Алғабас ауылдық кітапханасы



жүктеу 28.33 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі28.33 Kb.
Алғабас ауылдық кітапханасы

Алғабас ауылдық округі - 1963 жылы ақпан айында бұрынғы үш колхоздың ізінде (Киров, Алғабас, 1-Май) Алғабас совхозы болып құрылды. Құрылған жылы 5 бөлімше – Тегісжол, Қарағай, Жаңажол, Бесоба, Тоған елді мекендері орналасқан. Аудан орталығы – Чапаевтан солтүстік батысқа қарай 75км жерде.


Алғабас ауылдық кітапханасы

мәдениет үйі ғимаратының

25 кв.м көлеміне орналасқан.

Аудан құрылған кезден бастап, 1930 жылдардан ауылда ашылған бастауыш мектеп жанынан білім бөлімінің қарауында «қызыл отау» ашылған болатын, ол ауыл тұрғындарының сауатын көтеру бағытында жұмыстардың басы-қасында болып, мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып әртүрлі бағытта қызмет атқарды.

1950 жылдың 6 шілдесінен К.Мергалиев осы ауыл кітапханасында меңгеруші қызметіне қабылданды.

Алғабас ауылының орталық кітапханасы (бұрынғы Киров колхозы, Вологин ауылы) 1953 жылдан мәдениет бөлімінің қарауында болып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді. Сан ақын-жазушылар тоқтаған бұл кітапхананың сырлы шежіресі тереңнен тамыр тартқан. 1955 жылы мәдениет бөлімінің №92 бұйрығы бойынша Киров ауылындағы қызыл отау кітапханашысы болып Г.Есенғалиева қызметке қабылданған.



Матыбаев Серік кітапхана саласына еңбегі сіңген жандардың бірі. 1956-1963 жылдар арасында еңбек етті. Сол кезде 4800 дана кітап қоры жинақталып, 390 тұрақты оқырманы болған.

Осы жылдар ішінде С.Матыбаев кітапханашы мамандығының дәрежесін шыңдау бағытында Облыстық кітапханадағы кітапханашылар курстарына қатынасып отырды.

1963-1970 жылдары Тамқұранова Гүлжамал Орал қаласындағы Облыстық кітапхана жанындағы кітапханашы курсын бітіріп, маман ретінде кітапхананың жұмысын жандандырып, ішкі безендірілуіне өзіндік үлес қосты.

1970-1972 жылдары Төлегенова Марзия жұмыс жасады. Өз жұмысына жаңашылдық енгізу бағытында 23 ақпанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 8 наурызда-халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Көгілдір от» мерекесін ұйымдастыруды дәстүрге енгізе білді.

1972-1984 жылдары Ахметжанова Балзира үгіт-насихат жұмысында, әсіресе жаңа кітаптармен қамтамасыз етуде өзіндік із қалдырды.

1984-1986 жылдары Тайбағарова Жанат жұмыс жасап, оқырмандармен тығыз байланыс орнатты. Оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, әр түрлі тақырыптық кеш, кездесу кештерін ұйымдастыра отырып кітапхана жұмысын бір саты жоғары көтерді. Алфавиттік, жүйелік каталогтарды кәсіби жүргізе отырып округке қарасты Қарағай, Бесоба, Горбунов, Тельнов кішігірім кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетіп отырды. Тайбағарова Жанат тұрғындар арасында беделді насихатшы ретінде танымал болып қана қоймай, аудан кітапханашылары алдында беделді қызметкер саналды. Жыл қорытындысы бойынша мәдениетті «Үздік кітапханашы» атанды.

1987-1993 жылдары Сисенгалиева Сәуле кітапханада еңбек етті. Ол кездерде КПСС ХХҮІІ сьезінің тарихи шешімдерін жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етіп жатқан село еңбеккерлеріне рухани күш беруде кітапхананың маңызы зор.

1994-1997 жылдар аралығында Бисенова Мария жұмыс жасаған жылдары Еліміз егемендік алып, барлық салаларда күрделі өзгерістер болды.



1997 жылдан осы кезге дейін Алғабас ауыл кітапханасында Шадыманова Сәуле кітапханашы қызметін атқарып келеді. Тәжірибелі кітапханашы Сәуле өз ісіне адал, жауапкершілігі мол. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен 2007 жылы Алғабас ауыл кітапханасында «Кітапхананың қоғамдық ұйымдарымен және мекемелерімен қарым-қатынасы» атты зерделі кеңес (суретте) өтті. Оған ауданның, ауылдық округтердің кітапханашылары түгел қатысты. Бүгінгі таңда кітапхана еңбек етумен қатар, өзінің түрлі сала бойынша жинақталған кітап қорын насихаттап, оқырмандардың талап тілегін орындау мақсатында тынымсыз еңбектену үстінде. Сонымен қатар кітапханада қариялар мен жүрулері қиын, нашар көретін, науқастарға кітаптарды үйге апарып беруді және аудандық кітапханамен тығыз байланыс жасай отырып, көзі нашар көретін азаматтарға арнайы қызмет көрсету бағытында аудио касетталарды алып, оқырмандарына тұрақты жеткізіп отырады. Кітапханашы Шадманова Сауле ұзақ жылғы қажырлы еңбегі ауыл тұрғындары арасында, кітапхана саласында да тәжірибелі жұмысы бағаланып грамота, алғыс хаттармен мараппатталды.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет