Алғы сөз Типтік бағдарлама


Кіріспе Білім беру үрдісіндегі мәдениеттанудың басты мақсаты



бет2/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
УМКД. Мәдениет

Кіріспе
Білім беру үрдісіндегі мәдениеттанудың басты мақсаты: Студенттер үшін мәдениеттің дамуы мен әмбебап заңдылықтарын, адамның мәдениеттегі жеткен жетістіктерін түсініп білуін және қабылдауын қамтамасыз ету болып табылады.

  • Қоғам болмысын жете ұғыну, оның салаларын талдай білу, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамындағы реформалармен ұштастыра білу;

  • Рухани-адамгершілік құндылықтарды талдай білу, оларды өмірге еңгізу жолдарын анықтау;

  • Философия аясындағы мәдениет тарихын талдауға үйрету;

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделген:

  • адамзат мәдени тәжірбиесін игеру, маңыз сәттер мен жетістіктерді сараптау,олардың құндылық мәнін түсіну;

  • мәдениеттің негізгі бағыттары мен тенденцияларындағы жалпы қалыптасу мен даму заңдылықтарына сараптама жасау;

-мәдениеттің ұлттық феноменін,ерекше тарихи және этноаймақтық ерекшеліктерін зерттеу, жалпы болмыстық қалыптасуын анықтау;

  • мәдениеттанулық мектептердің түрлі идеяларын, олардың ерекшеліктері мен мағыналарын саралау;

  • қоғам мен мәдениеттің заманауи дамуы мен тенденцияларына мінездеме, болжам және бағалау;

  • отандық мәдениет тарихын оның заманауи мәселелерін және даму перспективаларын зерттеу.

Пререквизиттер: Адам мәселесінің ғаламат күші – оның өткені мен бүгінін, бүгіні мен ертеңін жалғастыратын біртұтастық, жалғастықтың, тұрақтылықтың бірлігі болып оыруында. Адам мәселесі мәңгілік, ол тарих толқындарында өзінің жаңа қырларымен көрініп отырады. Біздің мемлекетіміздің демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші факторлардың бірі өскелең ұрпақ бойында мәдени-адамгершілік қағидалары мен жалпыадамзаттық құндылықтарға бастайтын ұлттық құндылықтарды берік қалыптастыру болып табылады.
  • Бұл үшін жас ұрпақ бүкіләлемдік және отандық мәдениет тарихынан жақсы хабардар болуы керек.
  • Адамзат тарихында қоғам уақыт өткен сайын түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өз құндылықтарын ой елегінен қайта өткізіп, рухани жаңғыруға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бүгінгі таңда өркендеп келе жатқан Мәдениеттану пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

  • Жас мамандарды кәсіби жағынан мықты және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында “Мәдениеттану” пәнінің алатын орны ерекше.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет