Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет27/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

замансөзтану ғылымы орнықты деп айтатын уақыт келді. Ауызша 


48 
публицистиканың, яғни шешенсӛздің айтындарының бірі – айтыс... «Сӛз 
әлеуметке дегенін істету үшін айтылса – шешенсӛз, жазбаша айтылса - 
кӛсемсӛз» (А. Байтұрсынұлы) деген қағидаға біржақты қарау салдарынан... 
кӛсемсӛздің тӛлсыңары – шешенсөзді назардан тыс қалдырдық. Ауызша 
публицистиканың айтындарын қайта тірілтеміз» (Қазақ əдебиеті, 2016, 22 
қаңтар).
Мəнмəтінде замансӛз, шешенсӛз, саясатсӛз, білімірсӛз, қошеметсӛз, 
биліксӛз, уағызсӛз, алқаман, жаратынды, айтын, атқарат, сӛзгер, зәрурат, 
дін ақидалары, замансӛзтану, тӛлсыңар тəрізді 20-ға тарта жаңа сөз 
қолданылған. Дереккөздің нақтылығы мен мерзімдік кеңістіктің өлшемдерімен 
қарағанда, олардың пайда болған мерзімі анық байқалып тұр деуге болады. Осы 
тұрғыдан қарағанда, көрсетілгендер – жаңа қолданыстар. Бұл ретте мерзімді 
баспасөз жаңа қолданыстың мағыналық мазмұнын бірнеше əдіс-тəсілдермен 
көрсетеді: бұрынғы нормалық баламасы арқылытүсіндіреді (сөзгер, яғни 
публицист; ауызша публицистика, яғни шешенсөз); өзге тілдегі баламасы 
арқылы анықтап береді (алқаман – аудитория; айтын – высказывание; 
атқарат – функция); белсенді сөз тудырушы формалардың үлгісімен 
жасалғандықтан, бірқатар жаңалықтардың мағыналық мазмұны айқын 
(білімірсӛз, саясатсӛз, биліксӛз); макромəтін бойында берілген сөздер 
əлденеше мəрте қолданысқа түсіп, өздерінің белгілі бір ұғым-түсініктерді 
мазмұндап тұрғанын «мойындата» түседі. Алқаман, айтын, атқарат, зәрурат, 
жаратынды, ақида сияқты сөздердің қолданысы Р. Сыздық айтқан 
«орысшалықтан» құтылу болып шығады. Бірқарағанда көрсетілген сөздердің 
əдеби тілге ену мүмкіндіктері төмен. Дегенмен жекелеген сөздердің нормалану 
сатысы мыналарды көрсетеді: бастапқы қолданысында тосын, ұғымдық 
сыйымдылыққа сəйкес келмейтін, барлық ұғымды қамти алмайтын жаңа сөз 
сияқты болып көрінгенімен, жаппай қолданысқа – жазбаша жəне ауызша 
коммуникативтік актіге жаппай қатысқан жағдайда жаңа сөз дағдылы нормаға 
айнала алады (сынып, мәтін сөздері сыни талқылауға түскенімен, білім жəне 
ғылым салаларында кеңінен қолданылғандықтан, норма дəрежесіне көтерілген). 
Академик Р. Сыздық айтқан «тілдік дағдының» ықпалы деген осы.
1989 жылдан бастап дербес сала ретінде танылған қазақ тілінің сөзжасам 
саласы бойынша теориялық тұжырымдар жаңа сөздердің жасалу жолдары 
туралы толық мəлімет бере алады [94; 95]. Қазақ сөзжасамының көрнекті өкілі, 
ғалым Н. Оралбаеваның пікірі бойынша, «тілдің сөзжасам жүйесі – қазақ 
тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып 
отыратын негізгі тілдік құбылыс». Ғалымның көрсетуінше, 1992-2002 
жылдардың арасында сөз тудырушы тəсілдердің барынша жандануы 
нəтижесінде саябақ, мүшелтой, жолнұсқа, жолқиыс типтес көптеген сөздер 
жасалған [94, 7]. 
Тілдік бірліктердің мағыналық жағы зерттелетін семасиология (семантика) 
саласының зерттеу нысанасы, зерттеу əдістері негізінде жаңа сөздің, оның 
ішінде тілдің өз ресурсы арқылы жасалғандардың (сөз мағынасының кеңеюі, 
синонимдердің мүмкіндіктері, жергілікті тіл ерекшеліктері мен кəсіби лексика 


49 
қатарынан жаңа, терминдік мағына иелену) табиғатын анықтауда семасиология 
шеңберінде талданатын жүйелілік сипат, сөз мағыналарының өзара байланысы 
мен осы мағыналардың бір-біріне тəуелді болуы немесе сөз мағыналарының 
дифференциясы нақты көмек бере алады, тілдің өз əлеуеті арқылы жасалған 
жаңа сөзге семантикалық талдау жасау, термин үшін алынған қазақтың төл 
сөзінің ішкі формасын таныту жаңа сөздің тілге ену қабілетін, əдеби норма 
ретінде танылу мүмкіндігін (немесе керісінше) дəлелдеп береді. Бұл ретте 
семасиология ғылымында америкалық структурализм ұсынған дистрибутивті 
талдау (сөз мағынасын нақтылаудың жолы – оның тіркесімділік қабілетін 
көрсету) жəне Прага структурализмі қолданған компонентті талдау (сөз 
мағынасы 
компоненттердің 
жиынтығынан, 
яғни 
семантикалық 
«көбейткіштерден» немесе «семалардан» тұрады) деген бағыттардың, сондай-
ақ В.В. Виноградов мектебі ілімінің (парадигмада тіркелетін сөздің мағынасын 
жəне сөз тіркесі, мəтін арқылы синтагмада жүзеге асырылатын сөздің 
лексикалық-семантикалық вариантын ажырату) теориялық негіздері – 
осылардың қай-қайсысы да жаңа сөздердің табиғатын тануда тиімді болып 
табылады. Мысалы, бағам сөзі 1976 жылғы Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 
енгізілмеген; бағамда лексемасы «жерг. шамалау, пайымдау» мағынасында 
көрсетілген [96, II, 8]. 
Тілдегі жаңа сөздердің қолданысқа түсуі сөз мəдениеті жəне əдеби норма 
салаларының аспектілеріне байланысты. Сөз мəдениеті арқылы ауызша жəне 
жазбаша əдеби тілдің нормаларын (сөз қолданысы, сөздің дыбысталу 
дұрыстығы, грамматикалық заңдылықтардың сақталуы), сондай-ақ айтылатын 
(жазылатын) сөйлеудің (речь) мақсаттары мен мазмұнына қарай қарым-
қатынастың əртүрлі жағдаятында тілдің көріктеуіш құралдарын орнымен 
қолдануды білдіретіні белгілі. Норма межелері бойынша тілдік бірліктің бірі 
үлгі ретінде алынады, сөйтіп, «дұрыс-дұрыс емес» «орынды-орынсыз» деген 
бағалаулар пайда болады. Теориялық жəне практикалық пəн болып табылатын 
сөз мəдениетінің нысанасы – лексикадағы, грамматикадағы, стилистикадағы 
барлық жаңа белгілерді қадағалай отырып, тілдің қолданылу практикасына 
жедел ықпал жасау, ұсыныстар, реттеу іс-шаралары арқылы тілді 
пайдаланушылардың сауаттылығын көтеру, тілдің табиғилығын сақтау. Сөз 
мəдениеті жəне əдеби норма аспектілері арқылы əсіресе жаңа сөздерге айрықша 
көңіл бөлінеді, бір ұғым-түсінікті, зат-бұйым атауларын, ғылыми-техникалық 
терминдерді беру үшін пайда болған бірнеше варианттың, осы мақсатта 
таңдалған жергілікті тіл ерекшеліктері мен кəсіби лексиканың орынды-
орынсыздығы, дұрыстығы мен бұрыстығы анықталады. Қазақ тілтанымының 
сөз мəдениеті тармағында бұндай жайттар 1968 жылдан 1980 жылдарға дейін 
практикалық тұрғыдан қарастырылған (конференциялар өткізілген).
Тілдік жаңа бірліктердің сипаттары терминология жəне аударматану 
салаларының аспектілеріне де тікелей қатысты. «Терминологиядағы қазіргі 
үрдіс – шетелдік терминдерді мүмкін болғанша қазақшалау» [32, 135]. Қазақ 
терминологиясындағы соңғы кезеңдердегі қарқынды үдерістерді ескерсек, 
ғылым мен техниканың барлық саласындағы қазақша терминдердің жаңа 


50 
сипаты бар екендігін көреміз, сөз мағынасының өзгеруі, сөзжасамдық амал-
тəсілдер, синонимия, көпмағыналылық арқылы жасалған жаңа терминдердің 
белгілі бір ұғымның ішкі семантикалық өлшеміне сай келуі немесе басқаша 
болуы – осыларды анықтау неология саласының да нысанасы болып табылады. 
Жалпы, қазақ тіліндегі қазіргі кездегі жаңа сөздер туралы айтқанда, бұл 
түсінікті жаңа терминдерден бөлек қарауға болмайды. Сондықтан зерттеудің 
мақсатына сəйкес іріктелген жаратылыстану пəндері бойынша оқулықтардағы 
терминдік ұғым-түсініктердің атаулары жаңа сөздердің бір тармағы ретінде 
қарастырылады.
Кейінгі кезеңдерде іргетасы қаланған қазақ лингвистикалық аударматану 
ғылымы тармағының қарастыратын мəселелері, əсіресе бір тілден екінші тілге 
аударма жасаудың практикалық жағы тілдегі жаңа бірліктердің сипаттарымен 
астасып жатады. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесіне байланысты 
заңнамалық құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аудару ісі көптеген жаңа 
терминдердің, жаңа тілдік бірліктердің пайда болуына қарқынды əсер етті. 31 
томдық екітілді терминологиялық сөздіктер кешенінің арасынан «Əскери іс» 
саласы бойынша терминологиялық сөздіктегі (12-том) жаңа сөз сипатындағы 
терминдердің ішінде аударма тəсілдері арқылы жасалған терминдер жөнінде 
айтылған пікір бар: «бұнда лексикалық, семантикалық, сөзжасамдық жəне 
синтаксистік калька амалын сүйеніш еткен жайттар жиі ұшырасады 
(ауытқушылық – аномалия, атаулы тізім – именной список, атыз кезегі)» [97, 
66]. Ал нормативті-жарлықшы құжаттардың аудармасы туралы еңбекте «ресми 
құжаттарда көрініс тапқан кейбір терминдерді бекітілген, нормаланған деп 
есептеуге тура келеді, өйткені жаңа аталым; термин қолданылған мəтін Үкімет, 
Мемлекет басшысы тарапынан бекітіліп, заң күшіне енеді» деп көрсетілген 
[98,18-19].
Лексикография – сөздіктер жасаудың теориясы мен практикасы туралы 
саланың бір міндеті – сөз мəдениетінің, əдеби тілдің нормаларының сақталуы 
мен дұрыс қадағалануына ықпал ету. Сондықтан да сөздіктердің қай типінде 
болмасын, тілдің қолданыстағы сипаты мен заңдылықтары көрініс табады. 
Сөздіктер тілдің динамикасы мен өміршеңдігіне үлес қосады, осы себепті 
дамыған тілде сөздіктердің неше алуан түрлері жасалуы тиіс. Қазақ тіліндегі 
нормативті, екітілді жəне түсіндірме сөздіктерде бірқатар жаңа сөздер 
тіркелген, сонымен қатар белгілі бір кезеңдегі жаңа тілдік бірліктердің тіркеуші 
сөздігін жасау жəне оны сериялы түрде жалғастыру, неография саласын 
қалыптастыру маңызды мəселелердің бірі болып табылады.
Жоғарыда айтқанымыздай, тіл ғылымының əр саласы өз бетінше оқшау 
дамымайды, олардың зерттеу нысандары мен əдістері əр басқа болғанымен, 
тілдік бірліктердің табиғатын тануда ортақтық болады. Бұл ретте 
неологизмдердің ерекшеліктері антропоцентрлік парадигманың негізгі 
бағыттары 
болып 
саналатын 
этнолингвистика, 
психолингвистика, 
лингвомəдениеттану жəне когнитивтік лингвистика салаларының аясында да 
қарастырылады. Өйткені халықтың ұлттық болмысын танытатын негізгі өзек – 
оның тілі. Ұлт – мəдениет – тіл тұтастығында қарағанда жаңа сөздер ұлт 


51 
санасының жемісі болып табыладын. Жалпы алғанда, адам əлемді өз ана тілі 
арқылы таниды да, сол негізде ұлттық мінезді бойына қабылдай бастайды [99]. 
«Тіл – халықтың рухы» болса, тілдің ең негізгі бірлігі – сөз. Ұлттық тілдің 
сөздік қорындағы белгілі бір үлесті жаңа сөздер құрайтыны белгілі. Жаңа 
сөздер тілдің ішкі заңдылықтарынан бөлек, сол тілді тұтынушы халықтың 
ойлауына, қабылдауына, таным-түсінігіне сай жасалса ғана жаңа сөздің тілде 
бекітілуіне жағдай жасалады. Бұған В. фон Гумбольдтың «тіл рухтың 
заңдылығы бойынша дамитын болса, оған қоса тіл адам санасының 
заңдылықтары бойынша да дамиды» деген тұжырымы дəйек болады [71, 370]. 
Бұл – неологияның психолингвистикамен байланысының айқын көрінісі.
Сонымен қатар тілдегі жаңа сөз ең алдымен – ұлттық-мəдени құбылыс. 
Біріншіден, «тіл мен мəдениеттің өзара қарым-қатынасы, əсіресе мəдениеттің 
тілге ықпалы, мəдениеттің тілдегі көрінісі ғылым үшін жаңалық емес. Əр 
халықтың дүниетанымы мен мəдениетінде ерекшелік бар; бұл ерекшелік тілге 
сіңіріледі дегеннің бастапқы негізі Э. Сепир мен Б. Уорфтың «лингвистикалық 
ықтималдылық теориясында қаланған болатын» [97, 122]. Демек, мəдениеттегі 
өзгерістер тілге əсерін тигізеді, ал тілдегі өзгерістер, ең алдымен оның 
лексикалық қабатынан сезіледі. Бұл ретте тілдің ішкі заңдылықтарына 
негізделген жаңа сөз тууы мүмкін, екіншіден, жаңа сөздердің бір тобы 
бұрыннан тілде бар, бірақ мағынасы күңгірттеніп, қолданыс аясы шектеле 
түскен сөздердің жаңа мағынаға ие болуынан жасалады. Бұған дəлел – қазақ 
тіліндегі жәдігер, кәдесый, тұсаукесер сияқты неологизмдер. Бұл – тіл мен 
мəдениеттің тоғысындағы лингвомəдениеттану, этнолингвистика салалары мен 
неология байланысының қарапайым дəлелі [100]. Сонымен қатар ұлттық-
мəдени танымға ие, ұлттық менталитетті айқындайтын сөздердің 
семантикасының кеңеюі, жаңғыруы арқылы тілге қайта оралуы, əсіресе ғылым 
мен техника атауларын беруге сəйкес келуі тілдің сөз байлығының айрықша 
қабілетті екендігін, сол халықтың ұлттық мəдениетінің жоғары екендігін 
көрсетеді.
Неология жəне неография салалары жалпы орта білім беру жүйесінің 
əдіснамалары мен əдістемелерін жетілдіру бағыттарына да қатысты. Бұл 
жайттың саяси маңыздылығына айрықша назар аудартамыз. Елбасының «100 
нақты қадам» бағдарламасында аталғандай, «мектептік білім берудің 
қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мəңгілік ел құндылықтарын енгізу» 
маңызды [11]. Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бастысы – 
білім алушыны қоғамдық-əлеуметтік өмірдің талаптарына толық сəйкес келе 
алатын белсенді тілдік тұлға ретінде қалыптастыру. Білім беру жүйесінің 
əдіснамалары мен əдістемесі осы бағытқа шоғырландырылуы тиіс. Осыған 
байланысты қазақ тілінің лексикасындағы жаңалықтарды қоғамдық-əлеуметтік 
өзгерістерге байланыстыра отырып білім беру маңызды болып саналады.
Қазақ неологиясы мен неографиясы қазақ тіл білімінің іргелі ғылыми 
бағыттарына тікелей байланысты. Сондықтан жаңа сөздердің теориясы мен 
практикасы бойынша ғылымның зерттеу əдіс-тəсілдері семасиология, 
лексикография, сөзжасам, əлеуметтік лингвистика сияқты маңызды салалардың 


52 
зерттеу əдістерінен бастау алады. Өйткені тілдегі жаңа сөздер тілдің барлық 
деңгейлерін (жүйелік-құрылымдық парадигмасын – фонетика, грамматика, 
стилистика салаларын) қамтиды.
Қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздердің зерттелу табиғатына қатысты біздің 
тарапымыздан мынадай қорытынды жасалған болатын: «Қоғам өміріндегі 
жаңғырулар, тілдің өз қозғалысы лексикалық құрамды əрдайым жаңа тілдік 
бірліктермен толықтырып отырады, сондықтан қазақ тілтанымында неология 
мен неография саласын, əсіресе тілге толассыз енген (жəне еніп жатқан) жаңа 
тілдік бірліктердің кодификациялануын теориялық-практикалық тұрғыдан 
қарқынды дамыту маңызды болып отыр. Осы салалардың кешенді түрде қолға 
алынуы қазақ сөз мəдениеті, əдеби тіл нормалары, терминология жəне 
терминография, аударма жəне əлеуметтік лингвистика, лексикология мен сөз 
семантикасы, əдеби тілдің функционалды стильдерінің қазіргі сипаты, орта 
мектептерде білім беру жүйесінде қазақ тілін оқыту əдістемесін жандандыру 
бағыттарындағы зерттеулерді толықтыратыны, ең бастысы – қазақ неологиясы 
мен неографиясының қалыптасуына жол ашатыны сөзсіз» [101]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет