147
ашыла түсер еді. 102-жаттығудың мазмұны жаңа сөздердің нормалануы мен
қалыптану үдерістерін дəлелдейді: «Мына сөйлемдерден жаңа қолданыстағы
сөздерді теріп жазып, мағыналарына түсінік беріңіз. Бұл сөздердің сөздіктерге,
оқулықтар мен анықтағыштарға енген енбегеніне талдау жасаңыз» [204, 139].
Берілген сөйлемде мынадай жаңа сөздер де кездеседі:
демеуші, дерекнама,
делдал, дәрісхана, дәмқосар, әуежай, аспансерік, сыйақы. Жаңа сөздердің
мағынасын, сөздіктерге тіркелуін анықтау оқушылардың оларға деген
қызығушылығын, сөйлеу тіліндегі белсенділігін арттырады. 103-тапсырмада
оралман сөзінің қазақ тіліндегі жəне шеттілдік баламаларын салыстыру туралы
мəтін берілген [204, 140-141]. Бұл ретте тапсырма бір сөз көлемінде шектеледі.
Ал 104-тапсырмада берілген сөздердің қатарынан
жаңа сөздерді теріп жазу
керек. Берілген 22 сөз / сөз тіркесінің 7-еуі ғана жаңа сөз (
тәлімгер, баспагер,
ғарыш, ғарышкер, теледидар, зейнеткер, хабарлама) [204, 141]. Бұл
жаттығудың мазмұны жаңа сөздердің нормалануы мен қалыптану жай-күйін
анықтау дағдыларына толықтай бағытталмаған. 105-тапсырмада берілген жаңа
сөздер қатары:
жадуал, зейнетақы, зейнеткер, тұғырнама, ӛкілеттік,
дәйектілік, ізашар, жекешелендіру, сыбайлас, бағдарлама, салым, жарнама,
сӛзтізбек, салауаттылық, бейнетаспа, ӛтемақы [204, 141]. Тапсырма жаңа
сөздердің құрамына, жасалу жолына оқушылардың назарын аудартады.
Қосымша «жиі еститін жаңа сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем жазу, жаңа
қолданыстағы сөздерге байланысты тест сұрақтарын құрастыру» тапсырмасы
берілген. Осы арқылы оқушылардың жаңа сөздерді қолдану дағдысы
қалыптасады. 10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі: сөз мəдениеті» деп аталатын
оқулықты талдаудың нəтижесінде білім мазмұнындағы жаңа сөздер мəселесі
айтарлықтай қамтылған деп бағалауға болады.
Алайда жаңа сөз ретінде
ұсынылған тілдік бірліктердің тілдің қазіргі кезеңінде жаңа сипатынан
айырлығандығына назар аударылмаған, осы жас кезеңіндегі жеткіншектердің
танымдық мүмкіндіктерін ескерсек, бұдан да толығырақ теориялық білім мен
өзектілігін дəлелдейтін зерттеулерді келтіруге болады жəне тілдік факті ретінде
жаңа сөздердің көлемін ұлғайтуға, əсіресе қолданыстағы норма сипаты басым,
жарыспалы сипатқа ие, қалыптануға түскенімен, нормалануға түспеген жəне
керісінше сипаттағы, сондай-ақ нормалану мен қалыптану үдерістерін нақты
таныта алатын, белсенді қолданыстағы жаңа
сөздердің қатарын арттыруға
болады. Сонымен қатар қазақ тілі пəнінің жаратылыстану цикліндегі пəндермен
байланысындағы «басқа пəндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер
жүйесімен тығыз байланысты» деген тармағына сəйкес
тілдегі жаңа
қолданыстардың елеулі үлесі тек қоғамдық-əлеуметтік сипатқа ие сөздерге ғана
емес, қазақшаланған ғылыми-техникалық атауларға да тиесілі екендігі, оны
дəйектеу, тапсырмалар кешені арқылы сол туралы білімді бекіту, жалпы
алғанда интеграциялық талаптарды қанағаттандыру міндеті назардан тыс
қалған.
- 11-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (авт.: Ж. Дəулетбекова,
Қ. Рай, Ш. Есмағанбетова) жоғары мектеп сатысында оқушының жалпы тіл,
тілдік білім туралы ғылыми жəне философиялық дүниетанымының одан əрі
148
кеңеюіне айтарлықтай қызмет етеді. Бұл əсіресе оқулықтың мақсатына сай сөз
мəдениеті
мен
шешендіктің
жоғары
дəрежесін
қалыптастырудың
алғышарттарына толық жауап береді [205]. 11-сыныпқа арналған қазақ тілі
пəнінің білім мазмұнында қамтылған тақырыптар оқушылардың алыңғы
сыныптарда
алған тұтас тілдік білімін, соның ішінде жаңа сөздер туралы
білімін функционалдық тұрғыдан мақсатты жұмсай алуын қамтамасыз етіп,
тілдік тұлғаның одан əрі қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай жағдай
жасайды. Осы тұрғыдан алғанда аталған оқулықтың жаңа сөздерді меңгерту
бойынша қол жеткізілетін нəтиженің оңтайлылығын танытуда айрықша
маңызды екендігін атап өтеміз.
Жоғарыдағы мектеп оқулықтарын талдай келе, арнайы жаңа сөздер туралы
білім 5-інші жəне 10-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулықтарында жалпы
лексика мəселелері қатарында жəне əдеби тіл нормалары көлемінде ғана
қамтылғандығы анықталды. Ал 11-сыныпқа арналған пəн оқулығының білім
мазмұны
алдыңғы
сыныптарда
оқушылардың
игерген
білімін
біртұтастандыруда заңды əрі жүйелі жалғасы деп бағалауға болады.
Алайда талдау нəтижесінде көрсетілген мəлімет жəне жаңа сөздерді
меңгертуге бағытталған əдіс-тəсілдер бүгінгі тіл саясатының талаптарына –
заңнамалық құжатта берілген «қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің
беделді бейнесін қалыптастыру жəне орнықтыру» [1] үшін
жеткіліксіз болып
табылады. Бағдарламада айтылғандай, қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің
əркелкі деңгейін реттеу жəне елдің əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне
мемлекеттік тілдің жеткілікті енгізілуі үшін атқарылатын жұмыстардың бірі –
жаңа сөздер туралы мағлұматты жəне оны меңгерту əдістемесін кеңейту,
дамыту, жетілдіру. Нақты айтқанда, қазақ тілі жəне əдебиеті пəндері бойынша
білім беруде жаңа сөздердің табиғатына, олардың жасалу жолдарына ұдайы
мəн беріп отыру өзекті болып табылады. Аталған пəндер бойынша күнделікті
білім беру практикасында жəне олардың лингводидактикалық базаларындағы
əдіс-тəсілдерде жаңа сөздерді оқушы санасына орнықтыру, оларды күнделікті
сөйлеу практикасында белсенді қолданудың қоғамдағы тілдік тұлға үшін
маңызды екендігін мойындату, осылар арқылы ұлттық рухани құндылықтарды
бағалай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды. Осы себепті жаңа
сөздерге қатысты əдеби тіл нормаларына, сөз мəдениетіне арналған
тақырыптарда шағын мəтін
көлемімен шектелу жеткіліксіз, мəтін негізінде
оқушыны қызықтыратын жəне оның білімін арттыратын əдістер кешені мен
тапсырмалар жүйесі қажет болады жəне тілдің басқа қабаттарына қатысты
білім мазмұнын бекітуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешенінде
жаңа сөздердің қамтылуына көңіл бөлу керек.
Мемлекеттік тілдің функционалдық аясын кеңейту білім беру жүйесінде
тек қазақ тілі пəнін оқыту барысында ғана емес, басқа да гуманитарлық жəне
жаратылыстану пəндерін оқытуда да жүзеге асырылуы тиіс. Бұл тұрғыда тілдің
ішкі ресурстары арқылы жасалған жаңа сөздер лексикалық қорды
толықтыратын негізгі көз болғандықтан, мемлекеттік тілді жоспарлауды жүзеге
асырудың негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан да жалпы
149
орта білім беру жүйесіндегі барлық пəндерді оқытқан кезде олардың
дидактикалық базасында
қолданылған жаңа сөздерді, ғылыми аталымдарды
меңгерту мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде
маңызды. Айталық жаратылыстану пəндерін оқыту барысында осы салаға
қатысты жаңа аталымдарды интеграциялық сипатта түсіндіру айрықша қажет.
Бұл
мəселенің
жоғарыда
талданған
«Қазақ
тілі»
оқулықтарында
қарастырылмауы жəне қамтылмауы жаратылыстану бағытындағы пəндерде
кездесетін жаңа атаулардың лексикалық қордағы үлес салмағын айқындау жəне
дəйектеуде біршама кедергілер тудырады.
Жаңа сөздің есте сақталуы, оқушының тілдік санасында тұрақталып,
қолданысына енуі сəйкес өтілген тақырыптың есте қалуына жəне тақырыпты
терең түсінуіне белгілі бір деңгейде ықпалын тигізеді.
Жаратылыстану
бағытындағы
пəндер
бойынша
жаңа
сөздерді
интеграциялық сипатта оқытып, үйретуде мынадай нəтижелерге қол жеткізуге
болады:
Достарыңызбен бөлісу: