Алдын алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде аіи алдын алу үшін жүргізіледі. Ошақты зарарсыздандыру


Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері



бет3/4
Дата25.09.2024
өлшемі23.81 Kb.
#504017
1   2   3   4
дезинфекцияказ лекция

Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері

  1. Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері (лаборант, дәрігер) жүргізеді.

  2. Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді (құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).

  3. Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.

Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.

  1. ыдыстардың қақпағы болу керек;

  2. ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .

  3. қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша

инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады
Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:

  1. адамға зиянды болмау керек;

  2. арзан болуы керек;

  3. өткір иісті болмау керек;

  4. жуу қасиеттері болу керек;

  5. бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;

  6. биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;

  7. аз уақытта микробтарды тез жою керек.

Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері

  1. Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.

  2. Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;

  3. Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.

  4. Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет