Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет10/67
Дата02.01.2022
өлшемі420 Kb.
#452649
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
зертханалық жұмыс (3)

Блоктық шифрлеу әдісі. Жақсы шифр әдетте кең көлемді қолданысқа ие болады және де қолданушыға ыңғайлы, әрі сенімді болады. Блоктық шифрлеу жаңа идеяларды туындатты, ол блоктық шифрлеу – диапазоны кең көлемді қолданыста болғаны үшін жақсы шифрлердің бірі деген атқа ие болды. Төменде шифрлеу алгоритмін қолданудың төрт тәсілі келтірілген.

1. Электронды кодтау кітабы (ЭКК) – шифрлеу алгоритмін бір блок үшін қолдану тәсілі. Хабарламаны ЭКК тәсілімен шифрлеу үшін, мәтінді 64 биттік өлшеммен блоктарға бөлу қажет және әр блокты бөлек шифрлеу керек. Егер блок екі рет кездессе, кодтау блогы қайталанады. Кездейсоқ мәліметтерде мұндай жағдай бола бермейді, сондықтан оны ескермеуге де болады, әйтсе де нақты мәліметті жіберер кезде мұндай тәсілдің барлығын ұмытпаған жөн. Мысалы, компьютерлік мәтіндер жол арасындағы бос орындар, сандық жолдардағы нөлдер т.с.с. блоктар көп кездесуі мүмкін. Осындай блоктарды жинақтап, шифрлер блогын жасауға болады, ал содан кейін дешифлеу ойлап табуға болады. ЭКК-ны қолданып шифрлеу әдісі осы қасиетке негізделген.

ЭКК тәсілін, кодталатын мәліметтер кездейсоқ болған жағдайда немесе кездейсоқ компоненттердің көлемі өте көп болған жағдайда қолданған қолайлы. Көбіне олар есептеу желісі бойынша сақтауға немесе жеткізуге арналған, басқа кілттермен кодталған кілттер болады.

2. Кері байланысы бар блоктық шифрлеу (КББШ) – көп қолданысты алгоритм үшін

хабарлама шифрленуінің көптеген блоктардан құралуы. КББШ тәсілі хабарламаның 64 бит блоктарға бөлінуінен тұрады. Әрбір қадам шифрленуінің нәтижесі сақталады және модификация үшін келесі блок қолданылады.

Шифрленген мәтіннің әрбір 64 биті ағымдағы мәтіннің келесі блогымен модуль 2 бойынша орналасады. Көрініп тұрғандай бұл үрдіс дұрыс мәтін шығуына әкеледі. Егер мәліметтерді тасымалдауда қате жіберілсе, мұндай сәйкестік бұзылады. Шифрлеу кезінде бір биттің қате кетуі барлық 64 биттердің жұмыс істемеуіне әкеледі, ал оны келесі блокқа қосу қатені көрсетеді. Көптеген жағдайда жүйе жұмысына аз ықпалын тигізеді, сондықтан қате үлкен блоктың істен шығуына әкеледі. Сондықтан КББШ тәсілін өзіндік синхрондалу деп атаса болады. КББШ тәсілі мәліметтер блокталуының берілген форматына келеді.

Соңғы тәсіл «түссіз протокол» деген атпен белгілі. Ол КББШ әдісіне қарағанда әрбір битке жеке-жеке қолданады. Бұл әдісте 64 биттен орындалады.

3. Кері байланыс бойынша кілті шифрлеу (КББКШ)шифрлеу әдісі, кері байланыс

арқылы жүзеге асады. Бұл әдісте қателердің таралу эффектісі жоқ. Әрбір үрдіс функциясы 64 битпен генерацияланады және кіллтің қатарын табуда қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет