«Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкін қолдану жөніндегі Клиенттерге арналған нұсқау Құрметті Клиент, АҚ еб «Альфа-Банк»



Дата16.06.2016
өлшемі92.21 Kb.


«Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкін қолдану жөніндегі Клиенттерге арналған нұсқау


Құрметті Клиент, АҚ ЕБ «Альфа-Банк» (бұдан ары «Банк») Сіздің назарыңызға жаңаланған «Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкін ұсынуға қуанышты.
Бүгінгі таңда «Альфа-Клик» Ғаламтор-Банк өз Клиенттеріне келесі мүмкіншілктерді ұсынады *:

1.Ақпараттық қызмет көрсету:

  • банктің соңғы жаңалықтарымен танысу;

  • шоттар бойынша ақпараттар алу, сонымен қатар 3 (Үш) күнтізбелік ай үшін шоттар бойынша жасалған операциялар туралы ақпараттарды қарау;

  • салым бойынша есептелген және төленген сыйақы туралы және ресімделген салымдармен байланысты ақпараттарды қарау;

  • клиенттің қарыздары туралы ақпараттарды қарау: берешектің ағымдағы қалдығы, несие бойынша операциялар тізімі, өтеу кестесін қарау;

  • Қазақстан Республикасының Халық Банкінің валюта бағамдары туралы ақпараттарды алу;

  • Алматы қ. АҚ ЕБ «Альфа-Банк» айырбастау бөлімінің валюта бағамдары туралы ақпараттарды алу.

2. Банк белгілеген лимиттер шегіндегі Шоттар бойынша операциялар:

  • Банк филиалында (филиалдарында) ашылған Шоттармен операцияларды жүзеге асыру;

  • Карточка Банктік шотынан Аударымдарды қоспай, өз Ағымдағы Шоттар арасында Ақша аударымдарын жүзеге асыру;

  • Ұқсас валютамен Ағымдағы шоттан Карточкалық Банктік шотын толтыру.

3. Банк белгілеген лимиттер шегіндегі Салым бойынша операциялар:

  • Ағымдағы шоттан «Альфа-Прогресс» салымын толықтыру және Салым шартының талаптарына сәйкес Ағымдағы шотқа салым валютасымен қаражаттар алу.

4. Банк белгілеген лимиттер шегіндегі конверсия/айырбастау бойынша операциялар:

  • Шетел валютасында сатып алу/сату/конверсияны қолма-қол ақшасыз жүзеге асыру: өз Ағымдағы шоттар арасында АҚШ (USD) долларымен, евро (EUR) және ресей рублімен (RUB).

5. Ағымдағы шотта Клиенттің ұлттық валютамен қызметтерді ай сайын қолдану комиссиясының төлемі үшін қажетті сома болғанда, «Альфа-Мобайл» мобильді банктің қызмет көрсетуін жаңарту.
*Осы тармақта көрсетілген операциялар тізімі жеткілікті болып табылмайды және «Альфа-Клик» Жүйесінің даму көлемі бойынша толықтырылуы мүмкін.
Аталған нұсқау Сізге «Альфа-Клик» Ғаламтор-Банктің жаңаланған қызметімен және дизайнімен танысуға көмектеседі.

Мазмұны

«Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкінің басты беті 3

«Альфа-Клик» Негізгі терезе 4



«Бастама» мәзірі 6

«Менің карталарым» мәзірі 10

«Менің депозиттерім» мәзірі 11

«Менің несиелерім» мәзірі 13

«Аударымдар» мәзірі 15

«Хабарламалар» мәзірі 18

«Күйге келтіру» мәзірінде 20

«Альфа-Мобайл» қосылу 22



«Анықтама ақпараты» 23


«Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкінің басты беті


«Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкінің басты бетінде Банктің Call-center телефондары, Банк жаңалықтары, ҚР Ұлттық Банк және Банктің валюта бағамдары, сондай-ақ Ғаламтор-Банк туралы жалпы ақпараттар ұсынылған.




«Альфа-Клик» Негізгі терезе


«Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкінің

негізгі терезесі келесі үлгіде көрсетіледі:

Сол жақта орналасқан негізгі мәзірде Сізге тиесілі барлық белсенді өнімдер көрсетілген:



  • ағымдағы шоттар;

  • төлем карточкалары;

  • несиелер;

  • депозиттер.

Бұдан басқа, мәзірге келесі операциялар қосылған:



  • Клиенттің шоттары арасындағы аударымдары: аударым, айырбастау, аударым тарихын қарау;

  • Клиенттің «Альфа-Клик» шығу үшін күйге келтіру;

  • «Альфа-Мобайл» қызметтеріне қосылу туралы ақпараттар;

  • «Хабарлама» мәзірінің тармағы арқылы банкпен байланыс;

  • анықтама ақпараты.

«Бастама» мәзірі


«Бастама» мәзірі бөлімін таңдау кезінде негізгі терезенің оң жақ бөлігінде Сіздер өз ағымдағы шоттарыңыздың барлық тізімін, сондай-ақ АҚ ЕБ «Альфа-Банк» ашылған қолданылатын төлем карточкаларын көре аласыздар.

Шоттар бойынша қалдықтарды жаңалау үшін, мысалы, аударымдарды немесе айырбастау/конверсияны орындағаннан кейін оң жақтағы төменгі бұрыштағы «Қалғанын жаңалау» тетігін керегінше басу.

Шоттардың нөмірлері, сондай-ақ карточкалардың нөмірлері қолданыста болады, сондай-ақ оларға тышқан курсорын басқан кезде берілген карта немесе берілген шот бойынша толық ақпарат көрсетіледі.



«Менің ағымдағы шоттарым» бөлімі

«Менің ағымдағы шоттарым» бөлімінде Сіздің Банкте ашылған, шотты ашу филиалын көрсете отырып, барлық белсенді шоттарыңыз көрсетілген.



«Толық ақпарат» тармағында қол жетімді теңгерімді, шот мәртебесін, түрін және басқаларды қарауға болады.



Шот бойынша көшірме «Шот бойынша қозғалыс» тетігін басу кезінде қол жетімді, одан кейін шот бойынша көшірмелер беру үшін параметрлерді көрсету қажет: операция түрін таңдау, мерзімді тапсыру. Бұл көшірмені жоғарғы оң жақтағы тетігін басу арқылы .pdf файл сақтауға болады.


Сондай-ақ «Операциялардың тізімі» кестесіндегі жазбаға басу арқылы, жүргізілген операциялардың параметрлерін қарауға болады.


«Менің карталарым» мәзірі


«Менің карталарым» мәзірінде Сіз өзіңіздің карточкаларыңыз туралы толығырақ ақпарат ала аласыз.

«Толық ақпарат» тармағында негізгі шот нөмірін, қол жетімді теңгерімді, картаның мәртебесін, картаның қолданылу мерзімі мен басқаларды қарауға болады.



Шот бойынша көшірмеге «Шот бойынша қозғалыс» тетігін басу кезінде қол жетімді, одан кейін шот бойынша көшірмелер беру үшін параметрлерді көрсету қажет: операция түрін таңдау, мерзімді тапсыру.


«Менің депозиттерім» мәзірі


«Менің депозиттерім» мәзірінде Сіздің Банкте ашылған, қолданыстағы барлық депозиттеріңіз көрсетілген.

«Толық ақпарат» тармағында Сіз қол жетімді теңгерімді, депозит түрін, сыйақа мөлшерлемесін, есептелген сыйақыны және басқаларды қарай аласыз.



Шот бойынша көшірмеге «Шот бойынша қозғалыс» тетігін басу кезінде қол жетімді, одан кейін шот бойынша көшірмелер беру үшін параметрлерді көрсету қажет: операция түрін таңдау, мерзімді тапсыру. Бұл көшірмені жоғарғы оң жақтағы тетігін басу арқылы .pdf файл сақтауға болады.




«Менің несиелерім» мәзірі


«Менің несиелерім» мәзірінде Сіздің АҚ ЕБ «Альфа-Банкте» қолданылатын барлық несиелеріңіз көрінеді. Банкте қолданыста несиелеріңіз болмаған жағдайда, бұл мәзір сіз үшін қажет болмайды.

«Толық ақпарат» тармағында сіз берешек қалдығын, шот мәртебесін, түрін, өнімнің атауын, пайыздық мөлшерлемені және басқаларды қарай аласыз.

Шот бойынша көшірмеге «Шот бойынша қозғалыс» тетігін басу кезінде қол жетімді болады, одан кейін шот бойынша көшірмелер беру үшін параметрлерді көрсету қажет: операция түрін таңдау, мерзімді тапсыру. Бұл көшірмені жоғарғы оң жақтағы тетігін басу арқылы .pdf файл сақтауға болады.

Сондай-ақ мұнда «Өтеу кестесі» операциясының түріндегі тізімді таңдай отырып, несие бойынша өтеу кестесін қарауға болады, оны сондай-ақ жоғарғы оң жақтағы тетігін басу арқылы .pdf файл шығаруға болады.






«Аударымдар» мәзірі


«Аударымдар» мәзірінің тармағы Сізге өзіңіздің шоттараңыздың арасында аударымдар жасауға, валюталарды айырбастау/конверсиялауға, сондай-ақ аударымдар тарихын және бұдан бұрын Сіз жасаған, валюталарды айырбастауды/конверсиялауды қарап шығуға мұрсат береді.

Ақшаны тез аудару үшін тиісті тізімдердегі жіберушінің шотын және алушының шотын нақты таңдау қажет. Одан кейін «SMS-кодын алу» тегінін басып, телефонға түскен SMS кодын «Растау коды» өрісіне шығару қажет. Одан кейін «Аударымды орындау» тетігін басу керек.

Сондай-ақ ақшаны тез аудару жөніндегі қысқа нұсқауға қол жетімді – ол үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы «?» тетігін басу қажет.

Валюталарды айырбастау/конверсиялау үшін Сізге «Айырбастау» мәзірінің тармағына ауысу қажет. Айырбастау кезінде қаражаттар Сіздің бір валютада жүргізілетін шотыңыздан (Жіберуші шоты) клиенттің басқа валютада жүргізілетін шотына (Алушы шоты) аударылады. Аударма айырбастау бағамы бойынша орындалады (Ағымдағы бағам). Тез айырбастау үшін тиісті өрістердегі жіберуші шоты мен алушы шотын нақты таңдау қажет. Одан кейін «SMS-кодын алу» тегінін басып, телефонға түскен SMS кодын «Растау коды» өрісіне шығару қажет. Содан кейін Банктің ағымдағы Тарифтеріне сәйкес, «Аударма сомасынан 0.16 % мөлшерде айырбастау үшін комиссия алуға келісемін» деп орнатылған жалаушасы бар «Айырбастау» тетігін басу қажет. Айырбастау кезінде комиссия алынады (Комиссия сомасы өрісі).

Сондай-ақ Сіз валюталарды айырбастау/конверсия жөніндегі қысқа ақпаратқа қол жеткізе аласыз – ол үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы «?» тетігін басуыңыз қажет.

Аударымдардың тарихын, сондай-ақ валюталарды айырбастау/конверсия жөніндегі операцияларды «Аударымдар тарихы» мәзірінің тармағынан көруге болады.



Сондай-ақ аударымдардың тарихын .pdf файл кесте түрінде сақтауға немесе және тетіктерін басып, принтерден басып шығаруға болады.

Кестедегі жазбаны басу кезінде бөліп жазылған жазба жөніндегі ақпараты бар терезе көрінеді.


«Хабарламалар» мәзірі


Хабарламалар Банк пен Сіздің араңыздағы байланыс үшін қызмет етеді. Банкке хабарлама жіберу үшін, Сіз «Жаңа хабарлама» мәзірінің тармағында тиісті жолды толтыруыңыз және «Жіберу» тетігін басуыңыз қажет.

«Кіріс» мәзірінің тармағында Сіздің Банктен алған хабарламаларыңыз көрінеді.



Хабарламалар кестесіндегі жазбаны басып, Сіз хабарлама бойынша ақпаратты көре аласыз.



«Шығыс» мәзірінің тармағында Сіздің Банкке жіберген хабраламаларыңыз көрсетілген.




«Күйге келтіру» мәзірінде


«Менің пішінім» мәзірінің тармағында Сіздің Ғаламтор-Банкинг Клиенті ретіндегі пішініңіз көрсетілген.

«Мәтіндік лақап атты өзгерту» мәзірінде Сіз өзіңіздің мәтіндік лақап атыңызды өзгерте немесе оны қайта жібере аласыз.



«Құпия кодты өзгерту» мәзірінде Сіз «Альфа-Клик» кіру үшін кодты өзгерте аласыз.




«Альфа-Мобайл» қосылу


«Қызметті жаңарту» мәзірінде «Альфа-Мобайл» қызметіндегі Сіздің ағымдағы мәртебеңіз көрсетілген («Альфа-Мобайл» Қазметі» жалаушасы қосылған»). Сондай-ақ Сіз «Альфа-Мобайл» қызметін жаңарта аласыз, егер ол бұрын Сізде қосылған болса, бірақ қазір қолданыста болмаса. Бұл орайда Сіздің ағымдағы шотыңыздан ұлттық валютада Банктің ағымдағы Тарифтеріне сәйкес, «Альфа-Мобайл» қызметін пайдаланғаны үшін комиссия алынады.

«Қосылу нұсқаулары» мәзірінде мобильді банкингті орнатуға қажетті сілтемелер, сондай-ақ «Альфа-Мобайл» келісімдері мен нұсқаулары көрсетілген.




«Анықтама ақпараты»


«Анықтама ақпараты» мәзірінде Сіз Банктің тарифтерімен, Банктің филиал желісімен және Банктің Қазақстан бойынша банкоматтар желісімен таныса аласыз.

Сондай-ақ «Альфа-Клик» Ғаламтор-Банкингі бойынша тарифтер мен шектеулер» мәзірінде Сіз Банк белгілеген, «Альфа-Клик» бойынша барлық операциялардың ағымдағы Тарифтері мен шектеулерімен таныса аласыз.






Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет