Алгоритмдеу және бағдарламалау



бет4/5
Дата21.04.2023
өлшемі0.7 Mb.
#472532
1   2   3   4   5
-оң жақ бөлігі.
  • Мысал:
    • А > 0, Х < А+С, К = 6
    • Алгоритмнің тармақталушы бөлігінің жалпы түрі:
    • егер < шарт >
    • онда "иә" тармағы
    • әйтпесе "жоқ" тармағы
    • бітті
    • Тармақталу жазбасы екі формада орындалады:
    • 1. Толық 2. Қысқартылған
    • Цикл – берілген шамаға тәуелді көрсетілген әрекеттің қайталынып орындалуын ұйымдастыратын басқарушы құрылым.
    • Бұл берілген шама цикл параметрі деп аталады. Циклде қайталанатын әрекеттер тізбегін цикл денесі деп атайды. Циклдерді қолдану алгоритмдердің ауқымын қысқартады.
    • Циклдер бір-бірімен тығыз байланысты және бірқатар өзгешеліктері бар:
    • - алдыңғы шартты циклде шарт цикл денесіне дейін, ал соңғы шартты циклде цикл денесінен кейін тексеріледі;
    • - соңғы шартты циклде цикл денесі кем дегенде бір рет орындалады, ал алдыңғы шартты циклде цикл денесі бір рет те орындалмауы мүмкін;
    • - алдыңғы шартты циклде шарт цикл жалғасқанша тексеріледі, ал соңғы шартты циклдегі шарт - циклден шығу шарты болып табылады.
    • Циклдік алгоритмдік құрылым
    • "Әзірше" циклдік құрылымы:
    • "Әзірше" циклі шартты тексеруден басталады, сондықтан циклдердің осындай түрлерін алдыңғы шартты циклдер деп атайды.
    • "Әзірше" циклінің шартын – циклге кіру шарты деп атауға болады.
    • "Дейін" циклі - әрекеттің орындалуынан басталады. Сонымен цикл денесі кемінде бір рет болсын орындалады. Содан кейін шартты тексеру басталады. Сондықтан "дейін" циклін соңғы шартты цикл деп атайды. Егер берілген шарт орындалмаса, онда қайтадан әрекеттің орындалуы жүреді. Ал, егер шарт ақиқат болса, онда циклдан шығу жүзеге асырылады. Сонымен, "дейін" циклінің шарты – циклдан шығу шарты болып табылады.
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет