандарының өзіндік орны болары да белгілі. Ал, маркетологтар жұмыс басқару, бизнес, шаруашылық, тіпті мемлекеттік жүйеге өте қажетті болуда және бола бермек. Болашақта өндіруші мен тұтынушының ортасындағы ортақ көзқарастармен тығыз жұмыс жасап жетістікке жетуде бұл мамандардың орны ерекше.
Сонымен, сұранысы көп болашақтың мамандықтары қандай? Бұл туралы сарапшылар да, экономикалық ғылымдардың майын шайқаған ғалымдар да «болашақтың тетігі дәл мынадай мамандықтарға тіреліп тұр» деп нақты айта алмайды. Дегенмен, инновациялық технологиялардың даму бағытын бағдарлауға байланысты «болашақта мына салалардың мамандарына сұраныс артуы тиіс» деген болжамдар да баршылық.
Сарапшылардың бірауызды пікірі бойынша, «цифрлы дәуір» болашақ мамандардан үлкен икемділікті, үйлесімді іскерлікті, жедел оқуды және шұғыл да тиімді ақпарат алмаса білуді қажет етеді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, таяу болашақта ішінара жұмыспен қамтылу форматы басымдық алатын болады. Сонымен бірге, болашақта офистік қызметкерлерге деген сұраныс күрт төмендейді. Әлемдегі таяу болашақта қысқаратын 7 миллионнан астам жұмыс орнының үштен бірі осы офистік қызметкерлер болмақ. Жалпы, озық технологиялар заманында офиске деген қажеттілік те барған сайын азая бермек.
Зерттеушілердің пікірінше, тек мамандықты игеру аздық етіп, болашақта жан-жақты қа білет жоғары бағаланады. Яғни, мамандардың бірнеше қызметті қатар алып жүруі басты орынға шықпақ. Мысалы, қазірдің өзінде тіл білу қажеттілігі айқын көрінуде. Осы орайда, болашақ мамандар ең алдымен икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беруі керек. Сонымен бірге, болашақтың мамандарының бойынан қалыптасқан ахуалға жылдам бейімделу және сабырлылық, жұмысқа барынша икемділік көрсете отырып, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін арттыруға үнемі ұмтылу, жан-жақты қабілетті болу секілді қасиеттер мен дағдылар қажет етіледі. Тұрақты және жедел оқу тәсілі білікті маман даярлаудың басты ұстанымдарының бірі болып қалады. Бұл ретте еліміздегі бүгінгі қаптаған жоғары оқу орындары экономикамызға қажетті барлық мамандықтарға баулитын орталық и бола ала ма?
Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет