Білімдер түсінігінің желілік моделі
Көрнекті тілдерге білім түсінігінің желілік моделіне сүйенетін тілдер табылады. Бұл моделдің негізінде кез-келген білімді объектілер (түсініктер) және олардың арасындағы байланыстар (қатынастар) жиыны түрінде көрсетуге болады. Кейбір ресми білімдері бар мәтінді қарастырайық: “Станоктың сол жағында қабылдағыш бункер орналасқан. Оған дейінгі қашықтық 2 метр. Станоктың оң жағында дайын өнім бункері орналасқан. Ол станоктың тура жанында орналасқан. Робот станокқа және бункерлерге параллель 1 метр қашықтықта қозғалады.”
Кез-елген белгілі нақты оқиғаны шын өмірде сипаттайтын мәтінді өзара байланысты түсініктер жиыны ретінде түсіндіруге болады. Және базалық қатынастар саны ақырсыз бола алмайды (300-ден аспайды), ал басқа қатынастар олардың комбинациялары түрінде өрнекетеледі. Осы гипотеза семантикалық желілер интеллектуалдық желілерде білімді түсіндірудің әмбебап құралы екенін айтатын негізіг бекітпе болып табылады.
Семантикалық желілер білімді түсіндірудің ең қуатты құралы болып табылады.
Алайда оларға білім түсінігінің біркелкілігі және байланыстардың бірмағыналығы тән емес.
Білімді қолдану және түсіндіру процесінің автоматизациялануы кезінде біркелкілік және бірмағыналықтың болмауы интеллектуалды жүйелердегі процесті қиындатады. Білімдерді түсіндіру формасын бір ізге салуға, максимальды біркелкі қылуға қызығушылқ тууы әбден ықтимал.
Жасанды интеллектегі осындай есептерді шешудің бір тәсілі болып, желідегі арнайы түсініктер төбесіне және төбелердің (фреймдердің) арасындағы байланысты бір ізге салуға өтуші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |