Алғы сөз Типтік бағдарлама


АПОЛЛОНИЙЛІК ЖӘНЕ ДИОНИСИЙЛІК МӘДЕНИЕТ



бет76/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91
УМКД. Мәдениет

АПОЛЛОНИЙЛІК ЖӘНЕ ДИОНИСИЙЛІК МӘДЕНИЕТ -Ф. Ницшенің адамдық болмыстың екі бастауы мен мәдениетті типтерді сипаттауға байланысты енгізген үғымдар. Бүл типтер ойшылдың «Музыка рухынан трагедияның туындауы» атты еңбегінде тұжырымдалған. А. және Д. м. бастамалары мифол. шығарм.-тың қиялдық бейнелері емес, олар бір болмыстың екі қыры ретіңде табиғаттың өзінен нәр алып, көркем өнер түлға-сының бойында тылсымдық бастау ретінде оның ырығын билейді. Бірін-бірі толықтыра отырып, А. және Д. мәдениет ежелгі грек болмысының ғарыштық тұтастығын құрастырады. А. бастау — жарық, салқынқанды пайымдаушы, сыншыл және рационалдық бітімдерде болып келсе, Д. — қызу, күңгірт, шы-ғарм.-сезімдік, органикалық-иррационалдық түрде айқындала-ды. Дионисийді Аполлонның басуы трагедияға әкеледі, ал траге-дия, Ницше бойынша, мәдениет дамуының қозғалушы күші болып табылады. Кейінгі Еуропада рационалдық жеңісі рухани мәдениеттің қүлдырауына әкеледі. Аполлондық бастау, Ницше бойынша пластикалық өнердің бейнелерінде үяланады. Апол-лон — үйлесімділіктің қүдайы және бүкіл болмыс формалары-нан әсемдікті тапқысы келеді. Бірақ бүл әсемдік кейбір жағдай-ларда химералар тәрізді, адамды үйқыдағы түс көру мен елес сияқты шатастырып кетуі де мүмкін. Аполлон жеке түлғалық принципін жүзеге асырады. Сократ сөзімен айтқанда, «Өзіңді таны!» дейді. Д. Бастау музыка өнерімен түбірлес келеді. Оны түсіңціру мақсатында Ницше мас болу мен түс көруден мысал-дар келтіреді. Мүлгіген түлғалық санада бейнелер калейдос-коптағьщай қисынсыз ауыса береді. Дионис — әлемнің жүрегі, оның сағынуы мен асқақтануы. Ретсіз хаостан да ырғақ табуға болады. Д. мәдениет адамның тылсым дүниесінің шексіздігін білдіреді. Д. экстаз тоқтаусыз қайнап жатқан тіршілік ағынан ену болып табылады. А. және Д. м. адамзаттың рухани тари-хындағы әсерлі әрі мазмүңцы символдарға жатады.


АРТЕФАКТ (лат.— жасанды істелген) — табиғи-лықтан тыс қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісіЛ А. ретінде тек денелік белгілері емес, сонымен бірге таңбалық, рәміздік мазмүны бар кез келген жасанды нәрсе қарастырыла алады. Мәдени А.-ға мыналарды жатқызуға болады: адамдар жасаған заттар мен нәрселер, техника және еңбек құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, жол т.б. А. ретінде қоғамның рухани өмірінің кез келген құбылысын (ғылы-ми теория немесе наным-сенім, өнер және фольклер туынды-сы, моральдык қағидалар т.б.) алуға болады. А.-ның пайда болуын және олардың негізіндегі адамдық максаттар мен мүдделерді талдау арқылы, заттык болмыстың символикасын айқындауға болады. А.-лар әлемі — таңбалар әлемі және олар-ды адамдық әрекет контексінде ғана түсінуге болады. Адам түрмайтын үй қаңырап бос қалады, функционалдық мазмүны ескірген қүндылықтар тек «музейлік» мағынаға ие болады. Қазіргі мөдениеттерде А. мәдениеттердің динамикасын зерттеуде бастапқы алғышарт ретінде қабылданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет