СӨЖ №3. Математикалық өрнектердің мағынасы.
Тапсырмалар: келесі арифметикалық өрнектерге бұтақ құрыңыз:
(100 - 54) / 2 + (18+25)*5.
500/2+4*12-(15-9).
СӨЖ №4. Екі үлесті графтардағы модельдер.
Тапсырмалар:
Айналатын қозғалыстың кинематикасы келесі шамалар және байланыстармен сипатталады:
- бұрылу бұрышы,
t- қозғалу уақыты,
n- айналым саны,
-бұрыштық жылдамдық,
- айналу жиілігі,
- айналу периоды,
V- сызықты жылдамдық,
a- ортаны көздейтін жылдамдату,
r- айналу радиусы,
=/ t, =2n/t, T=1/, T=t/n, V=r, a=2r.
Айналатын қозғалыс жайлы білім моделін екі үлесті граф түрінде көрсетіңіз.
СӨЖ №5. Логикалық есептерді шешу.
Есепті тұжырымдаңыз. Айгүл, Нұргүл, Асхат және Айдар саңырауқұлақ терді. Нұргүл бәрінен артық терді, Айгүл бәрінен кем емес. Қыздар ұлдардан артық терді деген ұғым дұрыс па?
Есепті тұжырымдаңыз. Бір апта бойы көпірде жеті жолдас балалар кезекшілік атқарды. Алмас бірден Серіктен кейін кезекші болды. Болат екі күннен кейін кезекші болды, ол Мейрамбектен кезегінен бұрын болды. Қанат Жанаттан екі күн бұрын кезекші болды. Бейсенбі күні Ильяс кезекші болды, оның кезекші болған күні Жанат пен Серіктің күндерінің дәл ортасына келеді. Жолдас балалардың кезекшілік графигін анықтаңыз және түсіндіріңіз.
А қаласынан В қаласына жүрген пошта тасушы поезд В, Г, Д, Е, Ж, З және К станцияларына тоқтады, оларда поштаны түсіреді және қабылдайды. Почта келесі кезектер бойынша көшірілді: ВЗ, ГД, ЕВ, ЖЕ, ЗК және КГ (бірінші әріп – жіберу пункті, екіншісі – қабылдау пункті). Пошталық поезд маршруты бойынша станциялардың орналасуын анықтаңыз.
Мақпал, Ләззат, Жанар және Камила – шет тілдер факультетінің студенттері, оларды музыка қызықтырады және әрқайсысы қандай да бір аспаптарда ойнайды, тек біреуінде ғана: домбыра, гитара, скрипка және фортепиано. Әрқайсысы келесі бөлімдердің бірінде оқиды: ағылшын, француз, неміс және испан тілінде. Гитара ойнайтыны испан тілінде оқиды. Ләззат не домбырада, не скрипкада ойнамайды және ағылшын тілі бөлімінде оқымайды. Мақпал да не домбырада, не скрипкада ойнамайды және ағылшын тілі бөлімінде оқымайды. Неміс тілі бөлімінің студенті домбырада ойнамайды. Жанар француз тілі бөлімінде оқиды және скрипкада ойнамайды.
Студенттердің қайсысы қандай аспапта ойнайды және шет тілдер факультетінің қай бөлімінде оқиды?
Достарыңызбен бөлісу: |