Алдағы жылда Қазақ елі «Қазақ хандығының 550 жылдығын» тойлағалы отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан мен барша қазақстандықтардың осы айтулы мерекені кең ауқымда атап өтілуіне аса көңіл бөлуде



жүктеу 16.03 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі16.03 Kb.
Алдағы жылда Қазақ елі «Қазақ хандығының 550 жылдығын» тойлағалы отыр. Мемлекет басшысы Қазақстан мен барша қазақстандықтардың осы айтулы мерекені кең ауқымда атап өтілуіне аса көңіл бөлуде. Сондықтан тұжырымдылаған іс-шаралар республиканың барлық өңірінде қамтылып жатыр. Осындай тарихи датаға арнайы өткізілген іс-шаралардың бірі бүгін №5 КМЛ жүзеге асырылды.

Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келер жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Осыған орай бүгінгі таңда республикамыздың әр түкпірінде тарихи датаға бағышталған іс-шаралар жүзеге асуда. Тап осындай шаралардың бірі С.Сейфуллин атындағы №5 КМЛ-дегі тарих пәнінің ұстаздары Аяған Нұржанның ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Дөңгелек үстел аясына жиналған оқуышлар мен ұстаздар қауімі осы ерекше датаның маңызы мен мәні жайында ой бөлісті.

1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян.«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз пен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек - ті.
Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынды.Көптеген тарихшылардың пікірінше, осы уақыттан бастап Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Еуразия құрлығындағы мемлекетаралық қатынастардың жеке субъектісіне айналды.Атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналғаны қаншама. Ал бізде – ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Міне, шарықтайтын кез – осы!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет