Алдашева камар сагингалиевна


- қазақ тілінің түркі тілдер жүйесіндегі орны туралы; -



Pdf көрінісі
бет74/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- қазақ тілінің түркі тілдер жүйесіндегі орны туралы;
- ескі қазақ жазба тілінің қалыптасуы мен оның қазақ қоғамы үшін 
маңызы;
- ескі 
жазба 
тілдің 
əлеуметтік 
мəні 
жайында, 
жазу-сызуды 
демократияландырудағы А. Байтұрсынұлының реформасы; 
- тұңғыш қазақ əліпбиі, тілдің заңдастырылған жазу нормалары туралы; 
- тіл кемелдігін айқындайтын межелер. 
Сондай-ақ сөз байлығы – тіл дамуының басты белгісі; қазақ тілі – ұлт 
тұтастығын нығайтудың кепілі; ұлттық тілге тəн белгілер; қазақ тілінің 
əлеуметтік мүмкіндіктері; жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы – əдеби 
тіл; əдеби тілдің қайнар көздері; əдеби тілдің қалыптасуы мен дамуындағы сөз 
зергерлерінің рөлі; қоғам дамуындағы тілдің қызметі, тіл мен қоғам дамуының 
өзара əсері; қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін бекітетін құжаттар; 
мемлекеттік тілдің қызмет етуінің алғышарттары, сыртқы жəне ішкі факторлар; 
мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі; мемлекеттік тілдің өз қызметін толық 
атқаруының шарттары; тіл мəдениетін арттырудың мəні [198] туралы 
лингвистикалық-танымдық білім қоры кеңейеді. «Əдеби тілдің стильдік 
тармақтары жəне олардың айырым белгілері мен нормалары» деп аталатын 
үшінші бөлімде «қазақ əдеби тілінің белгілері; əдеби тілдің стильдік 
тармақтары; кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша жəне жазбаша түрлері; кітаби 
тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері» жайындағы білім жаңа сөздерді 
меңгертудің лингвистикалық маңызды алғышарты ретінде аса маңызды. Бөлім 
бойынша жаңа сөздердің қамтылуына тоқталар болсақ, ресми ісқағаздар 
стиліне қатысты атаулар кездеседі. Кітаби тілдің ауызша жəне жазбаша 
нормаларымен байланысты ұсынылған 76-тапсырмадағы сөздер қатары жаңа 
сөздер болып табылады. Тапсырма бойынша «емле ережелерін пайдалана 


146 
отырып, берілген сөздердің неге бірге жазылатынын түсіндіру» керек [204, 
113]. Ұсынылған сөздер: ӛнержай, мұражай, ілеспехат, отбасы, ӛнертану, 
абайтану, қоғамтану, мүйізтұмсық, мұзойнақ, микроаудан, Елбасы. Дұрыс 
жазылу ережесін сақтай отырып, оқушылар сөздің мағынасына назар аударады. 
Бұл олардың жаңа атауларға деген қызығушылығын тудырады. «Əдеби тіл 
нормалары» (8 сағат) деп аталатын төртінші бөлімдегі тілдік жүйе, тілдік 
норма, дағды, босаң норма, қатаң норма ұғымдарына арналған тақырыпшалар 
оқушылардың норма туралы білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Одан 
кейінгі «Тілдік норма жəне жаңа қолданыстар» тақырыбы оқушылардың жаңа 
сөздердің нормалануы мен қалыптануына қатысты нақты анықтама береді. 
Неологизмдердің орнына жаңа қолданыстар деген термин қолданылған; жаңа 
сөздердің нормалану үдерісіне сипаттама берілген. Алайда дəлелдеу үшін 
алынған тілдік фактілердің тілдің қазіргі сипатымен сəйкес келмейтіндігі 
байқалады, атап айтқанда нормадан ауытқу мəселелері талданған; жаңа 
қолданыстар ретінде ұсынылған тілдік фактілер (оқырман, кӛрермен, ғарыш, 
ғарышкер, ғарыш айлағы) өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы тіл 
практикасындағы жаңа сөз болып табылады, 1988 жылғы орфографиялық 
сөздікке енгізілгендіктен, мысалы, оқырман, кӛрермен сөздері қазіргі кезеңде 
неологизмдер болып саналмайды. Оқушыға меңгерту үшін кейінгі өзекті жаңа 
сөздер тілдік факті ретінде көрсетілу керек еді деп есептейміз; жаңа 
қолданыстарды түсіндіруде бұл оқулықта негізінен окказионал сөздерге мəн 
берген (тӛбелесермен, атарман, аларман, ішермен деген сөздер талданған); 
сондай-ақ тілдік норма мен жаңа сөздердің байланысын түсіндіруде негізгі 
ұғым-категория ретінде «нормалану» жəне «қалыптану» туралы ақпарат 
берілмеген, жас кезеңіндегі оқушылардың қабылдауы мен танымдық деңгейінің 
ерекшеліктерін ескерсек, бұл ұғымдар тақырыптың мəнін ашады. Қазіргі 
тілімізде «қазақыландыру» үрдісінің жүріп жатқандығы, жаңа сөздердің пайда 
болуының терминқормен байланысы туралы ақпарат тыс қалған. Жаңа сөздерді 
меңгертуге бағытталған 6 тапсырма берілген: 100-тапсырма бойынша оқушы 
мен оқырман атауының мағыналық айырмашылықтарын көрсету керек. 
Мұндағы жаңа сөз ретінде алынған тілдік фактілер туралы жоғарыда айттық. 
Ал 101-тапсырмада қамтылған жаңа сөздердің көлемі біршама көбірек: ғарыш, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет