Алғашқы ұстаз ата-ана №77 мектеп-балабақша кешенінің



Дата29.06.2016
өлшемі17.6 Kb.
Алғашқы – ұстаз ата-ана

№77 мектеп-балабақша кешенінің

бастауыш сынып мұғалімі Хусман Кулиза

Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлығындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құрыретті сөздің өлшемін өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Осы орайда «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні- өз ұрпағы екені сөзсіз.

Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жанұядағы адамгершілік, бауырмалдылық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер балаға сөзбен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Осыған орай «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халқымыз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп, түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Ал орынсыз ұрсу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар да аз емес. Олар «Екеуіміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Ата-ана үшін баламен сөйлесуге арнайы уақыт бөлудің еш қажеті жоқ. Оларды үй шаруасына жұмсап отырып-ақ әңгімеллесу керек. Жанұядағы жанжал үлкендердің дөрекі сөздерді айтуы, баланың көзінше біреуді сөгуі, сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді.

Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын өзі байқамай қалуы да мүмкін. Жас шыбық қалай исең солай өседі ғой. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі балаға үлкен із қалдырады. Баланы мадақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады



Егер баланы үнемі ұрсып айыптап отырса, онда ол бұйығы, қатыгез,кекшіл болып өседі. Сондықтан баланың бойына жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті оның досына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау –ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ –түйек дейтін ешнәрсе жоқ. Бала – әр отбасының бақыты. Олай болса сол бақытымызды бағалай білейік.
Каталог: images -> files
files -> Выплата выходного пособия работающим пенсионерам при увольнении
files -> Бөлім басшысы Тарасова Т. А
files -> Бөлім басшысы Тарасова Т. А
files -> Қазақстан республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы
files -> Рабочая программа по математике для обучающихся 6-х классов муниципального общеобразовательного учреждения
files -> Рабочая программа по математике мбоу кудашевская оош
files -> Электрондық мекенжай
files -> «Келісілді» «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мм басшысы
files -> Рабочая программа по математике для 6 класса моу- большеметескинской средней общеобразовательной школы имени Фатиха Хусни


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет