Алибеков дархан нурманович



бет5/6
Дата30.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#167352
1   2   3   4   5   6

Енді осы семинарда баяндалған ақпарат жөнінде қысқаша тоқталып өтелік.

1 тақырып. «Дәстүрлі музыкалық өнер» ұғымының мәні, маңызы

Қазақ даласындағы жыраулық-эпикалық дәстүр Мысыр пирамидалары мен Бабыл мұнаралары сияқты, адамзат өркениетінің бізге қалдырған ең жоғары мәдениеті.

Қазақ даласындағы жыраулық-жыршылық өнердің түп-тамыры сонау сынтасқа қашап жазылған Орхон-Енесай жазуларында жатыр. Тұйұқық пен Күлтегінге арнап жазылған мадақ жыры мен 8-9 ғасырлардағы Қорқыттың абыз жырлары қазақ даласындағы жыраулық дәстүрдің тарихи бастауы деп қарасақ қателеспейміз.

Одан бергі кезеңдерде Қазтуған, Доспамбет, Бұқар, Үмбетей, Тәтіқараға жалғасқан жыраулық дәстүр бұл өнердің отын одан әрі лаулатты. Зиялылардың айтуынша, жаћандану үрдісі қарқынды жүріп жатқан қазіргі кезеңде қоғамдағы ең өзекті мәселе дәстүрлі ұлттық мәдени ерекшеліктерді сақтау болып отыр. Өйткені соңғы 2 ғасырдың ішінде рухани мұрадан көрі, материалдық құндылықтарды басымдық санаған жүздеген ұлт пен ұлыстар өздерінің дәстүрлі мәдениетінен қол үзіп қалды.

Қазақтың дәстүрлі өнерінің адамзат қауымы мәдениетінде өзіндік орны бар. Бұл туралы халықаралық деңгейдегі өнертанушылар мен ғалымдар талай жазды. Қазақтың жыр-дастандарын тыңдаған Францияның, Америка мен Англияның ғалымдары Еуропа өзінің трубадурларынан 1,5 ғасыр бұрын айырылып қалғаны жөнінде өкінішпен айтады. Өйткені Еуропадағы авторлық музыка дәстүрлі музыканы барынша әлсіретті.

Ғылыми-техникалық прогрестің бүгінгідей аса қауырт дамуынан бүтін бір ұлт немесе аймақ бастау-бұлағынан айырылып қалып отыр. Фольклор мен дәстүрлі музыка зерттеушілері соңғы кездері Еуропаның механикалық музыкадан шаршағанын айтады. 1993 жылы Франциядағы «Шаттле» музыкалық театры, «Ситье де ля мюзик» театрында және сондағы «ХХІ ғасырдың музыкалық қалашығында» қазақ жырауларын 4 сағат бойына ұйып тыңдауы, сол қойылымнан кейін Голландия, Италия, Швейцария, Америка және Англияның музыкатанушылары бірауыздан «сіздердің рухтарыңызбен Еуропаның трубадурларының рухы оянады» деген сөзі» қазақ жыр-дастанының шын мәнінде тек қаза елі ғана емес, әлем мәдениетінің бір бөлшегі екенінің айқын дәлелі.

2 тақырып. Қазақстандағы жыраулық мектептер

Жыраулық мектеп, үлгі әуелі дәстүр күйінде қалыптасты. Дәстүрдің алдында тарихи үлкен кезең тұр. Біз тарихи кезеңнен дәстүрлі үлгіге өтіп, дәстүрлік үлгіден бүгінгі таңда мектептік үлгіге қайтадан топтасып, дәстүрлік үлгіге жылжып келе жатырмыз. Мектеп деп отырғандарымыз, дәл осы кезеңде Маңғыстау, Атырау өңіріндегі үлкен кешегі Сүгірменен жалғасып бүгінгі ұрпаққа берілген Маңғыстау өңіріндегі мектеп.

Сол секілді Батыс өңіріндегі, Ақтөбе өңіріндегі және Жетісу өңіріндегі үлкен ақындық-жыраулық үлгілер.

Сыр өңірі, оңтүстік Қаратау өңірінің, сол секілді Алтай-Тарбағатай өңіріндегі үлкен мол мұра да мінекей Сарыарқаның сайын даласындағы үлкен әншілік, сал-серілікпен астасып, атаның жүрегінде, ананың бесік жыры әлдиінде сақталып бүгін бізге жетіп отыр.

Жыраулық, жыршылық өнердің зерттелуі, жиналуы ең бірінші кезекте филолог, фольклор зерттеуші ғалымдармыз арқылы ел игілігіне айналды. Оның басында Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, Рахманқұл Бердібаев, Сейіт Қасқабасовтар болды.

Олардың еңбегімен бұл мұра әуелі мәтін күйінде, одан кейін халық орындаушылары, халық таланттары басқосуы күйінде Мұхтар Әуезов музейінің жанындағы Халық университетінде қайта түледі. 30 жылдай санаткер ғалым Рахманқұл Бердібаев басқарған бұл өнер сол жерде түбегейлі өзінің жаңаша күйіне енді деуге болады. Ал бүгінгі дербес мемлекет болған уақытта әншілік, күйшілік өнер жоғары оқу орындарында кәсіби маман есебінде дайындалу деңгейіне дейін жетті.

Халық өнерпаздары, халықтық өнердің өкілдері, әнші-күйші, жыршы-жыраулар басқа мамандық иелері секілді өз өнерлерін ғылыми-методикалық, теориялық, музыкалық тұрғыдан зерттеп үйренуге қол жеткізіп отыр. Демек біздің алдымызға қойылған ендігі мәселе, алықтық өнер иелерінің оның мұрагер ұрпақтарының қоғамдағы саяси әлеуметтік үлес салмағын айқындап беру. Кезегінде олар ұлттың рухани ағартушылық деңгейіне дейін көтерілуі керек. Біз әзірге жырауларды да, әншілерді де тек ғана концерттік, сахналық өнер шеберлері есебінде ғана танып жүрміз. Керек десеңіз, әрбір әскери қосындар менен әрбір жүздікте бір-бір жырау, бір-бір әнші, бір-бір күйші отыру керек. Олардың әскери шені болу қажет.

Сонда ғана рух оянады. Әрбір ұжымның қарауында фольклорлық ансамблі, әншісі, күйшісі, жыршысы болса одан олар ұтылмайды. Біз музыкалық оқу орындарын бітіргендерге жұмыс жоқ дейміз, орын жоқ емес - орын беретін кеуіл, пейіл жоқ.

Сондықтан да ұлттық өнерге ұлттық, халықтық қамқорлық керек. Халық жиналған жерге бір әнші, бір жырау, бір күйші барсын, әрқайсысы он адамды тәрбиелейді. Ал олар өзге адамдардың ықылас- пейілін, ілтипатын бұруға дайын тұруы керек.

Ата-бабаларымыздың мың-миллиондаған жол жыр мұраларының әуен, саз түрінде бізге жетуі, және жыраулық дәстүрдің атадан балаға мирасқорлық, мұрагерлік сипатта жетуі - ұлт генофонының тарихи тектілігін танытады. Жыраулық өнер өкілдерінің жадындағы сан-миллиондаған жыр жолдарында ел мен жердің тарихы тұнып жатыр.

Демек, жырау орындаушы ғана емес, жырау - синкреттік кәсіп иесі, тарих пен жыр өнерін ұштастырып келе жатқан рухани-ағартушы, авангардтық жетекші тұлға. Ендеше, бүгінде жыраулықты кәсіп еткен жыраулар мен жыршы, әнші, күйшілердің алдында ұлттық рухани дамуды барынша ширату міндеті тұр.

3 тақырып. Сыр бойындағы жыраулық өнер.

Дүниетанымдық және тәлім-тәрбиелік құндылықтарға бай жыр бұлағын тасытқан жырау-жыршылардың кені Сыр бойы. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығында бұл өңірде жүзден аса ақын, жыраулар өмір сүрген. Өлең жазуды басқа қонған бақ, абырой санап, пір тұтқан жыр додасы саңлақтарының есімі ел аузында жатталған. Олар: Балқы Базар, Ешнияз сал, Әзілкеш Шымырұлы, Қарасақал Ерімбет, Бұдабай Қабылұлы, Дүр Оңғар, Құлан Алдабергенұлы, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Күдеріқожа Көшекұлы, Керейт Даңмұрын Кенжебекұлы, Қаңлы Жүсіп Кәдірбергенұлы, Шәді Сеңгірбайұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Ыспан Сүлейменұлы, Найман Жұманазар Үрімқұлұлы, Кете Есенжол, Абақан – Кете Аманжол, Кете Есімбай, Керейт Кұлмағанбет, Жаппас Кеншімбай, Шобдар Сәрсенбай, Кете Шахар, Таубай Қирабайұлы, Молда Бәйім, Табын Сейдәлі, Әлім Сайын, Жақайым Еспембет, Ырысты, Ділда, Менеш қыз және басқа ақын – жыраулар.

Солардың ішінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, қазақтың өзін ұлт ретінде тануына, ұлттық сезімінің қалыптасуына, жарқын болашаққа ұмтылуына қомақты үлес қосқан, өлеңдерінің дені жастарға арналған өсиет, ақиық ақын, шоқтығы биік тұлғалар Тұрмағамбет Ізтілеуов пен Нұртуған Кенжеғұлұлы. Сыр бойы сүлейлер отаны саналады. Ол тегіннен-тегін емес. Қаншама ғасырдан бері қалың елмен біте қайнасып келе жатқан жыраулық дәстүр әлі де кейінгі ұрпаққа ұлағат сыйлап келеді.

Дария бойындағы дүйім ел жыр мақамдарын үшке бөліп қарайды. Аралдағы ағайын Нұртуған жыраудың әуеніне салады. Қармақшыдағы қалың қауым Жиенбай жыраудың мақамына тәк тұрады. Шиеліде Нартайдың әні әлеуметті әдемі көңіл күйге бөлейді. Жыраулар шығармашылығындағы тәлімдік-тәрбиелік мәні орасан зор көркем туындылары, өзекті және гуманистік мәселелерді көтеретін жырлары, адамгершілік, адалдыққа насихаттайтын нақылдары, жас ұрпаққа мирас етіп қалдырған ғибраттары, өсиеттері зерделі жастың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға үлкен ықпал етері сөзсіз.

Сыр сүлейлері жайлы, олардың әдеби мұрасы жайлы біраз зерттеулер бар. Солардың ішінде Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, Ә.Оспанов, Т.Тебегенов, Т.Еңсегенұлы, А.Алматов, Б.Жүсіпов зерттеулерін атап өтуге болады.

4 тақырып. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері

Тәрбиелік міндеттері:

1. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері арқылы өз халқының салт-дәстүріне, туған еліне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

2. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін тыңдау және орындау арқылы қоршаған ортадағы сұлулықты, қоршаған ортаны, табиғаттағы әсемдік пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты сезіп, тусінуге тәрбиелеу.

Білімділік міндеті:


  1. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері жайлы білімдерін толықтыру;

  2. Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту.

"Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жыр қойнына кірер денең"- деп ұлы Абай айтқандай ана әлдиімен сіңген халық әндерінің асыл үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Халықтың ғасырлар бойы ауызша өнерінде ананың нәрестеге, атаның балаға, әженің немереге ең асыл дүниесіндей аманат қалдырған мол мұрасы бар. Ол - түн ұйқысын төрт бөлген ананың ыстық махаббатқа толы әлдиі, балдырғанның балдай тіліне оралған тәтті тақпағы, думаны мол ойын баласының өлеңдері. Мұнда халық әндерінің жүйелілігі шартты түрде алынған: сәбидің дүниеге келуі, табиғат туралы әндер.

Сабақтың басында халық арасында таралған мынадай аңыздан айтылады. "Ерте заманда халықтар әлі ән салудың не екенін білмейтін кезде Әнші ата шығып, дүние жүзін аралап жүріп, халықтарға әннен енші үлестіреді. Әнші атаны бұрын кездестіріп, әншіден молырақ өнер қамтыған халық асқан әнші болады. Сол халықтардың бірі біздің саққұлақ қазақ екен». Сондықтан да бала дүниеге келген күннен бастап оны ән мен күй қоршайды. Ол ең бірінші бесік жырын естиді.

Оқытушы халық әні «Бесік жырын» өзі орындап береді. Бесіктің суреті көрестіліп, оның құралдары және оған тағылған үкі туралы әңгімелейді. Ежелде қазақтар үкіні қасиетті құс санап, оған табынатын болған. Үкі қанатының көлденең түскен суреті араб тілінің әрпіне ұқсайтын болғандықтан, ғасырлар бойы ата-бабаларамыз оны құранның жазуы деп санаған. Үкінің қанатын бесікке, бас киімге тағып әшекелейтін болған.

Бұл тақырыпта сондай-ақ, бала тәрбиесіне арналған салт-дәстүр, ырым-тыйым, жөн-жоралғылар баяндалады. Халық әндері мен қоса еліміздің белгілі дүл-дүл әнші-композиторлары Біржан сал, Ақан серінің шығармашылы әңгімеленеді.

5 тақырып. Қазақтың дәстүрлі күйшілік өнері.

Тақырыптың мақсаты - қазақ халқының күйшілік өнерінің өмірмен байланысын, музыка - өмірдің ажырамас бір бөлігі, оның бейнесі екендігі жөнінде түсінік қалыптастыру

Тәрбиелік міндеттері:

1. Халық аспаптық музыкасы /күйлер/ арқылы өз халқының үздік дәстүрлеріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

2. Қазақ халқының ой-арманының музыкада бейнеленуі мен оның өмірмен байланыстылығын түсіндіру.

3. Балалардың әсемдікті сезінуін, өз халқының музыкалық мұрасына эстетикалық ләззаттануын тәрбиелеу.

4. Күйшілік өнер арқылы студенттердің дүниетанымын қалыптастыру.

Білімділік міндеттері:



  1. Қазақ халқының аспаптық музыкасы – күйшілік өнер туралы нақты және тиянақты білім беру.

Халықтық музыкалық шығармашылық қазақ халқының рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, Ал оның ішінде ән мен күйдің алатын орны ереше.

Қазақтың аспаптық музыкасы сан ғасырлар бойы дамып аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшеленіп, рухани мәдениетінің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді. Қазақтың ең көне аспабының бірі – қобыз. Сондықтан қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындарыда көп кездеседі.

Сабақты халық аспаптарын /домбыра, қобыз, т.б,/ таныстырудан бастайды, сөйтіп білім алушылар фольклорлық оркестрдің құрамындағы халық аспаптарымен танысып шығады. Аспаптардың шығу тарихы туралы түрлі аңыздар естіп, аспаптар жөнінде қысқаша мағлұматтар алады.

Күй атасы – Қорқыт жайлы баяндалады. Қорқыт VII - IX ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі, шебер күйшісі болған.

Қорқыт – қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Қобыздың құдіретті үнін, Қорқыт күйлерін қазақ қобызшылары рухани мұра етіп ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып келеді.

Оның «Қорқыт», «Аққу», «Әуппай», «Башпай», «Желаяқ», «Халқым-ай», «Тарғыл тана», «Ұшардың ұлуы», «Қоңыр», «Байлаулы киіктің зары» және т.б. күйлері бар. Қорқыт туралы, оның күйлері туралы халықта көптеген аңыз әңгімелер бар.

Сонымен қатар қазақ халқының белгілі күйші композиторларымен танысады: Қорқыт, Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Сармалай, Дина, Әлшекей, Қазанғап.

Мұнда күйлер мынадай жүйемен құрылған: күнделікті тіршілікте болып жатқан өмір тәжірибесіне жақын төрт-түлік малға арналған күйлерден бастап тарихи күйлерге дейін күрделенген (төрт-түлік малға арналған күйлер, арнау күйлер, табиғатқа арнаған күйлер, әлеуметтік теңсіздік күйлері, тарихи т.б.), аңыз-ертегілер әлеміндегі күй жайлы ақпарат беріледі.

6 тақырып. Дәстүрлі музыкалық өнер және ұлттық дүниетаным. Жыраулар тарихи оқиғалар мен саяси әлеуметтік іс-шараларға белсене араласып, өздерінің қоғамдағы саяси әлеуметтік үлес-салмағын айқындап қана қоймай, рухани ағартушылық жетекшісі болды. Одан кейінгі кезеңдерде орыстың орамына алып, отарлық саясат басым болған тұстарда хан мен билер, батырлар саяси сахнадан шегерілді. Нәтижесінде жырау өз тағдырымен, өз халқымен бірге жетімсірегендей күй кешті.

Зар заман ақындары немесе зар заман жыраулары дейтін кезең келді. Балқы Базар жырау:

«Әттең жалған сұм дүние-ай,

Арманда кетіп барамын,

Бір шаһарды алмай ұранды», - десе, Шернияз Жарылғасұлы Баймағамбет сұлтанға:

- «Байеке сіздің қызда жаман бар ма, жамандар мен байғұста заман бар ма», - дейді Дулат Бабатайұлы.

Күндер өтіп, заман, қоғам өзгеріп, кеңестік үкіметтің уақытында зар заманның ізін жалғастырған Жиенбай, Рүстембек, Кәрібоз жыраулардың ізі тап жауы есебінде жойыла бастады. Бай, бұрынғы хандық дәуірді аңсаушылар деп саясат бұлардың барлығына шектеу қойып, жазалап жатты.

Бірақ қазақтың қасиетіне біткен қанындағы тектілігінің арқасында әкесі баласына, баласы немересіне үйретіп, бұл өнер атадан балаға мирас үлгі болып, бүгінгі біздің 21-ші ғасырдағы ұрпағының қолына тізгінін үзбей, шылбырын шұбатпай жетіп отыр.

Қазақтың бүкіл болмысы мен қасиетіне қатысты барлық ақпарат оның қанына жинақталған болатын. Халықтың қаны қою болды, жеті атасынан тектілік үзілмеді дейтіні соның айғағы.

Ханның қасында бас уәзір болып әуелі жырауы жүрді. Бұқар ғана емес Ақтамберді, Доспамбет, Қазтуған, Жиенбет жыраулар ақылшы болды. Олар ел басына күн туған кезде - «ат үстінен алшайып ажалға қарсы ұмтылдық, Алланың берген сыйын-ай» деп бүкіл қалың қолды өзінің ханын, мемлекетін қорғауға шақырды. Хан деп отырғанымыз, ол мемлекеттің басшысы. Бізге кеңестік биліктің хан деген - қанаушы топ деп үйретуі жайдан-жай емес.

Аталарымыздың дүниетанымдық ой-толғамдарының қалт кетіп жатқан жері жоқ. Олардың алдағы жүздеген жылғы тарихты болжамдап, сипаттауы бізге дейін де ғылымның болғанын айғақтайды.

Ата-бабаларымыз адамзат өркениетінің қалай дамитынын, болашақта қай жақтан жау келеді, қай жақтан дос келетінін алдын-ала болжап отырған. Тұрмағамбет «Қауіп-қатер қай жағымнан қаптайды деп, талапты ер түн ұйқысын төрт бөледі» дейді. Асан қайғы, Бұқар жырау, Қазтуған мен 20-шы ғасырға жетіп жығылған Жиенбай, Оңғар жыраулар да ел мүддесін, халықтың арман-тілегін ғана жырлады. Армандап өтті.

Сондықтан біз бүгінгі ұрпақ сол өсиет-насихаттардың барлығынан үлгі ала отыра, тәуелсіз қазақ елінің келешегіне тәрбие, рухани құндылық есебінде сіңіруіміз керек. Оны сіңіретін халық орындаушылары.
Халық орындаушылары деген кім? Әнші, күйші, жыршы, жыраулар.

Олай болса, біз концерттік деңгейде ғана емес, қоғамдағы ұлт пен ұлыс өкілдері бас қосқан барлық жерде өнеріміз бен өнерпаздарымыздың етене араласып, ата мұрасын насихаттауына қоғамда әлеуметтік тұрғыдан статус берілуі қажет.

Мәселен әскери қосындарда Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Орақ-Мамай, Едіге, Қарасай-Ғазиларды ата-бабамыздың тарихы, тірі жәдігері деп қарап, ұлтқа үлгі, ұрпаққа насихат есебінде жырлануы керек.

Арнайы курс пен семинарды өткізіп болған соң студенттер мен оқытушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында тапсырмалар кешенін дайындадық. Кейбіріне мысал ретінде тоқталайық.

Педагогикалық эксперименттің бақылаушы кезеңіндегі тапсырманың бірі «Дәстүрлі музыкалық өнердің қоғамдағы маңызы» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Алдын ала ұсынылған тақырып бойынша зерттеу сипатында жазылған баяндамалар талқыланады.

Бағыттаушы тапсырмалар:

1. Өзіңіздің дайындап әкелген баяндамаңызда көтерілген негізгі мәселені алып шығыңыз

2. Баяндаманың материалдарын пайдалана отырып, дәлелдеу қажет:

көтеріп отырған мәселенің көкейкестілігін



теориялық маңызын мәселенің тәжірибелік



маңызын

көтеріп отырған  мәселенің шешілу жолдарын


Студенттердің дүниетанымын кеңейту мақсатында келесі тапсырма берілді – дәстүр, тіл, діл, дін, ұлттық болмыс сөздеріне байланысты қанатты

сөздерді жиыстырыңыз.








Келесі тақырыптарды қамти отырып, «ұлттық музыка өнері» атты эссе жазыңыз:



  • «Ән мен күй- халық үні»;

  • «Төрт –түлік малға арналған әндер мен күйлер»;

  • «Табиғатқа арналған әндер мен күйлер»;

  • «Арнау әндер мен күйлер»;

  • «Тұрмыс- салт жырлары»;

  • «Үйлену тойының әндері мен күйлері»;

  • «Тарихи әндер мен күйлер»;

  • «Әділетсіздікке, теңсіздікке қарсы шығарылған әндер мен күйлер»;

  • «Аңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күй

Келесі тапсырма «Өміршең өнер – жыраулық» тақырыбындағы интеллектуалдық сайыс.

Студенттер бірнеше топқа бөлініп, скрипка кілтінің астында жасырылған сұрақтарға жауап береді.



  1. Жыраулық өнер дегеніміз не?

  2. Жыршы, жырау, термеші ұғымдарының айырмашылығы неде?

  3. Сыр бойындағы жыраулық мектептер

  4. Жыраулар поэзиясы, жыраулық өнер, жыраулар философиясы деген ұғымдардың қалыптасуы неліктен?

  5. Қабанға қарсы ұмтылма «ер» дегенге,

Сортапқа тұқым шашпа «жер» дегенге!

Отырып өрт алдында өртенбеңдер,

«Сабырлы саспайтұғын кер» дегенге...

Орныңды о бастағы таппай қалма,

Төменнен тұра ұмтылып «төр» дегенге.

Талқанды «тәтті емес» деп теппе аяқпен,

Қарныңды қазы-қарта кернегенге.

Артықша ықыласың ауғанменен,

Сыр айтпа, сынап бұрын көрмегенге.

Бермеңдер «ер екен» деп ел билігін,

Құлашын құр далаға сермегенге...

Қайғырма «қалайынша күнелтем» деп,

Қораңнан қой мен түйе өрмегенге.

Таңдағы тамағыңа кімдер кепіл?

«Ұшырар өлі балық өлмегенге».

«Емес, деп, - ата-тегі бізден артық»

Таласпа, талабы асыл өрлегенге

Бақ қонып, бастарыңа бітсе дәулет,

Көзің сал, көкірегі шерлегенге» , - деген жыр жолдарының авторын атаңыз, жыраудың өнегелік өсиетінің философиялық, дүниетанымдық сипатын түсіндіріңіз.


  1. А.Тоқмағамбетовтың «Жыр күмбезі» кітабының кейіпкерін білесіз бе?

  2. Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығының зерттеуші ғалымдарын атаңыз.

  3. Төмендегі жұмбақтарды дұрыс және тез шешіңіз

Құрманғазы, Динадан,

Аспабым қалды боп мұра.

Ұстай қалсаң қолыңа,

Құлағын оның оң бұра. (домбыра)


Қорқыт ата жыны ізгі,

Білесің ғой абызды.

Құйқылжыта, күңірете

Тартып еді …. (қобызды)


Шертеді қыздар ебімен,

Ішектері жетіден.

Іліп алып ойнайды.

Бұл қай аспап….. (жетіген)


Ұрып тұрам аса аяп

Аспабым менің… ( аса таяқ)


Ойнайсың аспап ұрмай,

Тартасың оны ырғай

Нүктелер мен басқыштар

Бұл қай аспап …. (сырнай)


Ұзын түтік нүктелі,

Саусағым қандай епті еді,

Нүктелері тығызды

Бұл қай аспап …. ( сыбызғы)


Әсем үнімен елітер,

Тыңдашы көңілін серпер.

Үш ішекті домбыра –ау

Бұл қай аспап… ( шертер)

Келесі тапсырма арнайы конвертке салынған хаттарды дайындаған "Поштадан" алады. Оқушылар жұптық жұмыста әр конверттегі «автордың» хатын оқып, пікір жазады. Ол үшін пікір жазу алгоритмі ұсынылды.

Пікір - біреудің бір шығармасы немесе мақаласы т.б. еңбектері туралы жазылған не айтылған екінші біреудің берген бағасы. Пікір жазушы адам еңбектің жетістігі мен кемшілігін қоса көрсетеді, өз бағасын береді, ұсыныстарын айтады.

Пікір жазу алгоритмі

1. Мәтінді оқып шық

2. Шығарманың авторы, тақырыбы

3. Шығарманың құндылығы (көтерген мәселесі, тақырыбы)

4. Автордың дүниетанымы, білімділігі

5. Көркемділігі

Студенттер өз пікірлерін "Автордың пікірінен кейінгі ой" атты ой толғанысында білдірді.

Келесі тапсырма – қорытынды тапсырма. Кемпірқосақ түстерін негізге алып, ұлттық дүниетаным жайлы ой-тұжырымыңызды баяндаңыз




- ҚЫЗЫЛ – тұжырымдамалар, идеялар, пікірлер



- ҚЫЗҒЫШ - әртүрлі қорытынды, пікірлерге көзқарас



- САРЫ - өзгерту, құбылту, түрлендіру, орын ауыстыру

төңірегіндегі ой-пікірлер


- ЖАСЫЛ - маңызды идея, заңдар, заңдылықтарды

анықтау


- КӨГІЛДІР - қай салада қолдануға болады



- КӨК - идеяның оң, теріс жақтары


- КҮЛГІН - қолдану функциялары, практикалық

қолдану, формалар

Тапсырмалар кешені арқылы бақылау кезеңінен кейін төмендегі қорытындыға келдік. Біз пайымдағандай, көрсеткіштердің жоғарылғандығы айқындалды.

Сонымен бірге бақылау тобындағы көрсеткіштерге қарағанда эксперименттік топтағы нәтижелер әлдеқайда жоғары болып шықты. Егер анықтау экспериментінде студенттердің 30 пайызы өз халқының тәрбиелік құндылықтарын күнделікті өмірде пайдаланатыны туралы айтса қалыптасушы экспериментте 45 пайыз «жоғары», 36,7 пайыз «орташа» деп бағалап, 18,3 пайыз – бұл сұраққа жауап берген жоқ және де бұл мәліметтер біздің бақылауымыз бойынша шындыққа жанасады.


Кесте – 3 Балалардың адамгершiлiк құндылықтарды меңгеру деңгейi.


Деңгейi

Эксперимент тобы - 22

Бақылау тобы - 25

Экспериментке дейін

Эксперим кейін

Экспериментке дейін

Эксперим

кейін

Жоғары


9 40,9

13 59,1

8 32

12 48,0

Орта

6 27,3

4 18,2

10 40

9 36,0

Төмен

7 31,8

5 22,7

7 28

  1. 16,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет