"Альфа-Банк" еб ақ visa халықаралық корпоративті төлем карточкаларын беру және қызмет көрсету туралы келісім «Альфа-Банк»



Дата05.07.2016
өлшемі197.82 Kb.
"Альфа-Банк" ЕБ АҚ VISA халықаралық корпоративті төлем карточкаларын беру және қызмет көрсету туралы

КЕЛІСІМ

«Альфа-Банк» Еншілес Банк Акционерлік Қоғамы, бұдан ары «Банк» деп аталып, ________________________________атынан, ____________________негізінде әрекет етуші және _____________________________, бұдан ары «Клиент» деп аталып, __________________ негізінде әрекет етуші, екінші тараптан, бұдан ары «Тараптар» деп аталып, төмендегілер туралы осы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ VISA халықаралық корпаративті төлем карточкаларын беру және қызмет көрсету туралы Келісімді жасасты:




  1. Келісімнің тақырыбы.

1.1. Келісімнің мәні Клиенттің Карточканы төлем қаражаты ретінде пайдалану туралы Банк пен Клиенттің арасындағы қарым - қатынас болып табылады.

1.2. Банк Клиенттің өтініші негізінде Ұстаушыға Банк дербестеген Карточканы/Кедендік төлем карточкасын береді.



1.3. Банк Карточкаға/Кедендік төлем карточкасына қызмет көрсетуді Төлем лимиті шегінде жүзеге асырады.


  1. Негізгі ұғымдар.

  1. Төлемді авторластыру (авторластыру) – төлем карточкасын қолдану арқылы төлемді орындауға эмитенттің берген рұқсаты. Авторластыруды алу үрдісі төлем карточкалары жүйесінің қатысушылары арасында жасалған, шарттар және/немесе төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес белгіленеді.

  2. Карточканы жою – Карточканың/Кедендік төлем карточкасының жарамсыздығын мойындау.

  3. Банкомат – Карточка Ұстаушыларына, Банк қызметкерінің қатысуынсыз Карточка көмегімен қолма-қол ақшаларды беру, Банк қызметтерін пайдаланушы электронды-механикалық кұрылғы.

  4. Карточкаға тыйым салу – Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын қолдану арқылы Төлем транзакцияларын жүзеге асыруға толық немесе уақытша тыйым салу.

  5. Үзінді-көшірме - белгілі уақыт кезеңіндегі Ұстаушы өткізген Төлем транзакциялары туралы ақпарат.

  6. Карточка Ұстаушы – төлем карточкасын шығаруға Банкпен шарт жасаған және осы Ережелер мен Келісімге сәйкес Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын пайдалану құқы бар, Банктік шоттың иесі болып табылатын жеке тұлға.

  7. Қосымша Карточка – негізгі Карточка мен бірыңғай Банктік шот және Төлем лимиті негізгі Карточка лимитінің шегінде болатын Карточка.

  8. Карточка (Төлем карточкасы) – электронды терминалдар немесе басқа құрылғылар арқылы ақшаларға қол жеткізу, ақпарат бойынша карточка Ұстаушыға төлем транзакцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, қолма – қол ақша алу, валюталарды айырбастау және Карточка Эмитентімен айқындалған және оның талаптарымен орындалатын басқа операциялар. Карточка дебеттік немесе несиелік болуы мүмкін.

  9. Банктік шот – Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелердің талаптарына сәйкес, Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын қолдану арқылы Клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау жөніндегі банк пен Клиент арасындағы шартты қатынастардың көріну тәсілі.

  10. Халықаралық төлем жүйесі – тауар мен қызметтер үшін төлем карточкасы арқылы қолма – қол ақшасыз есептесудің халықаралық бағыты бар Visa International төлем жүйесі. Халықаралық төлем жүйесі төлем жүйесінің қалыптасу ережелерін орнатады және Төлем транзакциялары бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады.

  11. Овердрафт – Банк белгілеген мерзімде Клиент өтемеген және Төлем лимиті сомасынан асатын, шығындалған ақша сомасы.

  12. ПИН-код – иеленетін карточкалар мен Карточка Ұстаушылардың теңестіруіне арналған құпия код.

  13. Төлем транзакциясы – тауарлар мен қызметтерді төлеу немесе қолма - қол ақшаларды беру үшін Карточка қолдану арқылы іске асатын операция.

  14. Төлем лимиті – Банктік шоттағы Клиенттің сомасы, соның шегінде Төлем транзакцияларын жүргізу мүмкіндігі.

  15. Ереже - Банктің орнатуымен VISA/MASTERCARD төлем карточкасын қолдану ережесі. Ереже негізгі Келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып есептеледі.

  16. Кәсіпкер –кәсіпкерлік қызметпен шұғылданған, заңды тұлғаны айқындамаған жеке тұлға немесе қолма-қол ақшасыз төлеуге Карточкаларды қабылдайтын, жеткізілетін тауарлар және/немесе қызметтерді төлеуге арналған заңды тұлға.

  17. Слип – Карточканы қолдану арқылы Төлем транзакцияларын орындауға арналған белгіленген үлгідегі қағаз құжатты құрайтын, белгілі қалыптағы төлем құжаты.

  18. Төмендетілмейтін қалдық – Банк тарифтеріне сәйкес осы Келісімнің шегінде Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін, Карточканың/ Кедендік төлем карточкасының қолдану мерзімінен кем емес мерзімге Карточка тіркелген банктік шотта Клиент орналастырылған шет ел/ ұлттық валютадағы ақша сомасы.

  19. Тарифтер – Карточкаларды/ Кедендік төлем карточкасын қолданумен жүзеге асырылатын операцияларға Банк белгілеген комиссиялық сыйақы.

  20. Авторизациялау орталығы – Банктердің бөлігі - халықаралық Төлем жүйелерінің қатысушыларын, Төлем транзакциялары авторизацияларын жасаушылар және Банктің бастамасымен немесе Клиенттің атынан Карточкаға/ Кедендік төлем карточкасына тыйым салушылар.

  21. Эмитент/Банк – тиісті Ережелер мен Келісім негізінде Карточкасының/ Кедендік төлем карточкасының шығуын жүзеге асырушы АҚ ЕБ "Альфа-Банк".

  22. Скиминг – Банкоматтан Клиенттің жалған Карточка қолдану арқылы қолма – қол ақша алуына байланысты алаяқтың түрі, ақпаратты магниттік жолақтан көшіру арқылы жалған Карточка жасау.

  23. Кедендік төлем карточкасы – Ұстаушыға тек қана «Қазақстан Халық Банкі» АҚ POS терминалдарды ғана пайдалану жолымен, кедендік баж салықтарын, салықтарды, жинақтарды, өсімақыларды, айыппұлдарды, пайыздарды және басқа кедендік төлемдерді төлеу бойынша операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін, корпаративті төлем карточкасы.


Жалпы Ережелер.

  1. Клиенттердің/Ұстаушылардың Карточканы/Кедендік төлем карточкаларын қолдануы, Қазақстан Респупликасының заңнамасымен, Visa International/MasterCard Worldwide Халықаралық төлем жүйесі стандарттарымен, осы Келісіммен және Ережелермен реттеліп отырады.

  2. Карточкалар/ Кедендік төлем карточкаларын екі жыл мерзімге шығарылады және осы Келісімде қарастырылған тәртіппен кезекті мерзімге қайта шығарылуы мүмкін.

  3. Карточка/ Кедендік төлем карточкалары Банктің меншігі болып табылады және осы Келісімге сәйкес Карточка Ұстаушыға беріледі.

  4. Банктік шот ____________________(Теңге/АҚШ Доллары /Евро) жүргізіледі.




  1. Тараптардың міндеттері және құқықтары.

4.1. Банктің міндеттері:

  1. Клиенттің Карточка/ Кедендік төлем карточкаларын алуға берген өтініші бойынша (ары қарай - «Өтініш») өтінішті алған және Клиенттің Карточкаларды беру үшін комиссиондық сыйақысын төлеген күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде Карточканы/ Кедендік төлем карточкаларын Ұстаушыға беру (Клиентке қызмет көрсететін Банк филиалына Карточка мен ПИН конвертті жеткізу уақытын есепке алмай).

  2. Visa International/MasterCard Worldwide халықаралық Төлем жүйесі стандарттарына сәйкес және Ережелерге сәйкес Ұстаушыға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

  3. Банктік шотта Овердрафт туындаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күннің ішінде Клиенттің берешегі пайда болғаны туралы жазбаша хабарлау.

  4. Сақтандыру салымында (депозитінде) сома азайған уақытта, Овердрафт пайда болған жағдайда және Банк хабарландыру жіберген күннен бастап оны 5 (бес) жұмыс күннің ішінде толықтырмау, Банктің Тарифі бойынша Сақтандыру салымының (депозитінің) жетіспейтін сомаларына айыппұл пайыздарын есептеу.

  5. Банктік шотта Овердрафт туындаған жағдайда, Сақтандыру салымында (депозитінде) және/немесе ағымдағы шотта сома жетіспеген кезде Банк Тарифтеріне сәйкес, Овердрафтың қалыптасуы бойынша оның пайда болған күнінен бастап және өтеу күніне дейін айыппұл пайыздарын есептеу.

  6. Жазбаша сұрау бойынша Клиентке Банктің бекітілген Тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақы төлемдерінен кейін қосымша көшірмелер беру.

  7. Тарифтермен Клиентті таныстыру және оны Тарифтердің өзгергені туралы, Банктің корпоративті сайтында (www.alfabank.kz) ақпараттарды жариялау жолымен хабарлау.

  8. Банктің бастамасы бойынша Карточка тежелген жағдайда, Клиентке жазбаша хабарлау.


4.2. Клиенттің міндеттері:

  1. Карточкалардың/ Кедендік төлем карточкаларының төлем қабілетін қамтамасыз ету үшін уақытылы Банктік шотқа қажетті ақша сомасын салу.

  2. Қолданыстағы Банк Тарифтеріне сәйкес мөлшерде Төмендетілмейтін қалдықты банктік шотта орналастыру.

  3. Уақытылы осы Келісім мен қолданыстағы Банк Тарифтеріне сәйкес Банкке комиссиялық сыйақы және айыппұлдар төлеу.

  4. Карточкаға/ Кедендік төлем карточкаларына ақша түскен күннен кешіктірмей Карточкаға/ Кедендік төлем карточкаларын шетел валютасын аударудың негізідемесін растайтын құжаттарды беру.

  5. Сомасы он мың АҚШ доллары эквивалентінен асатын, корпоративті төлем карточкасын пайдалану арқылы валюталық операциялар бойынша ақша аударған және төлем жүргізген жағдайда, Клиент Банкке валюталық шартты ұсынады. Көрсетілген құжатты заңды тұлға-резидент жоғарыда көрсетілген операцияны орындаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ұсынады.

  6. Қолданыстағы Тарифтің қарастырылған, Төлем транзакциясы мен комиссиялық сыйақының сомасын Банкті есептен шығару үшін қажетті Банктік шотындағы ақша соманың жеткіліктілігін бақылау.

  7. Сақтантыру салымының (депозитінің) сомасы азайғанда, Овердрафт пайда болған жағдайда, Сақтандыру салымын (депозитін) Банк хабарландыру жіберген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде толтыру.

  8. Банктік шотта Овердрафт пайда болған кезде Сақтандыру салымында (депозитінде) ақша жетіспеген жағдайда, Банк жазбаша хабарландыру немесе SMS - хабарлама (хабарландырудың түрін Банк өзі таңдайды) жіберген күннен бастап, 10 (он) жұмыс күннің ішінде берешекті өтеу.

  9. Банктің бірінші талабы бойынша Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын қайтару. Банктің мұндай талабы бойынша жіберулерді растау Келісімде көрсетілген Клиенттің заңды мекенжайы бойынша жіберу туралы хабарлама болып табылады.

  10. Арызда көрсетілген мәліметтің өзгеруі жайлы 5 (бес) жұмыс күннің ішінде, мұндай өзгерістер пайда болған кезден бастап Банкке жазбаша хабарлау.

  11. Клиенттің және/немесе Ұстаушының кесірінен туындаған Банктің шығыны, сондай – ақ (негізгі немесе Қосымша) Карточкаларға/ Кедендік төлем карточкаларына тыйым салумен байланысты шығындары мен сот шығындарының сөзсіз орнын толтыру.

  12. Клиент уәкілінің қол қоюларынан кейін Карточка арқылы 10,000.00 (Он мың) АҚШ долларынан артық сомада қолма – қол ақша алу үшін Банктің/ Банк филиалының басқарушысына бір жұмыс күнінде алдын ала жазбаша мәлімдеме беру.

  13. Банк талап қойылған кезден бастап 3 күннің ішінде Банк шотындағы қате алған ақшаларды Банкке қайтару.

  14. Осы Келісімнің және Ережелердің талаптарымен Карточка Ұстаушыларды таныстыру.

  15. Қазақстан Республикасының заңнамасының, Келісімнің және Ереженің талаптарын сақтау;

  16. Төлем транзакцияларын Төлем лимитінің көлемінде және Келісімдер мен Ережелердің талаптарына сәйкес өткізу.

  17. Келісімді бекітерде Банкке Клиенттің Банкпен байланысты ерекше қарым – қатынастағы тұлғаларға тиесілі ақпаратты беру.

4.2.18. Кедендік төлем карточкасын, тек қана «Қазақстан Халық Банкі» АҚ POS терминалдарды ғана пайдалану жолымен, кедендік баж салықтарын, салықтарды, жинақтарды, өсімақыларды, айыппұлдарды, пайыздарды және басқа кедендік төлемдерді төлеу үшін, осы Келісім және Ережелер арқылы, Visa International/MasterCard Worldwide Халықаралық төлем жүйесінің стандарттарына сәйкес қолдану.
4.3. Карточка Ұстаушының міндеттері:

  1. Төлеу лимитінің көлемінде және осы Келісім мен Ережелердің талаптарына сәйкес Төлеу транзакцияларын өткізу.

  2. Карточкаларды/ Кедендік төлем карточкаларын және ПИН-кодтың құпиясын сақтауды қамтамасыз ету. ПИН-код туралы ақпаратты Банк қызметкерлерімен қоса үшінші тұлғаға жарияламау. Карточкаға/ Кедендік төлем карточкаларына ПИН-кодты жазуға, сондай – ақ Карточкамен/ Кедендік төлем карточкаларымен бірге сақтауға тыйым салынады.

  3. Карточканы/ Кедендік төлем карточкаларын және/немесе ПИН-кодты үшінші тұлғаға қолдануға бермеу, осы шарт бұзылған жағдайда Карточка/ Кедендік төлем карточкаларын қолдануымен жүзеге асқан барлық Төлем транзакциялары, Клиентке сөзсіз қатысты болады.

  4. Карточканы (Негізгі немесе Қосымша)/ Кедендік төлем карточкаларын сақтауды қамтамасыз ету.

  5. Алаяқтық операцияларды болдырмауға қатысты Банктің нұсқауларына сүйену.

  6. Кедендік төлем карточкасын, тек қана «Қазақстан Халық Банкі» АҚ POS терминалдарды ғана пайдалану жолымен, кедендік баж салықтарын, салықтарды, жинақтарды, өсімақыларды, айыппұлдарды, пайыздарды және басқа кедендік төлемдерді төлеу үшін, осы Келісім және Ережелер арқылы, Visa International/MasterCard Worldwide Халықаралық төлем жүйесінің стандарттарына сәйкес қолдану.


4.4. Банктің құқы:

  1. Клиенттің Банктік шотынан Клиенттің келісімінсіз келесілерді шағарып алуға:

  • Төлем транзакциясынның сомасын;

  • Банк Тарифі бойынша Комиссиялық сыйақыны;

  • Клиенттің Банктік шотқа қате алған ақшаларын.

  • Клиенттің Банк алдындағы қарыздарының басқа түрлерін.

  1. Овердрафт пайда болғанда қарыздың сомасын кідірмей Сақтандыру салымының (депозитінің) шотынан алу.

  2. Овердрафт пайда болған жағдайда Сақтандыру салымының (депозитінің) шотында ақша жетіспеуі берешекті жабуға Банк хабарландыру жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күн өткеннен кейін, ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша Клиенттің келісімінсіз ақшаларды Клиенттің Банкте және басқа банктерде ашылған кез - келген банктік шоттардан алу.

  3. Сақтандыру салымы (депозиті) толықтырылмаған жағдайда және айыппұл пайызы төленбеген кезде, хабарландыру жіберген күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде, ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша Клиенттің келісімінсіз ақшаларды Клиенттің Банкте және басқа банктерде ашылған кез - келген банктік шоттарынан алу.

  4. Клиенттер ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтамаған кезде Қарточкаға шетел валютасын енгізуден бас тарту.

  5. Осы Келісімнің 4.5.1 т. қаралған тәртіпті Клиент бұзған жағдайда Төлем транзакциясы бойынша кінә тағуын қабылдамау.

  6. Арызды берген күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік айдан аса уақытта Клиент Карточканы/Кедендік төлем карточкасын алу үшін Банкке келмеген жағдайда, Карточканы (Негізгі немесе Қосымша)/ Кедендік төлем карточкасын жою және қызмет көрсетуіне төленген сыйақыны Клиентке қайтармау.

  7. Клиенттің Банк шотында Овердрафт қайта пайда болған жағдайда өз беттерінше Қарточканы/ Кедендік төлем карточкасын жою және/немесе алып қою.

  8. Біржақты тәртіппен Тарифтер мен Ережені, Төлем карточкасын/ Кедендік төлем карточкасын пайдалану арқылы операцияларды жүргізуге арналған лимиттер мен шектеулерді өзгерту.

  9. Клиент/Ұстаушы Банк талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Клиентке Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын қалпына келтіруден бас тарту.

  10. Осы Келісімнің 4.2.1. – 4.2.8., 4.2.13., 4.3.1. – 4.3.4.т.т. талаптарын орындамаған жағдайда Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын тартып алу.

  11. Банк Келісімнің 4.3.1.- 4.3.5. тарауы бойынша талаптарды сақтамаған жағдайда Клиентке Карточка/ Кедендік төлем карточкасы арқылы өткізілген Төлем транзакциялардың даулы сомаларының орнын толықтырмайды.

  12. Егер тексерудің нәтижесінде Карточка/ Кедендік төлем карточкасын Ұстаушының заңсыз тұлғамен транзакция орындалса немесе скимминг жолымен алған жалған Карточкамен/ Кедендік төлем карточкасымен транзакцияның жүзеге асыруы анықталса, Банк Клиентке Карточка бойынша Төлем транзакциясындағы даулы сомалардың орнын толықтырмайды;

  13. Келісім жасау кезінде Клиенттің Банкпен байланысы ерекше қарым – қатынастағы тұлғаға тиесілі екендігі туралы мәліметтердің ұсыныстарын талап ету;

  14. ҚР заңнамасының талаптары және Банктің ішкі ережелері сәйкессіз болған жағдайда Банк шоты бойынша шығын операцияларының жүзеге асыруына тыйым салу.

  15. Клиент/Ұстаушы Банк талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Клиентке Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын шығаруда бас тарту.

  16. Банк анықтаған талаптармен сыйақы шығару (Банк Тарифтеріне сәйкес), сондай – ақ Банк бекіткен арыздың үлгісі негізінде үшінші тұлғаларға Банк шоты бойынша қосымша Карточкаларды/ Кедендік төлем карточкасын рәсімдеу;

  17. Банктік шотқа үшінші тұлғаның бекітілмеген рұқсатынан Клиентті қорғау және алаяқтық операцияларды болдырмау мақсатында Карточка бойынша қолма-қол ақшаны берудің ең жоғарғы сомасы мен төлем транзакцияларының жеке түрлеріне лимиттер мен шектеулер қою.

  18. Егер Клиенттің Банктік шот бойынша соңғы өткізген операциялардан бастап 12 (он екі) күнтізбелік айдан аса Банктік шотта ақша болмаған жағдайда, Карточкаға/ Кедендік төлем карточкасына қызмет көрсету сыйақысы келесі жылға төленбеуі, сондай - ақ 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Карточканың/ Кедендік төлем карточкасының біту мерзімінен бастап, Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын қайта шығаруға арыз бермеу, Клиенттің Банктік шотқа орындамаған талаптары жоқ болғанда осы Келісімді бұзу;

  19. Төлеу транзакциясы Банктiк шот валютасынан өзгеше валютада өткiзiлсе, Банктік шоттан алынатын соманың, Төлеу транзакцияның валютасына Карточкалық/ Кедендік төлем карточкасын операцияларға арналған ағымдағы бағам бойынша айырбастауды жүзеге асырады.

  20. Клиентке Карточка/ Кедендік төлем карточкасы бойынша лимиттер мен шектеулерді алу/өзгертуге бас тарту;

  21. Банктік шотты жабу және Клиенттің Шотты жабуға және Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын жоюға берген өтінішінсіз, Шотқа орындалмаған талаптардың болмауынан тыс Карточканы жою:

- Шот бойынша соңғы операцияны орындаған күннен бастап 12 (Он екі) айдан аса Шот бойынша ақша қозғалысы (кіру және/немесе шығу төлемдері және ақша аудару) болмаған кезде;

- Шотта ақша бір жылдан астам уақыт болмаған кезде;

4.4.23. Банктің Тарифтеріне сәйкес, қызметтерді ай сайын пайдаланғаны үшін комиссия төлеу үшін Банктік шотта жеткілікті ақша сомасы болмаған жағдайда, Клиенттің келісімінсіз «Альфа-Чек» қызметін өшіру.

4.4.24. Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын тежеу (оның ішінде, ары қарай оны алып қою және Келісімді бір жақты тәртіппен бұзу құқымен):



  • Клиент/Карточка ұстаушы Келісімнің және/немесе Ережелердің және Банктің басқа талаптарын бұзған жағдайда;

  • Клиенттен Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын жоғалту/ұрлату туралы хабарлама алған кезде, сондай-ақ Шотқа санкцияланбай қол сұққан кезде;

  • Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе құзыретті тұлғалардың Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы, Банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері/қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны акцептсіз алу құқы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары түскен жағдайда;

  • Клиенттің Банк алдында кез-келген міндеттеме бойынша берешектері болған кезде;

  • Карточка/ Кедендік төлем карточкасы бойынша алаяқтық операцияларды жүргізуді күдіктенген кезде;

  • Келісімде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда.

4.4.25. Өз талаптарын қанағаттандыру мақсатында, Банктік шоттан тура дебеттеу арқылы Банктік шоттағы ақшаны шегеру құқымен Банктік шотты тежеу (оның ішінде, Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатумен):

- Банкке уәкілетті мемлекеттік органдардың және/немесе құзыретті тұлғалардың Банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы, Банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешімдері/қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақшаны акцептсіз алу құқы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары түскен жағдайда;

- Келісімде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа жағдайларда.

4.4.26. Карточканы 4.4.7. тт. сәйкес, Негізгі карточканы жойған кезде Банктік шотқа орындалмаған талаптардың болуына тәуелсіз, Клиенттің өтінішінсіз, карточканы жою.



4.4.27.Осы Келісімде және Ережелерде көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, Карточканы/Қосымша карточканы/Кедендік төлем карточкасын пайдаланып, банктік операцияларды орындаудан бас тарту.


4.5. Тұтынушының құқы:

  1. Көшірме қалыптасқан кезден бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде, Банктік шот бойынша операцияны жүзеге асырғаннан бастап, бірақ 40 күнтізбелік күннен кешіктірмей, Банктік шот бойынша көшірмеге қосылған соманы даулау. Соманы даулау Банкке жазбаша түрде Клиенттің қолтаңбасы қойылған арыз, онымен қоса шек немесе Слиптің қосымшасын беру арқылы жүзеге асырылады.

  2. Қосымша Карточкаларды беруде Банктiң алдында өтiну.

  3. Осы Келісімнің ережелерінде және Ережеде қарастырылған (негізгі немесе Қосымша) Карточкаға/Кедендік төлем карточкасына тыйым салу немесе Карточкадан оқшаулауды алуға сәйкес тәртіпте Банкке бару.

  4. Осы Келісімнің немесе Карточканың қолданылуы аяқталған кезден бастап, 45 күннен кейін ғана Сақтандыру салымын (депозитін) қолдану.

  5. Ереже және Келісімнің талаптарына сәйкес Карточканы/ Кедендік төлем карточкасына қолдану;

  6. Банк шоты бойынша көшірмелерді алу.

  7. Карточканың/ Кедендік төлем карточкасын қолданылу мерзімі аяталғанда, алмастыру үшін Банкке бару.

  8. Банкке Карточка/ Кедендік төлем карточкасы бойынша лимиттер мен шектеулерді алуға/өзгертуге өтінім беру.


5. Есеп айырысуларды өткізу талаптары

  1. Банк Карточкасының (оның ішінде Кедендік төлем карточкаларын) Халықаралық төлем жүйесімен есеп айырысулардың валютасы АҚШ доллары/евро болып саналады. Төлем транзакциясының сомасы, Халықаралық төлеу жүйесі арқылы өткізілген, АҚШ долларына/евроға Халықаралық төлем жүйесімен осы төлем транзакциясы бойынша Банкпен есептесу күніне қойылған бағамы бойынша айырбасталады. Егер шот теңгемен жүргізілсе, онда Банк Шоттан теңгені алады, төлем транзакциясының АҚШ долларындағы/евродағы эквиваленті соманы, Банкпен Шоттан ақша алған күніне қойылған валюта сату бағамы бойынша орындалады.

  2. Ай сайынғы көшірме Клиентке немесе Клиентке қызмет көрсететін Банк филиалында Клиенттің сенімді тұлғасының іс-әрекет етуіне сенімхат беру негізінде немесе Клиенттің электрондық поштамен берілген жазбаша арызы арқылы тапсырылады. Транзакциялар бойынша көшірмелер берілу әдісіне байланысты Банк әртүрлі бұрыс пиғылды залалдарды жуапкершілікке алмайды.

  3. Транзакциялар бойынша көшірмелер жіберген жағдайда төлем карточкасын (оның ішінде Кедендік төлем карточкаларын) қолдануға берілетін, ашық арна байланысымен Клиент банктік құпияға байланысты жасырын мәліметтің тарап кету мүмкіндігіне байланысты Банкке наразылық көрсете алмайды, ашық арна байланысын қолдануда Банк толық берілген мәліметтердің құпиялылығын сақтауына кепілдік бере алмайды.

  4. Келісімде қарастырылған Клиенттің Төлем лимиті сомасынан Шоттан алынғанға дейінгі негізде, немесе авторизациядағы сома төлем жүзеге аспады деген растауды Банк алғанға дейінгі авторизация сомасы қосылмайды.

  5. Осымен Клиент өзінің сөзсіз және пікірсіз келісімін, Банк алған Келісім бойынша барлық берешегін, оған қоса Шотқа қате түскен сомаларын, айыптарының сомасын, шығындардың және шығындардың сомасын, Клиенттің Банкте барлық ашық банктік шоттарынан, тікелей дебеттеу жолдарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген және/немесе Банк пен Клиенттің арасындағы шартқа сәйкес бекітілген тәртіпті және мерзімі, Банк Клиенттің мүлігін ұстауы, Банктің иеленуі/қолданылуы заңды болуын айтады.

  6. Шот бойынша карточкалық операция валютада өткізілген кезде, шот жүргізу валютасынан өзгеше, төлем карточкасының операциясын өткізу үшін Банк алынатын соманың айырбасталуын Банк орнатқан ағымдағы бағам бойынша жүзеге асырады.




    1. Тараптардың жауапкершіліктері.

  1. Банктің жауапкершіліктері:

  • Банктің құпиясын ашу – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес;

  • Банктің кінәсінен Банктік шоттан Қате шығарылған көшірме. Бұл жағдайда Банктің жауапкершілігі қате жасалған операцияны жоққа шығару және ол бойынша комиссияны болдырмаумен шектеледі.

  1. Банк жауап бермейді:

  • Карточканың (негізгі немесе қосымша)/Кедендік төлем карточкасының қызмет етуіне үшінші тараптың бас тартуы;

  • ұялы байланыстың сапасына және ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда, оның ішінде ұялы байланыс операторының немесе үшінші тұлғалардың кінәсінен;

  • Клиенттің мүдделеріне ықпал ететін, үшінші тарап бекіткен, Карточканы/ Кедендік төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын, Төлем транзакциялары бойынша лимиттер, шектеулер мен сыйақылар.

  • Клиенттің жоғалған Карточкаға (негізгі немесе қосымша)/Кедендік төлем карточкасының тыйым салу туралы уақытында Банкке хабарламау себебінен туындаған залалдарға;

  • тікелей қаржы шығындары, Клиенттің залал шеккені, электрондық құрылғының бұзылуы немесе дұрыс емес қалыптасуының нәтижесінде болған, егер бұзылған құрылғы туралы мәлімет визуалды, жазбаша немесе басқа түрде Клиенттің/Карточканы Ұстаушының Төлем транзакциясын мына электрондық құрылғы арқылы өткізіп жатқанда пайда болса.

  1. Клиенттің жауапкершіліктері:

  • жоғалған Карточкаға (негізгі немесе Қосымша)/Кедендік төлем карточкасына тыйым салу туралы Банкке уақытында хабарламау себептерінен Банк шеккен толық залалдардың көлемінде;

  • Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес Банктік шотқа қате ақша түсу, Банкке ақша қайтармау,

  • Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес түскен айыппұл пайыздарын төлемеу, Сақтандыру салымын (депозитін) уақытында толықтырмау, Банктік шотта пайда болған Овердрафтты өтемеу.

  1. Банк Клиентке Карточка бойынша орындалған Төлем транзакцияларының даулы сомаларын өтемейді, егер тексеру нәтижесінде транзакция Карточканы/Кедендік төлем карточкасының заңды Ұстаушы болып табылмайтын, тұлға тарапынан орындалғандығы анықталса, не транзакцияны орындау үшін скимминг арқылы алынған, яғни Клиенттің ресми картасының электронды түрін, жасанды Карточканы/Кедендік төлем карточкасын қолдануы және оны Ұстаушы туралы заңсыз жолмен алынған деректері мәлім болса.

  2. Банк осы Келісімнің 4.2.14.-4.2.17.т.т. және 4.3.т. белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда, Карточка/Кедендік төлем карточкасы бойынша орындалған Төлем транзакцияларының даулы сомаларын өтемейді.

  3. Осы Келісім бойынша Тараптар жартылай немесе толық міндеттерін орындамаса жауапкершіліктен босатылады: егер бұл орындамау Келісім бекіткеннен кейін Тараптардың алдын ала біліп және ойластырмағандықтан күтпеген жағдайда пайда болса, мұндай күтпеген жағдайларға: тасқын, өрттер, жер сілкінісі, және табиғаттың басқа құбылыстары жатады, әскери әрекеттер, заңнамалық актілердің күшіне енуі, үкімет қаулылары және мемлекеттік органдардың бұйрықтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құқықты актілері осы келісімнің міндеттерін орындауға тікелей немесе жанама кедергі жасайтын, компьютерлік жүйенің қирауы және Тараптарға бағынбайтын басқа жағдайлар.

  4. Осы Келісімде Тараптардың міндеттерін орындайтын және орындауға лайықсыз жағдайда, ҚР қолданысындағы заңнамаға сәйкес Тараптарға жауапкершілік жүктейді.

  5. Осы Келісімнің мәселелерін орындауда пайда болған дауларды Тараптар келіссөздер жіргізу арқылы шешуге міндеттенеді. Келісімдік мақсатқа жетпеген жағдайда, оларды реттеуде, көрсетілген даулар Банктің мекен – жайы бойынша ҚР қолданысындағы заңнамасында қарау тәртібімен соттық органдарда шешіледі.


7. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі.

    1. Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және екі күнтізбелік жылдың ішінде жарамды болады. Келісім егер Клиент Келісімнің жарамдылығы аяқталғанға дейінгі мерзімде 30 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде Карточканың/Кедендік төлем карточкасының тоқтауы туралы бұзу туралы Банкке хабарламаса, Банктік шотта Карточканы/Кедендік төлем карточкасын қайта шығару үшін ақша жеткілікті болған кезде келесі кезеңге (2 жылға) мерзімі ұзартылады.

    2. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді бұза алады, басқа Тарапқа бұл туралы шартты бұзуға дейін 30 күнтізбелік күнінде жазбаша хабарлау керек, егер Келісім бойынша Тараптардың бір – бірінің алдында міндеттері жоқ.

    3. Осы Келісім бұзылғанда:

  • Карточкаға/Кедендік төлем карточкасына қызмет көрсету үшін Клиенттің төлеген сыйақы қайтарылмайды;

  • Банктің алдында Клиенттің берешегін өтегеннен кейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннің ішінде Клиенттің жазбаша нұсқау беру кезінен бастап, немесе 4.4.19. тармақ бойынша көрсетілген жағдайда, егер басқа Келісім және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбесе, Карточканың/Кедендік төлем карточкасының жарамдылық күні біткен күннен бастап 45 (қырық бес) күн ішінде Банк шотында қалған ақша Клиенттің Банктік шотына өтеді.




  1. Басқа талаптар.

    1. 4.1.7. т. көрсетілгендерден басқа, осы Келісімнің барлық өзгерістері мен толықтырулары Тараптар жазбаша түрде бекіткен кезде және қол қойған кезде ғана жарамды болады.

    2. Келісім жасалды, қол қойылды және Тараптардың әрқайсысының өкіліне берілді.



Банк: Клиент:


Атауы: «Альфа-Банк» ЕБ АҚ, Қазақстан Республикасы

Заң.мекенжайы: 050012, Алматы қ., Масанчи көш., 57«А»

Телефон: 244-75-75, факс 292-08-21

БСН 081240001051

Банктік деректемелері:

Кор./шот SWIFT - ALFAKZKA, 86418848 with JP Morgan Chase Bank N.A., New York, USA SWIFT – CHASUS33, (АҚШ долларымен) кор./шот KZ71125KZT1001300213 ҚР ҰБ БСК NBRKZKX (теңгемен)



Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет