Алаш қозғалысы



бет11/26
Дата27.09.2022
өлшемі153.2 Kb.
#461493
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
қазақ тілі реферат

Туынды сөз – сөзжасам саласының негізгі ұғымы. Қазақ тілінің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Қазіргі қазақ тіліндегі бір буынды ат, ақ, су, жақ, тау, т.б. атаулардың өзі Туынды сөз ретінде танылады. Бұл сөздер тұлғалық жағынан өзгермегенмен, мағыналық құрылымы семантикалық сөзжасам негізінде дамыған. Сондықтан да бұл атаулар іштей көпмағыналылыққа, антонимдік сыңарлар мен синонимдік қатарларға жіктеледі.[1]

Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері


Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы. Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді. ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді. Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады. Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліпсоңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән белгісі қойылады.
Әлемдік саясат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет