Алгоритмдер жєне деректер структурасы


-тақырып. Екі үлесті графтардағы модельдер



бет22/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.74 Mb.
#453425
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
ПРОЛОГ мысалдары

6-тақырып. Екі үлесті графтардағы модельдер.

Мақсаты: Екі үлесті граф ұғымымен танысу. Екі үлесті графтарды құруды үйрену.

Екі үлесті граф – семантикалық желінің бір түрі. Мұнда әрбір байланыс екі емес, одан көп объектілерді байланыстырады. Мұндай графта екі типтің төбелері болады, оларды «қаралар» және «ақтар» деп атаймыз. Қара төбелерге объектілер сәйкестігі қойылады (ұғым), ақтарға – объектілер арасындағы байланыс қойылады. Мұндай графтағы кез келген доғалар әр түстердегі екі төбелер арасынан өтеді.

Мысалы. Екі үлесті граф формасында ромб – геометриялық объектісі туралы білім моделін алу қажет. Ромбыда 7 сипаты бар: қабырғалар ұзындығы а, сүйір бұрыш α, доғал бұрыш γ, S ауданы, периметрі Р және диагональдары және . Бұл шамалар келесі формулалармен байланысты:

, P=4a,

,

Графты жеті қара төбелер және бес ақ төбелермен тұрғызамыз.


Тапсырма1. Кез келген үшбұрыш келесі шамалар және олардың арасындағы байланыстармен сипатталады:

а, b, с – қабырғалар ұзындығы

α, β, γ - а, b, с қабырғаларына сәйкесінше қарама-қарсы жатқан бұрыштар

S - аудан

Р – периметр

р – жарты периметр


α+β+γ=110, p=a+b+c, p=P/2.


Екі үлесті граф түріндегі үшбұрыш жайлы білімнің моделін құр.

Тапсырма2. Тікбұрышты үшбұрыш келесі шамалар және олардың арасындағы байланыстармен сипатталады:

а, b, с – екі катет және гипотенуза ұзындықтары

α, β, γ - а, b, с қабырғаларына сәйкесінше қарама-қарсы жатқан бұрыштар

S - аудан

R - үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы

, , S=ab/2, R=c/2

, ,

Екі үлесті граф түріндегі Тік бұрышты үшбұрыш жайлы білімнің моделін екі үлесті граф түрінде тұрғыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет